Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат



жүктеу 20,94 Kb.
Дата13.02.2022
өлшемі20,94 Kb.
#35919
ff951632e993447a84322621d1fc27db (1)


ӨТІНІШ

Анықтамасы:

Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.

Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы журналына тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді.

Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізінде бұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мысалы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.

Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс.



Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:

  • оқуға түскен кезінде;

  • басқа оқу орнына ауысқанда;

  • бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;

  • жатақханадан орын сұрағанда;

  • жұмысқа қабылдау кезінде;

  • басқа жұмысқа ауысқанда;

  • жұмыстан босату кезінде;

  • кезекті демалыс сұрау кезінде;

  • кезектен тыс демалыс сұрағанда;

  • материалдық көмек сұрағанда;

  • денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.

Өтініштің жазылу тәртібі:

Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.

Құрылымы:

1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).



2 .Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні ).

  1. Құжат атауы (өтініш ).

  2. Негізгі мәтін.

  3. Жазылған мерзімі.

  4. Өтініш иесінің қолы.

Ескерту!

  • Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.

  • Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.

  • Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, ауырғаны туралы анықтама қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.

  • Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі, не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініш бойынша шешіледі.

Есте сақтаңыз!

Кімге:

  • А.К. Айдароваға

  • «Адал» АҚ-ның басшысы А.Темірбековке

  • «Қайнар» университетінің ректоры А.Қарабаеваға

  • Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Г.С. Құрманбайға - Қаржы-экономика факультетінің деканы Ә.М. Вильмурға

Кімнен:

  • Оқытушы Н.Досановтан

  • Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан • Орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Б. Тұмановадан

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өтініш кімнің атынан жазылады?

  2. Қандай жағдайларда жазылады?

  3. Өтініш негізінде қандай құжат дайындалады?

  4. Өтініш қандай жағдайда ресми құжат болып есептелінеді?

1-үлгі

ҚР Ұлттық кітапханасының

Бас меңгерушісі

А.Бағдатоваға

Алматы қаласы,

Қастеев көшесі, 12 үй,

7 пәтердің тұрғыны

Жайлаубаева Құралайдан

ӨТІНІШ

Менің сізге өтініш беру себебім, оқу талабына байланысты сирек кездесетін «Құнды кітаптар» қорына мүше етіп алуыңызды сұраймын.

03.07.10. (Қолы)

3-жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.

  1. кезектен тыс демалыс / байланысты / отбасы жағдайыма /беруіңізді өтінемін.

  2. қабылдауыңызды / қызметіне / бағдарламашы / бастап / 2013 жылдың 12 мамырынан / сұраймын.

  3. орта мектептің / сұраймын / Ы.Алтынсарин / 11 сыныбына / атындағы / қабылдауыңызды.

  4. қызметімнен / атқарып отырған / сұраймын / босатуыңызды.

  5. сұраймын / ауыстыруыңызды / бөліміне / техникалық қызмет көрсету.

  6. беруіңізді / 3 ай көлемінде / сұраймын / шығармашылық демалыс.

қажеттілікке байланысты / іссапарға жіберуіңізді / өндірістік / сұраймын
жүктеу 20,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау