О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет53/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69

197
Орынғазы Әбутәліп

Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

Кәсіпорынның жойылуы туралы

Жұмысқа қабылдану туралы

Жұмыстан босату туралы

Уақытша ауыстыру туралы

Үстемақы белгілеу туралы және т.б.
 Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам 
бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі. 
Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.
1-ші «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).
2-ші «Өкімдік бөлік». 
Айқындаушы бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. 
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат 
негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Өкімдік  бөлік  «БҰЙЫРАМЫН»  деген  сөзден  басталады  да, 
бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен 
белгіленеді.
Бұйрықтың  өкімдік  бөлігі  нақты,  қысқа,  анық,  басы  артық 
түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және 
қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер  бұйрық  орындаушының  үнемі  атқаруға  тиіс  мәселесіне  бай- 
ланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуы-
на бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.
Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазы-
лады. Мысалы,

тыйым салынсын 

босатылсын 

қабылдансын

белгіленсін

жүктелсін

тағайындалсын

ауыстырылсын.
Сондай-ақ  мекеме  ішіндегі  жұмысты  жүргізу  ыңғайына  қарай 
бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:

Жыл  бойы  үздіксіз  атқарылатын  жұмыстарға  байланысты 
бұйрықтар.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар.

Арнайы бұйрықтар.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар.
Жыл  бойы  үздіксіз  атқарылатын  жұмыстарға  байланысты 
бұйрықтар  ұйым  жұмысының  жалпы  тәртібін  реттеу  мақсатында 


198
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, 
үнемі  жұмыс  істейтін  комиссия  құрамы,  күзетті  ұйымдастыру  тәртібі, 
тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі 
жұмыс  ағымына  қарай  жыл  бойы  толықтырулар  мен  қосымшалар 
енгізілуі мүмкін.
Күнделікті  мәселелерге  байланысты  бұйрықтар  мекеме 
жұмысының  күнделікті  болып  жатқан  түрлі  мәселелеріне  байланысты 
беріледі.  Оған  жұмысқа  қабылдау,  жұмыстан  босату,  мекеме  ішіндегі 
басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі 
бұйрықтар жатады. 
Төтенше  жағдайға  байланысты  бұйрықтар  мекемеде  күтпеген 
оқиға  болған  кездегі  іс-әрекет,  жұмыс  тәртібін  реттеу,  оқиғаға  байла-
нысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар 
мазмұнында  лауазымды  адамдарға  жүктелетін  міндет  анық  көрсетіліп, 
кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.
Арнайы бұйрықтар, көбіне, қаржы-экономикалық мәселелерге бай-
ланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша 
ақшалай  сыйлық  тағайындау,  еңбегі  сіңген  қызметкерлерді  құттықтау, 
мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп басылып, 1 да-
насы марапатталған адамға тапсырылады.
Бұйрықты  дайындау  барысында,  оның  орындалуына  мүдделі  меке-
мелермен  және  құрылымдармен  келісіледі.  Келіскені  туралы  бұйрық 
жобасының бір данасына белгі (бұрыштама) қойылады. Бланкке басылған 
бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бас- 
тап күшіне енеді. 
6
 Құрылымы:
1. Мекеме атауы.
2. Жазылған күні, айы, жылы, орны. 
3. Бұйрықтың тақырыбы. 
4. Құжат нөмірі, атауы.
5.  Айқындаушы  бөлік  (Бұйрықты  беруге  негіз  болған  дерек, 
бұйрықтың мақсаты). 
6. Өкімдік
 
бөлік (Негізгі мәтіні).
7.  Бұйрықтың  орындалуын  қадағалаушы  тұлға  жайлы  мәлімет 
(міндеті, аты-жөні, лауазымы). 
8. Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.


199
Орынғазы Әбутәліп

1-үлгі
Халықаралық                 
               Международная
       Бизнес                                                                      Академия
Академиясы                                                                    Бизнеса
    БҰЙРЫҚ                                                                                           ПРИКАЗ
«10» қаңтар 2010 ж.                                                                     
Алматы қаласы                                                                    
 Ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы
№75 БҰЙРЫҚ
Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбеков қол қойған, 
ҚЭФ деканы А.Ә.Өмірбековтің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1) «Ақпараттық технологиялар» факультеті «09705114» (бакалавриат) 
бойынша  ақылы  негізде  оқитын  2  курс  студенті  Жанболатов  Берік 
сабақ үлгерімінің төмен болуына байланысты 10.01.2010 жылдан бастап 
университеттен оқудан шығарылсын.
2) 16.08.2009 жылғы №665 келісімшарт бұзылсын. 
3) Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақшалай қаржы кері 
қайтарылмайды.
Ректор   
        ____________________ Т. Балықбаев
(қолы)
Бірінші проректор     ___________________ Ж. Нүсенов
(қолы)
Бас есепші  
        ___________________ К. Жұмабаева
(қолы)
Заң кеңесшісі           ___________________ А. Досымова
(қолы)
келісілді.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау