О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет1/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


1
Орынғазы Әбутәліп
О.М.Әбутәліп  
ІСҚАҒАЗДАРЫН 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ 
ЖҮРГІЗУ
Оқу құралы
Астана 2013


2
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Оқу құралы ісқағаздарын жүргізуді үйретуге арналған. Оқу құралы 
жеке  ісқағаздарының  тілін,  құрылымын  талдай  отырып,  қазақ  ресми  
ісқағаздары стилінде жаза білуге, стандартты тілдік бірліктерді санада 
қалыптастыруға ықпал етеді. 
Оқу  құралы  «Ісқағаздарын  мемлекеттік  тілде  жүргізу»  пәніне 
арналады.
Редакторы: 
Б.Қапалбек  –  Ш.Шаяхметов  атындағы  Тілдерді  дамытудың  респуб- 
ликалық  үйлестіру-әдістемелік  орталығының  директоры,  филология 
ғылымдарының кандидаты
Пікір жазғандар:
А.Жаңабекова  –  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты 
Компьютерлік  лингвистика  бөлімінің  меңгерушісі,  филология  ғылым- 
дарының докторы
С.Құлманов  –  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  
Грамматика  бөлімінің  аға  ғылыми  қызметкері,  филология  ғылымдарының 
кандидаты
Әбутәліп О.М.
Ісқағаздарын  мемлекеттік  тілде  жүргізу.  Оқу  құралы.  –  Астана:   
Ш.Шаяхметов  атындағы  Тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлес- 
тіру-әдістемелік орталығы, 2013, 272 бет. 
ISBN: 978-601-7504-00-7
© Әбутәліп О.М., 2013
© Ш.Шаяхметов атындағы 
  Тілдерді дамытудың 
  республикалық  үйлестіру- 
   әдістемелік орталығы, 2013
УДК 005:811.512.122 (075.8)
ББК 65.050.2я73
УДК 005:811.512.122 (075.8)
ББК 65.050.2я73
Ә 19
ISBN: 978-601-7504-00-7
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша  
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды
Ә 19


3
Орынғазы Әбутәліп
АЛҒЫ СӨЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ – 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 
1997  жылғы  11  шілдедегі  №151  Заңында  Қазақстан  Республикасында 
тілдердің  қолданылуының  құқықтық  негіздері,  мемлекеттің  оларды 
оқып-үйрену  мен  дамыту  үшін  жағдай  жасауы  жөніндегі  міндеттері 
белгіленді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей 
құрметпен  қарауды  қамтамасыз  ететін  бұл  Заңның  4  бабында:  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жазылған.
Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың бар- 
лық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу 
және ісқағаздарын жүргізу тілі екендігі аян. Сондықтан Қазақстан халқын топ- 
тастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру 
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы болып табылады.
Пәннің мақсаты – студенттерге ісқағаздарын қазақша жүргізудің дербес 
ғылым екендігін таныту, ісқағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, мұрағат 
ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету, 
ісқағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, 
лексикасы  сияқты  ерекшеліктермен  таныстыру  және  күнделікті  өмірде 
кездесетін  әртүрлі  ісқағаздарын  сауатты  жазып,  сапалы  жүргізуге  үйрету 
болып табылады.  
Ең алдымен, көңіл бөлетін нәрсе – ісқағаздарының, ресми құжаттардың 
тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, кез келген мекеменің 
қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру, тіркеу, қабылдау, 
ол  бойынша  жұмыс  істеу,  мұрағатқа  дайындау  т.б.  өте  қиын.  Сондықтан 
болашақ маманды даярлау барысында бұл пәннің атқаратын рөлі зор.
Бұл  оқу  құралы  –  көптеген  жылдар  бойы  жоғары  оқу  орындарында 
студенттерге  мемлекеттік  тілде  ісқағаздарын  жүргізуді  үйретудегі  әдіс- 
тәсілдердің жемісі. Ісқағаздарын оқыту барысында олардың негізгі түрлерін 
мақсаты  мен  мазмұнына,  жасалған  орнына,  жасалу  сатысына,  қызметіне, 
формасына  т.б.  ерекшеліктеріне  қарап,  «Жеке  адам  өміріне  қатысты  іс 
құжаттар»,  «Азаматтық  қарым-қатынасты  реттейтін  құжаттар»,  «Басқару 
ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар» деп бөліп қарастырылды.
Бұлай бөлу студенттердің құжат түрлерін тез меңгеруіне, олардың жалпы 
ісқағаздары ішіндегі орнын ажырата білуіне, әрқайсысының ерекшеліктерін 
сапалы түсінуіне және сауатты толтыруына оң ықпал етеді.


4
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Осылай  үш  топқа  бөлу  арқылы  әрбір  топтағы  құжаттарға  жеке-жеке 
тоқталып, анықтамасы, құрылымы, ерекшеліктері, тілдік бірліктері, үлгілері, 
жаттығулар,  тапсырмалар,  сөздік  және  сөз  тіркестері  т.б.  бере  отырып,  әр 
құжаттың  мазмұнын  ашып,  толық  түсінік  берілді.  Жазбаша  орындалатын 
материалдарда  құжат  мәтінін  өз  бетінше  құрастыруға  жағдаяттар  беріліп 
отырды.  Сондай-ақ  студенттер  өздерінің  білімін  тексере  алатын  лексика-
грамматикалық тесттер жинағына қоса глоссарийлер берілді.
Студент  «Мемлекеттік  тілде  ісқағаздарын  жүргізу»  пәнін  оқып  үйрену 
барысында: ісқағаздарын жүргізу ретін, оларға қойылатын талаптарды, ресми 
ісқағаздарын  толтыруда  сақталатын  негізгі  заңдылықтарды,  құжаттарға 
қойылатын  талаптарды,  олардың  топтастырылуын,  жеке  іс  құжаттарын 
толтырудың  жолын  меңгереді.  Студенттер  ісқағаздарын  мемлекеттік  тілде 
жазбаша  және  ауызша  түрде  жүргізе  білуге  дағдыланады  және  сөйлеу 
мәдениетін үйреніп, сөздік қорын дамытады. 
Оқу  құралы  ЖОО  студенттеріне,  мемлекеттік  тілде  іс  жүргізушілерге, 
оқытушыларға пайдасы тиеді деген сенімдеміз.
Автордан.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау