11
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
>>
> Әлеуметтік жұмыс бойынша
әлемдік даму перспективалары
Қ
амқорлық және әлеуметтік
жұмыс, өзіне және басқаларға
күтім көрсету, күнделікті өмірде
немесе өмір бойы, отбасы
мүшелері, туысқандар немесе осы кәсіптің
иелері көрсететін көмек, қызметтер
нарығында және мемлекет немесе
азаматтық қоғамда ұсынылуы – осының
Бриджит Ауленбахер,
Иоганн Кеплер университеті, Линц, Аустрия және Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының
Экономика және қоғам (RC02), кедейлік, әлеуметтік әл-ауқаттылық және әлеуметтік саясат (RC19), Еңбек әлеуметтануы
(RC30), Қоғамдағы әйелдер (RC32) комитеттерінің мүшесі, сонымен қатар 2006 жылы Вена қаласында өткен Халықаралық
әлеуметтанушылар қауымдастығының Үшінші әлеуметтанулық форумында жергілікті ұйымдастыру комитеті төрағасының
орынбасары.
Арбудың иллюстрациясы.
барлығы жеке адамдар және әлеуметтік
ынтымақтастық
үшін
негіз
болып
табылады. Әлеуметтік қызмет бойынша
ұзақ жылдар жүргізіліп келе жатқан
зерттеулерге қарамастан, бұл тақырып әлі
күнге дейін шекаралық болып есептеледі,
мүмкін әлеуметтік көмек жеке өмірде
көзге түспейтіндіктен және қоғамдық
салада, әсіресе гендерлік және этностық
еңбек бөлінісінің негізінде, құнсыздануы
салдарынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек
және
әлеуметтік
жұмысқа
деген
әлеуметтанушылық
қызығушылық
артуда: осы тақырыпта әлеуметтанулық
зерттеулер
саны
көбеюде
және
әлеуметтанушылар әлеуметтік көмек
пен тұрақты көмек көрсету аясындағы
әлеуметтік ерекшелік пен теңсіздік
мәселелеріне жиірек назар аударуда.
> Әлеуметтік көмектің және жаһандық
әлеуметтік көмектің дағдарысы
Жоғары және орта табыс деңгейлеріне
ие жаһандық Солтүстік елдері үшін
әлеуметтік көмек және әлеуметтік жұмысқа
қатысты тың қызығушылық 1980-1990
жылдардағы өзгерістерге байланысты
болды. Осы уақыт аралығында ЕЫДҰ
(Еуропалық ынтымақтастық және даму
ұйымы) елдеріндегі Жаңа қоғамдық
менеджменттің
енгізіліп,
әлеуметтік
көмектің тауар ретінде қабылдану процесі
орын алды, күнделікті өмірде көмек
көрсетуге байланысты қиыншылықтардың
көбеюі кең етек ала бастады.
Жаңа әлеуметтік қызмет көрсету
өнеркәсіптері деп аталатын сектор
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
12
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
қалыпты дамып, жеке үй шаруашылықтары
Жаһандық Оңтүстік және Шығыс елдерінен
келген қоныс аударушыларды жұмыспен
қамтамасыз етті. Екінші жағынан, Оңтүстік
және Шығыс Еуропадағы, сонымен қатар
Батыс Еуропадағы ауқатты мемлекеттер
саны азайып, 2008 жылдан бергі бюджеттік
қорларды қатаң үнемдеу әлеуметтік
көмектің жаңа дағдарысына алып келді.
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік жұмыс
әрдайым әлеуметтік ұдайы өндірістің
аса назар аударылмайтын мәселесі
болғандықтан, осы жаңа әлеуметтік көмек
дағдарысына да көпшілік көңіл аудара
қойған жоқ.
Алайда,
Жаһандық
Оңтүстіктің
табыс деңгейі орташа елдерінде соңғы
онжылдықтағы экономикалық өсім жаңа
әлеуметтік бағдарламалар мен әл-
ауқатты мемлекет құру бағдарламаларын
дамытумен қатар жүріп отырды. Әсіресе,
әлеуметтік көмек және әлеуметтік жұмыс
саласы кедей адамдарға, балаларға,
қарттар мен мүгедектерге бағытталған
мемлекеттік қызмет көрсету саласы
ретінде дамып, халықтың басқа топтары
арасында да кең қолданысқа ие болды.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік көмек
пен
әлеуметтік
жұмысқа
қатысты
әлеуметтанулық зерттеулер жоғарыда
жазылған
бастамаларды
қамтиды,
және Global Dialogue журналындағы
мақалаларда Жаһандық Солтүстік пен
Оңтүстіктің кейбір елдеріндегі әлеуметтік
көмек саясаты туралы зерттеу нәтижелері
жарияланған.
> Жаһандық Солтүстік және Оңтүстік
елдеріндегі әлеуметтік қызмет
жүйелері
Әлемдегі жағдайға көз жүгіртсек,
жарияланып отырған мақалаларда әлеу-
меттік қызмет жүйелері салыстырылған
және авторлар өз зерттеулерінде әртүрлі
елдердегі жеке үй шаруашылықтарының
өзара ықпалдастығы, отбасы және
туысқандар, азаматтық қоғам, мемлекеттер
мен нарыққа назар аударған. Біріншіден,
олардың барлығы нарықтанудың ортақ
тенденция екендігі туралы жазып отыр.
Екіншіден, олар әлеуметтік қызметтің
коммодификациясы (тауарға айналуы)
мен декоммодификациясы арасындағы
күрделі қарым-қатынастарды сипаттайды.
Үшіншіден,
әлеуметтік
қызметтің
коммодификациясы әлеуметтік жұмысты
ұйымдастыру барысы қандай өзгерістер
алып келетіндігін ғана көрсетіп қоймай,
сонымен қатар әлеуметтік көмекті
тұтынушы және қызмет көрсетуші
адамдар туралы сөз қозғайды. Одан
тыс, мақалалар әлеуметтік көмек және
әлеуметтік жұмыстағы үрдістерді түсіну
үшін жергілікті, ұлттық, трансұлттық және
халықаралық контекстілерді зерттеудің
қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Майкл Д. Файн өзінің мақаласында
Аустралиядағы
әлеуметтік
қызмет
саласының нарыққа айналуы мен
қызмет көрсетудің мемлекеттік биліктің
қарамағына өтуі арасындағы өзгерістерді
сипаттайды. Қызмет көрсетушілердің
еңбектері мен жұмыс жағдайлары,
сонымен қатар әлеуметтік қызметті
пайдаланатын
адамның
тұтынушы
ретіндегі концептісі кәсіпке баулу мен
кәсіптен айрылуы арасындағы іргелі
өзгерістерге
ұшырауда.
Хильдегард
Теобальд пен Яюи Саитоның Швеция
мен Жапонияның әлеуметтік қызмет
көрсету жүйелерін сипаттауында ұлттық
саясаттың қалайша әлеуметтік қызмет
туралы пікірлерді қолданатындығы мен
бейімдейтіндігі, сонымен қатар осы
бастамалар еңбек бөлінісіне қалайша
әсер ететіндігі туралы жазған. Осы екі
жүйе арасындағы айырмашылықтарға
қарамастан,
мемлекеттік
қызмет
көрсетудің осалдығы салдарынан екі
елдегі ұзақ уақытқа кәсіби негізделген
әлеуметтік қызмет түрлері зардап шегеді.
Ролланд Атцмюллер, Бриджит Аулен-
бахер, Альмут Бахингер, Фабьен Десье
және Бирджит Риграф әлеуметтік қызметті
бәсеке алаңы ретінде қарастырып,
үй шаруашылықтары, кәсіби қызмет
көрсету, әлеуметтік наразылықтар және
баламалы әлеуметтік қызмет концептілері
аясында мигрантардың еңбек ету
орындарын қалыптасатындығы ерекше
бөліп көрсетуі арқылы Австрия мен
Германияның әл-ауқатты мемлекеттен
инвестициялық мемлекеттерге айналу
жолы туралы зерттеу нәтижелерін
ұсынды. Моника Будовски, Себастьян
Шиф пен Даниель Вера Чили, Коста-Рика
және Испаниядағы әлеуметтік қызмет
жүйелерін
салыстырып,
әлеуметтік
жағдайы нашар үй шаруашылықтарында
баланы
күту
бойынша
әлеуметтік
қызметті ұйымдастыру және әйел мен ер
арасындағы еңбек бөлінісіне әлеуметтік
жүйесі дамыған мемлекеттердің нарыққа
бағытталған саясатының әсерін, отбасы
немесе мемлекеттің әлеуметтік қызметті
көрсететін негізгі институттар ретінде
зерттейді. Елена Мур мен Джереми
Сикинг Оңтүстік Африкадағы әлеуметтік
жүйесі дамыған мемлекет тарихын
қайта қарастырып, апартеидтен пост-
апартеидтік режимге тарихи өтуге ерекше
көңіл аударды. ЖҚТБ (СПИД) және жетімдік
сияқты мәселелерімен күресуде, сонымен
қатар қарттар мен балаларға әлеуметтік
көмек көрсетуде мемлекеттік қызметтер
негізгі орында болғанымен, отбасы мен
туысқандар және соңғы уақытта нарық
та Оңтүстік Африканың қазіргі уақыттағы
әлеуметтік қызмет жүйесінің маңызды
бөлшегіне айналды. Қысқаша айтқанда,
мақалалар әртүрлі елдерде әлеуметтік
қызметтегі коммодификация үрдісінің
күшеюін түрлі контекстілер мен себеп-
салдар тұрғысынан қарастырған
.
1
Хаттарыңызды Бриджит Ауленбахерге <
brigitte.aulen-
bacher@jku.at
> жолдауыңызға болады.
1
Әлем бойынша әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қызмет туралы қосымша ақпарат алу үшін арнайы
басылыммен таңысуыңызға болады: Soziale Welt
(Sonderband 20), “Sorge: Arbeit, Verhältnisse, Re-
gime” [Care: Work, Relations, Regimes], 2014 (edited
by Brigitte Aulenbacher, Birgit Riegraf, and Hildegard
Theobald).
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ