әлемдік деңгейде өтті! Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы өзінің әлімдік білім кеңістігіндегі сәулет-құрылыс және дизайн саласында ерекше орны бар екендігін танытып келеді
Оның бір дәлелі жақында ғана Ресейдің Самара қаласында өткен VII Халықаралық дипломдық жобалар фестивалі.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы Қазақстандық оқу орындарының ішіндегі Халықаралық деңгейде, оның ішінде шет ел оқу орындарының базасында, Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектебінің Халықаралық Фестивалін өткізетін алғашқы және де жалғыз оқу орны. Оқу бітіруші түлектер арасындағы дипломдық жобалардың фестивалі сияқты үлкен мерекені ойлап тапқан және оны Халықаралық деңгейде ұйымдастыра білген білім саласының талантты тәлімгері, Халықаралық білім академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ұлттық академиясының академигі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының президенті Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы.
Фестивальдің өткізілген тарихына көз жүгіртетін болсақ, I Халықаралық Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектебінің фестивалі 2009 жылы Түркияның Малтапе Университетінің базасында өтті. Алғашқы фестивальға 7 елдің 17 ЖОО-нан 115 дипломдық жұмыс конкурсқа қатысқан болатын. II Халықаралық фестиваль 2011 жылы Алматы қаласында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өтсе (9 ел, 41 ЖОО, 152 жұмыс қатысты), III Халықаралық фестиваль 2013 жылы Түркияның Стамбул қаласындағы Йылдыз техникалық университетінің базасында ұйымдастырылды (10 ел, 39 ЖОО, 157 жұмыс). IV Халықаралық фестиваль 2014 жылы Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетінің қолдауымен Ыстық көлде өтті (17 ел, 56 ЖОО, 241 жұмыс). Жыл сайын шет ел оқу орындарының Фестивальге деген қызығушылығы арта түсті. 2015 жылы Италияның Флоренция қаласындағы Romualdo del Bianko қорының қолдауымен өткен V Халықаралық фестивальге 14 елдің 43 ЖОО-нан 217 бітіру жұмыстары сайысқа түсткен болса, VI Халықаралық фестиваль Солтүстік Кипр жерінде Лефкоша қаласында орналасқан Таяушығыс университетінде 2016 жылы өткен болатын, онда 17 елдің 51 ЖОО-нан 246 жұмыс қатысты.
VII Халықаралық фестиваль 25-26 қазанда Ресейдің Самара қаласында Мемлекеттік техникалық университетінің Сәулет-құрылыс институтының базасында 17 елден, 63 оқу орнынан, 332 үздік бітіру жұмыстары «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» және «Ағаш өндеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы» мамандықтары бойынша жарысқа түсті. Бұл фестивальдің ерекшелілігі – 50-ден астам магистрлік диссертация қатысып, әр номинация бойынша үздік атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |