Жаһандық
диалог
Ж
УРНА
Л
Басыл
ым
5/
Ш
ығарылым
3/
қырк
үйек
2015
http://isa-
global-
dialogue
.net
GD
Жылына 4 рет 16 тілде шығады
Брижитта Ауленбахер, Майкл Файн, Хильдегард Теобальд,
Яаойи Сайто, Роланд Атцмюллер, Альмут Бачингер, Фабиена
Дэкью, Себастьян Чиф, Даниел Вера Рожас, Элен Мур және
Джереми Сикингс
Адам күтіміне арналған
симпозиум
> Ресей әлеуметтануындағы жаңа бағыттар
> Чех әлеуметтануындағы хал-ахуал
> Қытайдағы еңбек саясаты
> Әлеуметтік ғылымдардың әлемдік деңгейдегі
бағдарламасы
> Кәсіптердің халықаралық болашағы
> Начо, рахмет!
Әлеуметтану бүгін
Билік және
принциптер
Уолден Белло
Әлеуметтік ғылымдар
мен демократия
Дипанкар Гупта
5.3
2
Ж
урналдың осы саны Азия елдерінен, яғни бірі – Филиппиннен,
екіншісі – Үндістаннан, жолданған көпшілікке танымал екі зияткердің
эссесінен басталады. Уолден Белло саясатпен айналысушы/
кетіп қалған әлеуметтанушылардың дәстүрін жалғастырып отыр.
Өз кезегінде «Жаһандық диалог» Бразилияның президенті болған Фернандо
Энрике Кардозо(GD3.4) мен Перу білім министрі Николас Линчпен (GD4.2) сұқбат
жариялағаны мәлім. Белло парламенттегі филиппин оппозициясының өкілі болып
табылатын Ақбаян партиясын сипаттайтын қарама қарсылықтар мен ымыраласу
талдау жасайды. Даму саласындағы беделді сарапшы Белло Әлемдік банктің
бұрынғы филиппин диктаторы Маркоспен ауыз жаласқанын, сонымен қатар өзі
сол кезеңде мүшесі болған Филиппин коммунистік партиясының зұлым әрекеттерін
әшкерелеумен ұзақ жылдар айналысқан. Ал үнді әлеуметтанушысы Дипанкар
Гупта көпшілікке танымал зиялы топтың өзге бір қауымының өкілі, ол – аса
жемісті ғалым болумен қатар билеуші орталыққа келуіне басты себепкер болған
даму саласындағы ірі ұйымдар мен ұлттық комиссиялардың қызметіне белсене
қатысушы. Өз эссесінде ол демократия мен әлеуметтік ғылымдар арасындағы
тығыз байланысты зерттейді.
Заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып отырған – күтімді ұйымдастыруға
арналған қоғамдық маңызы бар зерттеулермен таныстырамыз. Осы саланы
әлеуметтану әлі де баяу, бірақ зерттей бастады. Аса қайратты Бриджит Ауленбахер
Австрия, Германия, Швеция, Жапония, Испания, Австралия, Чили, Коста-Рика және
Оңтүстік Африкадағы балалар мен егде кісілерге күтім жасауға маркетизацияның/
нарықтың қысымын салыстырады. ХӘА зерттеу комитеттері осындай маңызды
салыстырмалы зерттеулерді қолдап отырғанын осыдан байқауға болады.
Санкт-Петербургтегі қоғамдық әлеуметтану зертханасының екі жас ғалымы
ұсынған эсселерде ресей әлеуметтануындағы басым екі жаңа бағытты салысты-
ра/текетірестіре отырып қарастырады: мемлекеттің немесе корпорациялық
клиенттердің тапсырысы бойынша жүргізілетін саяси зерттеулердегі «инстру-
ментализм» мен іс жүзінде беймәлім кәсіпқойлардың «автономдануы» көр-
сетіледі. Қоғамдық әлеуметтану зертханасы ғылыми қағидаттардан ауытқымай/
құрбандыққа шалмай сыни өзараықпалдастықтың, азаматтық қоғаммен белсенді
ынтымақтасудың үшінші жолын қолдайды. Ресейден жолданған екінші жұмыс ерте
кеңестік кезеңнің социалистік сәулетін сақтаған үлгі ретінде Санкт-Петербургтің бір
ауданынан фоторепортаж болып табылады. 20 ғасырдағы ең ірі қайғылы әлеуметтік
тәжірибелерді талдайтын әлеуметтанушылардың жас ұрпағының дәурені туды.
Бізде Чехиядан жолданған аса қызықты үш жұмыс бар: Англияда үй қызметкерлері
болып жүрген Чехиядан шыққандар бойынша зерттеу; қоныс аударған сығандар
қауымының көпшілік көрмесі туралы; үйде оқытудың түйткілдеріне арналған жұмыс.
Осы басылымда Қытайдағы кәсіподақ қозғалысына, кәсіптерді салыстыра зерттеуге
және жаһандық деңгейде әлеуметтік ғылымды дамытудың ерекше бағдарламасына
арналған арнайы бағаналар бар. Сондай-ақ біз Хосе Игнасио Регермен немесе
Начомен қоштасамыз. Ол отыз жыл бойы ХӘА кеңсесіндегі бізді 21 электрондық
ғасырға жетектеген негізгі тірегіміз еді. Сонымен бірге «Жаһандық диалогты» 16 –
шы тілде шығаратын Индонезиядағы редакциялық топқа қошаметімізді білдіреміз.
> Редакциядан
>
Жаһандық диалог Халықаралық Әлеуметтанушылар
Ассоциациясының веб парақшасында 16 тілде ұсынылады
> Хаттарды burawoy@berkeley.edu поштасына жолдауға болады
Қоғамға ашық және салыстырмалы болу
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
Жаһандық диалог SAGE Publica-
tions ұсынған риясыз грант
негізінде жүзеге асып отыр.
GD
Әлемге әйгілі филиппин әлеуметтанушысы
Уолден Белло өзінің саясатқа араласқан
кезіндегі мәселелер мен түйткілдер туралы
ой бөліседі және парламент мүшелігінен
неге кетіп қалғанын түсіндіреді.
Бүкіл әлемнен әлеуметтік жұмыс бойынша
зерттеулерді белгілі австриялық
әлеуметтанушы
Бриджит Ауленбахер
жинастырды.
Көрнекті үнді әлеуметтанушысы және
зияткер
Дипанкар Гупта әлеуметтік ғылым
мен демократия арасындағы байланысты
қарастырады.