Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы


GD  5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет6/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 9

GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

қажетті негізгі құралдар – мәліметтер қоры қол жетімді болған жоқ. 

Жаңа  контекстің  дүниеге  келуімен  әлеуметтік  ғылымдар  пайда 

болып,  деректердің  жаңа  жиынтығы  зерттеуге  қолайлы  бола 

бастады. Осындай өзгерістер ықпалымен әлеуметтік ғылымдар 

белсенді дами бастады.             

Ұстанымдардан  құралған  білім  мемлекет  немесе  шіркеу 

арқасында  жоғарыдан  төменге  қарай  бағытталған  жағдайда 

секуляризм  өткір  мәселе  болып  табылған  емес,  ол  тек 

бәзбіреудің  «Мен  саған  сенбес  бұрын  маған  оны  дәлелдеп 

бер»,  -  деген  сұрағына  лайықты  өз  уақытын  күтуде  болған. 

Әлеуметтік ғылымдар үшін секуляризм негізгі ұғым десек болады, 

себебі  біз  адамдардың  іс-әрекеттерін  зерттейміз.  Адам  өмірі 

қалыпты жағдайда тұра бермейді, өйткені ғалам мен тарихтағы 

контекстілерде 

айырмашылықтар 

көп. 

Жаратылыстану 



ғылымдарында  салыстырмалы  түрде  іс-әрекет  еркіндігі  мол: 

су әрдайым шөлді басады, аспандағы кемпірқосақ доға пішінді, 

ал  от  түтін  мен  жарық  береді.  Осы  деректердің  ешқайсысы 

демократияны  талап  етпейді  немесе  демократия  ұғымы  пайда 

болғаннан  кейін  өзгерістерге  ұшыраған  емес.  Әлеуметтік 

ғылымдарда өзгеше. 

Әлеуметтік ғылымдар үшін бұл маңызды ма? Жоқ. Маңыздысы – 

бақылау арқылы басқалар өздеріне қалайша ықпал ететіндіктерін 

түсіну және оны түсіндіріп беру. Бұл көрініс қазіргі уақытта өзекті 

болып табылады және өткен күндері осыншама валенттілік пен 

салмаққа  ие  болған  емес.  Бұрынғы  уақытта  қауымдастықтар, 

ұйымдар, тайпалар, касталар, жақын адамдар мен туысқандар 

топтары  өздерінің  шекаралары  аясында  өмір  сүрді,  бірақ  онда 

қоғам  болған  жоқ.  Байырғы  шекаралар  арасындағы  жан-жақты 

және  тұрақты  өзара  іс-әрекеттер  -  адамзат  тарихында  жуырда 

пайда болған әлеуметтік ғылыми зерттеудің пәні. Қоғамның пайда 

болуымен бірге бұрынғы топтар аясындағы қарым-қатынастарды 

сақтап  қалу  мүмкін  болмады:  «басқаны»  түсіну  адамның  өзін 

қалыптастырудағы негізгі қадамға айналды.

Демократияға  қатысты  осылай  түсіну  аса  маңызды  еді. 

Саяси  шешімдер  немесе  экономикалық  бастамалар  көптеген 

адамдардың,  тіпті  жоғары  мансапқа  ие  емес  адамдардың 

қөзқарастарын  есепке  алуы  тиіс.  1834  жылы  Кедейлер  туралы 

британиялық  заңға  енгізілген  өзгерістер  демократияны 

қалыптастыруда ілгері қадам жасауға мүмкіндік берді: өзгерістер 

бойынша еңбек ету енді шіркеулік қауымдағы кедей отбасыларға 

ғана  тиесілі  емес  болды,  сонымен  қатар  қарапайым  адамдар 

кәсіп таңдау еркіндігіне иеленді.

Демократия жаңа, ауқымды деректердің пайда болуына түрткі 

болды.  Яғни,  әуелден  адамдарды  рационалды  мақсатпен  өмір 

сүретін  және  өз  жолын  таңдау  еркіндігіне  ие  акторлар  ретінде 

қабылдадық. Таңдау жасау бізді қателіктерге ұрындырады – әр 

заттың бағасы бар. Тек қателіктер жасауға қорықпайтын адамдар 

ғана жаңа бірдеңе ойлап таба алады.  

Бұл  нені  білдіруі  мүмкін?  Жеке  қателіктер  жазаланбаған 

жағдайда,  жағдайды  жақсартуға  және  жаңалықтар  енгізуге 

мүмкіндіктері  бар.  Егер  демократияның  заңдары  бұзылмаса, 

оның шекарасынан аспайтын қателіктер құпталады. Демократия 

көптеген  амалдарды  ұсынады:  балаларды  тәрбиелеудің, 

тұрмыстағы өмір сүрудің, жұмыс пен кәсіпті таңдаудың, достармен 

араласудың  түрлі  жолдары  бар.  Бұрын  мұндай  таңдау  болған 

емес,  бірақ  демократияда  дәстүрлі  түсініктерден  алшақтауды 

>>

қиынсынып жүрген адамдардың өздерін ескі сенімдерді шектеуге 



мәжбүр етеді. 

Осындай  қателіктер  мен  тәжірибелер  арқылы  әлеуметтік 

ғылымдардың  эмпириялық  материалы  қалыптасады.  Мүмкін 

қателік жасау жеке адамның пікірі бойынша сәтсіздік болар, бірақ 

әлеуметтік  саланы  зерттеушіге  мәліметтер  мен  концептілерді 

беретін қателіктер барлық әлеуметтік ғылымдар үшін іргелі негіз 

болып  табылады.  Демократия  әлеуметтік  ғылымдардың  пайда 

болуына міндетті шарт. Сол уақытта ғана қателіктерді қабылдау 

қарсылық тудырмайды.

Өзініңізді  демократияға  дейінгі  қоғамдағы  экономист  ретінде 

елестетіңіз.  Практикалық  көзқарас  тұрғысынан,  нарық  белгілі 

болды,  ал  сатып  алушылар  және  тауар  мен  қызметтерді 

сатушылардың  рөлдері  алдын  ала  бөлінген  еді.  Ортағасырлық 

«карканасқа» 

[семинарлар] 

сәйкес 


сатып 

алушылар 

категорияларға  жіктелді;  себебі  сол  уақытта  институттар 

қалпындағы өнеркәсіп орындарына қарағанда адамдардың жеке 

кәсіби  дағдылары  үлкен  сұраныста  болды.  «Экономикалық» 

қателік жасау мүмкін емес еді, себебі дәстүрлер немесе қамқорлық 

негізінде қалыптасқан сату және сатып алу үрдістерінде тәуекел 

туындамайтын.  Халық  шаруашылығы  жерге  тәуелді  болған 

кезде  немесе  жан-жаққа  көшіп  жүруге  мүмкіндік  берген  еңбек 

еркіндігі  кезінде  статус  бастапқы  кезден-ақ  анықталып  қойған, 

яғни  демократияға  дейінгі  дәуірде  экономика  ғылыми  сала 

болған жоқ. Демек, ол уақытта «жасырын қол», нарық теңсіздігі, 

экономикалық  тұрақсыздыққа  және  банкротқа  алып  келетін 

жағдайды бағалаудағы қателіктер де болған емес.

Бірнеше тараптардың мүдделері түйіскен жағдайда, демократия 

ақыр  аяғында  өз  экономикасын  аса  мұқият  қадағалауы  қажет. 

Нарықтың  көрінбейтін  қолы  жұмыс  істеген  кезде,  кей  жағдайда 

әлеуметтік  теңдікке  қол  жеткізу  үшін  мемлекеттің  қол  созғаны 

қажет.  Егер  де  Үкімет  белгілі  бір  таптың  мүдделерін  қолдаса, 

ол  жайт  күйреген  экономиканы  сауықтыруға  ұзақ  уақытты 

талап  етеді.  Бұл  үлгі  арқылы  басқаларды  ойлау,  жан-жақты 

мүдделер мен қателіктерді жасау мүмкіндіктері демократия үшін 

қаншалықты негізгі ұғымдар екендігін көруге болады.

«Адамдар қателіктер жасайды» деген негізгі қағидат болмаса, 

экономика пән ретінде нық тұруы екіталай еді. Бұл экономикаға 

ақша құю кезі ме? Айырбас бағамы белгілі бір деңгейге тәуелді 

болуы  шарт  па?  Тоталитарлық  экономикалық  жүйелерде 

шешімдер  жоғарыда  қабылданатындықтан  осындай  сауалдар 

ағыны қатты шектелген. Демократиялық елдерде біз бұл мәселені 

«дәлелдеп беруді» талап ете аламыз.

Дәл  осылайша,  әкімшілікті  биліктен  бөлу  арқылы  саясаттану 

өзінің демократияға тәуелді екендігін көрсетеді. Бұрынғы заманда, 

басқарушылар  билікке  ие  болған,  бірақ  әкімшілік  еркін  түрде 

жүзеге  асатын  халықтық  мандатпен  ғана  келеді.  Демократия 

болған жағдайда, басқа адамдар санайды. Демократия қоғамда 

әртүрлі мүдделердің болуын қажетті шарт ретінде қарастырады. 

Мүдделер  мен  мақсаттар  бір  бірімен  қақтығысқан  жағдайда, 

қай  тараптың  билікке  ие  екендігіне  қарамастан,  еркін  және 

әділетті  сайлау  аясында  жүзеге  асуы  қажет.  Әділ  шешім  құдай 

немесе  патша  үшін  емес,  халық  үшін  қабылдануы  тиіс.  Сәтті 

шешім қабылдау үшін әкімшіліктен адамдар қарсы тараптардың 

мүдделерін  теңгеруі  қажет,  мысалы  ауыл  шаруашылығы 

қызметкерлері, өндірістегі жұмыскерлер, ақ жағалылар табы және 



жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау