Алматы қаласы әкімдігінің
2018 жылғы « 18 » сәуірдегі
№ 2/154 қаулысына 11 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына
15 қосымша
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының аудандық бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және Стандарттың 9 тармағында көзделген,
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің талонын береді, өтінішті тіркейді және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күн ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге құжаттарды береді;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытындыны жолдау хатпен бірге медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жолдау хат пен құжаттар келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналына тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қабылданған құжаттарды береді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін азаматтарды медициналық - әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияға құжаттар топтамасын жолдайды;
10) азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды және1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, содан кейін
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттар топтамасын жолдайды;
11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;
12) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хаттамаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жолдайтын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына хабарламаны береді;
13) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін көрсетіп, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) әлеуметтік қызметкерге құжаттарды беру;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды;
5) құжаттарды, қорытындыны көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
6) тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына беру;
7) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына жіберу;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жіберу;
9) медициналық-әлеуметтік мекемелерге азаматтарды жолдау бойынша комиссияның қарауына құжаттарды жолдау;
10) шешім қабылдау;
11) хабарламаны дайындау;
12) хабарламаға қол қою;
13)медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
6) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау бойынша комиссиясы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің талонын береді, өтінішті тіркейді және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге құжаттарды береді;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытындыны жолдау хатпен бірге медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жолдау хат пен құжаттар келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналына тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қабылданған құжаттарды береді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияға құжаттар топтамасын жолдайды;
10) азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттар топтамасын жолдайды;
11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;
12) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хаттамаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жолдайтын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына хабарламаны береді;
13) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімі көрсетіп, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызмет беруші мамандарының өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауының өңдеу ұзақтығы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш және Стандарттың 9тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға өткізеді, Мемлекеттік корпорация маманы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөліміне беру үшін жинақтау бөліміне жолдайды;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді 30 (отыз) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге құжаттарды береді;
арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытындыны жолдау хатпен бірге медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жолдау хат пен құжаттар келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналына тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қабылданған құжаттарды береді;
көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның қарауына құжаттар топтамасын жолдайды;
азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттар топтамасын жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына хабарламаны береді, ол көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хабарламаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы көрсетілетін қызметті алушының қол қойылған құжаттарын тіркейді және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызметті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсету қарастырылмаған.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |