7
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
біз оған тек қана қайғылы апаттың жауапкершілігін мойнына
алуы бойынша ғана емес, сонымен қатар жемқорлыққа
былыққан, жұмыс жасауға лайықты емес және қызметтерін
қамсыз атқаратын шенеуніктерді жұмысынан босату
арқылы әлсіреп қалған жақсы әкімшілік ету бағдарламасын
қайтадан қолдауы бойынша қысым көрсетуіміз керек деген
ой тастадым. Партия менің ұсынысымды қолдаған жоқ.
Қайғылы жағдай үшін өзіне жауапкершілік алудан бас
тартып, жемқор және икемсіз достарына қамқорлық
көрсетуді жалғастырған Президентті бұдан әрі қолдауға
мұршаның болмауы менің Акбаян партиясы атынан
Конгрестің мүшесі болудан бас тартуыма алып келді. Мен
Партия басшылығы дұрыс жұмыс істемейді деген ойға
келдім. Сонымен қатар Президентті әрі қарай қолдау сияқты
партияның негізгі позициясымен келісе алмайтын болсам,
мен ендігі уақытта партияның өкілі ретінде қызмет ете
алмаймын деп түйдім. Ешкім менен қызметті босатуымды
сұраған жоқ, бірақ партияның ережесі анық болды: мен 2015
жылдың 19 наурызында партиядан шығып кеттім.
> Негізгі сабақтар
Осы нарратив арқылы мен репродуктивті денсаулық,
аграрлық реформалар және жақсы әкімшілік ету сияқты
идеяларға қолдау нәтижесінде қол жеткізген өмірлік
сабақтармен бөлісуге тырыстым.
Репродуктивті денсаулық үшін күрес тиянақты одақ және
аса өзекті стратегиялар құру арқылы мәдени мәселелерді
талқылау - прогресшіл мәселелер көтерілетін алаң
ұсынатындығының көрінісі. Отбасын жоспарлау мәселелерін
талқылауда репродуктивті денсаулық жақтастары халықтық
бақылау нарративін әйелдердің репродуктивті құқықтары
туралы дискурсымен алмастыру арқылы ортадан жоғары
және орта таптар арасын ажырату мүмкіндігіне ие болып,
өте қатты қарсылыққа қарамастан заңды қабылдау үшін
жағдайлар жасай білді.
Аграрлық реформа жасау тәжірибесі революциялық емес
саяси жағдайдағы теңсіздік құрылымдарының тікелей
қарсылығына қарамастан жеңіске жетудің қиындығы туралы
еске салады. Прогресшіл күштер мықты заңнамалық базаны
құруға ықпал ете алғанымен, президенттің немқұрайлығы,
бюрократиялық қорқақтық және жер иелерінің қарсылығы
сияқты жағдайларға байланысты аграрлық теңсіздіктің
құрылымдары әлі де күшке ие.
Жақсы әкімшілік ету туралы үшінші мысал аса сезімтал
жеке және саяси салдарға алып келгендігіне қарамастан
бізге өмірлік сабақтардың шығу тегін көрсетіп берді. Бірінші
сабақ одақтар динамикалық сипатта болатындығында: біздің
жағдайда реформалар жасау үшін одақ басқа іс-шаралармен
айналысты. Прогресшіл партия өзінің одақтарға мүшелігін
әрдайым саралауға міндетті деген екінші өмірлік сабақты
алдық. Кез-келген партияның өз мүддесі бар және мүдделер
қатарына әкімшілік орындар немесе одақ ішіндегі ықпал ету
кіреді. Бірақ кей кезде, осы мүдделер іргелі құндылықтарға
қайшы келуі ықтимал. Осындай сыни жағдайларда
солшылдар партиясы өзінің тұтастығын сақтағысы келсе,
құндылықтардың басты орында екендігіне кепілдік беруге
міндетті.
Үшінші сабақ: кей жағдайларда партиялар және
олардың парламенттегі өкілдері арасында өте қатты пікір
алшақтығы пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда
прогресшілер партияның басшылығына қарсы шықса
да өз ұстанымдарына берік болуы керек. Прогресшіл
болу деген қоғамдық теңдік, әділеттілік, ынтымақтастық
және тәуелсіздік аясында ұйымдастыра білу және осы
ойларды жүзеге асыру үшін саяси бағдарламаға ие болуды
білдіреді. Сонымен қатар, прогресшіл болу этикалық және
адамгершілік көзқарастарды қалыптастыруды білдіреді.
Бәлкім, мемлекеттік қызметтегі нағыз прогресшілердің
негізгі ерекшелігінің белгісі - этикалық ғадеті болар. Менің
ойымша, әкімшілік орындарда прогресшіл болу, бірінші
кезекте, қызметіңді, мүлігіңді немесе өміріңді жоғалту қаупі
болса да қағидаттар мен құндылықтарды берік ұстану.
Хаттарыңызды Уолден Беллоға жолдауыңызға болады.
1
http://isa-global-dialogue.net/power-and-principle-the-vicissitudes-of-a-sociologist-
in-parliament-july-4-2015/
8
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
> Әлеуметтік ғылымдар
және демократия:
Дипанкар Гупта, Шив Надар университеті, Нью Дели, Үндістан
1
>>
Н
еліктен әлеуметтік ғылымдар, философияны қоса
алғанда, тек демократияшыл қоғамдарда ғана
қарыштап дамиды деген сұрақ ойыңызға оралды
ма? Мысалы, әлемдегі ең бай елдер Сауд Арабиясы,
Қытай мен Ресей жаратылыстану ғылымдарында үлкен қадамдар
жасауда, бірақ әлеуметтік ғылымдардағы жетістіктерімен мақтана
алмайды. Қытай мен Ресей электроника, физика, медицина,
көлік салаларында жетекші елдермен қатар жетістіктер көрсетуге
әлеуеті бар, алайда әлеуметтану, саясаттану, экономика,
тіпті тарихта осы елдер тұрақсыз нәтижелер көрсетуде.
Демократияшыл режимдерде ғана әлеуметтік ғылымдар белсенді
түрде дами ма? Олай болғанның өзінде, неліктен осындай жағдай
орын алады?
Бәзбіреулер демократия мен әлеуметтік ғылымдар арасындағы
айқын жақындық туралы тұжырымдар осы байланыс ерекше
батыстық мәдениеттің өнімі болып табылады деген одан да
Д
ипанкар
Г
упта
-
көрнекті
үнДі
әлеуметтанушысы
және
белГілі
қоғамДық
зияткер
. о
л
н
ью
Д
елиДеГі
ш
ив
н
аДар
университетінің
қ
оғамДық
істер
мен
сыни
ілімДер
орталығының
профессоры
және
Директоры
. 30
жылға
жуық
уақыт
бойы
Д
жавахарлал
н
еру
университетінДе
әлеуметтануДан
сабақ
берГен
. 18
кітаптың
авторы
және
реДакторы
профессор
Г
упта
ү
нДістанның
постколониялық
трансформациясына
қатысты
біраз
еңбектің
авторы
.
о
ның
ең
соңғы
кітабы
, т
өменнен
басталған
төңкеріс
:
ү
нДістанның
болашағы
мен
азаматтық
элитасынДа
,
Демократия
төменнен
басталатын
әрекеттер
арқылы
ілГері
ДамиДы
ДеГен
ой
айтылған
. о
л
T
he
T
imes
of
i
ndia
and
T
he
h
indu
басылымДарынДа
тұрақты
түрДе
мақалаларын
жариялайДы
және
қоғамДық
қайраткер
ретінДе
ү
нДістанның
сақтық
банкінің
және
ұ
лттық
ауыл
шаруашылығы
мен
ауылДық
аймақтың
Даму
банктерінДеГі
басқарушылық
қызметтермен
қатар
әртүрлі
институттарДың
Дамуына
үлес
қосқан
. т
оронто
, п
ариж
және
л
онДон
қалаларынДа
шақырылған
профессор
қызметінДе
Дәріс
оқып
, ақш-
тың
біршама
университеттерінДе
аға
ғылыми
қызметкер
лауазымын
атқарДы
. к
өптеГен
атақтарДың
иеГері
профессор
Г
упта
2010
жылы
ф
ранция
ү
кіметінің
ө
нер
және
әДебиет
орДенінің
кавалері
атағымен
марапатталДы
. о
сы
мақаланың
толық
нұсқасын
ж
аһанДық
Д
иалоГ
журналының
G
lobal
e
xpress
атты
интернет
парақшасынДа
[
i
]
табуға
болаДы
.
2
Дипанкар Гупта.
рухани үндестік
үстіртін пікірлерді бүркемелеу үшін жасалған деп ойлайды.
Бәлкім, әлеуметтік ғылымдар тек бастапқыда мәдени тұрғыда
бейтарап болуға бағытталып, іс жүзінде тек еуропалық және
америкалық мәселелермен шектелген болар? Әлеуметтік
ғылымдардың батыстық емес сыншыларының басым бөлігі
әлеуметтік ғылымдардың әмбебаптығы туралы ойларды
тарататын түзетулер сияқты жергілікті категорияларды қолдайды.
Алайда, осы әдісті қолдаушылар әлеуметтік ғылымдар Еуропа
мен Американың өзінде тек жақын арада ғана пайда болғандығын
ұмытып кетті. Бір кезде осындай білім жүйелері осы елдер үшін
де жаңалық болып, Еуропаның ортағасырлық немесе кейінгі
ортағасырлық талдау әдістері өздігінше ескіріп қалғандығының
белгісі болған еді.
Демократия ұғымы пайда болғанға дейін әлеуметтік
ғылымдардың ілгері дамуына қажетті контекст болған емес.
Қазіргі әлеуметтану, саясаттану және экономиканың талдауға