13
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
>>
> Австралияда әлеуметтік
көмекті нарыққа бейімдеп
Майкл Д. Файн, Маквайри университеті, Сидней, Австралия және
Халықаралық әлеуметтанушылар
қауымдастығының Халықтың қартаюы әлеуметтануы бойынша зерттеу комитетінің (RC11) мүшесі
В
альс билеуші Матильда (Walzing
Matilda) Австралия құрылығының
адамдар аз тұратын аймақтарынан
жұмыс табу мақсатымен кезіп жүрген,
бар байлығын арқасындағы дорбасына
салып жүретін (яғни матильдасына – вальс
билететін қапшығына), үйсіз мүсәпір адам
туралы алдамшы, көңілді ән. Әлемде
аустралиялық деп танылған осы ән XIX
ғасырдың соңында елдің экономикасында
үстем болған өндірістік деңгейдегі қой
шаруашылығына
қызмет
көрсетумен
айналысқандардың көшпенді өмір сүру
стилін типтейді. Сол уақытта пайда болған
басқа аустралиялық керемет халық әні
Дәуірі өткен қамқорлық (Past Carin’), қазіргі
уақыт үшін өзекті тақырыпқа айналуы
мүмкін, себебі қайта жанданған және
нарыққа бейімделген әлеуметтік көмек
қайта құру
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
көрсету қызметі көп жағдайда күнделікті
көмекті қажет ететін адамдарға қолдау
көрсетуді сипаттайды. Генри Лоусонның
сөзіне
жазылған
әннің
мәтінінде:
Шаршауды немесе қамқорлықты артта
тастап,
Сезіну мен түңілуден арылып,
Қазіргі жалғыз тілегім
Қамқорлықтың барлық белгілерінен алшақ
болу.
(
https://www.youtube.com/
watch?v=q9pqht2Ph04
)
Бірінен кейін бірі Австралия үкіметін
басқарған Жұмыскерлер және Либералды-
Ұлттық
партия
әлеуметтік
көмек
көрсету бағдарламаларын кеңейту мен
дамытуды талап ету арқылы қоғамдық
қолдауға ие болуға тырысты. Алайда
неолибералды және бюджетті қатаң
үнемдеу жағдайында олар мемлекеттік
және коммерциялық қызметтерді шектеп,
қызмет көрсету нарығын қолдайтын
даму үлгісін пайдаланды. Қызметті
пайдаланушылар «тұтынушылар» деп
аталынып, мүмкіндігінше әр жерде өз
қалталарынан ақша төлеуге міндетті болды.
> Әлеуметтік көмек: әлеуметтік диагноз
қою
Әлеуметтік көмек адам өмірінде үлкен
маңызға ие екендігін білеміз. Қазіргі күнге
дейін әлеуметтік көмекті түсіну пәндік
тұрғыда «көлеңкедегі» алаң болып
қала беруде. Халықаралық немесе
өзара мәдениеттерді қарапайым түрде
салыстыру арқылы да әлеуметтік көмек
жүйесі қоғамның жасырын тетіктерін
көрсететіндігін байқауға болады. Әлеуметтік
көмек жүйесіне талдау арқылы мықты
әлеуметтік диагностика жасауға, сонымен
қатар ең осал әлеуметтік топтардың қарым-
http://www.childcaresales.com.au/
Балалардың күтімі бойынша аса үлкен
коммерциялық емес сектормен қатар
Австралияда коммерциялық ұйымдар
қызмет көрсете алады.
14
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
қатынастарын, әлеуметтік құрылымдар мен
билік жүйелерін түсінуге мүмкіндік береді.
Отбасында әлеуметтік жұмыс әйел
адамдармен ақысыз түрде жасалынатын
үрдіс қалыптасқанмен де, ХХ ғасырдан
соң отбасынан тыс жасалатын әлеуметтік
жұмыстың қоғамдағы маңызы арта
бастады. Әйелдердің үйден тыс еңбек етуі
арта бастағандықтан, басқа отбасыларда
әлеуметтік жұмысқа деген сұраныс та
еселеді. Австралиядағы Үкімет, басқа
мемлекеттердегі сияқты, ресми және ақылы
әлеуметтік көмекті қол жетімді ету арқылы
осы жағдайға жауап беруге мәжбүр болды.
Аса күрделі экономикалық жағдайға
қарамастан, Австралия ресми әлеуметтік
көмекпен қамтамасыз ету жүйесінің
ауқымын кеңейтті, осы арқылы әлеуметтік
көмекті
ұйымдастыру,
қаржыландыру
және қамтамасыз ету мәселелерінде
айтарлықтай өзгерістер орын алды. Осы
өзгерістер нәрестелер мен балаларға
әлеуметтік көмек көрсетуден бастап,
мүгедек адамдарға көмек көрсету және
қарт адамдарды күтуге дейінгі арнайы
бағыттарды қамтуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік көмектің әр секторы өзіндік
ерекшеліктерге ие болғанымен де, осы
ерекшеліктер үлкен өзгерістерді жоққа
шығара алмайды, сонымен қатар осы
секторларға
ортақ
сипаттамалардың
барлығы мемлекет пен нарық тарапынан
іс-әрекеттер мен орынды жауаптар талап
етеді.
> Қарттарға және мүгедектерге
әлеуметтік көмек көрсету саласындағы
реформалар
Австралиядағы қарттарға әлеу-меттік көмек
саясаты егде азаматтардың қажеттіліктерін
қамтуға
бағытталып,
мемлекеттік
бюджеттен
қаржыландырылады.
50
жылда
қарттарға
әлеуметтік
көмек
көрсету саласының кең ауқымды дамуы
мен
реформалануымен
байланысты
өзгерістер орын алды, бірақ осы уақытта
қызмет көрсетудің барлық түрлері мен
деңгейлеріндегі төлем ақыларын өсіру
арқылы жүйенің негізгі бөлшектерін іргелі
түрде қайта құру бойынша шаралар жүзеге
асты. Нарық кағидаттарына иек арту
жағдайлары және коммерциялық қызмет
көрсетушілердің нарықтағы үлесі артуда.
Бастапқы
бағдарламаға
қарағанда,
жаңа Үйде әлеуметтік көмек көрсету
бағдарламасы ұлттық деңгейде және
Австралия штаттарының барлығын әр-
түрлі деңгейде қамтиды. Австралиядағы
мүгедек адамдарға әлеуметтік көмек
көрсету бойынша реформалар да ұлттық
деңгейді қамтып, саны жыл сайын ұлғайып
келе жатқан әлеуметтік көмекке зәру
мүгедек
адамдардың
қажеттіліктерін
өтеуге бағытталған. Сонымен қатар
реформалар мемлекет тарапынан алдағы
уақытта көрсетілген тең емес және
сапасы төмен әлеуметтік қызметтерге
қарсы гуманитарлық шаралар қолдану
мақсатында жүзеге асырылды.
Реформалауға
ұшыраған
қарт-
тарға әлеуметтік көмек көрсету бағ-
дарламасында Тұтынушы басқаратын
әлеуметтік қызмет әдісі ретінде белгілі
жеке адамдардың төлемақы жасауы
оларға қызметтерді сатып алу барысында
қорларын өздігінше басқаруға мүмкіндік
береді. Бұл реформа денсаулығында ақауы
бар адамдарға, сонымен қатар отбасының
қамқорлығын қажет ететін ақыл-ойы кемтар
ересек балалардың ата-аналары (көбінесе,
аналары мен қатты қартайған ата-аналар)
үшін ерекше пайдалы.
Екі бағдарламада әлеуметтік қызмет
көрсетуді ақылы ету бастамасы қызметтер
нарығын дамытып, коммерциялық қызмет
көрсетуді ілгерілетеді. Сонымен қатар,
ол уақытша еңбекпен қамтуды күшейтіп,
жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен
мемлекеттік және коммерциялық емес
әлеуметтік қызмет түрлеріне үлкен ықпалын
тигізеді.
> Балаларға қамқорлық жасау
Австралия
1970-1980
жылдары
балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің
ұлттық бағдарламасын жасақтаған алғашқы
ағылшын тілді мемлекет болуы мүмкін.
Алғашқыда барлық қызмет көрсетушілер
коммерциялық емес еді, ал 1990-жылдан
бастап коммерциялық қызмет көрсету
түрлері пайда болды. Қаржыландыру
жүйесі, қажеттіліктер бойынша субсидиялау
және қадағалаудың шектелген формалары
әлеуметтік қызмет үшін төлемақының
өсуіне
алып
келді.
Нәтижесінде
көптеген отбасылар балаға әлеуметтік
көмек қызметін пайдалана алмады.
Либералдардан тұратын қазіргі билік етуші
үкімет қызмет ететін барлық қорларды қайта
үлестірмекші және қызмет көрсету ауқымын
ұлғайтпақшы, бірақ барлық субсидияларды
қайтадан әйел аналардың еңбек етуімен
байланысты қарастырды.
Жоғарыда
сипатталған
бағдарла-
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
малардың әрқайсысы ақылы ресми
қызметтер мен отбасындағы әлеуметтік
қызмет көрсетудің орнын алмастырды.
ЕЫДҰ-ның әр мемлекетінде және АҚШ-та
баламалы әдіс мемлекет тарапынан балаға
қарау бойынша ақылы еңбек демалысына
мүмкіндік бере алады. Ұлттық бағдарлама
Австралияда 2011 жылы жарияланды,
бірақ бағдарламаға қатысушылар санын
қысқартатын және басымдық беретін
жұмыстарда еңбек ететіндерді қатысушы
ретінде шектейтін жаңа ережелерді енгізу
нәтижесінде осы бағдарлама бірнеше жыл
ішінде қызметін тоқтатты.
> Әлеуметтік қызметтің жаңа үлгісін
жасаудағы қиындықтар
Бұрын қолданыста болған әлеу-меттік
даму
бағдарламалары
әлеу-меттік
көмекке қажеттіліктерді қа-нағатандыруда
отбасылардың шектелген мүмкіндіктері
мәселесін шешуге бағытталған. Бүгінгі
күні саясаткерлер мемлекет қадағалайтын
және өзі реттелетін әлеуметтік қызмет
нарығына негізделген баламалы жүйені
құрастыруға талпынуда. Австралиядағы
әртүрлі реттелетін нарықтардың пайда
болуы отбасылардың қажет-тіліктеріне
негізделген төлемдер мен коммерциялық
қызмет көрсетушілер ұсынатын арзан
қызмет
түрлерінің
«тиімділігімен»
мемлекеттік қаржыландыруды алмас-тыру
арқылы мемлекеттік тікелей шығындарды
азайтуға алғышарттар жасайды. Дегенмен,
осы әдіс қызметтерді тұтынушыларын
«таңдау»
мүмкіндігімен
қызықтырса,
бұл мәселе қызметтерді тұтынушылар
мен қызмет көрсетуші жұмыскерлерге
де қауіпсіздік бойынша айтарлықтай
қиындықтар тудырады. Әсіресе, әлеуметтік
қызметкерлердің басым бөлігінің еңбек
жағдайлары нашарлайды және мансап
бойынша өсу әлеуетін жоғалтады.
Әлеуметтанушылар үшін де бұл мәселе
маңызды болып табылады. Теориядан
алшақтау үшін біз осы жаңа әлеуметтік
қызмет жүйелерін қалай жетілдіру керектігін
түсінуіміз қажет. Осы жұмысты жүзеге
асыру барысында жаңа жүйе бір жағынан
қызмет көрсету, төлем жүргізу, аталмыш
жүйелердің адал қызметі мен уәждемесі,
жеке және отбасылық жақындығының
нәтижелерін тіркеу мен талдау қажет
болса, екінші жағынан ақылы жұмыспен
қамтуды талап етеді.
Хаттарды Майкл Д. Файнға <
michael.fine@mq.edu.au
>
жолдауға болады.