Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы


GD  5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет4/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 6

GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

осы  заңды  нақты  жүзеге  асыруды  талап  етеді.  Заңның 

қабылдануы, президенттің оны елемеуі және жер иелерінің 

жағдайды ушықтырғысы келмеуі себебінен қайта үлестіруге 

лайықты  700  000  гектар  жер  сол  қалпында  қалды.  Осы 

жердің көбісі жеке меншікте еді, елдің ауыл шаруашылығы 

үшін ең құнарлы бөлігі болатын. Жер иелерінің қарсылығы, 

Президенттің 

немқұрайлығы 

және 


бюрократиялық 

босаңдық салдарынан аграрлық реформа бәсеңдеп қалды. 

Реформист  Президенттің  шамадан  тыс  бос,  сылбыр 

саясаты  жер-су  реформаларын  жүзеге  асыруда  біліктілігі 

төмен  шенеуніктерді  жұмысынан  босатқысы  келмеуі  және 

Президенттің осы реформаға салғырт қарауы 2015 жылы өз 

еркіммен Конгрестен кетуімнің бірден бір себебі болды.

> Күшті биліктің құлдырауы

Ендігі  кезекте  партиямның  күшті  билік  құруды  қорғау 

бойынша  тәжірибесімен  бөлісуіме  рұқсат  беріңіздер. 

Либералды партия басшылығының жемқорлықпен табанды 

түрде күресуге берген уәдесі 2010 жылы Акбаян партиясының 

реформалық одаққа кіруінің негізгі себебі болды. Бес жыл 

өткеннен  кейін  осы  мәселеге  орай  Конгрестен  кетуге  бел 

будым.


Акино әкімшілігінің алғашқы билік ету жылында азық-түлік 

саясатына  көбірек  назар  аударылды.  Конгрестегі  Акбаян 

партиясының  басты  өкілі  ретінде  осындай  реформалық 

серпінге  түрткі  болған  шараларға  қатысудың  өзі  мені 

қатты  толқытты.  Жаңа  әкімшіліктің  бастамаларының  бірі 

-  билікте  отырған  кезде  жемқорлықтың  кең  етек  жаюына 

мүмкіндік берген бұрынғы президент Глория Макапагальды 

сот арқылы жазалауға да атсалыстым. 2013 жылы болған 

сайлау  мен  үшін  және  басқа  азаматтар  үшін  либералды 

әкімшілікке артылған сенімге дауыс беру болды.

Алайда,  жаймашуақ  күндер  ұзаққа  созылмады. 

Филиппиндік  саяси  жүйеде  АҚШ-тың  отаршылық  кезінен 

қалған  «жем  астауы»  немесе  «Басым  бағыттағы  дамуды 

қолдау қоры» (ББДҚФ) деп аталатын институт қызмет етеді. 

Президент Конгрестің әрбір мүшесіне өз сайлау округтеріне 

қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы ақша бөледі. 

Аса  танымал  саяси  технолог  Джанет  Лим-Наполестың 

Конгрес мүшелеріне ББДҚБ қорының даму жобаларына және 

әлеуметтік қызметтерге арналған қаражатты өз есептеріне 

аударуға  мүмкіндік  берген  жалған  ұйымдар  қатарын 

құрғандығы бізге белгілі болды. Конгресс мүшелерінен осы 

қызметі  үшін  Наполес  өз  үлесін  алып  отырған.  «Наполес 

алаяқтығы»  бұқараның  наразылығын  тудырды,  ББДҚБ-ны 

жою туралы қоңырау санының артуына себепкер болды. Мен 

біздің партия өз қағидаттарына берік екендігіне сендім және 

ББДҚБ-ны  жою  үндеуіне  қосылып,  Президенттің  партияға 

бөлген  қаражатынан  бас  тартамыз  деп  ойлағанмын.  Бірақ 

өкінішке  орай,  партия  басшылығының  жиналысында  бұл 

бастамаларым қолдау тапқан жоқ.

Осы  оқиғадан  кейін  «Жедел  төлемдер  бағдарламасы» 

деп аталып жүрген лауазымды қызметкерлерді сатып алуға 

бағытталған  бірнеше  миллиардтық  жасырын  президенттік 

қормен байланысты басқа жанжал жуық арада орын алды. 

Мемлекеттік  қорын  бақылауда  транспарентті  емес, 

>>

есептілікке  бағынбайтын  және  кері  саясатты  жүргізуімен 



қатар  әкімшілік  бұрынғы  басшылықты  айыптауға  негіз 

(құралына) болған шаруалармен айналысты. Жоғарғы Сот 

конституцияға  сай  емес  бағдарламаны  басқарған  кезде, 

менің ойымша, Президент негізгі шешімді шығаруға тиіс еді.

Өз партияма Президент тарапынан құзыретті адамдарды 

қызметінен  босатуды  талап  етсін  деген  ой  тастадым, 

бірақ  менімен  партияның  кейбір  мүшелері  келіскен  жоқ. 

Олардың  ойынша,  бұл  ұсынысымыз  арқылы  Президентті 

қырсықтырып алу қаупі болды. Осындай жауап прогресшіл 

партия мүшелері үшін лайық емес деп санаймын. Партияның 

басшылығымен  ортақ  шешімге  келе  алмағандықтан 

Президенттің өзіне хат жаздым. Хатта елде болып жатырған 

жағдайларға  алаңдаушы  азамат  ретінде  Президенттен 

бюджет  басшысын  «оның  ешбір  шектеу  сезімінсіз  қорды 

басқарудағы үстірттігі және еркіндігі» үшін қызметтен алып 

тастауды  сұрадым.  Сонымен  қатар,  хатта  бағдарлама 

Атқарушы билік өкілдеріне Сенат пен Конгресс мүшелеріне 

қатысты  тікелей  қаржылық  ықпал  етуіне  мүмкіндік  беру 

арқылы  «конституциядағы  биліктің  бөлінуіне  қарама-

қайшылық тудыратын президенттік қамқорлықтың бір түрін» 

қалыптастыратындығын жаздым. 

Менің хатым Акбаян партиясының басшылығының ішінде 

біршама  шиеленіс  тудырды.  Партия  мүшелерінің  көбісі 

Президентке жеке азамат ретінде хат жазуға менің құқығым 

болған  жоқ  деген  ой  білдірді.  Маған  партиядағы  жоғары 

дәрежелі өкіл болуымның бағасы – жеке көзқарастарымның 

партияның саясатына бағынуында екендігі жеткізілді.

Біздің  партия  ішіндегі  пікірталастар  жалғасып  жатқанда, 

әкімшілік  екінші  рет  үлкен  қасіретті  басынан  кешті:  2015 

жылдың  25  қаңтар  күні  Минданаодағы  лаңкестікке  қарсы 

шаралар  сәтсіздікке  ұшырауының  нәтижесінде  Ұлттық 

полицияның Арнайы бағыттағы жасақтарының 44 қызметкері 

және  Моро  исламдық  тәуелсіздік  майданы  сепаратистік 

қозғалысының 18 жауынгері қаза болды. Осы сепаратистік 

ұйыммен үкімет толық емес автономия туралы келіссөздер 

жүргізген болатын.

«Мамасарано  рейді»  басқарудағы  үш  негізгі  қателікті 

көрсетті.  Біріншіден,  Президент  өзі  бұйрық  берген  әскери 

операция  үшін  жауапкершіліктен  бас  тарту  арқылы 

президенттік  биліктің  басты  қағидатына  қарсы  шықты. 

Екіншіден,  ол  операция  туралы  бұйрықты  алдында  елдің 

Омбудсмені  тарапынан  жемқорлыққа  қатысы  бар  деп 

айыпталған ұлттық полиция басшылығындағы жақын досына 

заңсыз  түрде  берді.  Үшіншіден,  оның  операцияны  жүргізу 

бұйрығының  астарында  филиппиндік  емес,  америкалық 

мүдделер  жатты,  себебі  ол  апат  болған  жағдайда  аса 

маңызды  бейбітшілік  туралы  келісімдер  бұзылатындығын 

білді.  Қоғамдағы  жақсы  әкімшілік  ету  жүйесін  сақтап  қалу 

мақсатында  мен  Президентке  осы  қайғылы  жағдайға 

қатысты толық жауапкершілікті өз мойынына алып, апаттың 

барлық зардаптарын ашып көрсетуді, әсіресе АҚШ-тың рөлі 

туралы ақиқатты айтуға үндеу тастадым. 

Әкімшіліктің басқару дағдарысы тереңдей түскендіктен мен 

Акбаян партиясынан реформаларды талап етуді сұрадым. 

Президенттің тұлғалық позициясының әлсіреген уақытында, 



жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау