26
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
>>
А
вторлар орыс тілінде
«совет» демек «кеңес»
сөзінің мағынасын 1)
жиналыс,
басқарма,
кеңесетін орган 2) кеңес беру, ұсыныс,
ұсыным 3) үйлесім, келісім деп
түсіндіреді. Термин ретінде саяси
ұйымның ерекше түріне қатысты.
Ол 1917 жылдан кейін орныққан
кеңестік басқарумен, алғашқыда
«Жұмысшылар,
шаруалар
мен
сарбаздар өкілдерінің кеңесі» және
саяси
билікті
трансформацияға
ұшыратқан кеңестік дәуірге байла-
нысты.
Кеңестік
басқарушы
органдар
жұмысшы мен шаруалардың сай-
лауы
арқылы
құрылып,
оның
мүшелері барлық шешімді келісіп,
кеңесіп қабылдады. Кеңес кезеңінің
алғашқы жылдары «кеңестер» тікелей
демократияны іске асырды. Олар
қоғамдық өмірдің жаңа – бірлесу,
ұжымдасу және өзін өзі ұйымдастыру
сияқты принциптерін іске асырып,
бұрын қанауда болған таптың
диктатурасына негізделді.
Бұл жаңа әлеуметтілік қалалық
және ауылдық жерде, жұмысшы
мен
шаруалардың
күнделікті
тәжірибесінде жаңа формаларды
талап етті. Бұқаралық білім беру мен
мәдени тәрбие, қалаға қоныс аудару,
әйелдер эмансипациясы, басқарудың
жаңа формалары күнделікті өмір
үлгілерін, кеңістікті ұйымдастыруды
қамтыды.
Осының бәрі сәулет өнерінде
жаңа үлгілер мен түрін табуға
жұмылдырылған сәулетшілерге үлкен
салмақ салды. Нәтижесінде дүние
жүзіне танымал болған 1920-1930
жылдардағы кеңестік конструктивтік
авангард сәулет өнері өз бойына
қоғамдық және саяси өмірдің ақиқатын
сіңірді.
Солардың бірі Санкт-Петербург
қаласындағы (бұрынғы Ленинград)
– Нарва Заставасы. Әлі күнге дейін
сол қалпында қалған ғимараттар
кешені – айқын конструктивистік
жобаның
үлгісі.
ХХ
ғасырдың
басындағы жұмысшылар тұратын
осы ауданда 1905 жылы патшаның
Империялық жасағының шабуылынан
қаза
тапқан
жұмысшылардың
бейбіт шеруі, кейіннен тарихта
қалған «қанды жексенбі» атты
оқиғасы орын алған еді. Бұл оқиға
1917 жылғы төңкерістен кейін жаңа
пролетариат идеологиясында ерекше
канонизацияланып, қасиетті сипатқа
ие болды [сурет 1].
Нарва Заставасы – сәулеттік
эксперимент орны және өнеркәсіпті
ауданның
аса
үлкен
көпшілік
орталығы. Тракторной көшесіндегі
тұрғын үйлер – сәулетшілер кеңістікті
ұйымдастырудың жаңа принциптерін
іздеп және пролетариатқа қоғамдық
баспана салуды дамытуға басымдық
берілген кезеңнің бетке ұстаған
үлгісі. Тракторной көшесі сәулеттегі
транзитивтік пен қала жоспарлаудың
нақты мысалы. Ол – орыс нео-
классицизмінің
авангардтық
түрі,
супрематистік сарын және функциялық
аудандастыру тәсілдерімен араласқан
әдісі.
Тракторной
көшесіндегі
ғимараттар бүкіл ауданның транс-
формация үрдісінің бастауы [сурет 2].
Бірінші орта мектеп Ленинградта
1927 жылы ашылды. Бұл мектеп
революцияның 10 жылдық мерекесіне
орай ашылып, мұғалімдердің талаптар
санын
қысқарту,
оқушылардың
белсенділігін ынталандыру мақсатын-
да әзірленген оқытудың жаңа
әдістерімен ерекшеленіп, тәжірибелік
бағдарлама бойынша жоспарланған
болатын. 1000 жуық оқушысы
бар мектеп, түрлі оқу кабинеттері,
зертханалар, тіпті астрономиялық
обсерваториямен
жабдықталды
[3-сурет].
Сәулет өнеріндегі жаңа көзқарас
қоғамдық орындардың маңызы туралы
функциялық идеяларды мирас етті. Ең
бірінші ірі жоба кәсіподақ қозғалысына
арналды, ол – 1925-27 жылдары
салынған қоғамдық орталық. Қоғамдық
орталықта театрлар, оқу кабинеттері,
спорт залдары мен кітапханалар
болды, онда жұмысшылар әлеу-
меттену мүмкіндігіне ие болды.
1931-32 жылдары қоғамдық орталық
кеңейтіліп, жұмысшылардың кәсіби
дағдыларын және қызметкерлер мен
жастар мүмкіндіктерін дамытатын
мектеп ашылды [4-сурет].
Нарва
Заставасы
кешенінің
орталығы әмбебап дүкен мен тамақ
фабрикасы болды (1929-31). Бұл
жаңа сауда мен өндіріс орындары
жартылай дайын тамақтың жаппай
өндірісін қамтамасыз ету үшін
ашылған болатын (ХХ ғасырдың
аяғына қарай кең тараған фаст-фуд
тамақ өнімдерімен шатастырмаңыз).
Ғимараттың келбеті – күнделікті
өмірдің серпінін көрсетеді: үлкен
өлшемдер, сан алуан қалып, тік
және көлденең сызықтардың өзара
қиылысуы, асимметриялық бөлімдер.
Көшеден
көрінетін
шынымен
жабылған
үлкен
дүкен,
ерте
кеңестік идеологияның ашықтық,
ынтымақтастық және эмансипация
мұраттарының көрінісі болса керек.
Бұл бірегей конструктивистік кешен
Киров аудандық кеңесі орналасқан
ғимаратпен
бірге
(1930-1935)
тұтастықты құрайды.
Күшті және демократиялық жергілікті
үкімет идеясы 1920 жылдары кеңестік
саяси ұйымның негізгі дискурсында
болды. Алыстан көрінетін бұл
әкімшілік орталықта аудандық билік,
мәдениет мекемелері, банк, пошта
ФОТО ЭССЕ
> Сәулет өнеріндегі ерте кеңестік
кезеңге тән социалистік мұраттар
Наталья Трегубова және
Валентин Стариков, Ресей