> Әлеуметтік ғылым
үшін әлемдік
бағдарлама жасау
Ержумент Челик, Фрайбург университеті, Германия, еңбек қозғалысы және әлеуметтік қозғалыстар комитеті
(RC44) мен ұжымдық іс-әрекеттер және әлеуметтік өзгерістер (RC48) ХӘҚ зерттеу комитеттерінің басқарма
мүшесі.
C
оңғы ширек ғасырға жуық уақытта әлемдік
деңгейде
тәуелсіз
әлеуметтік
ғылым
жасау оңтүстікпен қатар солтүстіктің де
әлеуметтанушылары үшін өзекті мәселеге
айналды. Еуроцентризмді cынаушылар мен Жаһандық
Оңтүстік әлеуметтік теориясының кең таралуы өзара
оқыту негізінде периферияларда және Оңтүстікте оқу
қажеттілігі мен мүмкіндіктері жөніндегі пікірталастарға,
сондай-ақ әлеуметтік ғалымдардың кәсіби және қоғамдық
жауапкершіліктері арасындағы диалогқа ұласты.
>>
Джавахарлал Неру жаһандық зерттеу
бағдарламасының мүшелері, Нью Дели.
Суретті түсірген Ержумент Челик.
Бұл пікірталастарға Жаһандық зерттеу бағдар-
ламаларының (ЖЗБ) он үш жылдық тәжірибесі қандай
үлес қоса алады? ЖЗБ – Германияның Фрайбург
университеті, Оңтсүтік Африканың Квазулу-Натал,
кейінірек Кейптаун университеттері, Аргентинаның
ФЛАСКО, Үндістанның Джавахарлал Неру университеті
және Таиландтың Чулалонгкорн университеті бірлесе
жүзеге асырған әлеуметтік ғылымдардың екі жылдық
магистрлік бағдарламасы. Аталған бағдарлама әлеуметтану,
саясаттану, антропология, еңбекті зерттеу, халықаралық
37
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
қатынастар және географияны қамтиды. 2002 жылдан
бастап 60 мемлекеттен 300-ден астам студент ЖЗБ-ға
қосылып, әр студент қатысушы үш мекемеде білім алады.
Осындай халықаралық, пәнаралық және мәдениетаралық
бағдарламаның нәтижесінде студенттер түрлі универ-
ситеттің қалыптасқан дәстүрлерімен танысып, оқыту
процесінде тәжірибе жинақтайды. Бағдарлама барысында
өмір сүріп отырған ортасының мәдениетімен танысады
және өз мәдениетін қайта таниды. Соңғы нәтижесі –
жаһандық әлеуметтік ғылымның негізін қалайтын құн-
дылықтарды қабылдай отырып, жоғары сапалы бірегей
магистр дәрежесін әрі теңдессіз өмірлік тәжрибе алу.
ЖЗБ тәжірибесі студенттерге нағыз «космополитизмнің»
не екенін түсінуге, мәдениетаралық орта өздеріне жат
орындар мен жағдайларда өмір сүруге мүмкіндік жасайды.
Жаңа адамдармен танысу студенттер өз бойларында
түсіну, төзімділік және «өзгелерді» мойындау сияқты тың
қабілеттерін дамытады. ЖЗБ кездейсоқ жағдайда қатысу-
шылар арасында Ари Ситас атап өткен «келісім этикасын»,
волюнтаризм идеялары мен әріптестікті, өзара түсіністік пен
құрметті дамытатын әрі нығайтатын алаңға айналды.
Әлемдік масштабтағы әлеуметтік ғылым тәжірибесі тек
студенттерден ғана емес, сонымен қатар түрлі елдерден,
мекемелерден, еңбек мәдениетінен және басқалардан
келетін студенттердің қажеттіліктерін сезінуі тиіс оқытушылар
мен әкімшілерден де мәдениетаралық компетенцияны
талап етеді. Студенттерге көмектесуге дайын болу,
студенттерді ауыртпалық ретінде емес, болашақ әлеует
ретінде көретін қатысушыларды ынталандыратын әлемдік
масштабтағы әлеуметтік ғылымның даму аспектлерінің бірі
болып табылады. ЖЗБ факультеті маңызды «жаһандық
қоғаммен» тығыз байланысты: жаһандық тұрғыда өзара
байланысқан қоғамды қалыптастыруға әлеуеті бар сенімді
әлеуметтік және мәдениетаралық «жаһандық» азамат
қалыптастырады.
Басқару әрекетінсіз, өзара түсіністікке негізделген оқыту
кез келген бағдарламаның негізгі аспектісі болуы тиіс. ЖЗБ-
ны Еуропадан жаһандық Оңтүстікке дейін әрқайсысының
өзіндік дәстүрі мен білімнің нақты жүйелері бар төрт
құрылықтағы университет-серіктестері бар жаһандық
масштабтағы білім жүйесін қолдану мен мойындау үшін
таптырмас база ретінде елестетуге болады. Raewyn Con-
nell метрополиялардағы бітіру бағдарламалары астаналық
ғылымның кәсіби нормаларымен шектелетіндігін, сондықтан
бұл жаһандық оқу бағдарламаларына енуге ұмтылғандар
үшін екендігін атап өтеді. ЖЗБ Фрайбург университетінде
соңғы он жылдықта дәл осы мәселемен бетпе-бет келді.
Дегенмен, барлық оқу және институттық шектеулерге
қарамастан оқытушылар «еуроцентризм мәселелері және
пікірталастардың заманауилығы», «әлеуметтанушылар
интеллектуалдар ретінде: оңтүстік болашағы», «жаһан-дық
әлеуметтанудың құбылыстар, метафора және аллегория-
лар» сынды лекциялар мен жаңа курстардың есебінен
мейлінше инклюзивті оқырмандар қалыптастыру жолында
еңбек етті. Студенттер оң көзқараспен жауап қатты. Әсіресе
Солтүстік Америка мен Германия студенттерінің сыни
очерктері олардың зерттеулерінде Еуро-Америкацентристік
бағыттағы білімнің қаншалықты басым екендігін және
олардың бұл жайдан қаншалықты хабарсыз екендіктерін
көрсетті.
ЖЗБ-дағы кәсіби ғылыми жұмыс пен қоғамдастықтың оған
қатысуының арасындағы диалог құру динамикасы бүгін де біз
айтып жүрген «қоғамдық әлеуметтануға» қосылған үлес. ЖЗБ
тарихына қайта оралған кезде, университет-серіктестердегі
оқу барысында студенттерге сол қоғамдағы мәселелерге
байланысты далалық жұмыстарды жүргізуге ұсыныс
берілетіндігін байқаймыз. Талап етілетін тағлымдама олардың
нақты жұмыстар мен әлеуметтік қозғалыстар, үкіметтік емес
ұйымдардың, кәсіподақтардың, сонымен қатар академиялық
және үкіметтік мекемелердің, т.б өміріне араласуларына
мүмкіндік береді. Майкл Буравойдың пікірінше, «олар
азаматтық қоғаммен байланысын сақтай-ды». Студенттер
әлеуметтанушы болса да, болмаса да «органикалық» ЖЗБ-
шыға айналады. Көп жағдайда «қоғамдық» жауапкершілік
олардың диссертацияларындағы ғылыми жұмыстар мен
ғылыми сараптамаларында дамиды. ЖЗБ қоғамды, саясатты,
сыни және кәсіби әлеуметтануды байланыстыру үшін және
ішінара кәсіби және қоғамдық әлеуметтану арасындағы
диалогты қалыптастыру үшін платформа ұсынады.
ЖЗБ-ға
әлем
бойынша
университеттер
жүйесі
қалыптастыратын нарық мейлінше кедергі жасауда.
Оқытушылардың еңбек жағдайын жақсарту мәселесі өзекті,
себебі бұл бағдарламаның тұрақтылығына кері әсер ететін
фактор. Әсіресе, Германияда орта деңгейлі оқытушылар
мен әкімшілер еңбекпен қамтылудың ешқандай кепілдігіне
ие емес және ЖЗБ міндеттемелеріне қарамастан олардың
көбі бағдарламаны тастап кетеді.
Тағы бір өзекті мәселе – университет-серіктестердің
арасындағы әділетсіз билік қарым-қатынастары. Саналы
немесе бейсаналы түрде Фрайбург университетін
серіктестікте доминантты оқу орны ретінде қабылдайды,
болашақта
университет-серіктестер
бағдарламаны
қалыптастыруда тең рөлге ие болуды талап етеді деп күтеміз.
Іс жүзінде ЖЗБ және осыған ұқсас бағдарламалардың
табысы үшін эгалитарлы құрылым шешуші мәнге ие.
Барлық қиындықтарға қарамастан, ЖЗБ тәжірибесі
периферияларда оқытуды кеңейте отырып, өзара
түсіністікті сынақтан өткізіп және әлеуметтік қиял мен саяси
қиял өзара үйлесімде болатын академиялық платформаны
жасай отырып, әлемдік масштабтағы әлеуметтік ғылымның
дамуына теңдессіз үлес қосуда.
Хаттарды
ercumentcelik@gmail.com
жіберіңіз
38
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
39
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
> Кәсіптердің халықаралық
болашағы:
Еллен Кухлманн, Каролин институты, Швеция; Туба Агартан, Провиденс Колледжі, АҚШ; Дебби Боннин,
Преторий университеті, Оңтүстік Африка; Хавиер Пабло Хермо, Буэнос-Айрос университеті, Аргентина; Елена
Яарская-Смирнова, Жоғары экономика мектебі, Мәскеу, Ресей; Mоника Ленгауэр, Дортмунд техникалық
университеті, Германия; Шаун Руггунан, Квазулу-Натал провинциясы университеті, Оңтүстік Африка және
Вирендра П. Сингх, Аллахабад университеті, Үндістан; барлық авторлар мамандықтар бойынша ISA-ның
атқарушы комитетінің (RC52) мүшелері болып табылады.
Ж
аһандану
кәсіптердің,
соның
ішінде
экономикаға қатысты ғылымдардың көлемі
мен тәжірибесін түбегейлі өзгертті. БРИКОА
(BRIKS) (Бразилия, Үндістан, Қытай және
Оңтүстік Африка) елдерінің және табыс деңгейлері орташа
бірқатар өзге мемлекеттердің тез дамып келе жатқан
нарығы мемлекеттік және жеке сектордағы кәсіби біліктілік
мен қызметтерге жаңа талаптар қалыптастарды, тіпті
батыс әлемі де әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік
принциптеріне күмәнмен қарап, кәсіби қызмет көрсетуді
мемлекет тарапынан қаржыландыруды көбірек тежей
бастады.
Бұл жағдайлар өзгере бастаған кәсіптерді түрлі әлеуметтік
контексі аясында «нақты уақытта» зерттеу үшін теңдессіз
мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге, мамандықтарға
жаһандық призма тұрғысынан қарау кәсіптер мен
кәсіпқойлық тұжырымдамаларына – жиырмасыншы
ғасырдағы Батыстың бай елдерінің саяси және
экономикалық жағдайына бейімделген тұжырымдарға сыни
талдау жасауды қажет етеді.
Мемлекет кәсіптер туралы пікірталастарда орталық
орындарды иеленіп тұрғанымен, әлеуметтанушылар нақты
«мемлекет» немесе «азаматтық» ұғымдарының геосаяси
және мәдени контекстеріне сирек назар аударады. Cоңғы
зерттеулерде жаһандану мен ұлтаралық басқаруға,
халықаралық салыстыруларды күшейтуге молырақ көңіл
бөлінген, бірақ кәсіптер туралы пікірталастардың көбінде
әлі күнге батыс елдерін бағдар ретінде ұстап, Жаһандық
Оңтүстік пен шығыс елдеріне сирек назар аударылуда.
Оңтүстік Африка, Үндістан, Аргентина, Ресей, Түркия және
араб елдеріндегі түрлі авторлар жүргізген зерттеулерге
сүйене отырып, қолданыстағы ғылыми тәсілдерді түбегейлі
өзгертуге тырысамыз. «Дәулетті мемлекеттер кәсібі»
ұғымына ортақ «тірек блогтар» болмағанымен, біз мемлекет
пен кәсіптің қарым-қатынастарын біріктіруші тақырып
ретінде қолдана отырып, төменде кәсіби дамудың сәттерін
ұсынамыз.
Араб елдерінде «кәсібилік» әмбебап түсінік және мақсат
>>
ретінде жиі қарастырылады. Араб елдерінің кәсіпқойлары
(мысалы,
университет
профессорлары)
кәсіби
құндылықтарды адалдық, құпиялылық және сенімділік,
сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік, объективтілік, білімге
негізделген жұмыс сынды қырларына назар аударатын
1960-1970 жылдардағы функционализм тәсілдеріне
мейлінше ұқсас жағдайларда талқылайды. Сонымен
бірге, Батыс функционализмінде шешуші орында болған
кәсіби қауымдастықтар құру және бақылау мен монополия
мақсаттары жетіспейді, осылайша кәсіпқойлыққа арналған
әмбебап тәсілдер кәсіби алаңдарды құру үшін стратегиялық
тұрғыда мобилизациялануы мүмкін екендігін ғана көрсетеді,
бірақ кәсіптердің мықты ғылыми дәлелді негіздері немесе
қоғамдық бақылау мен мемлекеттік қолдау жетілген
механизмдері әлі де жетіспейді.
Түркияда да, Ресейде де орталықтандырылған мемлекет
кәсіби топтардың саласын, сонымен қатар кәсібилік
идеясын шектеді. Сәйкесінше, екі елдің де саясатындағы
өзгерістер мемлекеттік кәсіптерге деген қатынасты өзгертті,
дегенмен бұл өзгерістер екі мемлекетте әр түрлі бағытта
өтуде. Орташа табысы бар ел ретінде Түркия нарығындағы
тұтынушылықтың өсу қисыны қоғамдық сектор қызметіне
сұранысты арттырды. Сонымен бірге, жаңа мемлекеттік
басқару тәсілінен басталатын саясат кәсіптерді де бақылауда
ұстағысы келді. Мысалы, денсаулық сақтау саласында
түрлі стратегиялар комбинациялары анық байқалады.
Менеджменттің жаңа саясаты тек дәрігерлерді бақылдауды
ғана күшейтіп қоймай, сонымен қатар дәрігерлермен
мемлекеттің
жаңа
байланыстарын
қалыптастарды:
дәрігерлер медициналық білім берудегі басқаруға жиі
интеграцияланатынына қарамастан, үкімет дәрігерлер үшін
жаңа басқарушы лауазымын енгізді.
1990 жылдары Ресейде кәсіптерге қатысты ірі өзгерістер
орын алды. Мысалы, оқыту жүйлері бар кәсіби алаңдарды
қалыптастыру үшін ескі және жаңа жүйелерді үйлестірген
жаңа әлеуметтік жұмыс мамандығы пайда болды. Сонымен
бірге әлеуметтік жұмыстың гендерлік мәдениеті мен
үкіметтің төмен жалақы төлеу саясаты кәсіби дамуды
жәшікті ашқанда
1
шектеді, жаңа нарықтық қатынастарға негізделген
әлеуметтік-саяси бағыт кәсібиленуге ықпал етеді: әлеуметтік
құқық талаптарын анықтауды және оған қол жеткізуді
қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жұмысшыларға қажеттілік
бар. Тиісінше, әлеуметтік жұмыс мемлекеттік сектормен
интеграцияланды, сондай-ақ нарықтың кеңеюуінен пайда
табады. Солай бола тұрып, әлеуметтік қызметкерлер
өздерінің идентификациясын немесе тұтынушылармен
қарым-қатынастарын түрлендіру үшін қажет келісім–жаңа
маркетиздендірілген саясат келісіміндегі позицияларын
анықтау үшін қандайда бір биліктен айырылған.
Үндістан мен Оңтүстік Африка экономикалық өсімді және
пайда бола бастаған жаһандық билікті бастан өткізуде әрі екі
мемлекет те басқарудың мейлінше көп тетіктерін жасады.
Кәсіби даму жаһандық және отаршылдық тарих арқылы
қалыптасады және екі мемлекетте де ағылшын-саксондық
либералды дәулетті мемлекет үлгісі кәсіптерді қуатты
өзін-өзі басқаруға, соның ішінде кәсіптің қол жетімділігін
бақылауға алып келді.
Үндістанда адвокатура – жаһанданудың ең қуатты күштерінің
бірі, сонымен қатар заңгерлік фирмалар нарығында
бәскелестікті және нарыққа шетелдік заңгерлердің енуін
шектейтін ұлттық реттеуші күш. Үндістандық та, шетелдік
те заңгерлік фирмалар жаңа корпоративтік зерттеулер
формасы есебінен нарықты кеңейту стратегиясын әзірледі.
Үндістан құқықтық процестер, IT және баспа саласында
бізге таныс стратегиялардың аутсорсингі үшін басты орынға
айнала бастады. Мұндай өзгерістер шағын элитарлы кәсіби
сегмент қалыптастырып, жаһандық нарықта бәсекелесе
алмайтын заңгерлердің статусын түсіріп жіберді. Бұл
элиталы секторда жаһандық корпоративтік саясаттың әсері
салдарынан кәсіптерді қайта ұйымдастыруға мемлекеттік
интервенцияның билігі шектеулі болды.
Оңтүстік
Африканың
қарқынды
экономикалық
дамуы қоғамдық кәсібилікпен және қоғамдық секторға
интеграциямен сәйкес келді. Пост-апартеидтік саясат
мейілінше инклюзивті кәсіби дамуға сұранысты қамтиды.
Бұған қарамастан кәсіптер гендерлік, нәсілдік немесе
этникалық теңсіздік формаларына құрылымдалған күйі
қалып отыр. Мұнда мамандар мемлекеттен бөлінген,
кәсіби монополияны сақтай отырып, кәсіби саланың
қолжетімділігін бақылауда ұстай отырып, қуатты өзін өзі
басқару әлеуетін жұмылдыра білді. Рестратификация,
маркетизация және менеджменттік өзгерістер, құқықтық
және мемлекеттік (ресми түрде) қолдаудың болмауына,
интеграцияға бағытталған жаңа құқықтық талаптарға
қарамастан жыныстық және нәсілдік теңсіздікті нығайтты.
Мемлекеттің кәсіптерді реттеу үшін жасаған соңғы әрекеттері
–мемлекетті трансформациялаудың күн тәртібіндегі бөлігі–
бұрын шеттетілген әлеуметтік топтар үшін жол аша отырып
кәсіби монополияға қарсы шығуы мүмкін.
Аргентинаның даму жолындағы экономикасы көпжақты
басқаруымен бірге әлеуметтік қызметтің кеңеюін ұсынды.
Мұнда Еуропамен берік тарихи байланыс (әсіресе Латын
елдерімен) мемлекеттік секторда кәсібилікті, соның ішінде
жоғары білім алу үшін, әсіресе аспирантура мен кәсіби
білімде жаңа трансұлттық нұсқалар қалыптастырды.
Кәсіби топтар трансұлттық нарыққа жеке мамандар үшін
мансаптық өсу үшін жаңа мүмкнідіктер жасау арқылы да,
өндірістегі жаңа процестермен және сертификаттау арқылы
біліктілікті арттырумен жауап берді. Бұл мысал жаһандану
да, транснационализм де саясаттағы саяси ойыншылар
мен агенттердің өзгеруі сияқты ұлттық деңгейде ғана емес,
сонымен бірге халықаралық деңгейде де кәсіп рөлін күшейту
мүмкіндіктерінің әлеуетін көрсетеді.
Біздің кейс-стади әлеуметтік жұмыс пен медицинаға
қатысты жоғары білімнен бастап, құқық және бұқаралық
ақпарат құралдарына дейінгі кәсібиліктің ауқымды
алаңдарын жан-жақты қамтиды. Дегенмен, әрбір триах
ерекше, әрі барлық оқиғалар аяғына дейін ашылған жоқ,
олардың әрқайысы кәсіптер бойынша дамып келе жатқан
жаһандық көзқарасқа ықпал етеді.
Хаттарды
ellen.kuhmann@ki.se
жіберіңіз
1
Бұл кәсіптерді зерттеу комитетінің қосқан үлесі (RC52). Зерттеу жүргізілген елдер
және авторлар туралы толық ақпаратты мына сілтемеден көре аласыз
http://www.
isa-sociology.org/pdfs/rc52_professions_in_world_perspective.pdf
40
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
“
Кәсіптерді талдаған кезде Батыс елдеріне
тән көзқарас басым, ал Жаһандық Оңтүстік
немесе Шығыс елдері назардан тыс қалып
отырады
”
41
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
ХӘҚ-да Начо деп танылған
Хосе Игнасио Рикеро.
> Рахмет, Начо!
Изабела Барлинска, ХӘҚ-ның атқарушы хатшысы, Мадрид, Испания
1
987 жылдың қаңтар айында ХӘҚ файлдары
тиелген контейнер Амстердамнан Мадридке
жол тартты, осылайша ХӘҚ хатшылығының
жаңа өмірі басталды. Заттарымызды
реттестіріп, орналасқаннан кейін, Мадридте
өтетін ХӘҚ-тың XII Әлемдік әлеуметтанушылар
конгресіне дайындық басталды. Сол кезде ХӘҚ-та
2000 жуық мүше тіркелген (қазіргі 6000 мүшемен
салыстырыңыз), конгресс бағдарламасы кәдуілгі
қолмен терілетін баспа машиналарда жазылды, ал
факс соңғы үлгідегі байланыс құралы болған еді.
Барлығымызға Начо ретінде таныс – Хосе Игнасио
Регуера. Хатшылықтың мүшелігіне өткеннен бері 30
жыл бойы үздіксіз бірге қызмет жасап келеді. Бүгінде,
ол зейнеткерлік жасқа жеткеніне аса қуанышты. Осы
жылдар ішінде Начо қауымдастық мүшелерінің толық
базасын жасады, ал интернет пайда болғаннан кейін
ол ХӘҚ тұңғыш веб шеберіне айналды. Начо, Сіздің
Халықаралық Әлеуметтанушылар Қауымдастығын
шағын ұйымнан бүгінгі әлемдік деңгейдегі заманауи
құрылымға
айналдырудағы
ерен
еңбегіңізге
алғысымызды білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |