15
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
>>
> Ұзақ мерзімді әлеуметтік көмек
Хильдегард Теобальд, Вехта университеті, Германия және
Халықаралық әлеуметтанушылар
қауымдастығының Халықтың қартаюы (RC11), Кедейлік, әлеуметтік әл-ауқаттылық және әлеуметтік
саясат (RC19) бойынша зерттеу комитеттерінің мүшесі және
Яюи Саито, Осака университеті, Жапония
Жапониядағы белсенді қариялар.
Суретті түсірген Пия Киненгер.
1
980-жылдардан бастап Батыс елдерінің басым
көпшілігінде ұзақ мерзімді әлеуметтік көмек көрсету
саясаты біршама қайта қаралып, әлеуметтік көмекке
зәру адамдар мен әлеуметтік қызметкерлерге қатысты
ықпалы артты. Мемлекеттер көбіне бір бірінен әлеуметтік
саясат жүргізу әдістерін көшіретін. Швеция мен Жапониядағы
ұзақ мерзімді әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламалары әл-
ауқаттылық жүйелері мен отбасылық жауапкершілік идеялары
әртүрлі негізде құрылғанымен, шведтік ұзақ мерзімдік
әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары Жапониядағы
осындай саясаттың дамуында айрықша рөл ойнаған болатын.
Швецияда 1960 жылдардың өзінде мемлекеттік қызметтің
әмбебап үлгісіндегі қарт адамдарға бағытталған әлеуметтік
көмек қызметі бірте-бірте жергілікті деңгейлерге тарала
бастады. 1982 жылы ол ресми түрде Әлеуметтік қызмет
туралы ұлттық заң арқылы реттелетін болды. Заң көмек
көрсету бойынша ортақ құқықтарды қарастырып, жергілікті
әкімшілікке қажетті әлеуметтік қызмет түрлерінің көрсетіліп
жатқандығын тексеруге жауапкершілік артқанымен, аталмыш
заңда құзыреттілік немесе ерекше қызмет түрлері бойынша
нақты реттеулер жетіспеді. 1980- жылдан бастап қаржылық
шектеулер және демографиялық өзгерістер салдарынан
қоғамдық қызметтерді көрсету қарқыны біртіндеп бәсеңдей
бастады және көп жағдайда аса мұқтаж адамдардың
қажеттіліктеріне бағытталды. 2012 жылы 64 жастан асқан
адамдардың 9% үйдегі күтім бойынша қоғамдық қызметтерді
пайдаланған болса, 5% интернаттық мекемелерде әлеуметтік
қызмет түрлерін пайдаланды. Дегенмен, көрсетілген қызмет
түрлерінің үлесі халықаралық деңгеймен салыстырғанда
жоғары болып қала берді және жеке қосымша төлемдер
барлық көрсетілген қызметтер бағасының тек 5% ғана
қамтыды.
көрсету: Швеция мен Жапонияны салыстыру
16
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
Жапонияда қарт адамдарға үйде көмек көрсету бойынша
қоғамдық қызмет түрлері 1960 жылдары енгізілгенімен, бұл
қызмет тек жалғыз тұратын қарттарға бағытталып, олардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайына назар аударылатын.
Отбасылық жауапкершілік пен шектелген әлеуметтік құқықтар
сияқты қоғамның ерекшелігі үйде көмек көрсету қызметтерін
шектеген еді. 1989 жылдан бастап Жапонияда шведтік
жергілікті қоғамдық қызмет үлгісі бойынша «Қарттарды
медициналық және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ететін
онжылдық стратегия» (Алтын жоспар) салықтар негізінде
жергілікті жерлерде үйде көмек көрсету қызметтерін ұсынды.
Дегенмен, үйде көмек көрсету қызметтерін көпшілікке
таратудағы қиындықтар, шектелген жергілікті бюджет және
жапондықтардың салықтар өсіміне сыни көзқарастары
салдарынан 2000 жылы жартылай салықтар мен әлеуметтік
сақтандыру қорларынан қаржыландырылатын әмбебап Ұзақ
мерзімді әлеуметтік көмек көрсету бойынша сақтандыру
(ҰМӘККС) бағдарламасы енгізілді. ҰМӘККС бағдарламасы
аясында күрделі және қарапайым мұқтаждықтарына
қарай егде кісілерге қарттар үйінде әлеуметтік көмек және
үйдегі көмек қызметтері көрсетілді. Бұл шара қызметті
пайдаланушылар санын әлдеқайда арттырды. 2011 жылы
64 жастан асқан қарттардың 13% жуығы ұзақ мерзімді
әлеуметтік көмек қызметін пайдаланды. Осы көрсеткіштің
ішінде қарттардың 4,4% үйдегі әлеуметтік көмек қызметін,
5,4% күндізгі көмек көрсету орталықтарының қызметін және
қарттар үйіндегі қызметтерді 3% пайдаланды.
2015 жылдың сәуір айында жаңа реформа қоғамдық қызмет
түрлерін әлеуметтік көмекке біршама мұқтаждықтары бар
қарттарға бағыттауды мақсат етті, ал өзгертілген бағдарлама
бойынша табысы жоғары қарт адамдар үшін қызметтерге
төлем ақысы 10%-дан 20% дейін өсті.
Швеция мен Жапонияда қызмет көрсету нарыққа
бейімделгенімен, оны әлі күнге дейін мемлекет
қаржыландыруда. 1990-жылдары Швецияда сәтті қалыптасып
үлгерген қарттар үйінде және үйде әлеуметтік қызмет көрсету
инфрақұрылымы коммерциялық және коммерциялық
емес қызмет көрсетушілер үшін ашық болды. Бастапқыда
нарықтандыру үдерісі мемлекеттік қызметтер көрсету түрлерін
бәсекелес ортадағы коммерциялық қызмет көрсетушілермен
аутсорсинг негізінде жүзеге асқан болса, кейіннен жергілікті
деңгейде тұтынушының таңдау үлгілері басымдыққа ие
болды. Осы бағдарламаларда жергілікті басқару органдары
мемлекеттік және жеке қызмет көрсетушілерді тіркеуге
алып, қызметті пайдаланушылар арасынан таңдау
құқығына ие болды. 2012 жылға қарай қарттар үйіндегі және
үйдегі әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің 20% жуығы
коммерциялық қызмет көрсетушілермен үлкен желілер
арқылы жүзеге асырылды.
Жапонияда ҰМӘККС мемлекеттік, коммерциялық және
коммерциялық емес қызмет көрсетушілер арасындағы
бәсекелестік арқылы ұйымдастырылған үйде көмек көрсету
нарығының қалыптасуына мұрындық болды. Басқаша
айтқанда, Жапонияда тұтынушы таңдауына негізделген үлгі
пайда болды. Дегенмен, қарттар үйіндегі әлеуметтік көмек
қызметтері әлі де мемлекеттік немесе коммерциялық емес
ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті басқару
органдары ҰМӘККС және салықтар арқылы қаржыландырып,
жүйені басқарса, әкімшілік аймақты басқару органы
(префектура) әлеуметтік қызмет көрсетушілерді тіркеу және
қосымша салықтар арқылы қаржыландыру мәселелерімен
айналысады. Әмбебап ҰМӘККС бағдарламасы енгізілгеннен
кейін үйдегі көмек көрсету қызметкерлердің саны арта
бастады. Осылайша коммерциялық қызмет көрсетушілердің
саны 2000 жылы 30%-дан 2012 жылы 63% дейін өсті.
Әлеуметтік көмекке мемлекеттік қолдау, инфрақұрылымның
кең өріс алуы және нарықты қалыптастыруға бағытталған
реформалар арқасында әлеуметтік жұмыскерлердің, әсіресе
үйдегі қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдарда жұмыс
істейтін қызметкерлердің жағдайы айтарлықтай өзгерді. Соңғы
зерттеулер нәтижесі бойынша, екі елдегі үйде әлеуметтік
көмек көрсететін адамдардың еңбек жағдайларында
әлеуметтік жұмыстың жоғары деңгейдегі үлгілер бойынша
атқарылатындығы және жұмыс көлемінің аумақты екендігі
анықталды. Екі елдің әлеуметтік жұмыскерлері де барлық
тапсырмаларды аса мұқият жасалған кестеге сай алдын
ала орындап қоятындығын баяндады, бірақ олар әлеуметтік
жұмыс саласындағы қайта құруларды елдің дамуындағы
ерекше үрдістермен байланыстырады. Мысалы, Швецияда
ұзақ уақытқа шақталған мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету
түрлерінің біртіндеп бәсеңдеуі, қолданыстағы әлеуметтік көмек
инфрақұрылымын нарыққа бейімдеп өзгерту, әлеуметтік көмек
көрсетудің қысқа мерзімге есептелуі және қоғамдағы үстем
нормалардың бұзылуы әлеуметтік жұмыскерлердің қатты
сынына ұшырады. Жапонияда әлеуметтік қызметкерлер дәл
осындай жаңа бастамаларға қатты наразы болған жоқ, себебі
әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің кең таралуы мен
мемлекеттің қолдау шаралары нарыққа бағытталған қайта
құрулармен тұспа-тұс келді. Дегенмен, екі елде де әлеуметтік
қызметкерлердің 40% астамы жұмыстарын ауыстыруды
ойлауда. Жұмысқа қанағаттанбаушылықты көбісі еңбек
жағдайлары арқылы толықтыруға тырысады. Жапонияда
әлеуметтік қызметкерлердің қанағаттанбаушылық себептері
көбінесе ауыр жұмыспен және төмен еңбек ақысымен
байланысты болса, Швецияда жұмыскерлер наразылығын
бағдарламалық өзгерістер туындатты.
Хаттарды Хильдегард Теобальдқа <
hildegard.theobald@uni-vechta.de
> және Яюи
Саитоға <
ysaito@hus.osaka-u.ac.jp
> жолдауға болады.