10
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
т.б. Осы топтардың барлығы шағын топтардан тұрады және билік
басындағылардан «басқаларға» да назар аударуын әрқашан
талап етеді.
Саясаттану ғылымы үшін, жүйе әрдайым адамдарға белгілі
бір ережелер шеңберінде қателіктерді жасауға және жасамауға
мүмкіндік беруі шарт. Қателікке ұрынсаң – сен биліктен
айырыласың. Демократия жағдайында әкімшіліктің құрамындағы
адамдар өздерінің еңбек сатысында жоғары көтерілуін күмәнсіз
болады деп айта алмайды: дауыс берушілер өз пікірлерін кез
келген уақытта ауыстыруы, тіпті солай жасауды ынталандырылуы
ықтимал. Демократиясыз таңдау, сайлау, өз ойынан бас тарту
және лауазымы жоғары адамдарға қарсы сөз айту мүмкіндіктері
болмайтын еді.
Ал әлеуметтануға тоқталсақ, басты мақсаты - құбылыстарды
таптар, категориялар, гендер және кәсіби топтар арқылы түсінуге
талпынатын пәнде қалай екен? Неке қию сияқты әлеуметтік іс-
әрекеттер нақты тәжірибе арқылы зерттеледі. Сонымен қатар,
әлеуметтануда некені каста, тап, дін, кәсіби сала факторларының
ықпалын зерттейтін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін, яғни
«басқаларды» түсінуден басталатын зерттеу стилі бар.
Нақтылықтың танымал концептілеріне, оның ішінде
эссенциализмге қарсы шығу арқылы әлеуметтану уақыт және
кеңістік бойынша өзгерістерді зерттеп, зерттеушіні бейтарап
және сыни көзқарастарды ұстануға мәжбүрлеу арқылы саналы
түрде салыстырмалы әдіске бет бұрады. Салыстырмалы әдіс
арқылы біз әлеуметтік құбылыстардың, мысалы дін, неке немесе
әлеуметтік талғамның, ортақ сипаттамаларын зерттей аламыз
және әлеуметтік деректер олардың ерекшеліктеріне байланысты
қалайша әртүрлі қабылданатындығын түсіну мүмкіндігіне иеміз.
Осылайша, әлеуметтанудың демократиямен байланысын түсіну
оңай: «басқаларды» түсіну контексінде пән өзін-өзі анықтайды
және адамдар мәдени және экономикалық шекаралар ішінде,
сондай-ақ арасында қалайша өзара әрекет ететіндіктеріне
көңіл бөледі. Осындай алдын-ала басқаша қабылдау сипаты
әлеуметтануды кейбір салаларда, әсіресе, әлеуметтік мобилдікті
зерттеуде жетекші орынға шығарады.
Демократиялық емес ортада осы сұрақтарды қоятын еркіндік
қайда? Демократия ұсынатын еркіндіксіз осы жағдайлар бойынша
ешбір сауалдарға жауап таба алмас едік. Демократия, керісінше,
осындай сауалдар арқылы пайдаға қол жеткізеді, себебі билікке
таласушылардың барлығы бәсекеге түседі және әртүрлі
мүдделерді мүмкіндігінше дұрыс қорғауға тырысады.
Әлеуметтану белсенді қайраткерлер немесе ықпалды
саясаткерлердің нақты қызығушылығынан пайда болған пән
ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл - пәнді дұрыс түсінбеушіліктің
белгісі, алайда демократияшыл саясаткерлердің әлеуметтануда
қызығушылығы бар екендігі де ақиқат: егер де ықпалды
саясаткерлер мәселені толық сипаттайтын көрініс көргілері келсе,
олар әлеуметтануға иек артады.
Дегенмен, әлеуметтанушылар белсенді қайраткерлерге
жұмыс істеген кезде олар өздерін ғылыми емес мүдделерге
сәйкестендіру арқылы мәліметтер қорын бүлдіріп алу тәуекеліне
ие. Әлеуметтану жиі қызу бәсекелестікті және кең ауқымды
көзқарасты шектеу арқылы холистік тұрғыдағы өзгерістер
бағыты туралы сауалдарға жауап беруге бірден бір лайықты пән.
Алайда, адамдарды әлеуметтік өмірге белсенді араластыру және
ерекшеліктер мен қателіктерге толеранттылықты қалыптастыру
арқылы әлеуметтану қоғамды инклюзивтілікке бейімдеу үшін
қадамдар жасау арқылы көмекке келе алады. Әлеуметтанудың
түп негізінде адамдар қателіктер жасайтындығы туралы
пайымдаулар жатыр, бірақ олар да алдын ала бөлінбеген
қаражаттар арқылы мақсаттарына қол жеткізу үшін осы негіздерді
өзгертуге талпынуда.
Тарих пен философия үшін де осындай дәйектерді қолдануға
болады. Тарих, қарапайым тілмен айтқанда, қазіргі уақытқа
шырғаланып қалған, ал біз өткен шаққа өзіміздің өмір сүру
уақытымыз тұрғысынан қараймыз. Демократиялық елдерде
бұрынғы кездерді зерттеу бізге сол уақыттағы қателіктерді
қабылдауға мүмкіндік береді және көне дәуірлерден қазіргі
заманға қалайша ықпал ететіндігін дәлелдейді. Онсыз тарих
бірсарынды оқиғалар тізбегі (хроника) немесе оқиғаларға толы
агиография (әулиелердің өмірін зерттейтін діни пән) болып қала
береді. Екі жағдайда да ол академиялық тұрғыда пайдасыз.
Философия да демократияның пайда болуына орай өзгеріске
ұшырады. Оқшауланған «мен» Декарттан Кантқа дейінгі
Батыстық философияда үстемдік етеді және «басқа» түсінігіне
орын табуы қажет еді. Яғни, осы трансформация талдауды
жеңілдету үшін емес, ал жасампаздық мақсатта жасалған, себебі
бүгінгі философия «басқалардан» бөлек «мен» жоқ екендігін аңық
білдіруде. Егер де демократияда «басқаларға» алаңдаушылық
пен қателіктер жасауға мүмкіндіктер берілсе, біз шын мәнінде
«азаматтық» туралы айтқан болар едік, себебі бұл жағдайда этика
- демократиялық заңдар мен билік арасын біріктіретін фактор.
Демократиялық конституциялар мен қылмыстық кодекстердің
негізінде адамдардың «басқаларды» онтологиялық ұқсас және
өздерінің тұрмыстарын толықтыратын этикалық агенттер ретінде
қабылдау түсінігі жатады.
Басқалар соншалықты өзекті орынға ие болған және
«қателіктерді» қабылдау күнделікті жалықтыратын шараға
айналған кезде біз іс-жүзінде азаматтық туралы сөз қозғаймыз.
Қоғамтанушылар азаматтықты күшейтуге тырысады және
осы мақсатта олар өздері құрметтейтін пәндерді біріктіреді.
Демократияның күші оның әлеуметтік ғылымдарының күші мен
тереңдігі арқылы өлшенеді. Таңдау еркіндігі, «қателіктерден»
қорықпау және басқалардың өзіне ықпал ете алатындығын
ұғыну – демократиялық елдердің азаматтарына ғана тән
жағдайлар. Сәйкесінше, әлеуметтік ғылымдар батыстық немесе
еуропоцентристік ретінде сипаттала алмайды. Не болғанда да
олар азаматты зерттейтін пәндер ретінде болуы керек.
Хаттарды Дипанкар Гуптаға жолдауға болады
1
Өз ойларын білдіргені үшін профессор Андре Бетеиль мен профессор Дипак
Мехтаға шексіз алғысымды білдіремін.
2
http://isa-global-dialogue.net/social-science-and-democracy-an-elective-affinity/