26
1 ҚОСЫМША
Негізгі орта білім деңгейінің 7-9 (10) сыныптарының
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларына арналған
«Кәсіби еңбекке баулу» пәнінің типтік оқу бағдарламасының
ҮЛГІСІ
1. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) стандартына сәйкес әзірленген және жеңіл ақыл-ой
кемістігі бар оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері ескерілген.
2.Бұл бағдарлама бастауыш және негізгі орта мектептегі «Жалпы еңбекке баулу» пәні
бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады. «Кәсіби-еңбекке оқыту» пәнінің оқу
бағдарламалары білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы білім беруді
дамытудағы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып әзірленген. Бағдарламаны арнайы
мектеп жағдайында және сонымен қатар, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытатын
жалпы орта білім беру мектептерінде қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
3. Оқушыларды еңбекке баулуды тиімді ұйымдастыру, бастапқы кәсіби дайындық
беруді немесе дәрігерлік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес ұсынылған кәсіптің
қолжетімділігіне, сонымен бірге еңбек нарығының қазіргі жағдайына қарай, кәсіби-
техникалық білім алуға жағдай жасауды көздейді.
4. Арнайы мектептің 7-9 (10) сыныптарындағы оқыту мақсаты оқушылардың оқу-
еңбек қызметін дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, оларды бастапқы кәсіби дағдыларды
алуға, кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында оқуға немесе тікелей өндірісте оқып
үйренуге дайындауға негізделген.
5. Оқушыларды еңбекке баулу процесінде аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі
міндеттерді шешу қарастырылады:
1) Еңбекке қызығушылығын арттыру және тұлғаның еңбекке қажетті қасиеттерін
қалыптастыру;
2) Еңбекке дағдыландыру және еңбекке төзімділігін қалыптастыру;
3) Оқытылатын технологиялық операцияларды тәжірибелік тұрғыда меңгеруге қажетті
білімін қалыптастыру;
4) Тапсырманы ұғыну деңгейін дамыту бағытында біліктілігін арттыру, мақсатқа
жетудегі және дербес еңбек етуге қажетті шарт ретінде оның орындалуын жоспарлау және
бақылау;
5) Оқытылатын технологиялық операцияларды орындауды меңгерту, еңбек тәсілдеріне
оқыту процесінде еңбектегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
6) Кәсіптегі өз орнын табуына ықпал жасау.
2. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
6. «Кәсіби-еңбекке оқыту» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
педагогикалық тәсілдерін жүзеге асыру,
жеңіл
ақыл-о
й кемістігі бар оқушылардың білім алудағы
ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
арнайы педагогика принциптеріне
негізделген.
7. Оқытылатын материал мен білім алушының практикалық іс-әрекетінің арасында
тығыз байланыс орнатуды көздейтін практикалық бағыттылық принципі, білім мен
біліктілікті қалыптастыруда, практикаға бағытталған міндеттерді шешуде бірінші кезектегі
маңыздылыққа ие болады.
27
8. Тәрбиелей отырып оқыту принципі, адамгершілік көзқарас пен түсінік
қалыптастыруға, әртүрлі әлеуметтік ортада өзін ұстай білуге үйретуге бағытталған.
9. Сабақтастық принципі, ақыл-ойының кемістігі бар білім алушыларды еңбекке
баулудың барлық кезеңдерінде білім берудің үздіксіздігі мен өзара байланысын талап етеді:
ерте жастан бастап ересек мектеп жасына дейінгі аралықта
.
10. Білім беру мазмұнының біртұтастық принципі, оқу пәндері мен олардың
құрамына кіретін жеке еңбек түрлері арасындағы өзара тәуелділік пен ішкі байланыстың
болуын қамтамасыз етеді.
11. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципі, оқу-еңбек қызметінің
мазмұнын және жеке бас жетістіктерінің нәтижесін анықтайды.
12. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың әртүрлі топтарындағы психикалық даму
ерекшеліктерін ескеру принципі.
13. Түзетуге бағыттау принципі, оқу-еңбек қызметін жүзеге асыру процесінде
оқушылардың ақыл-ой дамуындағы кемістігін барынша түзетуді мақсат етеді.
14. Әрекет етуін қалыптастыруға бағыттылық принципі, ақыл-ой кемістігі бар білім
алушылардың оларға қолжетімді барлық еңбек әрекетінің түрлерін меңгеру мүмкіндігін, оқу
және танымдық іс-әрекет жолдары мен тәсілдерін, коммуникативтік және нормативтік мінез-
құлық қалыптастыруға бағытталған.
15. Оқу жағдайының барысында алған білім, білік, қарым-қатынас дағдыларын
әртүрлі өмір жағдаяттарына алмастыру принципі, білім алушылардың өздігінен бағыт-
бағдарын анықтауға және шынайы әлемде белсенді еңбек әрекетін іске асыра алуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
16. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған еңбекке баулу
бағдарламасын әзірлеуде саралай оқыту және оқытудың белсенді әдістері негізге алынған.
1)Саралай оқыту білім мазмұнын игеру мүмкіндіктерінің әртүрлі болуына қарай,
олардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескеруге бағытталған. Оқу бағдарламасын
дайындауда саралай оқыту әдісін қолдану мазмұнның көп жақтылығын қамтамасыз етеді,
ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар өздерінің жеке даму мүмкіндіктерін көрсете алады.
2)Оқытудың белсенді әдістері психология ғылымының теориялық қағидаларына
сүйенеді, ақыл-ой кемістігі бар білім алушының жеке басының даму ерекшелігін ескере
отырып, білім берудің құрылымы мен оның негізгі заңдылықтарын ашады. Білім берудегі
оқытудың белсенді әдістері, мектеп жасындағы ақыл-ойының кемістігі бар білім алушының
жеке басының дамуы үшін, оған қолжетімді іс-әрекетті (пәндік-практикалық және оқу)
ұйымдастыру арқылы анықталады. Білім берудегі іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі құралы
оқыту, білім алушылардың білім мазмұнын игеруін қамтамасыз ететін танымдық және
пәндік-практикалық белсенді іс-әрекеттерді ұйымдастыру процесі болып табылады.
17. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды еңбекке баулудың ерекшелігі, оқушылардың
бойында жалпы еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы жағдай жасау қажеттігінде –
ғимаратта бағдарлау, жұмыс барысын жоспарлай алуы, оның орындалуын бақылау.
18. Оқушылардың ғимаратта бағдарлау дағдыларын дамыту келесі жолдармен жүзеге
асырылады:
1) оқушылардың ұқсас бұйымдар немесе жұмыстарды саралай алу тәжірибесінің
жинақталуына қарай, бағдарлаушы әрекеттерді орындау барысында көмек көрсетуді
азайтып отыру;
2) әртүрлі көрнекі құрал түрлерін қолдану арқылы ғимаратта бағдарлауға үйрету:
шынайы объект (бұйым үлгісі), техникалық суреттегі оның бейнеленуі, эскизде,
сызбада;
3) ғимаратта бағдарлау процесіне өлшеу және есептеуді қосу арқылы;
4) ауызша және жазбаша нұсқаулықтарды қолдану арқылы ғимаратта бағдарлауға
үйрету.