Орындаған: ФӨТ 22-025к Тезекбаева МАлика Туралбаева Жанерке
Жоспар:
- Жалпы анықтама
2) Философиялық әдіс түрлері
3) Философияның қызметі мен элементтері
4) Қорытынды
Философиялық әдіс (кейде философиялық метод, ағылш. Philosophical method, немесе Философиялық әдіснама, ағылш. Philosophical methodology) — философиялық зерттеудің нақты әдістері. Философтардың ортақ пікірі бойынша, философтардың философиялық сұрақтарды шешуде ұстанатын тәсілдері бойынша философия бірқанша түрлерге бөлінеді. Философтардың философиялық сұрақтарға жауап беруде қолданатын тәсілдері әртүрлі болады.
Жүйелі философия адам өміріне қатысты барлық сұрақтар мен мәселелерді түсіндіре алатын ақылдық негіздеме қалыбын жасауға тырысады. Жүйелі философтардың мысалдарына Платон, Аристотель, Әл-Фараби, Декарт, Шопенгауэр, Кант, және Хайдеггер қатарлылар жатады. Шындықтың түбегейлі құрамдарын, яғни метафизиканы қамтамасыз ете алатын философиялық әдісті тұжырымдауды көздеген кез-келген талпыныс - жүйелі философия деп есептеледі. Қазіргі заман философиясында жүйелі философияға қарсылық Кьеркегордан басталып, аналитикалық философия, экзистенциализм, герменевтика және деконструкция қатарлылар арқылы әртүрлі формада жалғасты.
Философтар ұстанатын әдістердің кейбір ортақ ерекшеліктері мыналарды қамтиды:
Әдіснамалық күдік - өз сенімінің ақиқаттығына күдіктенудің (скептицизм) жүйелі процесі.
Аргумент - мәлім шешімді қолдайтын бір немесе бірнеше дәлел келтіру.
Диалектика - бір мәселеге көптүрлі, немесе қарама-қайшы шешім ұсына алу.
Метафизика-дәріс бойынша нәрселер мен үдерістер бір
ұстаныммен қарастырылады.
Догматизм-қоршаған ортаны дәлелденбейтін және абсолютты
сипаттар арқылы қабылдау.
Софистика-айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты
қара деп,қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдіс.
Философияның негізгі қызметіне-оның мақсатын анықтада қолданылатын дүниетанымдық,
әдістемелік,теориялық ойлау,сыни-талап,аксиологиялық,әлеуметтік,гуманитарлық және
болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.
Философия элементері
Күмәндану және
таңырқау сезімі
Сауалдар мен мәселелерді
тұжырымдау
Шешімді сипаттау
Шешімді негіздеу
Философиялық сын
Күмәндану және таңырқау сезімі
Платон: "философия таңырқаудан басталады"- деген болатын, ал
Аристотель бұл идеядан шабыт алып, былай деп жазды: "Адамдардың
таңырқауы, таңқалуы оларды алғаш философияға жетеледі және әлі де
жетелей береді".Философия алғашында бәлкім кейбір қабылданған
сенімдерге қарапайым күдіктенуден басталған болуы мүмкін.
Сауалдар мен мәселелерді тұжырымдау
Философиялық әдістің тағы бір элементі - жауап берілетін немесе шешілетін
мәселелерді тұжырымдау. Жұмыс болжамына сай, сауал немесе мәселе
неғұрлым айқын айтылса, маңызды мәселелерді анықтау солғұрлым
оңайырақ болады.
Шешімді сипаттау
Тағы бір тәсіл - теорияны сипаттау, яғни теорияға анықтама, немесе анализ
ұсыну. Бұл философиялық мәселені шешудің бір сынағы есептеледі. Кейде
философиялық теорияның өзін қысқаша сипаттауға болады. Барлық
дәріптелген философиялық мәтіндер күңгірттікті түсіндіру мен дәлелдеу
арқылы ұсынылған.
Шешімді негіздеу
Аргументтерді дәйектемелер шоғыры деп қарастыруға болады, бірақ ол
жай тізім емес, логикалық өзара байланысты тұжырымдар; сосын олар
толық негізге ие түрде ғана пайымдау жасайды. Негіздер бұл алғышарттар
болып, олардың дәріптемелері қорытындылар есептеледі; олар бірігіп
аргументті құрайды.
Философиялық сын
Ғаламның фундаменталды аспектілеріне қатысты философиялық идеяларға
сарапшылар бірдей келісе бермейді. Бұдан барлық философтар еңбектерінде
кең тараған философиялық әдістің тағы бір элементі туындайды-философиялық сын.
Дәл осы нәрсе философиялық ойлауды әлеуметтік талпынысқа айналдырады.
Қорытындылай келер болсақ,философиядағы әдістің тамыры мәлім мағынада мотивация деуге болады, яғни, адамдардың философияны не үшін қабылдайтынын түсіну арқылы ғана философия деген не екенін дұрыс түсінуге болады. Адамдар көбіне өздерін түсінбейтін нәрселерге сенеді. Мысалы, Құдай туралы, өзді туралы, табиғат әлемі туралы, қоғам туралы, мораль және адамзаттық шығармашылықтар туралы. Көбіне адамдар өздерінің тегі неге сенетінін түсінуде сәтсіздікке ұшырайды, әрі не істеу керектігінің негізіне сенуде түсінбестікке салынады. Кей адамдар сенімдерінің мағынасы туралы сұрақ қояды, әрі сенімдерінің негізделуі (немесе рационалдылығы) туралы ізденеді. Осы қасиеттің жетіспеуі түсініктің жоқтығын көрсетеді, ал кейбіреулер мұндай түсініктің болмағанын қалайды.Бұл сұрақтар философиялық айсбергтің бір бөлігі ғана. Адамдар бұл ғалам туралы басқа да көптеген нәрселерді фундаменталды түрде елеусіз қалдырған. Ал, философтар надандықтың барлық түрлерін зерттеумен айналысады.
Алаңдатарлығы, адамдар көптеген негізгі ұғымдардың өзін нашар түсініледі. Мысалы:
Бір нәрсе басқа бір нәрсенің себебі деген қандай мағынаны білдіреді? Ақыл дегеніміз не? Кеңістік пен уақыт дегеніміз не? Сұлулық дегеніміз не? Егер ол көрушінің көзіндегі нәрсе (сезімі) болса, онда көрушінің көзіндегі не нәрсе? Адам өмірі көптеген тұғырлық болжамдармен терең ақпараттандырылған. Негізсіз болжамдар өмір сүрудің негізсіз тәсіліне жетелейді.
Қолданылған әдебиеттер:
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81
https://stud.kz/referat/show/109942
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |