16
көмегімен) мақсатты таңдап алу;
2)
материалдарды үнемді жұмсау;
3)
алда тұрған практикалық жұмысты (мұғалімнің көмегімен)
жоспарлау;
4)
материалдардың қасиеттері мен алға қойған мақсаттарға
байланысты мтериалдарды қолмен және машинамен өңдеудің оңтайлы әрі
қолжетімді технологиялық тәсілдерін білу;
5)
орындалатын практикалық іс-әрекеттерге ағымдық өзін-өзі
бақылауды жүзеге асыру және практикалық жұмыс барысын түзеу;
6)
еңбек ету саласындығы өз жетістіктерін, өз еңбегінің қоғамдық
маңыздылығын түсіну.
Минималды деңгей:
1)
материалдардың атауларын; олардың дайындалу процесін; олардан
дайындалатын бұйымдарды және тұрмыста, ойында, оқуда, демалыста
қолданылатынын білу;
2)
материалдардың қасиеттерін және сақтау ережелерін; өндірістік
материалмен жұмыс істеу кезінде санитарлық-гигиеналық
талаптарды білу;
3)
машинаның жалпы құрылғыларын және оның негізгі бөлшектерін,
қызмет атқару принциптерін (кез келген заманауи машиналар: метал кескіш
станок, тігін машиналары, тоқыма станогы, автокөлік, трактор және т.б. оқып-
үйрену мысалында) білу;
4)
құрал-саймандармен, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу қаіпсіздік
ережесін, жұмыс ісеу кезіндегі санитарлық-гигиеналақ талаптарды білуі және
қолдануы;
5)
заманауи өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі, құрылыс,
көлік, қызмет көрсету саласы негіздерін меңгеру;
6)
бұйымды жасау процесінде пайдаланылатын технологиялық
картаны оқу;
7)
стандартты жұмыс жоспарын жасау;
8)
заттардың, бұйымдардың пайдакүнемдік және эстетикалық
құндылықтарын анықтау;
9)
еңбектің сұлулығы мен оның нәтижелерін түсіну және бағалау;
10)
тұрмыста, үйде, мектепте эстетикалық бағдарларды/эталондарды
пайдалану;
11)
қоғамда белгіленіп, эстетикалық регламенттелуіне сәйкес заттарды
эстетикалық бағалау және оларды күнделікті өмірде пайдалану;
12)
топта рөлдерді бөлу, ынтымақтастық, өзара көмекті жүзеге асыру;
13)
өз қызметін әрі бірлескен жұмыс ұйымдастыру кезінде достарының
және педагогтің пікірлерін еске алу;
14)
достарының жетістіктеріне тілектестік нысанда түсінік беру және
бағалау;
15)
аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға; табиғатты және
қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндігінше қатысу.
Жеткілікті деңгей:
1)
әр түрлі материалдардың мүмкіндіктерін саналы түрде анықтау,
17
оларды заттық-практикалық қызметтеріне байланысты, олардың физикалық,
сәндік-көркемдік және сындарлы қасиеттеріне сәйкес мақсатты таңдап алуды
жүзеге асыру;
2)
алда тұрған практикалық жұмысты жоспарлау, өз әрекеттерін
қойылған мақсатпен салыстыру;
3)
құралды күйге келтіру мен ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру;
4)
материалдардың қасиеттері мен алға қойған мақсаттарға
байланысты мтериалдарды қолмен және машинамен өңдеудің оңтайлы әрі
қолжетімді технологиялық тәсілдерін іріктеп алу;
5)
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тұтынушылық құны
мен маңызы бар материалдық құндылықтар жасау;
6)
мақсатты жүзеге асыру үшін алда тұрған жұмыстың міндеттері мен
оңтайлы іс-әрекеттер реттілігін өздігінен анықтау;
7)
соңғы нәтижені болжау және оған жету үшін жұмыстың құралдары
мен тәсілдерін өздігінен іріктеп алу;
8)
қоғамдық-ұйымдастырушылық еңбектің кейбір түрлерін меңгеру
(жұмыс тобының бригадирі, сынып старостасы, бөлімше бастығы және т.б.
міндетін атқару);
9)
еңбек ету саласындығы өз жетістіктерін, өз еңбегінің қоғамдық
маңыздылығын түсіну; өзін-өзі бағалау қабілеті;
10)
заттық әлемнің табиғат дүниесімен үйлесімді қатар өмір сүру
қажеттілігін түсіну.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды еңбекке баулу бағдарламаларының
үлгілік мазмұны. 7-9-сыныптардағы еңбекке баулу бойынша бағдарламасы
өндірістік материалдарды қолмен және машинамен өңдеу технологиясы
бойынша оқушылардың негізгі білімдері мен біліктерінің мазмұнын және
деңгейін анықтайды, осыған байланысты еңбекке даярлау бағдарының
жобаланған тізбесі анықталып отыр: «Ағаш шеберлігі ісі», «Слесарлық іс»,
«Қатырма қағаз түптеу ісі», «Тігін ісі», «Ауыл шаруашылық еңбегі», «Кіші
қызмет көрсету қызметкерін даярлау», «Гүл өсіру және сәндік бау-бақша
шаруашылығы», «Көркем еңбек» және т.б. Сондай-ақ, бағдарламаның
мазмұнына еңбек сабағын ұйымдастыру элементтері туралы бастапқы
мәліметтер енгізілген.
Бағдарламаның құрылымын, білім беру ұйымының бір немесе басқа
бейінді оқытуды таңдауына қарамастан келесі міндетті мазмұндық желілер
құрайды.
1-бөлім. «Материалтану. Құрал-саймандар мен жабдықтар».
Еңбек іс-әрекеттеріне пайдаланылатын негізгі материалдар тізімі,
олардың негізгі қасиеттері. Материалдардың шығу тегі (табиғи, өнеркәсіппен
өндірілетін және т.б.). Қол еңбектің қарапайым құралдары, қолдан жасалған,
станоктар және басқалар. Құрылғы, баптау, құралдар мен жабдықтарды
жұмысқа дайындау, жөндеу, құралдарды сақтау. Құралдар мен жабдықтардың
қасиеттері – еңбектің сапалығы және өнімділігі. Құралдар мен материалдарды
пайдалану ережелері, тыйым салулар мен шектеулер. Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулықтар (жұмыстар жүргізу кезіндегі өзін ұстау ережесі).