Программам для учащихся специальных организаций образования с ограниченными возможностями Методические рекомендации



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет10/26
Дата27.12.2019
өлшемі0,81 Mb.
#25082
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

20 

10) белсенділікті, мақсатқа бағыттылықты, бастамашылдықты дамыту.  

7-9 сыныптарда еңбексүйгіштікті, оқуға, еңбекке, өмірге белсенді қарым-

қатынасты тәрбиелеу мақсаттары: 

1)  негізгі мамандықтар туралы қарапайым түсініктер;  

2)  үлкен 

және 

кіші 


жолдастар, 

құрдастардың 

еңбегі 

мен 


шығармашылығын құрметтеу;  

3) оқу  және  оқу-еңбектік  тапсырмаларды  орындауда  тәртіптілікті, 

бірізділікті және табандылықты таныту;  

4) өз  еңбегінің,  басқа  адамдардың  еңбегінің  нәтижелеріне,  мектеп 

меншігіне, оқулықтарға, жеке заттарға ұқыпты қарым-қатынас;  

5) алдағы әрекет түріне сәйкес жұмыс орнын ұйымдастыру;  

6) еңбек  пен  оқудағы  жалқаулық  пен  салақтыққа,  адам  еңбегінің 

нәтижелеріне қатысты ұқыпсыздыққа теріс қарым-қатынас.  

10 (өндірістік) сыныпта еңбексүйгіштікті, оқуға, еңбекке, өмірге белсенді 

қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсаттары: 

1) адам  мен  қоғамның  өмірінде  білім,  ғылым,  заманауи  өндірістің  рөлі 

туралы қарапайым түсініктер;  

2) оқудың адамгершілік негіздері, адам мен қоғамның өмірінде еңбек пен 

еңбек әрекетінің мәні, білім берудің жетекші рөлі туралы түсініктер.  

Еңбекке оқытудың оқу жүктемесінің көлемі: 

1) 7 сыныпта – аптасына 10 сағат, оқу жылында 340 сағат; 

2) 8 сыныпта – аптасына 10 сағат, оқу жылында 340 сағат; 

3) 9 сыныпта – аптасына 12 сағат, оқу жылында 408 сағат; 

4) 10 (өндірістік) сыныпта – аптасына 22 сағат, оқу жылында 748 сағат. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


21 

Қорытынды  

 

Кәсіби  еңбекке  оқыту  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар,  оның  ішінде 

ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  мен  жасөспірімдерге  жалпы  білім  берудің 

маңызды  бағыты  ретінде  қарастырылады.  Ол  балалардың  қызмет  көрсету, 

өндірістік  еңбек  немесе  кәсіп  саласында  дербестікті  арттыруға,  сондай-ақ 

еңбекпен  қамтылу,  дербес  өмір  сүру  әлеуметтенудің  маңызды  міндеттерін 

шешу мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  кәсіби  еңбекке  дайындау  саласында 

шетелдік және отандық тәжірибені зерттеу бұл сұрақты жан-жақты қарастыру 

үшін мақсатты ғылыми-әдіснамалық жұмыстың қажеттілігін көрсетті. Сонда да, 

республикамыздың 

арнайы 


білім 

беру 


ұйымдарының 

практикалық 

тәжірибесінің  негізінде,  Түзеу  педагогикасының  Ұлттық  ғылыми-практикалық 

орталығының  ғылыми  қызметкерлері  жұмысының  нәтижелерін  есепке  ала 

отырып  кәсіби  еңбекке    баулудың  оқу  бағдарламаларын  келесі  бағыттарда 

әзірлеу ұсынылады [1,2]:  

 

тігін ісі;  



 

тоқу (қолмен, машинамен);  



 

ағаш ұсталық іс; 



 

слесарлық іс; 



 

аяқ-киім ісі; 



 

ауылшаруашылық еңбек; 



 

сылақ-майлау ісі; 



 

ас үй жұмысшысы (аспаз көмекшісі); 



 

ҮМИК жұмысшысы (аула сыпырушы); 



 

гүлбап-көгалдандырушы; 



 

түптеу-картонаж ісі; 



 

қызмет көрсетуші кіші қызметкер (ішкі бөлмелерді тазалаушы); 



 

кіші медициналық қызметкер



 

жануарлар күтімі бойынша жұмысшы; 



 

тері илеу ісі. 



Арнайы  білім  беру  ұйымдарында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 

тәрбиелеу  мен  оқыту  процесін  ұйымдастырудың  әдістемелік  ерекшеліктерін 

зерттеу, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған үлгілік 

оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын,  арнайы  білім  беру  ұйымдарының 

практикалық  тәжірибесін  кешенді  талдау  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 

балаларды  кәсіби  еңбекке  оқыту  бойынша  оқу  бағдарламаларына  қойылатын 

бірқатар талаптарды белгілеуге мүмкіндік берді. Бағдарламалар келесіні есепке 

алу керек:     

 

қоғамның 



әлеуметтік-экономикалық 

дамуының 

заманауи 

сұраныстарына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту;  




22 

 



оқу  бағдарламасы  оқытудың  әр  кезеңінде  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі 

бар 


оқушылардың 

психофизикалық 

даму 

заңдылықтарына, 



жас 

ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес болу

 

оқудың  жеке  траекториясын  құру  мен  оқытудың  табысты  ортасын 



жасауға мүмкіндік беретін оқу жетістіктерінің деңгейлерін сипаттау арқылы 

танымдық  қабілеттері  әр  түрлі  балалардың  барлығы  үшін  қолжетімді  білім 

беру; 



 



оқу-танымдық,  практикалық  және  шығармашылық  әрекетті 

қалыптастыру,  әрекеттік  компонентті  (жобалық-зерттеушілік,  рефлексивті 

және коммуникативті іскерліктерді меңгеру) күшейтуге бағдарлану; 

 



білім  беру  мазмұнының  тұтастығы  мен  сабақтастығы,  ішкі  және 

пәнаралық байланысты қалыптастыру

 

жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар  үшін  қамқорлық  қорғау-



педагогикалық  тәртіпті  қамтамасыз  ететін  білім  берудің  денсаулық 

сақтаушы қызметі; 

 

құзыреттілік  тәсілді  жүзеге  асыруға  бағдарлануы,  яғни  мүмкіндігі 



шектеулі  оқушылардың  шынайы  өмірде  практикалық  міндеттерді  шешу 

үшін алған білімін қолдануға қабілеті мен дайындығын қалыптастыру; 

 

еңбек нарығында  сұранысқа  ие  мамандықты  алуға  бағытталу  және 



ақыл-ой кемістігі бар тұлғаларды жұмыспен қамту мүмкіндігі. 

 

Жалпы  алғанда,  кәсіби  еңбекке  дайындықтың  оқу  бағдарламаларын 



жоғарыда аталған талаптар мен ұсыныстарды есепке ала отырып әзірлеу бұл 

бағдарламаларды  арнайы  мектеп  жағдайында  да,  инклюзивті  білім  беруді 

жүзеге  асыратын  жалпы  білім  беретін  орта  мектебі    жағдайында  да 

қолдануға ықпал етеді.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау