4
1 Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім беруді ұйымдастырудың
әдістемелік ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде ақыл-ой кемістігі бар
балаларды еңбекке баулудың мақсаты оларда өмірге және еңбекке қажетті
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектепте
еңбекке баулу әдеттегі еңбек ұжымы жағдайында жаппай өндірістік
кәсіпорындарда күрделі емес жұмыс түрін өз бетімен және кәсіби деңгейде
орындауға қабілетті физикалық еңбек қызметкерлерін даярлауға бағытталған.
Еңбекке баулу, басқа оқу пәндері сияқты оқушыларды жан-жақты дамыту
міндеттерін шешеді. Ол физикалық, ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік
тұрғысынан дамытуға айтарлықтай үлес қосады.
Бірақ еңбекке баулудың негізгі
міндеті
– мектеп оқушыларына белгілі мамандық бойынша жұмыс істеу үшін
қажетті бастапқы кәсіптік білім беру, яғни оларға қолжетімді техникалық және
технологиялық білім беру, кәсіби білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Сонымен қатар, арнайы мектептегі еңбекке баулу оқушыларды
әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және сауықтыру қызметтерін де атқарады. Бұл
міндет балаларды өмірде қажетті: тұрмыстық, қоғамдық пайдалы және кәсіптік
еңбек түрлеріне қосу жолымен шешіледі.
Еңбек сабағында оқушылардың алған білімі, бір жағынан, ақыл-
парасатының жалпы деңгейін арттырады, екінші жағынан, еңбектік міндеттерін
шешуде өз қызметін дұрыс реттеу білігін дамыту үшін негіз болып табылады
(алынған тапсырмаға бағдарлану, өз жұмысын жоспарлау және бақылау).
Арнайы мектептің өз тәрбиеленушілеріне политехникалық білім
бермейтінінін атап көрсету қажет. Осындай міндет балалардың ақыл-ой дамуы
ерекшелігіне байланысты және оның оқушылар үшін қолжетімсіздігі
салдарынан жалпы білім беру пәндерінің оқу бағдарламаларына қойылмайды.
Сондықтан, ол еңбекке баулуда да шешіле қоймайды. Сонымен қатар,
арнайы мектептегі еңбекке баулу политехникаландырудың жекелеген
элементтерін құрайды.
Жалпы білім беретін сабақтарда балалар еңбектің технологиялық
процестерін терең түсіну үшін қажетті жеткілікті жалпы білім беру базасын
алмайтынын ескерсек,
арнайы мектептер жағдайында кәсіби-еңбекке баулу
міндеттері ерекше маңызға ие екенін көруге болады.
Оқытуды теориясыз және тек практикалық дағдыларды пысықтаумен
ғана құру әрекеттері, әдеттегідей, еңбек тапсырмаларын орындаудың
шығармашылық тәсілдерінен айрылған формалды, ой елегінен өткізілмеген
тәсілдер мен іс-әрекеттерді меңгеруге әкеледі.
Арнайы мектепте
ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін теориялық
ережелер қарапайым түрде беріледі. Оның бүкіл көлемі емес, тек, онсыз еңбек
әрекетін саналы меңгеру, еңбек технологиясын ойлау мүмкін болмайтын ең
бастысы ғана айтылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың көпшілігінде күрделі емес
еңбек операцияларын орындаудың жоғарыавтоматтандырылған дағдылары
қалыптасуы мүмкін.
5
Бірақ ақыл-есі толыққанды оқушыларға қарағанда, дағдылардың
қалыптасу процесі баяу жүреді, және дағдыларды алмастыру қабілетін
дамытуда айтарлықтай артта қалу байқалады. Осыдан еңбекке баулудың
мерзімін айтарлықтай арттырудың қажеттілігі келіп шығады.
Еңбектің түзету-тәрбиелік қызметі. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
тұлғалардың психикалық даму бұзылысынан туындаған еңбек әрекетіне тән
ерекшеліктерін ескеру, оларды қолжетімді еңбекке тиімді қосудың міндетті
шарты болып табылады.
Туа біткен немесе ерте (3 жасқа дейінгі) пайда болған зияткерлік
жеткіліксіздігінің маңызды сипаттамаларының бірі (олигофрения ретінде
көрсетілетін) танымдық қызметінің дамуы ғана емес, тұлғаның толығымен
зардап шегуі – нервтік-психикалық дамымауының жиынтығы болып
табылатыны Г. Е. Сухарева [1], В. В. Лебединский [2] және т.б.авторлар
жұмысында көрсетілген.
Бірақ жүргізілген түзету жұмыстары айтарлықтай оң нәтиже беруі
мүмкін. Ақыл-ой кемістігі бар адамның психикалық даму бұзылысы әр түрлі
қызметте, оның ішінде еңбектенуде де пайда болады, сонымен қатар, арнайы
ұйымдастырылған қызмет оны жеңуге немесе әлсіретуге әсер ететінін есте
сақтаған жөн. [3,4,5 және т.б.].
Зияткерлік жетіспеушілігі бар адамдар үшін ерекше маңыздысы
психикалық дамуына әсер ету және әлеуметтік сауықтыру ретіндегі еңбектік
қызмет болып табылады.
Ақыл-ой кемістігі бар тұлғаны еңбекке даярлау жүйесі
әдетте олардың ересек жастағы мүмкіндіктерін де ескеруге бағдарланған:
«Көпшілік ересек адамдар жұмыс істеп, қалыпты әлеуметтік қарам-қатынасты
ұстап және қоғамға үлесін қоса алатын болады» [6]. Сонымен, әдетте
«тапсырманы толық құруды және білікті қадағалауды қамтамасыз еткен
жағдайда, тіпті қалыпты зияткерлік дамуы жеткіліксіздердің де қарапайым
тәжірибелік жұмысқа» қабілеті болатынын ескеру қажет [7], ал жеңіл ақыл-ой
кемістігі барларды «білікті емес және жартылай білікті қол еңбегін қоса
тәжірибелік қызмет саласына жұмысқа орналастыру» мүмкін болады [7].
Зияткерлік дамуы жеткіліксіз адамның психикалық даму ерекшеліктері
оны еңбекке дайындау процесінде көрініс беретіні сөзсіз. Сонымен, ақыл-ой
кемістігі бар тұлғаларды кәсіптік даярлау саласындағы белгілі заманауи ресей
маманы Е.М. Старобина жеңіл зияткерлік дамуы жеткіліксіз тұлғаның
толыққанды кәсіптік даярлықтан өтуге қабілеттілігін растайды.
Сонымен
ол оларды еңбекке баулу мен кәсіптік даярлауды
ұйымдастырудың және әдістерінің екекшеліктерін анықтайтын, олардың ақыл-
ой және тәжірибелік әрекеттерінің мынадай белгілі ерекшеліктерін: «зейін
аударудың нашарлығы және тұрақсыздығын; есте сақтаудың бұзылуын (әсіресе
қысқа уақытта белсенді есте сақтау көлемінің төмендігі); ақыл-ой жұмысына
қабілеттілік қарқынының баяулығын, сенсомоторлық реакциялар мен
психикалық процестердің жылдам өтуін; қарым-қатынас, талдау, жинақтау,
себеп-салдарды анықтау, байланыс пен қарым-қатынас жасау қабілетінің
бұзылуын; талдамалық-синтетикалық әрекетіндегі бұзылыстарды көрсетеді.