Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина
Арнайы білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі
оқушыларына арналған кәсіби еңбек оқу бағдарламаларына
қойылатын талаптары
Әдістемелік ұсынымдар
Требования к трудовым профессиональным учебным
программам для учащихся специальных организаций
образования с ограниченными возможностями
Методические рекомендации
Астана
2016
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 18 қарашадағы №10 хаттама).
Рекомендовано к изданию решением ученого совета Национальной академии
образования им. И.Алтынсарина (протокол №10 от 18 ноября 2016 г.).
Арнайы
білім
беру
ұйымдарының
мүмкіндігі
шектеулі
оқушыларына арналған кәсіби еңбек оқу бағдарламаларына қойылатын
талаптары. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016. – 33 б.
Требования к трудовым профессиональным учебным программам
для учащихся специальных организаций образования с ограниченными
возможностями. Методические рекомендации.– Астана: НАО имени
И.Алтынсарина, 2016. – 33 с.
Әдістемелік ұсынымда бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
беру деңгейлерінің білім беру бағдарламасын меңгерген оқушыларды арнайы
білім беру ұйымдарында кәсіптік еңбекке баулу бойынша оқу бағдарламаларын
әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
Оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге, білім беру ұйымдарының педагогтеріне,
сонымен қатар, арнайы, инклюзивтік және кәсіптік білім беретін мамандарға
арналған.
В методических рекомендациях изложены основные требования к
разработке учебных программ по профессионально-трудовому обучению
учащихся, осваивающих образовательную программу уровней начального,
основного среднего и общего среднего образования в специальных
организациях образования.
Требования к структуре и содержанию учебных программ предназначены
для разработчиков учебных программ, педагогов организации образования, а
также
специалистам
в
области
специального,
инклюзивного
и
профессионального образования.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016
© Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2016
3
Кіріспе
Әр түрлі адам қызметтерінің арасында еңбек маңызды орын алады, ол
адамның рухани, адамгершілік, физикалық қабілеттерін дамытудың маңызды
құралы ретінде қызмет етеді. Қоғамда тек еңбек тұлға қалыптастыруға жан-
жақты әсер етуге септігін тигізеді, сонымен қатар, әлеуметтік прогресс
факторы, қоғамдық байлықты құрушы, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілі
ретінде көрінеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби еңбекке даярлау әр баланың
тұлғалық қызығушылығына, бейімділігіне және қабілеттеріне сәйкес кәсіби
қызметті еркін және саналы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қамтамасыз етудегі
қоғамның, мемлекеттің және білім алушы тұлғасы қызығушылығын
қанағаттандырумен түсіндіріледі.
Арнайы білім беру ұйымдарында кәсіптік еңбекке баулуда еңбек
нарығындағы білікті және бәсекеге қабілетті кадрлардың қажеттілігі, жергілікті
және аймақ нарығындағы өзгешеліктерді, арнайы білім беру ұйымдарындағы
оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктерді, кәсіптік еңбекке даярлау және тағы
басқалар үшін материалдық-техникалық базаның болуы ескерілуі қажет.
Арнайы мектепте «Жалпы еңбекке дайындық», «Қолөнер», «Кәсіби-
еңбекке баулу» және т.б. оқу пәндерін оқыту білім алушылардың бастапқы
кәсіби бағдар алуына мүмкіндік береді.
Арнайы мектептегі бейіндік еңбекке даярлық білім беру және қоғамдық
пайдалы жұмыс процесінде оқушының жеке қызығушылығы, бейімділігі,
физикалық мүмкіндігі және денсаулық жағдайын ескере отырып, бейін мен
мамандықты дұрыс таңдай білу уәжін, білімі мен білігін дамытуға, еңбек білігі
мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу бағдарламаларының құрылымы
мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеудің өзектілігі, еңбекке баулу
бағдарламасы мазмұнын баяндаудың біріңғай құрылымы мен жүйелілігін
анықтау қажеттілігінен туындайды.
Орта білім беруді дамытудың заманауи үдерістері: білім берудің
жаңартылған мазмұны, тұлғалық- бағдарлы және тәжірибелік-бағдарлы оқыту,
өмір бойы оқыту және басқа да көптеген факторлар кәсіби-еңбекке баулу
бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуде тәсілдерді қайта ойластыруды талап
етеді.
Ұсынымның мақсаты: арнайы білім беру ұйымдарының
оқушыларына
арналған кәсіби-еңбекке баулу оқу бағдарламаларын әзірлеу процесін ғылыми-
әдістемелік қолдау.
Ұсынымның міндеттері: мүмкіндігі шектеулі білім алушылар, оның
ішінде ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған кәсіби-еңбекке баулу оқу
бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды
әзірлеу.