Программам для учащихся специальных организаций образования с ограниченными возможностями Методические рекомендации



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет13/26
Дата27.12.2019
өлшемі0,81 Mb.
#25082
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

28 

19. 


Оқушыларды  оқытудағы  түзете-дамыту  бағыты,  даму  кемшілігінің  табиғатын 

ескере отырып, ағзаның сақталған функциялары мен жүйелеріне сүйену арқылы білім беру 

процесін ұйымдастыруға бағытталған.  

20. 


Түзете-дамыту  бағыты  оқу  іс-әрекетінің  арнайы  әдіс-тәсілдерімен  қамтамасыз 

етіледі: 

1)  оқу процесін баяулату; 

2)  оқу  материалын  көп  рет  қайталауға  және  әртүрлі  жағдайларда  қайталап  айтуға 

мүмкіндік жасау; 

3)  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып, 

сараланған тапсырмалар әзірлеу; 

4) пәнаралық бағыттағы сұрақтар мен тапсырмалар дайындау

5)  топта  жұмыс  жасауға  жағдай  туғызу,  онда  әрбір  білім  алушы  команданың 

жетістігіне үлес қосу үшін түрлі рөлді орындайды; 

6) ынтымақтастық және сенімділік орнату

7)өз ойын дәлелдеуге және жеткізуге ынталандыратын жағдай туғызу; 

8) білім алушылармен қолжетімді практикалық жұмыстарды жүргізе отырып, белсенді 

оқытуды ұйымдастыру

21.  Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  (АКТ)  арнайы  білім  беру 

педагогының  құралдар  ауқымын  кеңейтеді,  дәстүрлі  жабдықтардың  көмегімен  орындау 

мүмкін  емес болып келген, түзету және дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті оқыту 

жағдайын жасауға көмектеседі. 

22. Сабақта АКТ келесі мақсатта қолдану ұсынылады: 

1)  Кез  келген  қажетті  белгілік  нысанда  күрделі  және  жай  көзбен  бақыланбайтын 

таным объектілерін  моделдеу, заттық мазмұндағы бір көріністі көрнекі түрде көрсету және 

сөз арқылы жеткізе отырып, бір тәсілден екіншісіне еркін ауысу; 

2)  шынайы  кезеңде  және  кейіннен  оқушылардың    өз  іс-әрекеттерін  саралауы  үшін 

қосымша  динамикалық  визуалды  тірек  құралын  жасау;  топтық  оқыту  жағдайында  ұтымды 

жекелеген  іс-әрекеттерді  жүзеге  асыру  мүмкіндігін  пайдалану;  оқытуды  дараландыру 

сапасын арттыру. 

23. АКТ қолдану оқыту процесін дараландыруға мүмкіндік береді; сабақта жұмыстың 

мазмұнына  қызығушылықтарын  арттыру;  білім  алушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін 

белсендіру; шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

24.  АКТ  оқу  процесінде  оқушылардың  жұмыс  қабілеттілігін  ескере  отырып, 

мөлшермен қолдану керек.  

25. «Кәсіби-еңбекке оқыту» пәнінің шеңберінде оқыту нәтижелерін бағалау, мақсатқа 

негізделген критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

26.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  еңбекке  баулу  бағдарламасын 

меңгеру нәтижесі білім алуды аяқтау сәтінде қорытынды бағаланады.  

27.  Білім  алушылардың  бағдарламаны  меңгеруі  екі  түрлі  нәтижеге  қол  жеткізуімен 

бағаланады: жеке және пәндік.  

28. Жеке нәтижелеріне мыналар жатады:  

1) өзін  Қазақстан  азаматы  ретінде  сезінуі;  өз  Отанына  деген  мақтаныш  сезімін 

қалыптастыру;  

2) басқаның пікірін, өзге ұлттардың тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;  

3) өмір сүруін қамтамасыз етуге аса қажетті, қолынан келетін өзінің жеке мүмкіндіктері 

туралы таным-түсінігін қалыптастыру;  

4) үздіксіз  өзгерістегі  және  даму  үстіндегі  әлемге  бейімделудің  алғашқы  дағдыларын 

меңгеру;  

5) күнделікті өмірде қолданылатын әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды меңгеру

 

6) коммуникативтік  қарым-қатынас  дағдыларын  және  бекітілген  әлеуметтік  қарым-



қатынас нормаларын меңгеру;  


29 

7) әлеуметтік  ортасын ұғыну  қабілеті,  ондағы  өзінің  орны,  жасына  сәйкес  құндылықтар 

мен әлеуметтік рөлдерді қабылдауы;  

8) білім алушының әлеуметтік рөлді қабылдауы және меңгеруі, оқу әрекетінің әлеуметтік 

маңызды себебін көрсете алуы;  

9) әртүрлі  әлеуметтік  ортадағы  жағдайларда  үлкендермен  және  өзінің  құрбыларымен 

ынтымақтастық орнату дағдыларының қалыптасуы;  

10) эстетикалық құндылықтарға, қажеттіліктерге және сезінуге тәрбиелеу;  

11) этикалық  сезімін  дамыту,  мейірімділік  танытуы,  эмоционалдық-адамгершілік 

қайырымдылығы және өзара көмек беруі, басқа адамдардың сезімін бөлісе алуы;  

12) қауіпсіздік,  салауатты  өмір  салты  ұстанымдарының  қалыптасуы,  шығармашылық 

еңбекке  ынтасының  болуы,  нәтижеге  жұмыс  істеуі,  материалдық  және  рухани 

құндылықтарға ұқыпты қарауы;     

13) өз бетінше өмір сүруге дайындығы. 

29. Пәндік нәтижелері білім алушылардың «Еңбекке баулу» пәнінің ерекшеліктеріне 

тән,  білім  мен  біліктілікті  меңгеруін,  оларды  қолдануға  дайындығын  қамтиды.    Пәндік 

нәтижелер бағдарламаны игерудің екі деңгейін қамтиды: шекті және жеткілікті.  

30.  Шектік  деңгей  ақыл-ой  дамуының  кемістігі  бар  білім  алушылардың  көпшілігі 

үшін міндетті болып табылады. Сонымен бірге, жекелеген білім алушылардың еңбектен бұл 

деңгей  бойынша  жетістігінің  болмауы,  бағдарламаның  бұл  нұсқасына  сәйкес  білім 

алуларына кедергі болмайды. Егер, білім алушы пәндік нәтижелері бойынша шектік деңгейді 

игермеген 

болса, 

онда 


психологиялық-медициналық-педагогикалық 

комиссия 

қорытындысымен  және  ата-анасының  (заңды  өкілдерінің)  келісімімен  ұйымда  білім 

алушыны жеке дамыту бағдарламасымен оқытуға ауыстыруға болады.  

31.  Әр  деңгейдің  мақсатына  сәйкес,  тақырыптар  бойынша  бақылау-зерделеу 

тапсырмалары әзірленеді. Бақылау-зерделеу тапсырмаларын орындау нәтижелері оқушының 

жетістігін  бағалау  картасында  көрсетіледі  және    оқушыларға  жекелеп  назар  аударуға  негіз 

болады.  

32.  Сапалы  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін  және  кәсіби-еңбекке  тиімді  оқыту  үшін 

еңбек   кабинеттері  санитарлық-гигиеналық  талап нормаларын  ескере отырып, тиісті құрал-

жабдықтармен жасақталған болуы қажет. 

 

3.  «Кәсіби еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 



 

33.   «Кәсіби-еңбекке оқыту»  пәнінің оқу жүктемесі төмендегідей: 

1)  7 сыныпта – аптасына 10 сағат, оқу жылында 340 сағат; 

2)  8 сыныпта – аптасына 10 сағат, оқу жылында 340 сағат; 

3)  9 сыныпта – аптасына 12 сағат, оқу жылында 408 сағат; 

4)  10 (өндірістік) сыныпта – аптасына 22 сағат, оқу жылында 748 сағат. 

34.    Көркем  еңбек  бағдарламасындағы  оқу  материалдары,  оқушылардың  біртіндеп 

дербестігін  арттыруға  бағытталған  белгілі  бір  жүйеде  орналастырылған.  Сабақтың  нақты 

мақсаттарына  сәйкес,  мұғалім  жаңа  танымдық  ақпараттарды  беруге  немесе  оларды 

қайталауға, жаттығуларға, өзіндік практикалық жұмысқа әртүрлі уақыт бөлуі тиіс.  

35.    Мұғалім  күнтізбелік  жоспарын  сыныптағы  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  қарай, 

қажетті  материалдардың  қорына  сәйкес  жасауы  керек.  Осыған  байланысты  мұғалімнің 

жоспары  бойынша  өтілген  сабақтардың  бағдарламада  берілген  тақырыптар  ретімен  сәйкес 

келмеуі мүмкін. Жұмыс объектісі ауыстырылуы мүмкін, бірақ мұғалім тақырыпты ауыстыру 

барысында еңбек түрінің деңгейі мен жекелеген объектілердің орындалуын ескеруі тиіс. 

36.  Бағдарламаның  көптеген  тақырыптары  ұжымдық  жұмыс  орындаумен  аяқталады. 

Мұндай  жұмыстарға  сынып  оқушыларының  жасаған  бұйымдарын  қолдана  отырып 

дайындаған  макеттерді  жатқызуға  болады:  панно,  балалармен  бірге  таңдалған  композиция, 

сурет. 



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау