Программам для учащихся специальных организаций образования с ограниченными возможностями Методические рекомендации



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата27.12.2019
өлшемі0,81 Mb.
#25082
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

18 

Жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Кәсіптік ұстану ережесі. 

2-бөлім.  «Еңбек  заттарын  дайындау  технологиясы»:  бейінді  еңбек 

заттары; негізгі кәсіби операциялар мен іс-әрекеттер; технологиялық карталар. 

Педагогтың басшылығымен немесе өз бетінше жекелеген еңбек операцияларын 

орындау  және  стандартты  заттар  әзірлеу.  Қарапайым  нақты  білімдерді  және 

(немесе)  шектеулі  арнайы  білімдерді  қолдану.  Еңбек  заттарын  дайындаудың 

технологиялық картасын әзірлеу. Технологиялық карталарды өз бетінше оқуға 

және  олардың  көмегімен  заттарды  дайындауға  ұмтылу.  Негізгі  кәсіби 

операцияларды  және  іс-әрекеттерді  жетілдіру.  Нұсқаулық  бойынша  іс-әрекет 

тәсілін таңдау. Іс-әрекеттердің орындалуын есепке ала отырып оларға түзетулер 

енгізу.  Дербестік  элементтерімен  стандартты  тапсырмаларды  орындау.  Сынақ 

бұйымдарын өз бетінше дайындау. 

3-бөлім.  «Еңбек  заттарын  презентациялау,  талдау  және  бағалау»;  еңбек 

тапсырмасының  дұрыс  орындалуын  бақылау.  Дайындау  технологиясына 

қойылатын  талаптардың  және  қауіпсізідік  ережелерінің  орындалуы. 

Орындалған  жұмыстың  құндылығын  және  кемшіліктерін  бөліп  көрсету. 

Техникалық терминологияны қолдану. Өзін өзі бағалау. Бірін бірі бағалау. 

Бейін  аясында  жүзеге  асырылатын  және  меңгерілетін  технологиялық 

неғұрлым  күрделі  бұйымдарды  дайындау  және  операциялар  номенклатурасын 

кеңейту  арқылы,  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  кәсіби 

дайындығын  жетілдіру  10-шы  (өндірістік)  сыныпта  «Кәсіби-еңбекке  баулу» 

пәніне оқытудың мақсаты болып табылады. 

7-9 сыныптардағы кәсіби еңбекке баулудың оқу мақсаттары:  

1)  тұлғаның  әлеуметтік  құнды  қасиеттерін  дамыту  (еңбек  етуге 

қажеттілік, еңбекқорлық, еңбек адамдарына құрмет, қоғамдық белсенділік және 

т.с.с.); 

2)  міндетті  қоғамдық  пайдалы,  өндірістік  еңбекке  оқыту;  оқушыларды 

үйде,  отбасында  және  тұрғылықты  жеріне  байланысты  қолжетімді  еңбек 

түрлерін орындауға дайындау;    

3)  адам  әрекетінің  заттық-түрлендірушілік  өнімі  ретіндегі  материалдық 

мәдениет туралы білімін кеңейту;  

4)  мәдени  дүниетанымын  кеңейту,  заттар  әлеміндегі  мәдени-тарихи 

дәстүрлер туралы білімді молайту;  

5)  материалдар мен олардың қасиеттері, қолдану технологиялары туралы 

білімін кеңейту; 

6)  еңбекқор  адам  рөлімен  және  оның  заманауи  өндірістегі  орнымен 

таныстыру; 

7)  жаппай  жұмысшы  мамандықтарымен  таныстыру,  белгілі  бір  еңбек 

түріне  тұрақты  қызығушылықты  қалыптастыру,  мамандықты  саналы  түрде 

таңдауға ынталандыру және алғашқы бейіндік еңбекке дайындықтан өту

8)  мектептегі еңбекке оқытудың бейініне байланысты өндіріс, өндірістік 

процесс  құрылымы,  өндірістік  өнеркәсіптің  әрекеті,  жаппай  мамандықтар 

бойынша  еңбек  ету  жағдайлары  мен  мазмұны  және  т.с.с.  туралы  түсініктерін 

қалыптастыру; 



19 

9)  әр  түрлі  бейіндер  бойынша  жағдайлар  және  мазмұнымен  танысу, 

оқушылардың  денсаулық  жағдайы  мен  дене  мүмкіндіктеріне  сәйкес  мектептің 

оқу-өндірістік  шеберхана  жағдайында  таңдалған  бір  бейін  бойынша 

практикалық жұмыс барысында өз күшін сынау; 

10) еңбек  дағдылары  мен  іскерліктерін,  қоғамдық  пайдалы  өндірістік 

еңбекке  қатысуға  қажетті  техникалық,  технологиялық,  конструкторлық  және 

алғашқы экономикалық білімді қалыптастыру;  

11) еңбек  пен  жұмыс  орнын  ғылыми  ұйымдастыру,  еңбек  әрекетін 

жоспарлау туралы білімді қалыптастыру; 

12) заттық-түрлендіру  әрекетінде  әр  түрлі  материалдарды  қолданудың 

практикалық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру; 

13) танымдық  психикалық  процестерді  (қабылдау,  есте  сақтау,  қиял, 

ойлау, сөйлеу тілі) түзету және дамыту; 

14) ойлау әрекетін (анализ, синтез, салыстыру, классификация, жалпылау) 

түзету және дамыту; 

15) практикалық  іскерліктерді  қалыптастыру  процесінде  сенсомоторлық 

процестерді түзету және дамыту; 

16) әрекеттің реттеушілік қызметін дамыту (мақсатты қою, жоспарлау, іс-

әрекеттер  мен  оның  нәтижелерін  қойылған  мақсатқа  сәйкес  бақылау  және 

бағалаудан тұрады); 

17) ақпараттық  сауаттылықты,  әр  түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істей 

алу іскерлігін қалыптастыру; 

18) коммуникативті  мәдениетті  қалыптастыру,  белсенділік,  мақсатқа 

бағыттылық, бастамашылдықты дамыту.  

10 (өндірістік) сыныпта кәсіби еңбекке баулудың оқу мақсаттары: 

1)  адам  әрекетінің  заттық-түрлендірушілік  өнімі  ретіндегі  материалдық 

мәдениет туралы білімін кеңейту;  

2)  мәдени  дүниетанымын  кеңейту,  заттар  әлеміндегі  мәдени-тарихи 

дәстүрлер туралы білімді молайту;  

3)  материалдар мен олардың қасиеттері, қолдану технологиялары туралы 

білімін кеңейту; 

4)  заманауи  өндіріспен  және  оның  адамға  қоятын  талаптарымен 

таныстыру; 

5)  еңбек  дағдылары  мен  іскерліктерін,  өндірістік  еңбекке  қатысуға 

қажетті  техникалық,  технологиялық,  конструкторлық  және  алғашқы 

экономикалық білімді жетілдіру;  

6)  кәсіби  әрекетте  әр  түрлі  материалдарды  қолданудың  практикалық 

іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру; 

7)  танымдық  процестер, тұлға  аралық  қарым-қатынас, кәсіби  тәртіп  пен 

басқаларын түзету және дамыту;  

8)  әрекеттің реттеушілік қызметін дамыту (мақсатты қою, жоспарлау, іс-

әрекеттер  мен  оның  нәтижелерін  қойылған  мақсатқа  сәйкес  бақылау  және 

бағалаудан тұрады); 

9)  ақпараттық  сауаттылықты,  әр  түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істей 

алу іскерлігін қалыптастыру; 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау