30
37. Осындай шығармашылық жұмыстардың үлкен тәрбиелік мәні бар, себебі оқушылар
бірге еңбектенуге машықтанады, жалпы жұмыстың нәтижесіне қосқан үлесінің
маңыздылығын анықтай алады. Тақырыпты өтердің алдында осындай жұмыстардың
мақсатын көрсетіп және оны талдау, оқушылардың ынтасын арттырады, еңбекке оқыту
процесінің өзін оңтайландырады.
38.
«Кәсіби-еңбекке оқыту» оқу пәнінің мазмұны (көркем еңбек) бөлімдерден
тұрады. Әр тарауда көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге өзінің жұмысын жүйелі
жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен бірге оқытудың келесі
кезеңдері туралы оларға ақпарат беріп отыруға мүмкіндік береді.
39.
«Кәсіби-еңбекке оқыту» оқу пәнінің мазмұны (көркем еңбек) келесі еңбек
түрлерін қамтиды:
«Көркем құрастыру», «Кескін өнері», «Матамен жұмыс», «Аппликация», «Папье-маше»,
«Макраме», «Жіппен бейнелеу тәсілі», «Жұмсақ ойыншық», «Тоқу», «Терімен жұмыс».
40. Білім ұйымының материалдық мүмкіндіктері мен жергілікті дәстүрлерге
байланысты көркем еңбек түрлерін мұғалім өз еркінше толықтыра алады.
41.Бағдарламадағы оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтағы бірінші сан сыныпты,
екінші және үшінші сандар – бағдарламаның бөлімі мен тарауын, төртінші сан оқу
мақсатының ретін көрсетеді.
42. Бағдарламаның бөлімдері келесіні қамтиды:
бөлім
тарау
1) 1.Материалтану
1.1.Еңбек құралы жайлы жалпы түсінік
1.2.Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды
сараптау
2.Еңбек
құралын
дайындау
технологиясы
2.1. Көркем құрастыру
2.2. Кескін шығармашылығы
2.3. Матамен жұмыс
2.4. Аппликация
2.5. Папье-маше
2.6. Жұмсақ ойыншықтар
2.7. Жіппен бейнелеу тәсілі
2.8. Макраме
2.9. Тоқу өнері
2.10. Терімен жұмыс
3. Еңбек құралдарын сараптау
және бағалау
3.1. Еңбек құралдарын сараптау және бағалау
43. Оқу мақсаттарының жүйесі:
1) 1 бөлім. «Материалтану»
2) 2 бөлім «Еңбек құралын дайындау технологиясы»
Білім алушылар білуі қажет
Тарау
7 сынып
8 сынып
9 сынып
10 сынып
1.1.Еңбек құралы туралы жалпы түсінік
…
1.2.
Материалдарды, құралдар мен
жабдықтарды сараптау
…
Білім алушылар білуі қажет
Тарау
7 сынып 8 сынып
9 сынып
10 сынып
31
3) 3 бөлім «Еңбек құралдарын сараптау және бағалау»:
Ескерту. Оқу пәнінің аясындағы бағдарламаның мақсаттарын анықтау барысында білім
алушылармен жұмыс жүйесіне ортақ тақырыптарды қосу ретін қарастыру ұсынылады.
2.1. Көркем құрастыру
...
2.2. Кескін шығармашылығы
…
2.3. Матамен жұмыс
…
2.4. Аппликация
…
2.5. Папье-маше
…
2.6. Жұмсақ ойыншықтар
…
2.7. Жіппен бейнелеу тәсілі
…
2.8. Макраме
…
2.9. Тоқу өнері
…
2.10. Терімен жұмыс
…
Білім алушылар білуі қажет
Тарау
7 сынып
8сынып
9сынып
10 сынып
3.1.
Еңбек құралдарын сараптау және бағалау
…
32
2 ҚОСЫМША
Оқу бағдарламасын техникалық рәсімдеуге қойылатын талаптар
Оқу бағдарламасын техникалық жағынан рәсімдеу «Нормативтiк құқықтық актiлердi
ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына» сәйкес
жүргізіледі
1
:
1. Тақырып парақтың сол жақ үстіңгі бөлігінде оң жағынан нормативтік құқықтық
актінің мемлекеттік тіркелуі туралы мөртаңбаға ені кемінде 7,5 сантиметр (бұдан әрі – см)
және ұзындығы кемінде 4 см орын қалдырыла отырып орналастырылуы тиіс.
2. Бағдарламалар келесі параметрлерді ескере отырып рәсімделеді (("doc" немесе
"docx" кеңейтілімі бар мәтіндік редакторын қолдану арқылы):
- сол жақ – 2,5 см, оң жақ – 1,5 см, колонтитулдар – 2,5 см.;
- шрифт - "Тimеs New Rоmаn" № 14 өлшеммен (қосымшаларда аз өлшемдегі шрифт
қолданылуы мүмкін, бірақ № 10 кем емес);
- жол аралық интервал - біреу;
- абзац (алғашқы қатардың өлшемі) – 1,25 см.
3. Күн, ай, жылды белгілегенде ай атауы жазбаша түрде, ал жыл толық көрсетіледі,
мысалы: «2016 жылғы 16 қараша».
4. Бөлім атауларынан басқа тақырыпты бояу, астын сызу және курсив рұқсат
етілмейді.
5. Тарауларды, тармақтарды және тармақшаларды араб сандарымен нөмірлеу керек
(қолмен, яғни автоматты түрде емес).
6. Жұмыс тараулары оқу бағдарлама аумағында кезектілікпен нөмірленуі және нүкте
қою арқылы араб сандарымен белгіленуі тиіс.
7. Тармақтар оқу бағдарлама аумағында нүкте қою арқылы жалпы кезектілікпен
нөмірленуі тиіс.
8. Тармақша – тармақша аумағында жабылған жақшамен және нүктесіз кезекті
нөмірлеуді қосады (ҚОСЫМША 1).
9. Оқу бағдарламалар мәтінінде тырнақша келесі белгімен белгіленеді: «».
10. Қосымшаны қоса есептегенде әр бет парақтың жоғарғы жағында, яғни ортасында
басқа да белгілерсіз нөмірленуі тиіс.
11. Бір пән бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі техникалық рәсімделуінің
ұйқастығы болуы тиіс.
12. Бағдарлама мазмұны қысқаша, нақты болуы тиіс және әр түрлі түсініктемелер,
ақпаратты қайталаулар болмауы керек. Бағдарламада ғылыми-педагогикалық терминдер,
анықтамалар мен түсініктемелер нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылғаны
дұрыс, сондай-ақ олар болмаған жағдайда – ғылыми-педагогикалық әдебиетте жалпы
қабылданған белгілеулер мен анықтамалар пайдаланылуы тиіс.
1
«
Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін
жою қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы N568
Қаулысы