10
сәйкес келетін мектептер ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерді өздерінде
оқытуды ұйымдастыра алады. Бұл жағдайда кәсіптік білім беруді біліктілік
емтихандарымен, тиісті сертификат берумен аяқтауға мүмкіндік беретін сәйкес
білім беру қызметін ұсыну үшін лицензия алуы қажет.
Қазіргі уақытта республика аймақтарында кәсіптік колледждер ғана
арнайы топтарда немесе жалпы түрдегі топтарда мүмкіндігі шектеулі
жасөспірімдерге кәсіптік білім беруді ұйымдастырады.
Петропавл қаласындағы (Солтүстік Қазақстан облысы) зияткерлігінде
бұзылысы бар балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының
директоры Н.П.Хованский бастамасымен оқу-өндірістік комбинатының (ОӨК)
құрылуы бірден-бір ерекшелік болып табылады. Мұнда оқушылар мектеп-
интернат педагогтерімен әзірленген авторлық бағдарламалар бойынша
оқытылады. Оқыту бейіні әр оқушының психофизикалық мүмкіндіктерін,
қызығушылығы мен еңбек қабілеттерін ескере отырып құрылады.
Оқушыларға: тігін, ағаш шеберлігі, темір ұстасы ісі,шаштараз өнері, аяқ
киім жөндеу және тігу, жиһаз жасау және қалпына келтіру, аспаздық ісі, кіші
қызмет көрсету қызметкерін даярлау, көгалдандыру және аранжировка жасау
сынды тоғыз бейін ұсынылады. Бұл оқыту бейіндері жергілікті жердің
кадрларға қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық жағдай ескеріле отырып
енгізілді. Олардың бәрі оқытуды өндіріспен және халыққа қызмет корсетумен
кіріктіруге бағдарланған. Оқыту кезеңінде өндірістік тәжірибеде оқушылар
киім тігу, жиһаз жасау және қалпына келтіру және т.б. ретіндегі тапсырыстарды
орындайды. Жеке тапсырыстармен бірге мекелемер мен өнеркәсіптерден
арнайы киім, төсек-орын жабдықтарын, орамалдар тігу бойынша жаппай
тапсырыстар түседі. Халыққа шаштараз, аяқ киім жөндеу қызметтері
көрсетіледі.
Оқушыларды еңбекке даярлау еңбек пәні мұғалімінің ғана еншісі болып
табылмайды. Оқушыларды тиісті еңбекке тәрбиелеу қамқорлығы мектептегі әр
педагог жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Арнайы мектептер
қызметінің жоғары бағасы – өздерінің барлық бітірушілерінің жұмысқа
табысты орналасуы, олардың өндірістегі жақсы жұмысы, еңбектегі жоғары
саналылық танытуы, ұжымда өмір сүре білуі болып табылады.
Арнайы мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуы. Бүгінгі күні ақыл-ой
кемістігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру мәселесі өткір болып тұр. Түзеу
педагогикасы Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлері жүргізген
зерттеу нәтижесі 2013-2015 жылдарда арнайы мектепті бітірген 2676
жасөспірімдердің тек 159 (6%) түлек қана жұмысқа орналасқанын көрсетеді.
Сонымен бірге, олардың көп бөлігі уақытша және мерзімдік жұмыстарға
орналастырылған, бұл тұрақты еңбек ақыға кепілдік бермейді. Іс жүзінде 1128
(42%)
түлек әлеует шегінен ата-аналарының немесе туыстарының
қамқорлығына берілген, 1175 (44%) жасөспірімнің, кәсіптік-еңбек колледжіне
түскендерінің көбі табысты аяқтамаған. Көпшілік балалар оқытудың әр
кезеңінде колледжді тастап кеткен. Олардың мәліметтері бойынша ақыл-ой
кемістігі бар кәсіптік колледж түлектерінің бірен-сараны ғана жұмысқа
орналасады [9,10].
11
3 Кәсіби еңбекке баулудың оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
Кәсіби еңбекке баулу пәндері бойынша оқу бағдарламалары ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы білім беруді дамытуда қазіргі заманғы
үрдістерді ескере отырып, әзірленеді. Арнайы мектеп жағдайында, сондай-ақ
ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытатын жалпы білім беретін орта мектеп
жағдайында да оқу бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
«Кәсіби еңбекке баулу» пәні бойынша оқу бағдарламасының құрылымы
мынадай болуы тиіс:
1. Жалпы ережелері
2. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
3. Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (оқыту мақсаттарының жүйесін
қоса алғанда)
Зерде бұзылыстары бар оқушыларды еңбекке баулу – оларды өмірде
жайластыру, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру мүмкіндіктерін іске
асырудың маңызды шарты және құралы. Зерде бұзылыстары бар оқушыларды
еңбекке баулуды тиімді ұйымдастыру ұсынылатын медициналық көрсетімдер
мен қарсы көрсетімдерге сәйкес мамандықтардың қолжетімділігін, қазіргі
заманғы еңбек нарығының жағдайын ескере отырып, осы балалардың жалпы
еңбек дайындығын және соның негізінде кәсіби дайындығын алу үшін немесе
кәсіптік-техникалық білім алу үшін жағдай жасауды көздейді.
Арнайы мектептің 7-9 (10) -сыныптарында оқыту мақсаты оқушылардың
оқу-еңбек әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін іске асырудан, оларды бастапқы
кәсіби дағдыларды алуға дайындықтан, кәсіптік-техникалық білім беру
ұйымдарында немесе тікелей өндірісте оқытуға дайындықтан тұрады.
Оқушыларды еңбекке баулу процесінде көрсетілген мақсатты іске асыру
үшін келесі міндеттер шешіледі:
1. Еңбек қызметіне ынталандырудың деңгейін арттыру және жеке
тұлғаның еңбекте қажетті қасиеттерін қалыптастыру;
2. Еңбек әдеттерін және еңбекке шыдамдылығын қалыптастыру;
3. Оқытылатын технологиялық операцияларды практикалық меңгеру
үшін қажетті білімдерді қалыптастыру;
4. Тапсырманы бағдарлай білуінің, мақсатты бағытталғандық және
өзіндік еңбек қызметін қамтамасыз етудің қажетті жағдайы ретінде
тапсырманың орындалуын жоспарлай және бақылай білуінің даму деңгейін
арттыру;
5. Оқытылатын технологиялық операциялардың орындалуын игеру, еңбек
тәсілдерін оқыту процесінде қимыл-қозғалыс еңбек дағдыларын қалыптастыру.
6. Өзін-өзі кәсіби анықтауын қамтамасыз ету.
Көрсетілген мақсаттар кез келген еңбек түрлерін оқыту шеңберінде іске
асырылуда және оқытудың жалпы принциптеріне, сондай-ақ арнайы
принциптеріне негізделеді.
Практикалық бағыттылық принципі оқылатын материал мен білім
алушылардың практикалық әрекеті арасында тығыз байланыстар орнатуды; іс-