14
Тұлғалық нәтижелерге мыналар жатады:
1) өзін Қазақстанның азаматы ретінде сезіну; өз Отаны үшін мақтаныш
сезімінің қалыптасуы;
2) өзгенің пікіріне, басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне
құрметпен қарауға тәрбелеу;
3) өз мүмкіндіктері туралы, өмірдегі қажеттіліктер туралы адекватты
түсініктерінің қалыптасуы;
4) үнемі динамикалық өзгерістегі және дамушы әлемде бейімделудің
алғашқы дағдыларын меңгеру;
5) күнделікті өмірде пайдаланылатын әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды
меңгеру;
6) коммуникация
дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттің
қабылданған нормаларын меңгеру;
7) әлеуметтік орта, ондағы өз орнын түсіну қабілеті, жасына сәйкес
келетін құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді қабылдауы;
8) білім алушының әлеуметтік рөлін қабылдауы және меңгеруі, оқу
әрекетіндегі әлеуметтік маңызы бар мотивтертерінің көрінуі;
9) әр түрлі әлеуметтік жағдайларда ересектермен және құрдастарымен
ынтымақтастық дағдыларының қалыптасуы;
10) эстетикалық
қажеттіліктерін,
құндылықтары
мен
сезімдерін
тәрбиелеу;
11) этикалық
сезімдерінің
дамуы,
мейірімділік,
эмоционалдық-
адамгершілік ықыласының және өзара көмек сезімдерінің көрінуі, басқа да
адамдардың сезімдерімен санасуы;
12) қауіпсіз, салауатты өмір салтына ұстанымының қалыптасуы,
шығармашылық еңбекке, нәтижелі жұмысқа, материалдық және рухани
құндылықтарға ұқыпты қарауға ынтасының болуы;
13) өз бетінше өмір сүруге дайындығының көрінуі.
Пәндік нәтижелер оқушылардың «Кәсіби-еңбекке баулу» пәніне тән
білім мен біліктерді игеруін, оларды қолдануға дайындығын қамтиды. Пәндік
нәтижелер, бағдарламаны меңгерудің екі деңгейін анықтайды: минималды және
жеткілікті.
Минималды деңгей ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың көпшілігі үшін
міндетті болып табылады. Сонымен қатар, еңбек пәнінен жекелеген
оқушылардың бұл деңгейге қол жеткізе алмауы, бағдарламаның бұл нұсқасы
бойынша олардың білім алуына кедергі болып табылмайды. Егер оқушы пәндік
нәтижелерді меңгерудің минималды деңгейіне жете алмаса, онда білім беру
ұйымы психологиялық-медикалық-педагогикалық консультацияның (ПМПК)
ұсынысымен және ата-аналары (заңды өкілдері) келісімімен оқушыны жеке
бағдарлама бойынша оқытуға ауыстыра алады.
7-9 сыныптарда «Кәсіби-еңбекке баулу» пәні бойынша пәндік
нәтижелерді меңгерудің минималды және жеткілікті деңгейлері:
Минималды деңгей:
1)
кейбір материалдардың, олардан жасалған және тұрмыста, ойында,
оқуда, демалыста қолданылатын бұйымдардың атауларын білу;
15
2)
пайдаланылатын материалдардың негзгі қаситеттері туралы
түсініктердің болуы;
3)
материалдарды сақтау ережелерін, өндірістік материалдармен
жұмыс істеу кезінде санитарлық-гигиеналық
талаптарды білу;
4)
жұмыс істеу үшін қажетті материалдар мен құрал-саймандарды
(мұғалімнің көмегімен) іріктеу;
5)
машинаның жалпы құрылысы және оның негізгі бөліктері, іс-
әрекеттері туралы (кез келген заманауи машиналарды: металл кескіш станок,
тігін машинасы, тоқыма станогі, атокөлік, трактор және т.б. оқып-үйрену
мысалында) түсініктердің болуы;
6)
құрал-саймандармен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу
қауіпсіздігі, жұмыс орындау кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар туралы
түсініктердің болуы;
7)
көп таралған өндірістік технологиялық процестердің (тігу, аралау,
сүргілеу және т.б.) негізінде жатқан базалық біліктерге ие болу;
8)
бұйым жасау процесінде пайдаланылатын технологиялық картаны
(мұғалімнің көмегімен) оқу;
9)
әр түрлі кәсіптік еңбектер (ағаш өңдеу, металл өңдеу, тігін, сырлау,
қатырма қағаз түптеме жұмыстары, аяқ киім жөндеу және өндірісі, ауыл
шаруашылық еңбегі, гүл өсіру және т.б.) туралы түсініктердің болуы;
10)
еңбектің мәнін және құндылығын түсіну;
11)
еңбектің сұлулығын және оның нәтижелерін түсіну;
12)
қоғамдық мүлікке және туған табиғатқа
қамқорлық пен ұқыптылық;
13)
ішкі тәртіпті қамтамасыз ететін мектептегі жұмыс орнын
ұйымдастырудың маңыздылығын түсіну;
14)
өзінің және бөтен адамның шығармашылық іс-әрекеті
нәтижелеріне
көңілін білдіру;
15)
топпен
бірлескен
жұмыс
(мұғалімнің
жетекшілігімен)
ұйымдастыру;
16)
еңбек тапсырмаларын орындау процесінде тәртіп пен ұқыптылықты
сақтау қажеттілігін ұғыну;
17)
достарының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, оларға бірдей ден
қою;
18)
достарының жетістіктеріне тілектестік нысанда түсінік беру және
бағалау, өз ұсыныстары мен тілектерін айту;
19)
достарының іс-әрекеттеріне және олардың жұмыстарының
нәтижелеріне мүдделі көсқарас таныту;
20)
еңбек сбақтарынан кейін шеберхананы жинау бойынша қоғамдық
тапсырмаларды орындау;
21)
аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға мүмкіндігінше қатысу;
табиғатты және қоршаған ортаны қорғау;
Жеткілікті деңгей:
1)
әр түрлі материалдардың мүмкіндіктерін (мұғалімнің көмегімен)
анықтау, оларды заттық-практикалық қызметтеріне байланысты, олардың
физикалық, сәндік-көркемдік және сындарлы қасиеттеріне сәйкес (мұғалімнің