12
тәжірибеге бағытталған міндеттерді шешу үшін маңызы бар білім мен
біліктерді қалыптастыруды қарастырады.
Тәрбиелеуші оқыту принципі білім алушылардың бойында әр түрлі
әлеуметтік ортадағы мінез-құлық тәсілдерін, адамгершілік түсініктерді
(дұрыс/дұрыс емес, жақсы/жаман және т.б.) қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтастық принципі ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың еңбекке
баулудың барлық кезеңдерінде (кіші жастан мектеп жасына дейін) білімнің
өзара байланыстылығын және үздіксіздігін қарастырады.
Білім мазмұнынының тұтастық принципі жекелеген еңбек түрлері мен
олардың құрамына кіретін оқу пәндері арасында өзара ішкі байланыс пен
тәуелділіктің болуын қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін оқу-еңбек әрекетінің мазмұнын
және тұлғалық жетістіктерінің нәтижелерін айқындайды.
Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың әр түрлі топтарының
психикалық даму ерекшеліктерін есепке алу принципі.
Түзетушілік бағыттағы принцип оқу-еңбек әрекеті процесінде ақыл-ой
кемістігі бар оқушылардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуді қарастырады.
Іс-әрекетті қалыптастыруға бағыттылық принципі ақыл-ой кемістігі бар
білім алушылардың барлық қолжетімді қызметтері мен тәсілдерін, танымдық
және оқу әрекеттерінің, коммуникативтік әрекеттердің тәсілдерін және
нормативтік мінез-құлықты игеру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Меңгерген білім, білік, дағдыларды және оқу жағдайында қалыптасқан
қарым-қатынастарды түрлі өмірлік жағдайларға ауыстыру принципі білім
алушының шынайы әлемде өзін-өзі бағдарлауына және белсенді еңбек
әрекетіне дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған еңбекке баулу
бағдарламаларын әзірлеудің негізіне сараланған және іс-әрекеттік тәсілдемелер
алынған.
Сараланған тәсілдеме олардың білім мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерінің
біртекті еместігімен айқындалатын айрықша білім алу қажеттіліктерін есепке
алуды қарастырады. Оқу бағдарламаларын құруда сараланған тәсілдемені
қолдану ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға жеке даму әлеуетін жүзеге
асыру мүмкіндігін бере отырып, мазмұнның әралуандығын қамтамасыз етеді.
Әрекеттік тәсіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушының жеке тұлғасының
даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім берудің негізгі заңдылықтары мен
құрылымын ашатын психологиялық ғылымның теориялық ережелеріне
негізделген. Білім берудегі әрекеттік тәсіл мектеп жасындағы ақыл-ой кемістігі
бар білім алушылардың жеке тұлғасының дамуы оларға қолжетімді әрекетті
(пәндік-практикалық және оқу әрекеттерді) ұйымдастыру сипатымен
анықталатынын тану негізінде құрылады. Білім берудегі әрекеттік тәсілді іске
асырудың негізгі құралы білім алушылардың білім мазмұнын меңгеруін
қамтамасыз ететін олардың танымдық және пәндік-практикалық іс-әрекеттерін
ұйымдастыру процесі ретіндегі оқыту болып табылады.
Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған оқу бағдарламаларын
әзірлеу аясында әрекеттік тәсілді іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
13
1) білім беру нәтижелеріне әлеуметтік және тұлғалық мәні бар сипат
беру;
2) білім алушылардың әр түрлі іс-әрекеттегі білімдер мен тәжірибені
және мінез-құлықты нық меңгеру, оларды еңбек қызметінде ары қарай дамыту
мүмкіндігі;
3) еңбектегі білім, білік, дағдылар жүйесінің кейбір элементтерін
табысты меңгеруді ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік табыстылықтың негізін
құрайтын өмірлік құзыретті қамтамасыз ететін базалық оқу іс-әрекеттерді
қалыптастыру негізінде оқуға қызығушылығын және ынтасын айтарлықтай
арттыру, жалпы мәдени және тұлғалық дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз
ету.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды еңбекке баулудың ерекшелігі
оқушылардың жалпы еңбек біліктерін (тапсырманы бағдарлау, жұмыстың
барысын жоспарлау, оның орындалуын бақылау) дамыту үшін ерекше
жағдайлар жасау болып табылады. Осы біліктіліктердің дамымай қалғандығы
негізінен зерде кемістігі бар оқушылардың еңбек әрекетінің басты кемшілігі -
оның дербестігінің төмендігін анықтайтыны белгілі. Сондықтан жалпы еңбек
біліктерін дамыту үшін арнайы жағдай жасау шешуші түрде түзету-
дамытушылық міндеттерді шешудің табыстылығын анықтайды. Оқушылардың
тапсырманы орынды орындауы мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) оқушылардың ұқсас бұйымдарды немесе жұмыстарды талдау
тәжірибесін алу есебінен ұқсас іс-әрекеттерді орындауда көмек беруді
қысқарту;
2) әр түрлі көрнекі құралдарды: нақты объектіні (бұйымның үлгісін, оның
техникалық суреттегі, эскиздегі, сызбадағы көрінісін) пайдалана отырып,
тапсырманы бағдарлауды үйрету;
3) тапсырманы бағдарлау процесіне есептеу және өлшеулерді қосу;
4) ауызша және жазбаша нұсқаулықтарды қолдана отырып, тапсырманы
бағдарлауды үйрету.
«Кәсіби еңбекке баулу» пәні аясында оқытудың нәтижелерін бағалау
мақсатты тұжырымдауға негізделген критериалды бағалауды қолдана отырып,
жүзеге асырылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың еңбекке баулу
бағдарламасын игеру нәтижелері оқытудың аяқталған кезінде қорытынды
нәтижелер ретінде бағаланады.
Білім алушылардың бағдарламаны меңгеруі олардың екі түрлі
нәтижелерге қол жеткізуін көздейді: жеке тұлғалық және пәндік.
Жоспарланған нәтижелер құрылымында жеке тұлғалық нәтижелер
жетекші орынға ие, өйткені дәл осы нәтижелер қазіргі заманғы білім берудің
негізгі мақсатына – ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды мәдениетке енгізу,
олардың әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруі – жету үшін қажетті
әлеуметтік (өмірлік) құзыреттердің кешенін меңгертуді қамтамасыз етеді:
Тұлғалық нәтижелер білім алушының жеке тұлғалық қасиеттері мен
әлеуметтік (өмірлік) құзыреттерін, әлеуметтік маңызы бар құндылықты
мақсаттарын қамтиды.