Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕРІ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әдістемелік құрал
ОРГАНИЗАЦИЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПОПЕЧИТЕЛЬСКИХ СОВЕТОВ
Методическое руководство
Астана
2014
1
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2014 жылғы 26 қыркүйектің № 8 хаттама).
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 26 сентября 2014 года).
Қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру. Әдістемелік құрал –
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 33 б.
Организация деятельности попечительских советов. Методическое
руководство. – Астана: Национальная академия образования им. И.
Алтынсарина, 2014. – 31 с.
Әдістемелік құрал білім мазмұнын жаңартудың қазіргі таңдағы өзекті
мәселесі – білім беру ұйымдары қамқоршылық кеңестерінің қызметін
ұйымдастыруға арналған.
Құралда мектептегі қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру
жолдары туралы баяндалған, қамқоршылық кеңестері қызметін аймақтың
ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырудың қазақстандық және шетелдік
тәжірибесі талданған, сонымен бірге білім беру ұйымдары қамқоршылық
кеңестерінің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
әзірленген.
Пособие посвящено актуальным в современных условиях обновления
содержания образования вопросам организации деятельности попечительских
советов организаций образования.
В книге даются ответы на вопросы, каким образом организовать
попечительский совет школы, проанализирован казахстанский и зарубежный
опыт организации деятельности попечительских советов, выявлены
особенности организации работы попечительских советов с учетом
региональных особенностей и разработаны методические рекомендации по
организации деятельности попечительских советов в организациях
образования.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2014
© Национальная академия образования
им. И. Алтынсарина, 2014
2
Кіріспе
Білім берудің қазіргі кезеңінде қамқоршылық кеңестері қызметін
жандандыру әрекеті қоғам мен мемлекет тарабынан мектепке қолдау көрсету
механизмін құру қажеттігін түсінгендігін көрсетеді.
Қамқоршылық кеңестерінің қызмет аясы мектеп әкімшілігімен бірге білім
беру ұйымын дамыту стратегиясын дайындау, білім беру бағдарламасының
жүзеге асырылуына бақылау жүргізу болып табылады.
Мектептің әлеуметтік серіктестік жүйесін реттеуі – бұл білім беру
процесіне қатысушылардың барлығына білім мен тәрбие беретін мектепте және
мектептен тыс жерде жаңа әлеуметтік шынайылықты орнатуды білдіреді.
Мектептің негізінде мемлекеттік-қоғамдық ынтымақтастықты реттеу
әдіснамасы мектеп ішінде және мектептен тыс жерде қажет құрылымдарды
жобалауды, ұйымдастыру мен дамытуды, қолданыстағы заңнама негізінде
олардың тиімді қызмет ету тәртібін дайындауды және игеруді білдіреді.
Жұмыстың өзектілігі тұтас алғанда қазақстандық қоғамның қарқынды
және тез өзгеру шарттарымен, және өмірдің түрлі салаларында нарықтық
экономика, құқықтық мемлекет, азаматтық сана және қоғамдық белсенділік
сияқты оның маңызды элементтерінің орнауымен келісілген.
Қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру проблемасын зерттеудің
қажеттілігі дамудың инновациялық жолына өту, басымдылық ретінде адами
капиталды бөліп көрсету сияқты әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық
және әлеуметтік-саяси өзгерістермен және білім берудегі қазіргі объективті
қарама-қайшылықтармен байланысты. Білім беру ұйымдарының қызметіне
әлеуметтік әріптестіктің қосылуын және білім беру процесінің субъектілері мен
жұртшылықтың олар үшін жеткіліксіз бағдарланған әлеуметтік маңызды
проблемаларды шешуде өзара тиімді әрекеттестікті арттыратын процестер
негізгі қарама-қайшылыққа жатады.
Білім беру және әлеуметтік қоғау салаларындағы проблемалар соңғы
кездері мемлекет пне жұртшылық тарабынан қызығушылық туғызып отыр,
және қамқоршылық кеңестерін құру осы салаларда қызмет ететін мекеме
қызметінің тиімділігін арттырудың бірден бір тетігі болуы мүмкін.
Білім беру саласында қамқоршылық кеңестері өзге құрылымдармен қатар
білім беруді дамыту үшін жағдайлар туғызуға, оның қолжетімдігін, сапасын
және еңбек нарығының ағымдағы әрі болашақтағы сұранысына сәйкестігін,
балалар мен жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени
өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге қабілетті.
Қамқоршылық кеңестерінің қызметін ғылыми-әдістемелік түсіну уақыт
сұранысынан айтарлықтай артта қалып келеді.
Осыған байланысты әдістемелік құралдың мақсаты – қамқоршылық
кеңестерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін тарату. Кітапта фактілік
материалдар негізінде логикалық жүйелілікпен баяндалған қамқоршылық
кеңестерін ұйымдастырудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу
жөніндегі материалдар; білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестері
3