Оқу бағдарламасының мақсаты өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту



жүктеу 32,85 Kb.
бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі32,85 Kb.
#36927
  1   2   3   4   5
8 сынып КТЖ еңбек


Түсінік хат
«Көркем еңбек» пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспарҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленді.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған: 1. «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі; 2. «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі; 3.«Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау»бөлімі.

Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты, 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты, 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты, 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты, 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты, құрайды. Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды төмендегі ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: 5-6 сыныптарда «Визуалды өнер»; «Сәндік-қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті». 7-сыныптағы оқу бағдарламасының мазмұны 4 ортақ білім беру бағытын: «Визуалды өнер»; «Сәндік-қолданбалы өнер»; «Дизайн және технология»; «Тамақтану мәдениеті және үй мәдниеті»; 8-9 сыныптарда 3 ортақ білім беру бағытын: «Сәндік-қолданбалы өнер»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; 5-6 сыныптардағы «Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық ою-өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технолоиясын қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.





жүктеу 32,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау