8
2 Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған оқу бағдарламаларының
кәсіби-еңбекке бағыттылығы
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептегі еңбекке
баулу құрылымы бірнеше кезеңдерді құрайды. Олардың әрқайсысы жалпы осы
кезеңдердің өздеріне тән міндеттерін де шешеді.
Бірінші кезең: қол еңбегі сабағын оқыту 1-3 сыныптарды қамтиды.
Екінші кезең: жалпы еңбекке даярлықты оқыту кезеңі 4-6 сыныптарды
қамтиды. Бұл кездегі басты міндет жалпыеңбектік білік пен дағдыны
қалыптастыру болып табылады: үлгіні талдай білу, тапсырмаларға бағдарлану,
алдағы әрекетін жоспарлау, еңбектің ағымдағы және қорытынды нәтижелерін
қадағалау. Жұмыста қауіпсіздік ережелерін сақтауға және меңгеруге,
оқушыларды тәртіпке қойылатын талаптарды сақтауға үйретуге, еңбек
процесінде өзара әрекет үшін сөзді қолдануға, бастаған ісін аяғына дейін
жеткізуге, өнім сапасының максималды мүмкіндігіне қол жеткізуге ерекше
көңіл бөлінеді.
Осы кезеңде оқушыларды кәсіптік бейімдеу бойынша көлемді жұмыстар
жүргізіледі. 7-9 сыныптарда қолжетімді еңбек бейіні бойынша әрі қарай оқу
үшін оқушының психофизиологиялық мүмкіндіктері мен қызығушылығы
барлық мүдделі тұлғалардың (ата-аналар, еңбекке баулу пәнінің мұғалімі,
сынып жетекшісі, тәрбиеші, мектептің медициналық қызметкері, психолог,
әлеуметтік педагог, кітапханашы, мектеп әкімшілігі) біріккен күшімен
анықталады. Еңбектің әр түрі бойынша 4-6 сыныптарға жоспарланған жұмыс
түрінің көлемі онша көп емес. Балалардың қызығушылығы, бейімділігі және
қабілеті зерделенеді, келесі кезеңде әр баланы қандай еңбек түрі саласында
кәсіби оқытуды жүзеге асыруы мүмкін болатыны анықталады.
Үшінші кезеңнің өзіне тән міндеттері бастауыш кәсіби еңбекке оқытуға
көшуге негізделген. Бастауыш кәсіби еңбекке оқытудың мақсаты — ауыл
шаруашылығында немесе құрылыста сонымен қатар, қызмет көрсету саласында
оқушылардың өндіріс кәсіпорындарындағы алғашқы еңбек дағдыларын
қалыптастыру,
яғни оқушыларға белгілі бір мамандық негізін беру. Бұл
міндеттер 7-9 сыныптарда шешіледі.
7-сыныптан бастап оқушылар біртіндеп еңбектің біршама қиындау түріне
қосылады. Оқудың соңында олардың әрқайсысы жұмысшы мамандықтарының
бірін меңгереді. Бұлар – өндірісте орындаушыларды даярлауды болжайтын
ағаш ұсталық іс; тігін-моторисі және киім жөндеу бойынша мамандарды
даярлауға бағытталған тігін ісі; картонды-түптеу ісі; көкөніс, бау-бақша
салалары жұмыскерлерін даярлауды қамтамасыз ету бойынша күрделі емес
ауылшаруашылық
мамандықтары,
сонымен
қатар,
ауылшаруашылық
механизациясы бойынша жұмыскерлер; құрылыс мамандықтары (сырлау,
сылақ, түсқағаз жабыстыру ісі); аяқ киім жөндеу бойынша мамандар және аяқ
киім өндірісі жұмыскерлерін даярлайтын аяқ киім ісі мамандықтары болып
табылады.
Еңбекке баулу сабағында оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтарды
жасақтау дәрігердің және мектеп психологының ұсынысы бойынша
9
оқушылардың танымдық және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып
жүзеге асырылады.
Кәсіби-еңбекке оқытудың маңызды құрамдас бөлігі 7-9-сынып
оқушыларының өндірістік тәжірибесі болып табылады. Оның міндеттері –
оқушыларды нағыз өндірістегі заманауи құрал-жабдықтармен және өндірістік
процесстерді механикаландыру жұмысымен таныстыру, оқушыларды өндірістік
ұжымдағы және олардың бөлімшелері, цехтары, бригадалары, бөлімдерінде
және т.б. қалыптасқан ұжымдық жұмыс түріне және әлеуметтік қарым-
қатынасқа тарту.
Оқушылар педагогтің және білікті жұмысшылар қатарынан шыққан
тәжірибелі тәлімгерлердің тікелей жетекшілігімен жұмыс орнында таңдаған
мамандығының білігі мен дағдысын бекітеді және жетілдіреді, ең бастысы, олар
іс жүзінде ересектердің еңбек ұжымындағы өмір нормалары мен ережелерін,
ұжымда жұмыс істей білуді меңгереді.
Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарының жаңа экономикалық қарым-
қатынасқа көшуіне байланысты арнайы мектеп оқушыларының өндірістік
тәжірибелерін ұйымдастыру біршама қиындық туғызуда, ал кейбір аймақтарда
оны ұйымдастыру тіпті мүмкін емес. Бұл жағдай өз кезегінде еңбек нарығыда
арнайы мектеп түлектеріне сұраныстың болмауына әкелетін ақыл-ой кемістігі
бар оқушыларды кәсіби-еңбекке даярлауды айтарлықтай қиындатады.
7-8- сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп шеберханасы базасында, 9-
сыныпта өндісірістік база және дәрігердің қорытындысы болған жағдайда
кәсіпорында жүзеге асады. Еңбек тәжірибесінен өтудің мерзімі мен тәртібі
жергілікті жағдайға байланысты мектеп кеңесімен (педагогикалық кеңес)
анықталады. Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылы аяқталғаннан кейін немесе оқу
мерзімін ұзартқан жағдайда сол көлемде бір жылдың ішінде өткізіледі. Жеңіл
ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептегі еңбекке баулу
оқыту емтиханын тапсырумен аяқталады. Білім алушылар белгіленген
тәртіппен бітіру емтиханынан босатылуы мүмкін.
9-сыныпты бітіргеннен кейін бітірушілердің біраз бөлігі кәсіптік-
техникалық колледждердің арнайы топтары жағдайында кәсіптік білім алуға
дайын болады. Сонымен қатар, көпшілік жасөспірімдердің арнайы
дайындықсыз олар үшін жаңа болып табылатын оқыту жағдайы мен
талаптарына көше алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Осындай жағдайдағы
жеңілдету мақсатымен арнайы мектептің 10- (өндірістік) сыныбында жүзеге
асатын кәсіптікке дейінгі тереңдетілген даярлық кезеңі ұсынылады. Бұл кезең
бағдарламасы 9-сыныпты бітіргеннен кейін еңбекке баулу бейінін өзгертуге
талап білдірген оқушыларға, сонымен қатар, кәсіптік-техникалық колледжге
көшу алдында жаңа ортаға біршама табысты кірігу және оған бейімделу үшін
алынған білімі мен білігін тереңдетуді және қорытуды қажет ететіндерге
арналған.
Оқуын кәсіптік колледж жағдайында жалғастыруға аймақтық жағдай
мүмкіндік бергенде ғана психофизикалық мүмкіндігі жеткілікті сақталған
оқушыларға кәсіптікке дейінгі тереңдетілген даярлықты ұсынған жөн.
Материалдық-техникалық базасы кәсіптік оқытуға қойылатын талаптарға