ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет55/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79

113
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
қарым-қатынастар туралы, жасөспірімнің балалық 
шағы қалай өткені, оның қалай дамығаны тура-
лы айтып бере алады. Жасөспірім өзін үйде қалай 
ұстады деген сұраққа ата-анасы, әдетте, оның 
мінез-құлқына қатысты ешқашан біздің тарапы-
мыздан жазғыру болған жоқ деп жауап береді. Сол 
себепті психологтар сұрақты басқа нысанда қоюды 
ұсынады: олар өз баласын тәрбиелеу кезінде қандай 
тәрбиелік сипаттағы қиыншылықтармен кездесті. 
Бұл сұраққа жауап беру арқылы, ата-анасы, әдетте, 
кәмелетке толмаған баланың шын мәніндегі 
тәрбиесін, оның мінез-құлқының ерекшеліктерін, 
педагогикалық салақтықтың дәрежесін және 
басқа да елеулі мәселелерді анықтауға мүмкіндік 
беретін мән-жайларды айтады. Ата-анадан жауап 
алуды, олардың ішкі дүниесі, қызығушылықтары, 
олардың өз ата-аналық борышын қалай өтейтіндігі 
туралы түсінік алу үшін белгілі бір сипатта 
құру қажет. Көрсетілген куәлердің жауаптары-
нан жасөспірімнің тұлғасының қалыптасуында 
жағымсыз рөл ойнаған факторларды жиі анықтауға 
болады. Бірсыпыра жағдайларда, кәмелетке 
толмағанды оған терiс әсер етуi мүмкiн мән-
жайларды зерттеу уақытында сот отырысының за-
лынан шығаруға рұқсат беретін, ҚР ҚІК 493-бабын 
қолдану қажеттілігін ұмытпаған жөн. Бұл, әсіресе, 
балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін 
орындамаған ата-анасынан, көршілерінен жау-
ап алуға қатысты болып келеді. Жасөспірімнің 
тұрғылықты жері бойынша жолдастары сотқа 
сотталушының отбасындағы жағдай туралы, 
оның мінез-құлқы туралы, ол бос уақытын кіммен 
және қалай өткізетіні жайлы, оның байланыста-
ры мен таныстары қандай екенін жиі мәлімдейді, 
қылмыстың барлық қатысушыларын анықтауға 
көмектеседі. 
Педагогтер мен тәрбиешілерден жауап алу білім 
мекемесіндегі жағдаймен тереңірек танысуға, 
тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер 
мен олқылықтарды ашуға, кәмелетке толмаған 
баланың мінез-құлқын және әдеттерін, оның оқуға 
және ұжымға қатынасын анықтауға, жасөспірімнің 
мінез-құлқы қай кезде жағымсыз жаққа өзгергенін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Егер жасөспірім жұмыс істейтін болса, оның 
жұмыстағы жолдастарынан және ол тікелей 
бағыныстағы тұлғалардан жауап алған жөн
кәмелетке толмағанның еңбек және өндірістік 
оқыту жағдайларын, жұмыс орны бойынша 
тәрбиек жұмыстарының кемшіліктерін, кәмелетке 
толмаған бала мен онымен бірге жұмыс істейтін 
адамдардың қарым-қатынасы сипатын анықтаған 
жөн. 
Бұл тұлғалардан жауап алу жасөспірімге жағымсыз 
әсер еткен мән-жайларды ашуға мүмкіндік 
береді: жүйелі түрде, өндірісте еңбек тәртібінің 
бұзылуы, кәмелетке толмағанды ересек әріптестері 
еліктірген, ішімдік ішу, жасөспірімді жұмыста 
мамандығына сәйкес емес салада пайдалану және 
т.б. 
Сот отырысында, кәмелетке толмаған баланың 
тұрмысына және тәрбие жағдайларына қатысты 
мән-жайларды зерттеу кезінде, сотталушының 
тұлғасын сипаттайтын анықтамалар, мінездемелер, 
тексеру актілері, үкімдердің көшірмелері және т.б. 
істе бар құжаттарды жариялау ұсынылады. Проце-


114
ске қатысушыларды аталған құжаттармен бұлайша 
таныстыру кәмелетке толмағанды сотталушылар 
қатарына қосқан себептерді толығырақ анықтауға 
септігін тигізеді. Кәмелетке толмағандардың 
қылмыстары туралы істер бойынша сот процесі 
тәрбиелік-алдын алу мақсаттарға бағытталуы тиіс. 
Алайда соттың алдына қойылған тәрбиелік-алдын 
алу сипаттағы мақсаттарды шешу белгілі бір 
қиыншылықтармен байланысты болып келеді. 
Сот отырысында ата-анасының алкоголь мен 
есірткіні қолдануға жасөспірімді тартқан 
адамгершілікке жат әрекеттері, кәмелетке 
толмағанның айналасындағы ересектердің 
жағымсыз қылықтары туралы деректер жиі 
анықталады, жасөспірімде және залдағы басқа 
да тұлғаларда барлығы (ата-анасы, жаман жолда-
стары, қайырымсыз мұғалімдер және басқалар) 
кінәлі, ал жасөспірімнің өзі сәтсіз жағдайлардың 
құрбаны болды деген ой тууы мүмкін. Мұндай 
жағдайларда кәмелетке толмаған баланың кінәсін 
анықтағанда, сот кәмелетке толмағанға өз кінәсін 
және оның әрекетімен байланысты туындаған жеке 
жауапкершілігін түсіндірген жөн. Сот процесінің 
мақсаты қылмыстық заңды бұзған кәмелетке 
толмаған балаға көмек көрсету, болашақта осын-
дай құқық бұзушылықтар жасаудың жолын кесу 
және алдын алу, нақты істің ерекше мән-жайларын 
ескере отырып, әділ шешім шығару, сондай-ақ 
жалпы қоғамды құқық бұзушылықтардан сақтау 
болып табылады. 
Қылмысты жасауға септігін тигізген себептер 
мен жағдайлар, сотталушының жеке құқыққа 
қайшы әрекеттеріне ақтау бола алмайды, олар, 
әдетте, соттың шешім қабылдауы кезінде кінәні 
жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескеріледі. 
Баланы тәрбиелеуге әрі қарай да 
қатысатын тәрбиешілердің (ата-анасының, 
мұғалімдердің) мәртебесіне ұқыптылықпен 
қарау қажеттілігін ұмытпаған жөн. 
Сол себепті сот процесінде ерекше 
байқампаздықты, әдептілік пен төзімділікті 
сақтау, ал қажет болса, жасөспірімді 
тәрбиелейтін тұлғалардан жауап алуды 
оның қатысуынсыз жүргізу ұсынылады.
1.4.  үкім шығару
Кәмелетке толмаған балаға қатысты үкім шығару 
кезінде соттар ҚР ҚІЖК 371 және 494-баптарында 
атап көрсетілген мәселелерді шешуі тиіс. 
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы 
істерге қатысты үкім шығару, оны жасау және жа-
риялау рәсімдеріне байланысты заңмен қандай да 
бір қосымша нұсқаулар көрсетілмеген. 
Сонымен бірге, сотталушының тұлғасына 
мінездеме берілетін үкімнің кіріспе бөлігінде ҚР 
ҚІЖК 378-бабында көрсетілген мәліметтерден 
басқа жасөспірімнің бұдан бұрынғы мінез-құлқы 
туралы (сотталғандығы, арнайы тәрбиелік мекеме-
лерде болғаны, әкімшілік жауапкершілікке тарты-
луы, мәжбүрлі тәрбиелік шаралар қолданылғаны, 
ювеналды полицияда тіркелуі және т.б.) 
мәліметтерді көрсеткен жөн. 
Отбасылық жағдайы бойынша кәмелетке толмаған 
баланың тұратын жерін және ол кіммен тұратынын, 
егер оның ата-анасы жоқ болған жағдайда – 
қамқоршысы кім екенін көрсету қажет. 
Сот тергеуі кезінде қылмысты жасауға септігін 
тигізген мән-жайлар анықталатын болғандықтан, 
оларды үкімнің сипаттама бөлігінде қысқаша 
мазмұндаған жөн. Бұл мәліметтер әрі қарай сот 
үкімін тиісті органдардың орындауы кезінде, 
кәмелетке толмаған баланың түзелуі бойынша 
жұмыстар бағдарламасын құруда, оңалту мен қайта 
қоғамдастыруда, сондай-ақ жаңа қылмыстардың 
алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды 
жүргізуде пайдалы болады. 
Кәмелетке толмаған балаға қатысты үкімде 
кәмелетке толмаған туралы толық ақпарат, сот 
қабылдаған шешімнің әділдігі мен заңдылығы ту-
ралы сендірерлік дәлел болуы тиіс. 
Кәмелетке толмаған балаға қатысты үкім 
шығарғанда сот ҚР ҚІК 371- бабында атап өтілген 
сұрақтарға қоса, шартты соттау, бас бостандығынан 
айырумен байланысты емес жаза тағайындау, 
сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген 
жағдайларда жазадан босату туралы талқылауы 
тиіс. Шартты соттау, бас бостандығынан ай-
ырумен байланысты емес жаза тағайындау, 
мәжбүрлі тәрбиелік әсер ету шараларын қолдану 
жағдайларында сот бұл туралы арнайы мемлекеттік 
органға хабарлайды және кәмелетке толмаған 
баланың жүріс-тұрысын бақылауды оған жүктейді. 
1.5. әсер ету мен жазалаудың 
ықтимал шаралары: 
қолданылуы және 
салдарлары 
ҚР ҚК 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға 
қылмыстық жазалаудың төмендегідей түрлері 
белгіленуі мүмкін:

айыппұл (кәмелетке толмаған сотталушының 
жеке табысы немесе мүлігі болған жағдайда 
оған айлық есеп көрсеткішінен 10-нан 500-ге 
дейінгі мөлшерде немесе айлық ақысы немесе 2 
аптадан 6 айға дейінгі мерзім үшін өзге де табыс 
мөлшерінде);
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау