ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет51/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79

105
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
жағдайларда (ҚР ҚҚК-ның 491-б.), егер ҚР ҚҚК-
нің 150-бабымен қарастырылған негіздер болса, 
басқа бұлтартпау шарасын қолдануға келмейтіндігін 
көрсететін дәлелденген жағдайлар болғанда 
қолданылатын еске сақтаған жөн.
Сонымен қатар, бала құқықтары туралы 
Конвенцияның 37-б. сәйкес, «баланы тұтқындау, 
қамауға алу немесе түрмеге отырғызу заңға сәйкес 
және мүмкіндігінше мейлінше аз уақыт аралығына 
тек соңғы шара ретінде ғана қолданылады».
Тұтқындау туралы қаулыда тұтқынға алудан басқа 
өзге шараларды қолдану мүмкіндігінің болмауы 
туралы дәлелдер көрсетіліп қабылданған шешімнің 
негіздемесі болуы тиіс.
Тергеу органдары жоғарыдағы талапты 
сақтамаған және кәмелеттік жасқа толмаған бала 
негізсіз тұтқындалған жағдайда сот процесіне 
қатысушылардың өтініштерінің болған-
болмағанына қарамастан, осы бұлтартпау шарасын 
өзгертуге немесе жоюға міндетті.
Баланың жеке өмірін құрметтеу
Алдын ала тыңдалымда сот кәмелетке толмағандар 
ісі бойынша жариялылықты шектеу туралы ҚР 
ҚІК 29, 482-б. талаптарына сүйеніп, жабық немесе 
ашық сот іс қарауын жүргізудің мақсатқа сай бо-
луы туралы мәселені шешеді.
Заң соттың негізделген қаулысы бойынша 
кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы 
істер жөнінде жабық сотта іс қарауына жол береді, 
бірақ мұндай істерді жабық сот отырысында қандай 
жағдайда қарау туралы нұсқаулар берілмеген.
Кәмелетке толмағандарға қатысты әділсот 
төрелігін қамтитын БҰҰ Минималды стан-
дартты ережелерінің 8.1-т. сәйкес қажетсіз 
жариялылық пен қылмыстық процес баланың 
болашағына нұқсан келтірмеуі үшін кәмелеттік 
жасқа толмағанның құпиялылық құқығы барлық 
кезеңдерде құрметтелуі қажет.
Баланың жеке өмірін қорғау мақсатында БҚК 
көптеген қатысушы мемлекеттерінде кейде 
ерекшелікке мүмкіндік беретін қағида бар, оған 
сәйкес қылмыстық заңнаманы бұзды деп ай-
ыпталушы бала ісі бойынша сот немесе өзге де 
тыңдалымдар жабық түрде өтуі тиіс. Бұл ереже 
соттың арнайы рұқсаты болған жағдайда сарап-
шылар мен басқа мамандардың қатысуына жол 
береді. Кәмелетке толмағандар ісі бойынша әділ 
сот төрелігі жүйесіндегі ашық тыңдалымдар нақты 
белгіленген жағдайларда және жазбаша рұқсат 
болғанда ғана өтуі мүмкін. Баланың мұндай 
шешімге шағымдану құқығы болуы тиіс. 
Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот 
төрелігін қамтитын БҰҰ Минималды стан-
дартты ережелерінің 8.1-т. сәйкес қажетсіз 
жариялылық пен қылмыстық процес 
баланың болашағына нұқсан келтірмеуі үшін 
кәмелетке толмаған баланың құпиялылық 
құқығы барлық кезеңдерде құрметтелуі 
қажет.
Сот аталған мәселе бойынша осы кезеңде про-
цеске қатысушылардың, соның ішінде кәмелетке 
толмаған айыпкердің өзінің, кәмелетке толмаған 
жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің 
пікірлерін тыңдауы тиіс. Комитет барлық 
қатысушы мемлекеттерге заңға қайшы болатын 
бала ісі бойынша сот немесе өзге де тыңдалымдар 
жабық сипатта болатын ереже енгізуді ұсынады. 
Бұл ережеден ауытқу қатаң шектелуі және заңда 
ескерілуі тиіс. Шешім/үкім соттың ашық отыры-
сында баланың тұлғасын танытпайтындай етіп 
жариялануы тиіс. Жеке өмір құқығы (16-бап) сот 
немесе басқа құзырлы орган тағайындаған шараны 
орындауға қатысатын барлық мамандар өздерінің 
83-тармақ, БҰҰ Балалар құқығы 
жөніндегі комитетінің № 10 (2007) жалпы 
тәртіптегі ескертпесі: Кәмелеттік жасқа 
толмағандарға қатысты сот төрелігін 
жүзеге асыру шеңберіндегі балалардың 
құқығы
Кез келген тұтқындалған немесе 
бостандығынан айрылған бала 24 сағат 
ішінде оны бас бостандығынан айырудың 
(жалғастырудың) заңдылығын қарастыру 
үшін құзыретті органға жеткізілуі тиіс. 
Комитет сондай-ақ қатысушы мелекет-
терге сотқа дейін тұрақты негізде қамауға 
алыну заңдылығын қайта қарауды, екі апта 
кезеңділігімен қамтамасыз ететін қатаң 
заңнама ережелерін қабылдауды ұсынады. 
Егер баланы шартты босату, мысалы, бала-
малы шаралар қолдану тәртібінде мүмкін 
болмаса, сотқа дейін қамауға алғаннан кейін 
30 күннен кешіктірмей, балаға болжанған 
қылмысты жасағандығы туралы айып 
тағылуы тиіс және ол сот алдына немесе 
басқа да құзыретті, тәуелсіз әрі әділ билік 
органының не сот органының алдына келуі 
керек. Сот отырыстарында болатын жиі 
үзіліс тәжірибесін ескере отырып, Коми-
тет қатысушы мемлекеттерді кәмелетке 
толмағандар ісі жөніндегі сот немесе басқа 
құзыретті органның айып тағылған күннен 
алты ай кешіктірмей айып бойынша соңғы 
шешім шығаруын қамтамасыз ету үшін 
қажетті заңнама ережелерін қолданысқа 
енгізуге шақырады. 


106
барлық сыртқы байланыстарында бала тұлғасын 
ашуға әкелуі мүмкін бүкіл ақпаратты құпия 
сақтауын талап етеді. Бұдан басқа құқық бұзушы 
балалар істерінің материалдары қатаң құпиялылық 
сипатта болып, істі тергеу мен қарастыруға, 
сондай-ақ іс бойынша шешім шығаруға тікелей 
қатысатын тұлғалардан басқа үшінші тұлғаларға 
берілмеуі тиіс жеке өмір құқығы болуын білдіреді.
Заманауи криминологиялық зерт-
теу нәтижелері кәмелеттік жасқа 
толмағандарға ашық процестердің 
теріс ықпалын растайды, бұл туралы 
кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушы, 
сотталушының стигматизация («таңба 
тағылуы») тұжырымдамасы куәландырады.
Жасөспірім мінез ерекшелігіне байла-
нысты көптеген тұлғалардың алдында 
тұйықталуы, нәтижесінде бұл одан жауап 
алуды немесе барлық сот тергеуі процесін 
қиындатуы және залдағы тұлғалар тарапы-
нан кәмелеттік жасқа толмағандарға теріс 
ықпалды жою мүмкін болмаған кезде жабық 
сот тергеуі қажет болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, 
қылмыстық топтың барлық мүшелерінің 
анықталмаған кезінде және жасөспірімге 
әсер ету мақсатында олардың кейбіреуі 
сот отырысы залына келген жағдайларда 
маңызды.
Кәмелетке толмаған тұлға, тұрмыс 
жағдайы және басқа да сипаттары 
туралы ақпарат 
Сот қорғаушының, заңды өкілдің жасөспірім 
тұлғасын сипаттайтын қосымша құжаттардың бо-
луын анықтайды. Мұндай құжаттарға: жұмыс не-
месе оқу орнынан, тұрғылықты мекенжай орнынан 
мінездеме; егер жасөспірім есепте тұрса, полици-
ядан анықтама; егер жасөспірім бұрын сотталған 
болса, үкімнің көшірмесі, кәмелетке толмаған 
баланы әлеуметтік-психологиялық зерттеу тура-
лы қорытынды және кәмелеттік жасқа толмаған 
тұлғасын анықтау үшін мәні бар басқа да құжаттар 
жатады.
Өмір сүру және кәмелетке толмаған баланы 
тәрбиелеу жағдайын анықтау үшін іс материалда-
рында мыналарға қатысты мәліметтер жинақталуы 
тиіс:

ата-аналары немесе оларды ауыстыратын 
тұлғалар – мамандығы, жұмыс орны, білімі;

адамгершілік қасиеттері; бір-біріне және 
балаларға қарым-қатынасы; балаларды 
тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерін орында-
уы және т.б.;

отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы, 
кәмелетке толмаған баланың мүлкінің болуы, 
жалақысы, оның көлемі;

кәмелетке толмаған баланың оқуы немесе 
жұмысы – қайда оқиды, оқу үлгерімі қандай, 
қайда және кім болып жұмыс істейді, оқуға 
және жұмысқа қарым-қатынасы;

оны тәрбиелеуге, отбасымен байланысын 
қолдауға мектептің немесе өзге жалпы білім 
беру мекемесінің қатысуы;

ата-аналардың немесе оларды ауыстыратын 
тұлғалардың ата-аналық борышын қасақана 
орындамауы туралы, осы отбасындағы бала 
өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп туралы 
растайтын жағдайлар.
Егер қажетті құжаттардың болмауы немесе 
олардың толық болмауы анықталса, сот негізгі сот 
тергеуіне дейін ұсынылуы үшін тиісінше сұратулар 
жасауы тиіс.
Сот кәмелетке толмағандардың ата-аналарының 
немесе олардың қорғаушыларының кәмелетке 
толмаған құқық бұзушыны сипаттайтын қосымша 
құжаттарды іске қосу туралы, жасөспірімнің 
тіршілік және тәрбие жағдайын, қоршаған орта-
сын, байланыстары мен дағдыларын сипаттай ала-
тын қосымша куәгерлерді сотқа шақыру туралы 
барлық өтініштерін қарастыруға міндетті. Аталған 
куәгерлерден сотта жауап алу кәмелетке толмаған 
баланы қылмыс жасауға итермелеген жағдайларды 
анықтауға көмектеседі.
Ата-аналардың және басқа заңды 
өкілдердің қатысуы 
Алдын ала тыңдалым барысында сот кәмелетке 
толмаған баланың заңды өкілінің іске 
қатысатындығын, ал ол қатыспаған жағдайда 
– қамқоршы және қорғаншы органның 
қатысатындығын тексеруге міндетті.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі тек ҚР 
ҚІК 7-б. 22-т. санамаланған тұлғалар бола ала-
ды, атап айтқанда: күдіктінің, айыпталушының, 
жәбірленушінің ата-анасы, қамқоршысы, 
қорғаншысы, сонымен қатар кәмелеттік жасқа 
толмаған қамқорында немесе асырауында болатын 
ұйым мен тұлғалардың өкілі.
Туыстық, қамқорлық пен қорғаншылықты жүзеге 
асыру, асырауда болу деректері белгіленген 
тәртіпте тиісінше құжаттармен расталуы тиіс.
Заңды өкілдер іске тергеушінің қаулысы арқылы 
қатыса алады.
Істе аталған құжаттар болмаған жағдайда сот 
оларды талап етуге құқылы. Алдын ала тыңдалым 
нәтижелері бойынша қаулыда сот нақты заңды 
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау