113
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
қарым-қатынастар туралы, жасөспірімнің балалық
шағы қалай өткені, оның қалай дамығаны тура-
лы айтып бере алады. Жасөспірім өзін үйде қалай
ұстады деген сұраққа ата-анасы, әдетте, оның
мінез-құлқына қатысты ешқашан біздің тарапы-
мыздан жазғыру болған жоқ деп жауап береді. Сол
себепті психологтар сұрақты басқа нысанда қоюды
ұсынады: олар өз баласын тәрбиелеу кезінде қандай
тәрбиелік сипаттағы қиыншылықтармен кездесті.
Бұл сұраққа жауап беру арқылы, ата-анасы, әдетте,
кәмелетке толмаған баланың шын мәніндегі
тәрбиесін, оның мінез-құлқының ерекшеліктерін,
педагогикалық салақтықтың дәрежесін және
басқа да елеулі мәселелерді анықтауға мүмкіндік
беретін мән-жайларды айтады. Ата-анадан жауап
алуды, олардың ішкі дүниесі, қызығушылықтары,
олардың өз ата-аналық борышын қалай өтейтіндігі
туралы түсінік алу үшін белгілі бір сипатта
құру қажет. Көрсетілген куәлердің жауаптары-
нан жасөспірімнің тұлғасының қалыптасуында
жағымсыз рөл ойнаған факторларды жиі анықтауға
болады. Бірсыпыра жағдайларда, кәмелетке
толмағанды оған терiс әсер етуi мүмкiн мән-
жайларды зерттеу уақытында сот отырысының за-
лынан шығаруға рұқсат беретін, ҚР ҚІК 493-бабын
қолдану қажеттілігін ұмытпаған жөн. Бұл, әсіресе,
балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін
орындамаған ата-анасынан, көршілерінен жау-
ап алуға қатысты болып келеді. Жасөспірімнің
тұрғылықты жері бойынша жолдастары сотқа
сотталушының отбасындағы жағдай туралы,
оның мінез-құлқы туралы, ол бос уақытын кіммен
және қалай өткізетіні жайлы, оның байланыста-
ры мен таныстары қандай екенін жиі мәлімдейді,
қылмыстың барлық қатысушыларын анықтауға
көмектеседі.
Педагогтер мен тәрбиешілерден жауап алу білім
мекемесіндегі жағдаймен тереңірек танысуға,
тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер
мен олқылықтарды ашуға, кәмелетке толмаған
баланың мінез-құлқын және әдеттерін, оның оқуға
және ұжымға қатынасын анықтауға, жасөспірімнің
мінез-құлқы қай кезде жағымсыз жаққа өзгергенін
анықтауға мүмкіндік береді.
Егер жасөспірім жұмыс істейтін болса, оның
жұмыстағы жолдастарынан және ол тікелей
бағыныстағы тұлғалардан жауап алған жөн,
кәмелетке толмағанның еңбек және өндірістік
оқыту жағдайларын, жұмыс орны бойынша
тәрбиек жұмыстарының кемшіліктерін, кәмелетке
толмаған бала мен онымен бірге жұмыс істейтін
адамдардың қарым-қатынасы сипатын анықтаған
жөн.
Бұл тұлғалардан жауап алу жасөспірімге жағымсыз
әсер еткен мән-жайларды ашуға мүмкіндік
береді: жүйелі түрде, өндірісте еңбек тәртібінің
бұзылуы, кәмелетке толмағанды ересек әріптестері
еліктірген, ішімдік ішу, жасөспірімді жұмыста
мамандығына сәйкес емес салада пайдалану және
т.б.
Сот отырысында, кәмелетке толмаған баланың
тұрмысына және тәрбие жағдайларына қатысты
мән-жайларды зерттеу кезінде, сотталушының
тұлғасын сипаттайтын анықтамалар, мінездемелер,
тексеру актілері, үкімдердің көшірмелері және т.б.
істе бар құжаттарды жариялау ұсынылады. Проце-