Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
201_ жылғы «__» ____________
№___ бұйрығына
5-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ жылғы ________ айы
Индекс: 2-ЖОК
Кезеңділігі: тоқсан сайын;
Ұсынады: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;
Нысан кімге ұсынылады: ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына. Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына. Ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады;
Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.
Ұйымның атауы
|
Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
|
Белгіленген квота мөлшері
|
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)
|
Мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)
|
Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны
(бірлік)
|
Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны (адам)
|
жұмыскерлердің тізімдік санынан %
|
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) ____________________ _____________
басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы «__» ____________.
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Жалпы ережелер
Ұйым жергілікті атқарушы орган Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер» ақпаратын мынадай мәліметтерді:
ұйымның атауын;
жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;
квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны (бірлік);
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;
мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;
кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;
квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.
2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.
5-бағанда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
6-бағанда мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.
7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
8-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |