ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет56/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79

115
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін

  белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан 
айыру (1-ден 2 жылға дейінгі мерзімге);

қоғамдық жұмыстарға тарту (сабақтан және 
негізгі жұмысынан бос уақытта 40-тан 160 
сағатқа дейінгі мерзімге);

түзету жұмыстары (үкім шығарылған сәтте 16 
жасқа толған кәмелетке толмағандарға 1 жылға 
дейінгі мерзімге беріледі);

бостандығын шектеу (бір жылдан екі жылға 
дейінгі мерзімге); 

бас бостандығынан айыру.
Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан ай-
ыру жазасы 10 (он) жылдан артпайтын мерзімге 
тағайындалуы мүмкін, ал ауырлататын жағдайларда 
кісі өлтіргені үшін немесе ауырлататын жағдайларда 
біреуі кісі өлтіру болып табылатын қылмыстар 
жиынтығына – 12 (он екі) жыл беріледі. 
Бірінші рет онша ауыр емес қылмыс жасаған 
немесе бірінші рет ауырлығы орташа қылмыс 
жасаған кәмелетке толмаған балаларға 
бостандығынан айыру жазасы берілмейді. 
Қылмыс жасаған кезінде 18-ге толмаған балалар 
өлім жазасына кесілмейді, қамауға алынбайды 
және мүлігі тәркіленбейді. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 
кәмелетке толмағандарға қатысты сот 
төрелігін шығаруға қатысты минималды 
стандартты ережелері («Бейжің ережелері») 
мемлекеттерге кәмелетке толмағандарға 
қатысты сот шешімін шығарудың мынадай 
жетекші қағидаларын және әсер ету шара-
ларын таңдауды ұсынады:
а) ықпал ету шаралары әрқашан құқық 
бұзушылықтың жағдайларымен және 
ауырлығымен ғана емес, кәмелетке 
толмаған баланың жай-күйімен және 
мұқтаждығымен, сондай-ақ қоғамның 
мұқтаждығымен өлшемдес болуы тиіс;
б) кәмелетке толмаған баланың жеке бас 
бостандығын шектеу туралы шешімдер 
мәселені мұқият қарастырудан кейін ғана 
қабылдануы және шектеу мүмкіндігінше 
төмен болуы тиіс;
в) өзге тұлғаға қарсы зорлық қолдана оты-
рып, ауыр әрекет жасағаны үшін не-
месе бірнеше мәрте өзге де ауыр құқық 
бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп 
танылмаса, сондай-ақ өзге де тиісті ықпал 
ету шарасы болмаған жағдайда кәмелетке 
толмаған құқық бұзушыны жеке басының 
бостандығынан айырмаған жөн
г) кәмелетке толмағандардың істерін 
қарастырған кезде оның аман-саулығы 
айқындаушы фактор болуы тиіс.
Бұл ұсыныстар мойындалған халықаралық 
қағидаларға, сондай-ақ Қазақстанның қылмыстық 
заңнамасының жалпы қағидаларына айтарлықтай 
деңгейде сай келеді. Көрсетілген ұсыныстарды 
сақтау кәмелетке толмаған құқық бұзушылар 
тұлғасының дамуына және білім алуына, негізгі 
құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай 
жасайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 
өзінің 2002 жылғы 11 сәуірдегі №6 (11.07.2003 
жылғы редакцияда) «Кәмелетке толмағандардың 
қылмыстары мен оларды қылмыстық және өзге 
қоғамдық қызметке қарсы іске тарту туралы істері 
бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік 
қаулысында үлкен қоғамдық қауіптілік тудыр-
майтын қылмыстар жасаған, егер оларды түзетуге 
және қайта тәрбиелеуге ҚР ҚК 82-бабында 
қарастырылған тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлік 
шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге бола-
тын кәмелетке толмағандарға соттар қылмыстық 
жазалау қолдану жағдайларын болдырмауы тиіс 
екендігіне назар аударып отыр. 
Тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлік шараларын 
қолдану мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде, 
егер онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы 
қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке 
толмаған баланың қылмыстық ісін қарастыру 
нәтижесінде сот оны түзетуге тәрбиелік ықпал 
етудің мәжбүрлік шараларын қолдану арқылы 
қол жеткізу мүмкін болады деген шешімге келсе, 
онда көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық 
іс тоқтатылуы және кәмелетке толмаған балаға 
қатысты осы шараларды қолдану туралы шешім 
қабылдануы мүмкін. 
ҚР ҚК-нің 82-бабына сәйкес кәмелетке толмаған 
балаға бір мезгілде бірнеше тәрбиелік ықпал 
етудің мәжбүрлік шаралары берілуі мүмкін мы-
салы, ескерту және ата-аналар бақылауына беру, 
келтірілген зиянды өтеу міндеттерін және ойын-
сауықты шектеуді жүктеу. 
Кәмелетке толмаған баланы ата-аналардың неме-
се оларды алмастыратын тұлғалардың бақылауына 
берген кезде сот көрсетілген тұлғалар жасөспірімге 
жағымды әсер ететініне, оның жасағанына дұрыс 
баға беретініне, кәмелетке толмаған балаға тиісті 
тәртіп және күнделікті бақылау жасауды қамтамасыз 
ете алатынына көз жеткізуі тиіс. Ол үшін мінездеме 
беруші материал талап етуі, ата-аналарының не-
месе оларды алмастырушы тұлғалардың өмір сүру 
жағдайын, жасөспірімді материалдық қамтамасыз 
ету мүмкіндігін және т.б. тексеруі тиіс. Заң 


116
ата-аналардың немесе оларды алмастырушы 
тұлғалардың оларға кәмелетке толмаған баланы 
бақылауға беруге келісім беруді талап етпейтініне 
қарамастан, сот мұндай келісімді алуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 
жоғарыда аталған нормативті қаулысына сәйкес 
ата-аналардың немесе оларды алмастырушы 
тұлғалардың немесе мамандырылған мемлекеттік 
орган бақылауына беру түріндегі, сондай-ақ ойын-
сауықтан шектету және тәртібіне айрықша та-
лаптар белгілеу түріндегі тәрбиелік ықпал етудің 
мәжбүрлік шараларын, соттың пікірі бойынша, 
кәмелетке толмаған балаға түзелгенге немесе 
қайта тәрбиеленуіне қажет мерзім бойынша не-
месе оның 18 жасқа толуына дейін қолданылуы 
мүмкін, ол туралы үкімде көрсетілуі тиіс. 
Кәмелетке толмаған балаға жаза тағайындаған 
кезде соттар ҚР ҚК-нің 52-бабында көрсетілген 
жағдайлармен қатар, олардың өмір сүру және 
тәрбие алу жағдайын (отбасындағы жағымсыз 
жағдай, жасөспірімдерге ата-аналары, жақын 
туыстары тарапынан тұрпайы, кейде қатыгез 
қарым-қатынасын және т.б.), психикалық даму 
деңгейін, тұлғаның ерекшеліктерін (психикалық 
ауытқуының болуы, өзін-өзі ұстай алмауы, 
қызбалық және т.б.), қылмыс жасау уәждерін 
(балалық бұзақылығы, «компания үшін», көре 
алмаушылық, кекшілдік және т.б.), жасөспірімге 
жасы үлкен тұлғалардың әсерін ескеруі тиіс.
ҚР ҚК-нің 53-бабына сәйкес жазықтының 
кәмелетке толмауы жауапкершілікті және жазаны 
жеңілдететін жағдай болып табылады. 
Сондай-ақ ҚР ҚК 17-бабының 2-бөліміне сәйкес 
ақыл-есі дұрыстығын жоққа шығармайтын 
психикалық ауытқуды сот жаза белгілеген кезде 
жеңілдететін жағдай деп есептейді және Қылмыстық 
кодексте қарастырылған медициналық сипаттағы 
мәжбүрлік шаралар беруге негіз болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 
өзінің қаулысында кәмелетке толмағанға сот 
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны оны 
түзету және қайта тәрбиелеу қоғамнан шектеусіз 
мүмкін болмаған кезде ғана белгілеуге құқығы 
бар екендігін сөзсіз көрсетті. Мұның өзінде 
сот үкімінде қабылдаған шешімін сенімді түрде 
дәлелдеп беруі тиіс. Кәмелетке толмағандардың 
ұзақ мерзімге дәлелденбеген бас бостандығынан 
айыру деректеріне рұқсат етілмейді. 
ҚР ҚК 13-бабының 4-бөліміне сәйкес 18 жасқа 
дейінгі жаста жасалған қылмысы үшін тұлғаға сот-
тау жазасын белгілегенде қылмыстың қайта жаса-
луын мойындаған кезде ескерілмейді. 
Кәмелетке толмаған балаға мүлкін тәркілеу секілді 
жаза белгілеу мүмкін болмайтынына байланысты, 
мүлкін тәркілеу міндетті қосымша жаза болып та-
былатын қылмыстар үшін жаза ҚР ҚК 55-бабына 
сілтеме жасалмай белгіленеді. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне 
сәйкес 14 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы 
кәмелетке толмағандар жалпы негізде келтірілген 
зияны үшін (соның ішінде моральдық) өз бетінше 
жауапкершілікке тартылады. 
Осыған байланысты кәмелетке толмаған баланың 
зиянды өтеуге жеткілікті табысы немесе өзге 
мүлкі болмаған жағдайда келтірілген зиянды, егер 
зиян олардың кінәсінен келмегенін дәлелдемесе, 
толығымен немесе жетпейтін бөлігін оның ата-ана-
лары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары 
өтеуі тиіс. Сондықтан сот ең алдымен зиянды 
кәмелетке толмаған баланың өзінің өтеу мүмкіндігі 
туралы мәселені талқылап алғаны жөн. 
Соттардың кәмелетке толмағандардың істері 
бойынша сот процестерінің тәрбиелік мәнін 
арттыруға, олардың профилактикалық мәніне 
ерекше назар аударулары қажет. Әрбір іс бойынша 
сот: кәмелетке толмаған баланың қылмыс жасауына 
итермелеген себептер мен жағдайларын анықтауы 
тиіс; сот отырысында анықталған кәмелетке 
толмағандар істері жөніндегі комиссияның, 
оқу орындарының және қоғамдық ұйымдардың 
жұмысындағы осалдық пен қателіктерді елеусіз 
қалдырмауы тиіс; жасөспірімнің немесе кінәсіне 
байланысты қылмыс орын алған тұлғалардың 
қылмыс жасауына итермелеген нақты жағдайларды 
көрсете отырып, жеке үкімдер шығаруы тиіс. 
Соттың қарауы бойынша жеке үкім сот отырысын-
да үкімді жариялағаннан кейін бірден жария етілуі 
мүмкін. Мұның өзінде жеке үкімнің сипатын ескер-
ген жөн. Кейбір (мысалы, полиция органдарының 
қызметіндегі және тергеуіндегі жән т.б. кемшілігі ту-
ралы) жеке үкімдерді жариялауға ұсыныс жасалмайды, 
себебі мұндай үкімдерді аудитория дұрыс түсінбеуі 
мүмкін. Педагогика ережелеріне сәйкес кәмелетке 
толмағанның ата-аналарының лайықсыз тәртібі 
жөніндегі жеке үкімдерді де жарияламаған жөн. 
Жасөспірімді шартты түрде соттау неме-
се оны бас бостандығынан айыруға байланы-
сы жоқ жазалау шарасына кесу туралы үкімнің 
көшірмесі жасөспірімнің тұрғылықты мекен-
жайы бойынша Кәмелетке толмағандар істері 
жөніндегі комиссияға жіберіледі, себебі ол құқық 
бұзушылардың бұл санатына бақылау жүргізуге 
міндетті (13-бап Кәмелетке толмағандар істері 
жөніндегі комиссиялар туралы ереже). 
Шартты түрде жазалау шараларына еш жерде 
жұмыс істемейтін және еш жерде оқымайтын 
кәмелетке толмағандар кесілген кезде сот олар-
ды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 
комиссияның көмегімен жұмысқа орналастыру 
немесе оқуға орналастыру үшін ұтымды шаралар 
қолдануы тиіс.  
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау