сөж
|
Н ТарМУ 11/1-1.01-2020
1 баспа 05.05.2020
|
|
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Әділ құнды бағалау (IFRS 13)
Курс:3
Топ: Есеп және аудит
Орындаған:Арыстанбек Ақерке
Қабылдаған: Игиликова А.Н
Тараз 2022ж
Осы стандарт:
(a) Әділ құнға анықтама береді ;
(b) бірыңғай ХҚЕС - та әділ құнды бағалау негізін баяндайды; және
(c) әділ құн бағасы жайында ақпаратты жариялауды талап етеді.
Әділ құн - бұл кәсіпорынның ерекшілігі есепке алынып қалыптастырылған бағалау емес, бұл нарық бағасы. Кейбiр активтер және мiндеттемелер бойынша бақыланатын нарықтық операциялар немесе нарықтық мәлiмет бар болады. Ал басқа активтер мен міндеттемелер бойынша бақыланатын нарықтық операциялар немесе нарықтық мәлiмет болмайды. Дегенмен, әділ құнды бағалаудың мақсаты екі жағдайда да бір - ағымдағы нарықтық жағдайдағы баға қойылатын күнде нарыққа қатысушылардың активті сату немесе бір-біріне міндеттемелерді тапсыру бойынша ұйымдастырылған нарықта іске асатын операция жүргізілетін бағаны анықтау (бұл дегеніміз активті ұстайтын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен белгіленген бағалау күніне шығатын баға.
Егер де нарықта ұқсас активке немесе міндеттемеге баға байқалмаса, кәсіпорын әділ құнды релевантты бақыланатын бастапқы деректер максималды қолданылатын және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды қолдануды қамтамасыз ететін басқа бағалау әдісін қолданып бағалайды. Әділ құн нарықтық баға болғандықтан, ол нарыққа қатысушылар активті немесе міндеттемені анықтауда қолдануы мүмкін жорамал қолданылып анықталады, тәуекелді де рұқсат ететін жорамалды қоса есептегенде. Демек, кәсіпорынның активті ұстап қалу немесе реттеу мақсаты, немесе міндеттемені қалай да орындау, әділ құнды бағалауда релевантты фактор болып табылмайды.
Әділ құнды бағалауда ерекше назар активтер мен міндеттемелерге аударылады, себебі олар бухгалтерлік есептің негізгі объектісі болып табылады. Сонымен қатар, осы стандарт әділ құн бойынша бағаланатын кәсіпорынның өзіндік үлестік аспаптарына қатысты қолданылуы керек
Қолдану аясы
Бұл стандарт басқа стандарт әділ құн бағасын талап етіп немесе пайдалануды рұқсат ететін немесе әділ құнды бағалау жайында мәлімет айқындалуын талап еткен жағдайда, 6 және 7 тармақтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда колданылады (сонымен қатар, әділ құнға негізделген сатуға жұмсалған шығынды есептемегендегі әділ құнды бағалауда немесе осындай бағалау туралы ақпарат анықталғанда).
6 Осы стандартта ескерілген бағалау және ақпаратты анықтау талаптары мына жағдайларда қолданылмайды:
(a) акцияға негізделген төлем операциялары, ХҚЕС (IFRS) қолдану аясына жататын «акцияға негізделген төлем»;
(b) жалгерлік операциялар, 17 ХҚЕС (IAS) қолдану аясына жататын «Жалдау»; және
(c) әділ құнға ұқсас, бірақ әділ құнға жатпайтын бағалар, мысалы 2 ХҚЕС - тағы (IAS) «Босалқылар» сатудың таза бағасы немесе 36 ХҚЕС -та (IAS) «Активтердің құнсыздануы» пайдаланудан алынатын құн.
7Осы стандарт талап ететін ақпаратты айқындау мына жағдайларда кажет емес:
(a)Әділ құн бойынша бағаланатын 19 ХҚЕС (IAS) «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» сәйкес жоспар активтері;
(b)Әділ құн бойынша бағаланатын 26 ХҚЕС (IAS) «Зейнетақымен қамтамасыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша есеп және есептілік» сәйкес зейнеткерлік жоспарға инвестициялар; және
(c) 36 ХҚЕС -қа (IAS) сәйкес қайтарылатын сома шығуына байланысты шығындар есептелмегендегі әділ құн болып табылатын активтер
8 Егер де әділ құнды бағалау талап етілсе немесе басқа да ХҚЕС - тармен рұқсат етілсе, осы стандартта баяндалған әділ құнды бағалау негізі бастапқы және кейінгі бағалауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |