ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет53/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79

109
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
ерекшелігі бар, мысалы, жауап алу кезектілігі: 
кімнен бірінші жауап алу қажет – айыпталушыдан, 
жәбірленушіден, куәгерлерден. 
Бұл мәселе істің нақты жағдайларына байланы-
сты әртүрлі шешілуі мүмкін. Дәлелдерді зерттеуді 
жасалған қылмыс жағдайын толығырақ баяндайтын 
тұлғаны жауапқа тартудан бастау ұсынылады. Бұл 
жағдайда мұндай тұлға толық түсінік беретін, өз 
кінәсін мойындайтын, қылмысқа қатысушыларды 
және олардың нақты іс-әрекетін атап көрсететін 
айыпталушы болуы мүмкін. Басқа жағдайда мұндай 
тұлға болып жәбірленуші мойындалуы мүмкін. 
Айыпталушы өз кінәсін мойындамаса немесе 
ішінара мойындаса, ал жәбірленуші іс оқиғасын 
жақсы есте сақтап, сотқа қызықты оқиғаны толық 
әрі бірізді баяндайды. Кейде дәлелді зерттеуді 
куәгерлерден жауап алудан бастаған жөн, себебі 
жәбірленуші ештеңені есте сақтамаған, ал айыпта-
лушы қылмысқа өзіннің қатысы барлығын мойын-
дамайды.
Кәмелетке толмаған айыпталушы жауабын оның 
тұрмыс жағдайын және тәрбиесін анықтаудан ба-
стап, содан кейін тағылған айып мәні бойынша 
жауапқа тарту қажет. Мұндай бірізділік кәмелетке 
толмаған баламен қажетті байланыс орнатуға 
мүмкіндік береді, шиеленісті болдырмайды, сотқа 
сенімділікті күшейтеді.
Жауапты сот, прокурор және адвокат жүргізетін, 
ал сот залында жасөспірімнің туыстары мен та-
ныстары болатын ерекше жағдайда кәмелеттік 
жасқа толмаған тұйықталып, қысылуы мүмкін. 
Бұл оның жауабының толықтығы мен сапасына 
әсер етеді. Мұндай жағдайда жауап алушыға әдеп 
пен сабырлық танытып, кәмелетке толмаған ба-
ладан қандай да бір оқиға бойынша дереу түсінік 
талап етпей, оған кешірек, жасөспірім қоршаған 
жағдайға бейімделе бастаған кезде қайта оралу ке-
рек. Төрағалық етуші мінез ерекшелігіне байланы-
сты жеке кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан 
туындайтын әдепсіздікті, сотқа құрмет көрсетпеуді 
дереу тыйып отыруы тиіс.
ҚР ҚІК 493-б. талаптарына сәйкес сот өз баста-
масы бойынша, тараптардың пікірлерін ескеріп, 
кәмелетке толмаған баланы оған теріс әсер етуі 
мүмкін айғақтарды зерттеу уақытында сот залынан 
шығаруға құқылы.
Сот әрбір нақты жағдайда іс бойынша белгілі бір 
мәселелерді және айғақтарды зерттеу мен талқылау 
кезінде қатысуы кәмелетке толмаған баланың 
тұлғалық қалыптасуына теріс ықпал етпейтіндігін 
бағалау үшін істің сәйкесінше жағдайларын мұқият 
зерттеуі тиіс. Кәмелетке толмаған балады сот за-
лынан шығарған кезде ол өзіне бөгде адамдардың 
ықпалынан оқшаулануы тиіс. Кәмелетке толмаған 
баланы сот залына қайтарғаннан кейін төрағалық 
етуші сот ісі бойынша айғақтарды зерттеу 
нәтижесі туралы оның қатысуымен оған теріс әсер 
етпейтіндей етіп хабарлап, сонымен қатар оның 
қатысуынсыз жауап алынған тұлғаларға сұрақтар 
қою мүмкіндігін береді.
Көп эпизодты топтық істер 
Көп эпизодты топтық істер бойынша сот ісін 
жүргізудің жоспарын алдын ала әзірлеу ұсынылады. 
Бұл жоспардың сот отырысында қабылданатын 
дәлелдемелерді зерттеу тәртібіне ұқсауы міндетті 
емес, бірақ оның қолайлы болатыны сөзсіз, себебі 
мұнда сот тергеуі кезінде, әсіресе, жауап алу 
кезінде анықтауды талап ететін жағдайлар көрініс 
табады. 
Көпшілік жағдайда жасөспірімдер қылмыстарды, 
бастапқыда әдейі қылмыс жасау үшін емес, 
бірлескен сотқарлық және спирттік ішімдіктерді 
ішу негізінде құрылған топтың құрамында жа-
сайды. Мұндай топтар, әдетте, бірнеше қылмыс 
жасағаннан кейін едәуір тез әшкереленеді. 
Қылмыстар жиі жағдайлық сипатта болады, 
сондықтан сот осындай санатты істерді қарағанда, 
әдетте, қылмыстық топтың қатысушыларының 
арасында рөлдерді алдын ала ойластырылған 
бөлу, қылмыс іздерін жасырудың құрастырылған 


110
жүйесі, дайындалған дәлелдермен және т.б. жиі 
кездеспейді.
Топтық істерді қарағанда, бірінші кезекте ал-
дын ала тергеу материалдары бойынша, жасалған 
қылмыс туралы ең толық әңгімелеген, ең көп 
өкінгендерден жауап алу ұсынылады. 
Алайда тұрақсыз және кездейсоқ топтармен 
қатар, едәуір ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген 
және айтарлықтай көлемде қылмыстар жасаған 
қылмыстық топтар кездеседі. Мұндай топтар-
да жиі өзінің «басқарушысы» – қылмыстарды 
жасауға бастамашы болады. Әдетте, ол жасы ере-
сектеу, бірсыпыра «қайғылы» өмірлік тәжірибесі 
бар (бұрын сотталған, тәртіптік колонияда жа-
засын өтеген, арнайы мекемеде болған) бозбала. 
Оның топта беделі басым, кей кезде топтың қалған 
қатысушылары одан қорқады және сотта олардың 
іс-әрекеті «басқарушы» таңдап алған ұстанымға 
байланысты болады. Осындай жағдайда жауап 
алудың кезектілігі ерекше мәнге ие болады. Егер 
«басқарушы» өз кінәсін мойындаса, жасалған 
қылмыстар туралы толық жауап берсе, қылмыстық 
топтағы өзінің жетекші рөлін жасырмаса, сірә, 
одан бірінші жауап алу дұрыс болар. Ал егер ол 
басқа жолды таңдаса: қылмыстарға бастамашы 
және ұйымдастырушы болғанын мойындамаса, 
қылмыстық әрекетке қатысқанын кемітсе немесе 
теріске шығарса, онда одан жауап алуды соңында 
жүргізген жөн. Мұндай жағдайларда сот топтың 
қалған немесе бірнеше мүшелерінен «басқарушы» 
жоқ кезде жауап ала алады. 
Қылмыстық топ құрамына тек кәмелетке 
толмағандар ғана емес, ересектер де кірген 
жағдайларда ерекше сақтық таныту қажет. Бұл 
ретте топтың ересек қатысушылары кім болып 
келетініне, олар мен кәмелетке толмағандардың 
арасындағы жас айырмашылығына, қылмыстық 
топтағы ересектердің рөліне және алдын ала 
тергеудегі олардың таңдап алған жүріс-тұрыс бет 
алысына талдау жасаған жөн. Біршама жағдайларда 
сот және осы жағдайда да ҚР ҚІК 493-бабында 
көрсетілген ережелерді, кәмелетке толмағаннан 
жауап алу кезінде ересек сыбайласты шығара 
тұруды, қолдануға құқылы. Мұндай қажеттілік, 
мысалы, жасөспірім ересектің қатысуы кезінде 
соңғының қылмыстық топтағы рөлі, оның азғыру 
әрекеті туралы және т.б. шын жауап бермеуі 
жайында мәліметтер болған жағдайда туындауы 
мүмкін. 
Сотқа тартылғандардың арасында бір емес бірнеше 
жасөспірім болған жағдайларда, жауап алу кезінде 
олардың әрқайсысының қылмыс жасағандағы 
рөлін анықтау қажет. Бұған сотталғандарға белгілі 
кезектілікпен қойылатын нақты ойластырылған 
сұрақтар жүйесі арқылы қол жеткізіледі. Мұндай 
жағдайларда қылмыстың жасалуынан бұрын болып 
өткен мән-жайларды (мысалы, қай жерде кездесті, 
не істеді, қалай және кімде қылмыс жасау туралы 
ой пайда болды, олардың әрқайсысы не істеп, не 
айтқаны және т.б.) анықтау ұсынылады. 
Егер алдын ала тергеу кезінде қандай да бір жоспар-
лар немесе сызбалар жасалса, мысалы, қылмысты 
жасаған кезде жеке қатысушылардың болған жерін 
белгілейтін, сотта жауап алу кезінде сол сызбаларды 
және жоспарларды қолдану ұсынылады. Бұл болған 
жағдайдың анық-қанығына жетуге, сондай-ақ 
қылмыстық топтың жеке қатысушыларының нақты 
қылмыстық әрекеттерін анықтауға көмектеседі. 
Кәмелетке толмаған баланың берген 
жауаптарын өзгертуі 
Кәмелетке толмаған бала алдын ала тергеуде бер-
ген жауаптарын сотта өзгерткен жағдайда, сот 
кәмелетке толмаған баланың өзге жауап беруінің 
себептерін және уәждерін толық анықтауы 
тиіс. Көпшілік жағдайларда жасөспірім тергеуші 
тергеуді жүргізу кезінде заңсыз әдістерді қолданды, 
соның нәтижесінде өзіне жалған кінә таққаны не-
месе басқа тұлғаларға жалған кінә таққаны туралы 
немесе тергеуші оны дұрыс түсінбеді, сол себепті 
жауап алуды қате жазып алды деп мәлімдейді. 
Мұндай мәлімдемелерді толық тексеріп, тергеуді 
жүргізудің заңсыз әдістері қашан және неде 
көрініс тапқанын, неліктен жасөспірім бұдан 
бұрын бұл мәселе бойынша шағыммен прокурорға 
немесе өзінің қорғаушысына бармағанын және т.б. 
анықтау қажет. 
Егер алдын ала тергеу кезінде дыбыс-бейнежазу-
лар қолданылса, сотталушының берген жауапта-
рын тексеру мақсатында сотта оларды тыңдау және 
қарап шығу қажет. 
Сотталушының берген жауаптарын өзгертуі, 
жиналған дәлелдемелер жүйесінде бұл тұлғаның 
берген жауаптары қандай мағынаға ие болуына 
байланысты, әртүрлі салдарға алып келуі мүмкін. 
Бір жағдайда сотталушының берген жауаптарын 
өзгертуі – оның кінәсінің дәлелдігіне ешқандай 
байланысты болмауы, екінші жағдайда – оларды 
жарамайтын дәлел деп тануға және дәлелдемелер 
қатарынан шығаруға негіз болуы мүмкін.
Куәлардан және жәбірленушілерден 
жауап алу; педагогтің рөлі 
Қарастырылып отырған санаттағы істер бойын-
ша кәмелетке толмағандар жиі қатысатындықтан, 
куәлерден және жәбірленушілерден жауап алудың 
өзіндік белгілі қыр-сыры болады. 
ҚР ҚІК 215-бабына сәйкес 14 жасқа дейiнгi 
куәлардан немесе жәбiрленушiден жауап алу 
кезінде, ал соттың қалауы бойынша 14 жастан 18 
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау