- Әрбір оқушы тапсырмалар жазылған парақ алады. Тапсырманы орындаған оқушы қолын көтереді. Мұғалім оқушыға өзін-өзі тексеру үшін дайын жауап үлгісін береді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс жауап үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, келесі тапсырманы орындауға кіріседі. Осылайша барлық тапсырмаларды орындап шығады.
- 1. “5” бағасы – бір қате немесе жұмыс қатесіз орындалса.
- 2. “4” бағасы – жұмыста 2(екі) не 3(үш) қате жіберілсе.
- 3. “3” бағасы – жұмыста 4-5(төрт-бес) қате жіберілсе.
- Қарт Қаратау жотасы –ежелгі адамдар мекені
- Ежелгі адамдардың мекен еткен аудандарының бірі – қарт қаратау жотасы арыс өзенінің жағасындағы кіші қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-ұсақты шақпақ тастардың табылуы соған айқын дәлел бола алады қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында жері кенге бай болғандықтан, қаратау жотасының халықтары еру температурасы төмен металдарды (қалайы, мыс) қорыту арқылы қоланы тұрмыста кең қолданған.
- Қарт Қаратау жотасы –ежелгі адамдар мекені
- Ежелгі адамдардың мекен еткен аудандарының бірі – қарт Қаратау жотасы. Арыс өзенінің жағасындағы кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-ұсақты шақпақ тастардың табылуы соған айқын дәлел бола алады.
- Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында жері кенге бай болғандықтан, Қаратау жотасының халықтары еру температурасы төмен металдарды (қалайы, мыс) қорыту арқылы қоланы тұрмыста кең қолданған.
- Бұйрықты және лепті сөйлемдерді табыңдар.
-
- Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! Қарағым, мына баланы риза қылшы! Сабыр біздің үйге келсінші. Қандай ақылды адам! Дәркембай, сенің екі жолдасың осы қойдың қасында болсын. Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң, шіркін! Құдай-ау! Ол бүгін келмеді-ау!
- Бұйрықты сөйлем: Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! Ел
- сенген сенімді ақта! Қарағым, мына баланы риза қылшы! Сабыр
- біздің үйге келсінші. Дәркембай, сенің екі жолдасың осы қойдың
- қасында болсын.
- Лепті сөйлем: Қандай ақылды адам! Мына көгалғабауырыңды
- төсеп жатсаң, шіркін! Құдай-ау! Ол бүгін келмеді-ау!
- Синтаксистік талдау жасаңдар.
- Тарихи мәні бар мол мұраны біреу домбырамен сүйемелдеді.
- Жай сөйлем.
- Жақты сөйлем.
- Жайылма сөйлем.
- Толымсыз сөйлем.
- -біреу сүйемелдеді – қиысу, интонация арқылы, етісті тіркес.
- -домбырамен сүйемелдеді – меңгеру, жалғау арқылы, етісті тіркес.
- -мұраны сүйемелдеді – меңгеру, жалғау арқылы, етісті тіркес.
- -мол мұраны – қабысу, орын тәртібі арқылы, есімді тіркес
- -мәні бар мұраны - қабысу, орын тәртібі арқылы, есімді тіркес
- -тарихи мәні - қабысу, орын тәртібі арқылы, есімді тіркес
- 1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсет.
- А) Жақты сөйлем Ә) Толымды сөйлем Б) Құрмалас сөйлем В) Сұраулы сөйлем
- 2. Сұраулы сөйлемді тап.
- А) Немене, бізді оқымайды деп пе едіңіз? Ә) Сен менен аулақ жүр.
- Б) Білімдіден шыққан сөз... В) Япыр-ау, қайда сол күндер!
- 3. Қазақ тілінде жай сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- А) 1 Ә) 2 Б) 3 В) 4
- 4. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- А) Сұрай айтылған сөйлем Ә) Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем
- Б) Қуану, ренжу мақсатында айтылған сөйлем В) Армадау мақсатында айтылған сөйлем
- 5. Бұйрықты сөйлемді тап.
- А) Сен болған шығарсың? Ә) Ауа райы суық. Б) Тіліңді тарт В) Қандай тамаша көл!
- 6. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.
- А) Ол кісі қайда тұрады? Ә) Неге үндемейсіз? Б) Әже, барамыз ба? В) Сен қашан дайын боласың?
- 7. Хабарлы сөйлемді тап.
- А) Ал, сосын Ә) Қайдағы жау? Б) Қане, отыр. В) Жел соғып тұр.
- 8. Сөйлеушінің тұрлі көңіл-күйін білдіретін жай сөйлемнің түрін ... дейміз.
- А) Хабарлы Ә) Лепті Б) Сұраулы В) Бұйрықты
- 9. Жай сөйлемді ажыратыңыз.
- А) Ауыл іші. Ә) Еліміздің рәміздерін құрметтеңдер! Б) Төбе шашы тік тұрды. В) Ел арасы
- 10. Лепті сөйлемнің жасалу жолдарын тап.
- А) Бұйрық рай арқылы Ә) Шартты райға –шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы
- Б) Шығар, болар шылаулары арқылы В) Етістік формалары арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |