Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі ақпараттандыру ТҰжырымдамасы



Дата13.11.2018
өлшемі88 Kb.
#19228




Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 4 маусымдағы
№ 194 өкімімен бекітілген


Қазақстан Республикасының
сот жүйесін


одан әрі ақпараттандыру

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………........3-бет
1. Ағымдағы ахуалды талдау……………………..….3-6-беттер
2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері……..6-7-беттер
3. Қазақстанның сот жүйесінде

ақпараттық технологиялардың қолданылуын

дамыту мен кеңейтудің негізгі бағыттары ..…..…8-10-беттер
Қорытынды……………………………….....………...11-бет

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі ақпараттындыру тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) республикадағы сот органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық, әдіснамалық және технологиялық принциптерін айқындайды және озық әлемдік стандарттарға бағдарланған сот ісін жүргізуді жаңғырту құралы болып табылады.

Республика соттарында электрондық өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне көшу сот органдары қызметінің бүкіл негізгі нысандарының өзгергенін білдіреді, өзара байланысатын құқық, әкімшілік, қаржылық және технологиялық мәселелердің тұтас кешенін шешуді талап етеді. Тұжырымдамада ақпараттық жүйелердің негізгі міндеттері (не талап етілетіні) және ақпараттық технологияларды басқару мәселелері (қалай жасалатыны) белгіленеді.

Қолданылып отырған ақпараттық технологияларды талдау нәтижелері ескеріліп, Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі ақпараттандыру, заманауи тетіктердің сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, электрондық үкіметтің, мүдделі мемлекеттік органдардың инфрақұрылымен кіріктіру бағыттары айқындалды.




1. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

Ақпараттық технологияларды дамытудың және олардың Қазақстан Республикасының сот жүйесінде қолданылуын одан әрі кеңейтудің негізгі бағыттары мынадай құжаттардың шеңберінде айқындалған:



  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
    16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
    24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы; 

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде сөйлеген сөзі (Астана қаласы,
2009 жылғы 18 қараша);

- «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 337-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің)


2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
Талдау көрсеткендей, бүгінгі күнге дейін ең айқын міндеттерді, ең алдымен сот органдарын техникалық құралдармен, байланыс арналарымен қамтамасыз ету, жергілікті есептеу желілерін ққру, құжат айналымы мен сот ісін жүргізудің ведомстволық ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін (бұдан әрі - БААТЖ) құру міндеттерін шеше алдық. Сот органдарының біртұтас ақпараттық кеңістігі қалыптасты. Түрлі мемлекеттік деректер қорымен сауалдар режимінде сот органдарының ақпараттық жүйесін кіріктіру шаралары орындалды.
БААТЖ функционалдық жағынан бірнеше топтарға бөлінетін кіші жүйелерге бөлінген:

  • коммуникациялардың базалық құралдары;

  • сот ісін жүргізуді автоматтандыру құралдары;

  • электрондық құжат айналымы жүйесі;

  • ақпараттық-анықтамалық жүйелер, ұжымдық қол жеткізудің деректер қоры;

  • Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың интернет-ресурстары (веб-сайттары).

Дегенмен, соттар жасаған Интернет-ресурстар, әдетте, жеке сот органының шеңберінде жұмыс жасайды. Ал бұл жұмыстардың қайталануына, шамадан артық бастапқы ақпараттың жиналуына, жүйені әзірлеу мен пайдалануға әкеп соқтырады. Жергілікті соттарда ақпараттық қызметтердің, ресурстар мен бағдарламалық өнімдердің, ақпараттық әлеуеттің дұрыс бөлінбеуі орын алған. Ұйымдарды, шаруашылық етуші субъектілерді және жекелеген азаматтарды ақпараттық қамтамасыз ету жақсартуды талап етеді.

Сот процестерін жүргізу кезінде аудио-, бейнетіркеу жабдықтарын қолдану перспективалары толық іске асырылмаған.

Соттың сот отырысы залында бейне-, дыбыс жазбаларын қолдануы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 257-бабымен, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 328-бабымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы» 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 және «Сотта азаматтық істерді қарау кезінде жариялылық принципін сақтау туралы»
2005 жылғы 28 қазандағы № 5 нормативтік қаулыларымен реттеледі.

Қазіргі кезде Жоғарғы, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарда 326 аудио-,бейне тіркеу жүйесінің жиынтығы орнатылған, соның ішінде:



  • 118 аудио-, бейнетіркеу жабдығының жиынтығы;

  • 208 аудиотіркеу жабдығының жиынтығы.

Сот отырысы залдарының аудио-, бейнетіркеу жабдықтарымен жарақтандырылуы әлі де жеткіліксіз екенін мойындауымыз керек. Республикадағы 1139 сот отырысы залының ішінде тек 29 %-нда сот процесін жазуға мүмкіндік бар.

Республика соттарының төрелігін жүзеге асыру қызметі туралы, қаралған істер бойынша қабылданған сот актілері туралы, соттарға келіп түсетін шағымдар мен арыздарды шешу нәтижелері және мерзімдері туралы және көптеген басқа да мәселелер бойынша ақпаратты сапалы әрі тез алуға деген қажеттілік Жоғарғы Соттың сот істері жөніндегі анықтамалық әзірлеп енгізуіне себеп болды. Соттардың қызметінде айқындылыққа қол жеткізуде ақпараттық-анықтамалық киоскілердің құрылуы маңызды бағыт болды.

Соттарда сот істерін қосқанда, кіріс хат-хабарларды автоматтандырылған есепке алу осы соттың судьялары арасында оларды автоматты түрде бөлуді енгізуге мүмкіндік берді. Жүйе істерді бөлу кезінде судьялардың жалпы жүктемесі, іс бойынша сот ісін жүргізу тілі, судьялардың мамандануы, судьялардың қорытуларды орындау, шолуларды жасауы, судьяның демалыста, іссапарда болуы, істердің күрделілігі сияқты бірқатар параметрлерді ескереді. Судьялар арасында істерді бөлудің технологиялық процесінің сақталуын тексеруге де болады.

БААТЖ жүйесіндегі компонеттердің көмегімен сот органдарында:



  • сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттардың жұмысын толық есепке алу;

  • сот жүйесінің әр түрлі деңгейінде арыздарды, істерді, шағымдарды қарау, сот актілерін жасау мен тапсыру мерзімдері және басқа да мәселелер бойынша сот кеңселері мен соттардың жұмысын бақылау;

  • бірінші сатыдағы судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасын есепке алу;

  • Республиканың бүкіл сот жүйесінде электрондық құжат айналымының толық циклін ұйымдастыру (құжатты дайындау, қолбелгі қою, жетілдіру, құжатқа қол қою, сот жүйесіндегі басқа органға жөнелту);

  • Республика соттары шығарған сот актілерін ҚР Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсы арқылы деректер қорына қолжетімділікті ұйымдастыру;

  • мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауда қағазсыз технологияға көшу сияқты міндеттер шешілуде.

Қолда бар техникалық мүмкіндіктердің негізінде бейнеконференцбайланысты пайдалану арқылы облыстық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қатысуымен кеңейтілген жалпы отырыстарды өткізу іске асты; 2010 жылдан бастап Интернет-технологиялар арқылы Жоғарғы Сот Төрағасының азаматтарды on-line қабылдауы өткізілуде.

Осылайша, бүгінгі күні электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізіп, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына ақпараттық көрсетілетін қызметтердің көп санын көрсете отырып, Республика сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі мен транспаренттілігін одан әрі арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалды.



2. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мемлекеттің стратегиялық бағдарына сәйкес, сот жүйесін одан әрі жаңғырту соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелілін жүзеге асыру заңдылығын азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсіпқойлығы мен бейтараптылығы, сот ісін жүргізуді жеңілдету және артық регламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізілетін болады. Реформалар қоғамның сот жүйесіне деген сенім білдіруінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және соттардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев судьялардың V съезінде сөйлеген сөзінде «Озық сот практикасы – бұл қазіргі заманғы сот процесінің базасына айналуы тиіс электрондық технологияға көше отырып, қағаз құжат айналымынан бас тарту», - деп атап өтті.

Құжаттармен дәстүрлі (қағаз) түрде жұмыс істеу қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктеріне, қоғамның қажеттіліктеріне сай келмейді. Қоғам мен мемлекеттілік қарқынмен дамып жатқан жағдайда сот органдарының қызметін автоматтандыру, сот рәсімдері мен бизнес-үдерістерін оңтайландыру және жеделдету талап етіледі, ақпаратты, соның ішінде мұрағаттық ақпаратты электрондық форматта және электрондық байланыс арналары боынша жедел іздестіру мен алуға қажеттілік өсуде.

Бағдарламалық іс-шаралар кешенін іске асыруда әлеуметтік-экономикалық қажеттілік мынадай факторлардан көрінеді:


  • соттар қызметінің тиімділігін, қолжетімділігі мен айқындылығын арттыру;

  • демократиялық дамудың маңызды бөлігі ретінде сот ақпаратын еркін және бірдей алу, тарату және пайдалану жүйесін құру;

  • сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыста қосымша мүмкіндіктерді ұсыну;

  • жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке деректердің құпиялығы менқорғау мәселелерін сақтау;

  • басқару шешімдерінің тиімді және үйлесімді болуы мақсатында мемлекеттік органдарды ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету;

  • құқықтық ақпараттың қолжетімді электрондық қоймаларын жасауды және пайдалануды қолдау есебінен құқықтық хабардар болу деңгейін арттыру;

  • сот ақпаратын пайдалану қарапайым әрі қолжетімді болуы үшін оны архивациялаудың жүйелі және анық критерийлерін қамтамасыз ету.

Осыған орай Тұжырымдаманың мақсаты ілгерінді ақпараттық технологияларды қолдану арқылы Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі мен айқындылығын арттыру үшін қажет іс-шараларды айқындау болып табылады.

Белгіленген мақсаттары іске асыру мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізеді:

1) хат-хабарларды, соның ішінде сот істерін электрондық өңдеу процестерін жетілдіру; сот тыңдалымдарын аудио-бейнетіркеу мүмкіндіктерін қолдану саласын кеңейту және тереңдету, бейнебайланысты пайдалану; сот қызметінің тиімділігін көтеруге бағытталған сот хабарлауларын, шақырулар мен басқа да сот құжаттарын электрондық форматта жеткізуді енгізу;

2) соттармен электрондық өзара іс-қимылдыңжаңа деңгейін қамтамасыз ету; бейнеконференцбайланыс арқылы тыңдауларға қатысу; электрондық ақпараттық киоскілер желісін кеңейту және сот төрелігінің қолжетімділігі деңгейін арттыратын басқа да шаралар;

3) пайдаланушылар үшін ыңғайлы ақпараттандырудың іздестіру жүйелерін, сот ақпараты қоймаларын жасау және жетілдіру; сот ісін жүргізу аясына тартылған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бір мезгілде сақтай отырып, сот шешімдерін жариялау; соттардың транспаренттілігін арттыру үшін электрондық үкімет инфрақұрылымымен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен кіріктіруді қамтамасыз ету.

Осы міндеттерді орындау үшін сот ісін жүргізуде ақпараттық технологиялардың қолданылуын кеңейту бағытында одан әрі дамыту, әлемдік озық тәжірибені ескеріп, инновациялық технологияларды пайдалану, соның ішінде электрондық сот меоделін (е-сотты) жасау, деректер қорын кіріктіру және құрылымдау процестерін тереңдету жоспарланып отыр.
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ДАМЫТУ МЕН КЕҢЕЙТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Ақпараттық технологияларды дамыту – мемлекеттік сектордағы терең өзгерістерге жасалатын тағы бір қадам. Оның түпкілікті мақсаты ауқымды да икемді деректер қоры, коммуникациялар жүйесі, шешімдерді талдау және қабылдау құралдары бар тұтас организм ретінде Қазақстан біртұтас ақпараттық кеңестікті құру болып табылады.

Ведомстволық ақпараттық жүйені (БААТЖ) дамыту қажеттігі бүгінгі таңда статикалық есепке алуды жүргізу технологиясына, сот практикасын сапалы талдау және қорытуды жүргізу үшін ақпаратты өңдеу уақытына, атап айтқанда, «электрондық үкімет» және құқық қорғау органдарының порталдарымен кіріктірудің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың жоғары болуымен негізделеді.

Деректермен қауіпсіз және тез алмасу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл сот органдарының бірыңғай Intranet желісін ұйымдастыру және тарататын жүйеден (соттардың 362 деректер қорынан) екі деңгейдегі ақпараттық архитектураға көшу ұсынылады.

Тұжырымдамада оларды іске асыру шаралары сипатталған кейбір техникалық модельдер келтірілген. Қазақстан Республикасының судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің қызметін ұйымдық және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру шеңберінде мынадай бағыттарды дамыту ұсынылады.

Ұзақ мерзімді перспективаға жоспарланып отырған ең маңызды модельдердің бірі – бұл Республика соттарында электрондық азаматтық істерді енгізу және оларды «е-сот» немесе «Электрондық сот төрелігі» деп аталатын жлектрондық сот ісін жүргізу тәртібімен қарау мүмкіндігі.

Талап арыздарды, сот отырысы хаттамаларына ескертулерді, сот отырысы хаттамаларын беру туралы арыздарды қабылдау бойныша сервистерді ұйымдастыру, БААТЖ-бен «электрондық үкімет» веб-порталын кіріктіру арқылы іске асатын электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сот құжаттарын процеске қатысушыларға жіберу Қазақстанда электрондық сот жүйесін дамытудағы алғашқы қадамдар болып табылады. Осы сервистерді құрудың негізгі мақсаты сот органдарының жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимылын сапалы жақсарту болып табылады. Сервистерді жобалау және іске асыру азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну құқығын іске асыру саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырудың маңызды құралы мен кепілдігі ретінде сәйкес келуге тиіс.

Соттарда стандарттың рәсмідерду автоматтандыруға, болашақта азаматтық сот ісін жүргізуде даусыз талаптарды шешу бойынша жеңілдетілген электрондық рәсімдерді енгізу қажеттігін қарастыруға мүмкіндік беретін электрондық сот моделін әзірлеу жоспарланып отыр.

Интернет-технологиялар мен бейнебайланыс жүйелерінің көмегімен сот төрағаларының азаматтарды жеке қабылдауын тұрақты өткізу практикасын дамыту қажет. Азаматтардың құқықтық танымын арттыру, сотқа деген құрметті қалыптастыру, халықты дер кезінде хабардар ету, пікір туғызатын істер мен өзекті мәселелер бойынша соттың ұстанымын түсіндіру мақсатында жергілікті соттардың Интернет-ресурстарында (веб-сайттарда) өзекті ақпараттың орналастырылуын қамтамасыз ету, тақырыптық бөлімдерді талқылау үшін барлық форумдарды ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге қағаздардың қайталануын барынша алып тастай отырып, БААТЖ негізінде жергілікті соттарды электрондық іс жүргізуге көшшіру жұмыстарын жалғастыру өзекті болып отыр.

Дер кезінде сот-құқықтық статистиканы қалыптастыру мемлекеттік міндет болып табылады. Статистикалық есептілік шеңберінде соттар ұсынатын деректердің дұрыс болуы Қазақстанның бүкіл сот және құқық қорғау жүйесінің жұмысын бағалауға тікелей әсер етеді. Сот-құқықтық статистиканы қалыптастыру ведомстволық ақпараттық жүйелерді кіріктіру мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құқықтық статистика жөніндегі уәкілетті органмен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.

Республика соттарын қазіргі заманғы техникалық жабдықтармен және бағдарламалық өнімдермен, атап айтқанда:



  • сот ісін жүргізуге қатысушыларды уақытында хабардар ету мақсатында электрондық хабарламалар тетіктерімен (электрондық почта, ұялы байланыс арқылы электрондық күн тәртібін жеткізу сияқты және басқалары);

  • бейнеконференциялар мен вебинарларды өткізуде кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бейнеконференцбайланыс жабдықтарымен;

  • анықтамалық жүйелерге қосылған электрондық ақпараттық киоскілермен (қолданыстағы Сот істері жөніндегі анықтамалықтың түрімен);

  • web-бағдарланған шешімдерге құрылған сот органдарының білім оқу порталдарын ұйымдастыру мүмкіндігімен қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, судьялар мен сот қызметкерлерін оқыту жүйелерімен;

  • сот органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың ауызша (телефонмен берілген) өтініштерін қабылдауға және өңдеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенмен;

  • сот және заңдық тұрғыдан маңызды құжаттардың электрондық көшірмелерін ұзақ уақыт сенімді сақтау және өзгертпеу үшін судьялар мен сот қызметкерлерінің құжаттардың мәтіндері мен сот отырыстарының аудио-бейне жазбаларына қол жеткізуін ұйымдастыра отырып, сот құжаттарын электрондық мұрағаттандыру жүйесімен;

  • сот отырысы залдарын куәні қорғауды жүзеге асыру үшін техникалық базиспен;

  • мультимедиялық техникамен мақсатты түрде қамтамасыз ету қажет.

Соттарды өазіргі заманғы өнімділігі жоғары техникамен және инфокоммуникациялық технологиялармен жарақтандыру деңгейін арттыру бағыты басымдық ретінде айқындалды. Ол біртұтас ақпараттық кеңістікті дамытуды, қолданыстағы байланыс арналарының жылдамдық сипатын ұлғайтуды, құрылған ақпараттық ресурстарды құрылымдауды қамтиды.

Осылайша, сот жүйесі органдарын жедел қарқынмен ақпараттандыру үшін негізгі шарттар ретінде мыналар айқындалды:



  1. бүкіл бағыт бойынша, соның ішінде сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану, электрондық бағдарламалық құралдарды жасау, оларды тіркеу және сертификаттау, жаңадан ашық және қашықтан басқару технологияларын дамыту, бизнес-үдерістерді ақпараттық-есептеуді қамтамасыз ету;

  2. біртұтас ақпараттық кеңістікті дамыту, құрылған ақпараттық ресурстарды құрылымдау, Қазақстан Республикасының соттарында ақпараттандыруды дамытудың нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-тұжырымдамалық базасын жетілдіру;

3) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін сот жүйесінің қызметі аясындағы ақпараттық көрсетілетін қызметтер саласын қалыптастыру, қызметкерлер мен ғылыми бөлімшелердің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

4) сот жүйесінде қолданылатын ақпараттық технолтгиялар мен одан арғы даму жоспарлары туралы халықты хабардар ету;

5) ақпараттандыру процесін дамытуға ықпал ететін жағдайларды қалыптастыру және қолдау, ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу;

6) пайдаланушылардың «ақпараттық» мәдениетін көтеру;



7) Қазақстан Республикасының сот жүйесінде ақпараттандыру процестерін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.
Тұжырымдаманы іске асыру сот органдары қызметінің барлық негізгі бағыттарын қозғайды. Сонымен бірге едәуір еңбек және материалдық шығындарды талап ететін күрделі процесс болып табылады. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану талап етіледі. Жоспарланып отырған іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін кешенді шешу қажет. Қабылданатын шаралардың нәтижелі болуына белгілі бір дәрежеде дәстүрлі көзқарасты қолдайтын кертартпа пайдаланушылардың ілгерінді технологияларды енгізуге қарсы болуы әсер етеді. Аталған факторлар қағидаттық құжатты орындау барысында ескерілуі тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инновациялық технологияларды кеңінен қолдану сот ісін жүргізуді жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады. Озық технологияларды қолдануға, халықаралық тәжірибені пайдалануға негізделген соттардың қызметін одан әрі автоматтандыру және ақпараттандыру, түпкілікті нәтижеде жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың тиімділігін арттыруға; мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге; қоғамның сот органдарының қызметіне қанағаттану, халықтың сотқа сенім білдіру деңгейінің өсуіне ықпал ететін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау