ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет79/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79

164
-   асырап алған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс 
деңгейімен қамтамасыз ететіндей табысым бар;
-   наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрған жоқпын.
Басқа сұрақтар келіп түскен жоқ. 
«№ __балалар үйі» ММ өкілі ______ сотқа: 
–  кәмелетке толмаған Анжела әлеуметтік мәртебесі бойынша тастанды бала болып табылатынын, 
Денсаулық сақтау басқармасының __ жылғы ______ күні ___ айындағы _ жолдамасы бойынша, ол 
_____қ. № _балалар үйіне жіберілгенін айтты. Анжела балалар үйінде болған кезде ата-анасы және 
басқа да туыстары жағынан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Республикалық орталықтандырылған 
есепке қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтарының асырап алуы үшін 
Анжелаға отбасын таңдау әрекеті нәтижесіз болып келді. Кәмелетке толмаған қыздың диагнозы мы-
надай: перинаталды энцифалопатия, жоғары нейро-рефлекторлы қозғыштық синдромы, 2-дәрежелі 
асқазан ішіндегі қанқұйылу. Бала____күні____ ай ___ жылдан бастап № ___ болып бала асырап алуға 
қатысты деректер банкінің Республикалық орталықтандырылған есебінде тұр. Ерлі-зайыпты Грей 
Смит пен Эмили Смит төрт апта бойы күн сайын балаға келіп тұрды, Анжела олармен қуана-қуана 
сөйлеседі. Өтініш берушілер баланың денсаулығы жайлы толық ақпарат алды. Кәмелетке толмаған 
Анжеланы ерлі -зайыпты Грей Смит пен Эмили Смиттің асырап алуы баланың мүддесіне сай келеді 
деп есептеймін, сондықтан өтініш берушілерге Балалар үйі әкімшілігі 16 мамыр 2010 жылы дүниеге 
келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап алуға келісім береді. 
Прокурор _______________ сұрағына:
-   мен қыздың өтінішінде ата-ана құқығынан бас тарқаны туралы көрсетілген биологиялық анасының ме-
кен-жайына комиссия құрамында бірге бардым, онда қыздың анасы Анжелаға қатысты өз құқығынан 
бас тартатынын растап, оны өтініш берушілердің асырап алуына келісім берді.
Төрағалық етушінің сұрақтарына: 
-   иә, мен баланы өтініш берушілерге сеніп тапсыруға болады деп ойлаймын, олар келіп жүргенде, ара-
ларында жақсы қарым-қатынас орнады. 
Басқа сұрақтар келіп түскен жоқ.
Қамқорлық немесе қорғаушылық қызметін жүзеге асыратын орган өкілі сотқа: ____ қ. __________ 
аудандық білім беру бөлімі №__ балалар үйінің тәрбиеленушісі, 2010 жылы 16 мамырда дүниеге кел-
ген Иванова Анжела Константиновнаны Канада, _____________мекен-жайы бойынша тұратын Кана-
да елінің азаматтары ерлі-зайыпты Смиттің асырап алуына қатысты құжатты қарастырғанын көрсетті. 
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алғысы келетін жоғарыда 
көрсетілген азаматтардың құжаттары Қазақстан Республикасының елшілігінде Канаданың ______қ, 
№ ____болып тіркелген. Берілген құжаттарды зерттеу барысында, бізге мыналар белгілі болды: Грей 
Смит Канадада, _______қаласында 1976 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген, заңгер, жеке адвокаттық 
тәжірибесі бар. Эмили Смит Канадада, _______қаласында 1978 жылы 18 наурызда дүниеге келген, 
«__________» нотариалдық кеңседе заңгер болып жұмыс жасайды. Отбасының жылдық табысы – 
180000 АҚШ доллары. 2003 жылдың 19 наурызынан бастап заңды некеде тұрады. 2005 жылы туылған 
биологиялық Пол атты ұлдары бар. Өз отбасыларын үлкейткісі келеді, бірақ медициналық көрсеткіштер 
бойынша енді биологиялық балалары бола алмайды, соған байланысты бала асырап алуға шешім 
қабылдаған. Отбасының үйі 3 жатын, 3 жуынатын бөлмеден, сонымен қатар ас және қонақ бөлмесінен 
тұрады. Балаға жеке бөлме дайындалуда. Бақ және ойын алаңы бар. Жылжымайтын мүліктері өте 
жақсы жағдайда және тазалық стандартына сай келеді. Барлық жоғарыда көрсетілген ақпараттар қажетті 
құжаттармен бекітілген және өтініш берушілердің медициналық қорытындысы, толық өмірбаяны, 
агенттіктің кепілдемесі бар. _______қ. № __ балалар үйінің берген құжаттары бойынша Иванова Анжела 
Константиновна 2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген. Баладан бас тартқан. «Қалалық перинаталдық 
орталық» МКҚК-да оның анасы қызына қатысты ата-ана құқығынан бас тартқан. Балаға аты-жөнін 
қалалық перинаталдық орталық комиссиясы берген. Қыздың әкесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отба-
сы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес 
жазылған. _____ қ. Ішкі істер департаменті мекенжай бюросының деректері бойынша, баланың анасы 
_____ қ. мекен-жайы бойынша тіркелмеген. Комиссия берілген мекен-жай бойынша барып, қыздың 
анасы сол мекен-жайда тұратынын анықтады және ол 2010 жылы 16 мамырда «Қалалық перинаталдық 
орталық» МКК-де қыз бала туғанын айтып, оған қатысты ата-ана құқығынан бас тартқанын растады. 
Сонымен қатар баланың анасы Балалар үйінен қызын алып кетуді қаламайтынын, баланың туған кезінен 
ҚОСЫМША 


165
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
бері оның баладан бас тарту туралы шешімі өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді. 2011 жылы 29 қаңтар күні 
ол қызы Анжелаға қатысты ата-ана құқығынан екінші рет бас тартты және оны асырап алуға қатысты 
өз келісімін берді, сондай-ақ ол нотариалды бекітілген өтінішпен расталды. Сот алдында кәмелетке 
толмаған Анжеланың мүддесіне қатысты баланы асырап алу мәселесін шешуді өтінемін. 
Төрағалық етушінің сұрағына:
-   иә, бізге келіп түскен барлық құжаттарды толығымен зерттедік және өтініш берушілер балаға лайықты 
ата-ана болатынына көзіміз жетті; 
-   мен, қамқорлық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын мекеме қорытындысын ұсынамын, 
оны істің құжаттарына қосып тіркеуіңізді сұраймын. 
Басқа сұрақтар жоқ. 
Төрағалық етуші қамқорлық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын орган мүшесі ұсынған 
құжаттарды материалдарға қосып тіркеу жөнінде тараптардың пікірлерін айқындады. 
Төрағалық етушінің сұрағына: 
Прокурор __________________: қарсылығым жоқ.
Өтініш беруші ______________: қарсылығым жоқ.
Өтініш беруші ______________: қарсылығым жоқ.
«№ __ қалалық балалар үйі» ММ өкілі ___________: қарсылығым жоқ.
Төрағалық етуші тараптардың пікірлерін тыңдап, қамқорлық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асы-
ратын орган қорытындысын материалдарға қосып тіркеуді анықтады.
Қазақстан Республикасы АІК 198-бабына сәйкес, төрағалық етуші іс бойынша жазбаша дәлелдерді зерт-
теуге көшеді. 
Жария етіледі: тууы туралы куәліктің көшірмесі, ата-ана құқығынан бас тартқаны туралы өтініштің 
көшірмесі, биологиялық анасының жеке куәлігінің көшірмесі, тууы туралы анықтаманың көшірмесі, бала 
сауалнамасының көшірмесі, аты-жөнін қою туралы актінің көшірмесі, ішкі актінің көшірмесі, баланы № 
_ балалар үйіне жіберген жолдаманың көшірмесі, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, мекен-жай 
анықтамасы, асырап алушылардың балаларға кездесуге келуін бақылау журналының көшірмесі, баланың 
республикалық орталықтандырылған деректер банкінде есепте тұрғандығы жөніндегі анықтама, сенімхат, 
фотосуреттер, консулдық анықтама, білім беру бөліміне жолдама, таңдау рәсіміне № __балалар үйіне 
өтініш берушілердің жолдамасы, өтініш берушілердің төлқұжаттарының көшірмесі, бала асырап алу үшін 
жеке іс парағы, комиссияның Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға 
беруге қатысты рұқсат беру мүмкіндігінің туралы қорытындысы, ________ ауданы білім беру бөлімінің 
баланы асырап алуға рұқсаты, _______қ. _____ауданы қамқорлық және қорғаншылық функциясын жүзеге 
асыратын органның қорытындысы, өтініш берушілердің жұмыс орнынан соттылығы, денсаулығының 
жай-күйі туралы жаңартылған анықтама, жөніндегі жаңа анықтамалар, шетелге шыққаны бойынша 
актілер, нотариалды куәландырылған өтініш, тууы туралы ак жазбаларының, сенімхаттың көшірмесі.
Жария етілген материалдарға қатысты сұрақтар жоқ. 
Қазақстан Республикасының АІК 210-бабына сәйкес, төрағалық етуші процеске қатысушылардан 
өтініштердің бар-жоғын анықтайды. 
Өтініштер түскен жоқ.
Төрағалық етуші істің зерттелуін аяқталған деп жариялады. 
Сот соттық жарыссөзге көшеді.
Өтініш беруші Грей Смит сот кезіндегі жарыссөзде: Құрметті сот! Мен баланы асырап алу жөніндегі 
өтінішімізді қабылдап, баланың тууы туралы акт жазбасына өзгерістер енгізіп, баланың тегін «Смит», 
атын «АнжелаЛэйс», әкесінің атын алып тастап, туған күні мен туған жерін өзгеріссіз қалдырып, «әкесі» 
деген бағанға «Грей Смит», ал анасы деген бағанға «Эмили Смит» деп жазуыңызды сұраймын.
Өтініш беруші Эмили Смит сот кезіндегі жарыссөзде: Құрметті сот! Мен де баланы асырап алу туралы 
өтінішімізді қабылдап, баланың тууы туралы акт жазбасына өзгерістер енгізіп, баланың тегін «Смит», 
атын «АнжелаЛэйс», әкесінің атын алып тастап, туған күні мен туған жерін өзгеріссіз қалдырып, «әкесі» 
деген бағанға «Грей Смит», ал анасы деген бағанға «Эмили Смит» деп жазуыңызды сұраймын.


166
«№ __ қалалық балалар үйі» ММ өкілі ____________ соттағы жарыссөзде: Құрметті сот! Кәмелетке 
толмаған Анжеланың мүддесі үшін оны асырап алу туралы өтінішті қабылдауыңызды сұраймын.
Қамқорлық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын мекеме өкілі ______________соттағы 
жарыссөзде: Құрметті сот және процеске қатысушылар! Мен де кәмелетке толмаған Анжеланың мүддесі 
үшін сотты Канада азаматтары Грей Смит пен Эмили Смитпен оны асырап алу туралы өтініштерін 
қабылдауын сұраймын. 
Сот жарыссөзі аяқталды. 
Репликалар жоқ.
Төрағалық етуші прокурор _________қорытынды жасауды ұсынады. 
Прокурор _________ өз қорытындысында: 
Құрметті сот және процеске қатысушылар! Канада азаматтары Грей Смит пен Эмили Смит 2010 жылы 
16 мамыр күні дүниеге келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап алу туралы өтінішімен 
сотқа жүгінген болатын. Азаматтық іс материалдарын зерттеп, өтініш берушілерді, Балалар үйінің және 
қамқорлық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын мекеме өкілдерін тыңдап, кәмелетке толмаған 
баланың мүддесін есепке ала отырып, берілген өтініш қанағаттандыруға жатады деп ұйғарамын.
2012 жылы 20 қазан күні сағат 11:30-да төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетеді.
2012 жылы 20 қазан күні сағат 11:40 төрағалық етуші кеңесу бөлмесінен оралып, шешімін жария етеді және 
оған қатысты шағым берудің, сонымен қатар сот отырысының хаттамасы мен оған қатысты ескертпелерді 
таныстыру уақытын және кезеңін түсіндіреді. 
Қазақстан Республикасының АІК 236-бабына сәйкес, төрағалық етуші сот шешімінің орындалу мензімі 
мен тәртібін түсіндіреді. Сонымен қатар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Қазақстан 
Республикасы Кодексі 86-бабының 4-тармағына сәйкес төрағалық етуші бала асырап алушы шетел 
азаматтарының бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейінгі міндеттерін түсіндіріп, 
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдарына асы-
рап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есеп ұсынуы тиіс екенін 
түсіндіреді.
2012 жылы 20 қазан күні сағат 11:45-те сот отырысы жабық деп жарияланды. 
Төрағалық етуші:_______________
Сот отырысының хатшысы: _______________
Сот отырысының хаттамасы 2012 жылы 20 қазан күні «Acer» компьютерінде басылып, бір дана етіп дай-
ындалды.
Сот отырысының хатшысы: _______________
ҚОСЫМША 


167
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
1-мысал
1997 жылы туған кәмелетке толмаған К., 
өзіне сенімсіз, қатарластарымен және от-
басы мүшелерімен қарым-қатынас жасауда 
қиыншылықтарды сезінеді, көбінесе анасымен 
және апасымен сөйлеседі. Қатарластары тарапы-
нан жасалатын қысымға оңай көнеді, бұны оның 
үшінші тұлғаның ықпалына беріліп, топ болып 
құқықбұзушылық жасаған іс-әрекеті дәлелдейді. 
Әлеуметтік тексеру актісінің қорытындысы 
көрсеткендей, ол «шартты» толық (ол анасы, апа-
сы, ағасы және өгей әкесімен бірге тұрады), бірақ 
қалыпты отбасында тәрбиеленді. 
Мамандар К.-нің тұлғалық ерекшеліктерін есеп-
ке ала отырып, оны дамытуға жағдай жасау және 
жетілдіру бойынша жеке бағдарлама дайындаған 
кезде, мынадай мәселелер қойылды: 1) тұлғаның 
әлеуметтік белсенділігін және жинақылығын 
қалыптастыру; 2) тұлғаның коммуникативтілік 
және көшбасшылық қасиетін қалыптастыру; 
3) тұлғаның мақсаткерлік және мақсатқа 
бағыттылық қасиетін қалыптастыру; 4) өзіне 
сенімін тәрбиелеу.
Тұлғаның әлеуметтік белсенділігін және 
жинақылығын қалыптастыру міндетін шешу 
үшін «Толқын» БЖСМ-дегі спорт секциялары пай-
даланылды. Еңбекпен емдеу ретінде жасөспірім 
өгей әкесі жұмыс жасайтын жиһаз жасайтын цехқа 
жұмысқа орналастырылды. Бұл орайда мынадай екі 
мәселе шешілді: еңбек және коммуникативтілік 
дағдыларын қалыптастыру. 
Сонымен қатар, мамандар оның отбасымен 
кешенді жұмыс жүргізуді жоспарлады. 
Қазіргі кезде К. Астана қаласының мектептерінің 
бірінде білім алады. Жақсы оқиды, мектеп және 
ата-анасы тарапынан ешқандай ескертулер мен 
сөгістері жоқ. Спорт секцияларына қатысып жүр, 
болашақта орта техникалық білім алуды жоспар-
лайды. 
Жақында К.-нің анасы жұмысқа шықты, 
сондықтан ол бірлестікке жиі келе алмайды және 
бос уақытында кішкентай інісіне қарап, уақытын 
үйде өткізеді. К. және оның анасы телефон арқылы 
үнемі хабарласып тұрады.
2-мысал
1995 жылы туған Е. қарым-қатынас жасауда 
сәл тұйықтау, сабырлы. Әлеуметтік тексе-
ру актісінің нәтижесінен ол толық емес отба-
сында тәрбиеленіп жатқаны анықталды, оның 
ата-анасы 2001 жылы ажырасқан. Тұрмыстық 
және материалдық қиындықтарды көріп келеді, 
әкесімен анда-санда көрісіп тұрады. 
Әлеуметтік белсенділік пен жинақылық мәселесін 
шешу үшін еңбекпен емдеу әдісі қолданылды. Кани-
кул кезінде анасына көмектеседі. 
Заңгермен баланың құқығын қорғау жөнінде әңгіме 
жүргізілді.
Қауіпсіз мінез-құлық бойынша жеке кеңес 
өткізілді, онда әдетегіден тыс және экстремаль-
ды жағдайларды шешу үшін қандай дағдылар мен 
біліктің қажет екені, айналадағылардың жағымсыз 
ықпалына қалай тойтарыс беру қажеттігі, өз 
ойыңды қалай жеткізе білу керек және даулы 
жағдайларды қалай шешу қажеттігі талқыланды.
Кәсіптік бейімдеу бойынша консультация 
жүргізілді, өйткені жасөспірім оқығысы келмеді. 
Отбасына қандай оқу орындарында оқу тегін 
берілетіндігі жөнінде ақпарат берілді. Сонымен 
қатар оқуға тапсырған кезде емтиханға дайында-
луда көмек ұсынылды. 
Қазіргі кезде Е. Астана қаласында колледжде 
оқиды. Ұстаздардың пікірі мен ата-анасымен 
әңгіме кезінде жасөспірімнің жақсы оқитыны, 
ешқандай ескерту мен сөгіс алмағаны анықталды. 
Осы уақытқа дейін Е.-мен тұрақты түрде байла-
нысып тұрамыз.
3-мысал
1994 жылы туған С. сабырлы, ақкөңіл, өзіне 
сенімсіз, қарым-қатынас жасаған кезде үнемі ашы-
ла бермейді. 
Әлеуметтік тексеру актісінің нәтижесі бой-
ынша, ол толық емес отбасында тәрбиеленеді, 
тұрмыстық және материалдық қиындықтарды 
көріп келеді. Ата-анасы 2007 жылы ажырасқан. 
Әкесі балаларының тәрбиесіне белсенді түрде 
қатысады. 
4-Қосымша 
әлеуметтік-педагогикалық қызметкерлердің тәжірибесінен 
алынған заңмен қайшылықтағы балалармен жүргізілген 
жұмыс мысалдары


168
Жеке даму бағдарламасын іске асыру, қауіпсіз 
мінез-құлық бойынша консультациялар беру, оның 
отбасымен және айналасындағы жақын адам-
дарымен жұмыс жүргізу нәтижесінде оңалту-
профилактикалық жұмыстарының нәтижесі 
нығая түсті. 2012 жылы С. «наубайшы – конди-
тер» мамандығы бойынша диплом алды. Қазіргі 
уақытта жұмыс жасайды. Болашақта колледжге 
түсіп, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы 
бойынша білім алуды жоспарлайды.
ҚОСЫМША 



Балаларға қатысты әділсотқа
 байланысты БҰҰ ұстанымы
Балаларға қатысты әділсотқа 
байланысты БҰҰ ұстанымының 
мақсаты БҰҰ Бала құқықтары туралы 
конвенциясы анықтаған балалардың 
он сегіз жасқа толмаған барлық 
адамдар секілді ең жақсы қызметтерді 
пайдаланып, әділсот жүйесімен, сондай-ақ 
қауіпсіздік және әлеуметтік қамтамасыз 
ету секторларымен қорғалуын 
қамтамасыз ету болып табылады.
Балаларға қатысты әділсотқа 
байланысты БҰҰ ұстанымының жетекші 
қағидаттары: 
1. Балалардың басым мүдделеріне бірінші 
кезекте маңыз берілуін қамтамасыз ету
2. Қандай да бір кемсітушілік түрлерінен 
азат әрбір балаға әділ және тең қарау 
кепілдігі
3. Баланың өз көзқарасын еркін білдіу 
және тыңдалу құқығына жәрдемдесу
4. Әр баланы қиянаттан (ұрып-соғудан), 
қанаудан және зорлық-зомбылықтан 
қорғау
5. Әр балаға құрметпен және 
жанашырлықпен қарау
6. Барлық процестерде құқықтық  
кепілдіктер мен құқықтық қорғау 
шараларын сақтау
7. Кәмелетке толмағандардың істері 
бойынша кез келген әділсот саясатының 
маңызды элементі  ретінде  заңмен 
қайшылықта болуды болдырмау 
8. Балаларды бас бостандығынан айыру 
жазасын  ең соңғы шара ретінде  немесе 
тиісті кезең ішінде мейлінше қысқа 
уақытқа ғана қолдану
9. Балалық мәселелерін заңның 
ұлықтығымен байланысты барлық  іс-
шараларда кеңінен қолдану

жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау