117
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 23
қарашадағы № 354-ІУ «Балалар құқығын қорғауды
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» Заңы бой-
ынша Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13
шілдедегі №411 Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан
әрі – ҚР АІК) 33-1 «Кәмелетке толмағандарды ар-
найы білім беру ұйымдарына немесе ерекше ұстау
режимі бар ұйымдарға жіберу туралы істерін
жүргізу» тарауымен толықтырылды. Сонымен бірге
ҚР ҚК-не сәйкес кәмелетке толмағандарды ерек-
ше ұстау режимі бар білім беру ұйымына жіберу
тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлік шарасы бо-
лып табылады. Осыған байланысты қарастырылып
отырған мәселе осы тарауда келтіріледі.
Балаларды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу
төтенше шара болып табылады, оны соттар
мұндай мекемелерге жіберілетін қауіп-қатер то-
бында тұрған балаларға тәрбиелік ықпал етудің
баламалы түрлерін қолдану мүмкіндігі болмаған
кезде ғана қолданады. Сонымен қатар БҰҰ-ның
Балалар құқығы жөніндегі комитеті балалардың
қаңғыбастық, мектепке барудан бас тарту неме-
се үйден қашу секілді тәртіптік мәселелерімен
жұмыс істеуді ата-аналарға және/немесе асырау
мәселелерімен айналысатын өзге тұлғаларға тиімді
қолдау көрсетуді қоса алғанда, балаларды қорғау
жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай тәртіп
болуының алғашқы себептерін жоюға бағытталған
шаралар негізінде құру қажет дейді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9
шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасында
құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың
қадағалаусыз қалуын және панасыздығын болдырмау
туралы» Заңының (бұдан әрі – Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тура-
лы заң) 13-бабының 8-1 тармағына сәйкес кәмелетке
толмаған тұлғаны арнайы білім беру ұйымдарына
жіберу тәртібін Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексі айқындайды.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықтардың алын алу туралы Заңның 14-
бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген,
2-бөлім.
кәмелетке толмағандарды арнайы
білім беру ұйымдарына немесе
айрықша режимде ұстайтын
білім беру ұйымдарына жіберу
БҰҰ-ның Балалар құқығы жөніндегі комитеті.
№ 10 (2007) жалпы сипаттағы ескерту:
Кәмелетке толмағандарға қатысты сот
төрелігін қолдану шеңберіндегі балалардың
құқығы, 2007 ж.
Әдетте қылмыстық кодекстерде көбінесе
психологиялық немесе әлеуметтік-
экономикалық мәселелердің нәтижесі болып
табылатын қаңғыбастық, мектепке барудан
бас тарту, үйден қашу және өзге де актілер
секілді балалардың тәртіптік проблемалары
үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейлін
ережелер жиі болады.Мұндай қылмыстардан
зиян шегушілер қыз балалар мен үйі жоқ ба-
лалар екені ерекше алаңдаушылық туғызады.
Мәртебелік құқық бұзушылық ретінде та-
ныс бұл актілерді кәмелетке толмағандар
жасаса, құқық бұзушылық болып табыл-
майды.Комитет қатысушы мемлекеттерге
заң шеңберінде балалардың және кәмелетке
толғандар үшін бірдей қарауды қамтамасыз
ету үшін мәртебелік құқық бұзушылық ту-
ралы ережені алып тастауды ұсынады. Бұл
мәнмәтінде Комитет Эр-Рияд жетекшілік
қағидасының 56-бабына сілтеме жасайды, онда
былай делінген: «Жас жеткіншектердің одан
кейінгі абыройын түсіру, виктимизация және
қылмыстандыру құқық бұзушылық ретінде
қарастырылмайтын және жазалауды талап
етпейтін әрекеттерді үлкендер жасаған кез-
де, олар жас жеткіншектер жасағанда құқық
бұзушылық ретінде қатарыстырылмауы тиіс
және жазалауды талап етпеуі тиіс дегенді
қарастыратын заңнама қабылдау қажет».
9. Сонымен қатар қаңғыбастық, мектеп-
ке барудан бас тарту немесе үйден қашу
секілді тәртіптік проблемалармен жұмыс
істеуді ата-аналарға және/немесе асырау
мәселелерімен айналысатын өзге тұлғаларға
тиімді қолдау көрсетуді қоса алғанда, бала-
ларды қорғау жөніндегі шаралар, сондай-ақ
мұндай тәртіп болуының алғашқы себептерін
жоюға бағытталған шаралар негізінде құру
қажет.