ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет54/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79

111
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жау-
ап алу кезінде педагог шақыртылады. Қажет болған 
жағдайда сотқа кәмелетке толмаған куәнің неме-
се жәбірленушінің заңды өкілдері шақырылуы 
мүмкін. 
Бұл жағдайларда педагогті, заңды өкілді 
шақырудың мақсаты жауап алынатын кәмелетке 
толмағандармен психологиялық байланыс орнату, 
олардан толық және объективті жауап алу, сондай-
ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Бұл жағдайда ҚР ҚІК 84-бабына сәйкес педагог іс 
жүргізуде маман мәртебесіне ие болады. 
Жас балалардан (14 жасқа дейінгі) жауап алу кезінде 
педагог ретінде мектепке дейінгі мекемелердің 
тәрбиешілері, орта мектеп мұғалімдері қатысады. 
Көрсетілген тұлғалар төрағалық етушінің 
рұқсатымен кәмелетке толмаған куәға сұрақтар қоя 
алады. Соттың істі қарауына педагогтің қатысуы 
кәмелетке толмаған куә немесе жәбірленуші үшін 
үйреншікті емес сот жағдайын жеңілдетеді, оның 
ашылып сөйлеуіне және шындықты жасырмай ай-
туына мүмкіндік береді. 
ҚР ҚІК 493-бабының талаптарына сәйкес, 
кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден 
жауап алу, шындыққа жету мақсатында, сот 
қаулысы бойынша сотталушының қатысуынсыз 
өткізілуі мүмкін. 
Кәмелетке толмаған куәлар немесе жәбірленушілер 
тұйықталып, сотталушы жайында шындықты 
айтуға қорыққан жағдайларда (мысалы, жыныстық 
қылмыс істері бойынша, кәмелетке толмағандарды 
қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы әрекетке 
тартуы туралы) сот бұл құқықты қолдана алады. 
Сотқа куә ретінде сотталушымен бірге қылмыс 
жасаған, бірақ оларға қатысты іс тоқтатылған және 
тәртіптік немесе қоғамдық әсер ету сипатындағы 
шаралар қолданылған жасөспірімдер жиі 
шақырылатына назар аудару қажет. Қылмыстың 
сипаты және оның себептері туралы; қылмыстық 
топтың әр қатысушысының рөлі туралы бұл 
куәлар әлдекімге қарағанда көбірек ақпараттанған. 
Сол себепті олардан жауап алу өте нәтижелі болуы 
мүмкін. 
Кәмелетке толмаған куәлардың немесе 
жәбірленушілердің жауаптары қылмыстық іс бой-
ынша ерекше маңызды рөлге ие болғанда, сотқа 
нақты тұлғадан жауап алу әдістерінің ерекшеліктері 
туралы психологтан алдын ала кеңес алу қажет. 
Сот психологиялық сараптаманың нәтижелері 
елеулі мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай сарапта-
маны белгілеген кезде куәнің, жәбірленушінің 
белгілі мән-жайларды дұрыс қабылдау қабілеті 
және олар жайлы дұрыс жауап беруі, жастық не-
месе тұлғаның жеке бас ерекшеліктері айтылған 
нақты мәліметтердің шынайылығына жойылмай-
тын күмән тудыруы мумкіндігін анықтау үшін 
тәптіштеу қажет. 
16 жасқа дейiнгi куәлар мен жәбiрленушiлерге 
айғақ беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу 
жалған айғақ бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы 
ескертiлмейдi. Оларға тек шындықты ғана айтудың 
қажет екені, сондай-ақ өздеріне немесе жақын туы-
старына қарсы айғақтар беруден бас тарту құқығы 
атап көрсетіледі (ҚР ҚІЖК 27-б.). 
Кәмелетке толмаған баланың 
тұрмыс жағдайын және тәрбиесін 
анықтау 
Кәмелетке толмаған баланы қылмыстық 
жауапкершілікке тарту және оған жаза тағайындау 
туралы мәселені дұрыс шешу үшін ҚР ҚІК 117- 
бабында көзделген мән-жайлардан басқа, сондай-
ақ ҚР КІК 481- бабында көзделген мән-жайларды 
анықтау елеулі мәнге ие болады. 
Кәмелетке толмаған баланың тұрмыс жағдайын 
және тәрбиесін анықтағанда сот мына мәселелерді 
анықтауы тиіс: 
а) 
отбасында жасөспірімді тәрбиелеумен 
кім айналысты, оның көзқарастарының және 
бейімділіктерінің қалыптасуына отбасының әсері 
қандай; ата-анасы қай жерде және кім болып жұмыс 
істейді; олардың арасындағы қарым-қатынас 
қандай, олар некеде тіркелген бе, бірге өмір сүре ме; 
олардың моральдық бейнесі, білім және мәдениет 
дәрежелері; отбасының материалдық және тұрғын 
үй жағдайлары; отбасында басқа балалар бар ма, от-
басында ішімдікке немесе нашақорлыққа салынған 
және бұдан бұрын сотталған мүшелер бар ма; 
жасөспірімнің мектептен кетуіне, жұмысын таста-
уына оның отбасы қалай жауап қайтарғаны. 
Атап өтілген мән-жайларды анықтау қажет, себебі 
жасөспірімнің дүниеге көзқарасы, оның мінез-
құлқы, өмірлік қағидаттары, ұжымға, еңбекке, 
қарама-қарсы жынысқа көзқарасы отбасында 
қалыптасады. Отбасы жағдайында бала ең алғаш 
мораль жайында түсінік алады, ол ересектердің 
әрекетіне қарайды, жас ерекшеліктеріне байланы-
сты айналадағылардың әрекетіне сынмен қарай 
алмағандықтан, кей кезде оларды ойланбастан 
қайталайды. Жасөспірім кінәсінің дәрежесін 
анықтағанда осы мән-жайлардың барлығын ескеру 
қажет. 
б) 
жасөспірім қандай білім мекемесінде 
оқиды; оның үлгерімі және тәртібі қандай; сынып-
тарда қайта қалды ма; қоғамдық өмірге қатысады 
ма, қатысса ол неден көрініс табады; оның достары 
кім. 


112
Егер жасөспірім оқуды тастаса, оның не себепті 
және қашан тастағанын; оның білім мекемесінен 
кетуіне педагогтік ұжым қалай жауап қайтарғанын; 
жасөспірімді білім мекемесіне қайтару үшін қандай 
шаралар жасалғанын анықтаған жөн.
Егер кәмелетке толмаған бала жұмыс істесе, ол 
қай жерде және кім ретінде жұмыс істейтінін; 
таңдаған мамандығы оған ұнайды ма; оның табысы 
қандай; жұмыстағы тәртібі қандай; ол бағынатын 
тұлғалардың оған көзқарасы; сол тұлғалардың 
моральдық қасиеттері қандай; ол кешкі мектеп-
те оқиды ма; оның оқудағы жетістіктері қандай; 
бұдан бұрын қандай да бір жерде жұмыс істеді ме; 
жұмыстан кету себептері; жалпы жұмыс тәжірибесі 
қандай; қоғамдық өмірге қатысуы анықталады. 
Кәмелетке толмағандардың оқуы неме-
се жұмысымен байланысты анықталуға жа-
татын мәселелер тізімінің көлемділігі, оқу 
мекемесі, ал кейін жұмыс орны балалардың және 
жасөспірімдердің отбасында алған тәрбиесін 
жалғастыруы тиістілігімен түсіндіріледі. Тәрбие 
жұмыстарын дұрыс жүргізгенде, жастардың оқуын, 
еңбегін және бос уақытын дұрыс ұйымдастырғанда 
бозбалалар мен бойжеткендердің қоғамның 
толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуы аяқталады. 
Жасөспірім оқитын немесе жұмыс істейтін 
оқу мекемесіндегі немесе жұмыс орнындағы 
жағдайларды анықтай келе, сот барлық мән-
жайларды талдауы және қандай себептерден 
қылмыс болды, оны жасауға қандай жағдайлар 
итермеледі деген сұрақтарға жауап беруге тыры-
суы тиіс.
в) жасөспірім бос уақытын қалай өткізеді: кино, 
театр, клуб, дискотекаға барады ма; кітап оқиды ма, 
не оқиды; спортпен айналысады ма; әуесқойлығы, 
достары бар ма, олар кім және жасөспірімге қалай 
әсер етеді; жасөспірім спирттік ішімдіктерді ішеді 
ме, қашаннан бері және қандай жиілікте, қандай 
көлемде, есірткі құралдарын және психотроптық 
заттарды қолданады ма, бұл құралдар мен заттарды 
қолдануға оны кім әуестендірді.
Спирттік ішімдіктерді көп ішу және нашақорлық 
жалпы құқық бұзушылықтарды және кәмелетке 
толмағандардың арасында ерекше, жасауға себеп 
болатын шарттардың бірі болып табылады. Соны-
мен бірге кәмелетке толмағандарды алкоголь және 
есірткі қолдануға тартқан тұлғалар да, қоғамға 
қарсы әрекеті үшін жауапқа тартылуы тиіс. 
Жасөспірім қылмысты кездейсоқтықтан жасады ма 
немесе ол бұдан бұрынғы әрекеттерінің логикалық 
түйіні ме екенін анықтау үшін, соттың әр іс бой-
ынша жасөспірімнің қылмыс жасағанға дейінгі 
әрекеттерін анықтауы қажет. 
Кәмелетке толмаған баланың бұрынғы жағымсыз 
әрекеттеріне қатысты мынадай мән-жайларды 
анықтау ұсынылады: бұдан бұрын қылмыс жасады 
ма, қашан, қандай, неше жаста; қандай жазаларға 
тартылды; жазасын қай жерде өтеді; жазасын 
толық немесе бөліп өтеді ме; бас бостандығынан 
айыруға қатысы жоқ жазалау шаралары белгіленді 
ме; ата-анасының немесе оларды алмастыратын 
тұлғалардың немесе арнайы мемлекеттік органның 
бақылауына берілді ме; кәмелетке толмағандарға 
арналған арнайы тәрбиелік мекемеде бол-
ды ма; ол жерде қанша уақыт болды; әкімшілік 
жауапкершілікке тартылды ма, жасөспірімнің 
тәрбиесі ювеналды полициямен талқыланды ма, ол 
ювеналды полицияда тіркеуде тұр ма және т.б. 
Сотталушыдан, оның заңды өкілдерінен, 
куәлерден жауап алу арқылы сот тергеуі кезінде 
бұл сұрақтарды зерттеу, сондай-ақ кәмелетке 
толмағанның тұлғасын сипаттайтын түрлі 
құжаттармен танысу, сотқа сотталушының тұрмыс 
жағдайы мен тәрбиесін және оны қылмыс жасауға 
итермелеген мән-жайларды анықтауға көмектеседі. 
Алдын ала тергеу кезінде жиналған материал-
дар, жасөспірімнің тұлғасы, оның тұрмысы және 
тәрбие жағдайлары, қылмысты жасауға итермеле-
ген мән-жайлар жайында сотқа белгілі бір түсінік 
қалыптастыруға көмектеседі. Бұл материалдардың 
барлығы тиянақты тексеруді және соттың баға 
беруін қажет етеді. Олар сотқа, уақытты аз 
шығындаумен, іске елеулі мәні бар мән-жайларға 
назар аудара отырып, жауап алуды тиімдірек 
жүргізуге мүмкіндік береді. 
Соның өзінде сотталушыдан жауап алуға ерекше 
назар аудару қажет. Кәмелетке толмаған сотталу-
шыдан жауап алу нәтижесінде, алдын ала тергеуде 
әшкереленбеген ересек адамның айдап салушылық 
рөлі анықталуы мүмкін. 
Сот сотталушыдан жауап алу кезінде ол қылмыстық 
әрекетке ересек адаммен тартылмады ма екенін 
анықтауы тиіс. Кәмелетке толмағандардың және 
ересектердің жас айырмашылығына, олардың 
таныстығының сипаты және ұзақтығына, 
ересектердің бұдан бұрынғы әрекеттеріне, атап 
айтқанда, оның сотталғандығына назар аударған 
жөн. Сот қылмыс жасағандағы ересектердің шын 
мәніндегі рөлін, қылмыс жасалмас бұрын олардың 
нақты әрекеттерін анықтауы қажет, сондай-ақ 
ересек адамның кәмелетке толмаған балаға нақты 
не деп айтқанын және жасөспірім оны қалай 
түсінгенін және т.б. анықтауы тиіс. 
Жасөспірімнің тұрмысы және тәрбие жағдайлары 
туралы маңызды мәлімет бере алатын куәлер аясы 
едәуір кең. Мұндай куәларға ата-анасы және басқа 
туыстары, көршілері, педагогтер және тәрбиешілер, 
үй, оқу немесе жұмыстас достары жатады. 
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы және 
онымен тұратын басқа да туыстары, отбасындағы 
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау