119
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
кішкентай) тұлғалардың немесе қамқорлықтағы
азаматтардың тұрғылықты мекенжайы болып
олардың заңды өкілдерінің мекенжайы есептеледі
(ҚР АК 16-бабының 2-тармағы).
Егер заңды өкілдері, мысалы, он төрт жасқа
толмаған тұлғаның ата-аналары әртүрлі елді ме-
кенде тұрып жатса, онда он төрт жасқа толмаған
тұлғаның тұрғылықты мекенжайы болып ол нақты
тұрып жатқан ата-ананың тұрғылықты мекенжайы
есептелетініне назар аударған жөн.
Бұл норманың мәні бойынша әртүрлі жағдайларға
байланысты кәмелетке толмағанның тұрғылықты
мекенжайын анықтау қиындық тудыратын қалған
жағдайларда (заңды өкілдері жоқ және т.б.), онда
көрсетілген арыз баланың нақты тұрып жатқан
орны бойынша беріледі.
Осы баптың 2-тармағында арыз мазмұнына,
сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарға
қойылатын талаптар айқындалады.
Кәмелетке толмаған баланы арнайы білім беру
ұйымына немесе ерекше
ұстау режимі бар ұйымға
орналастыру туралы арызда оған қоса берілетін,
кәмелетке толмаған баланы көрсетілген ұйымдарға
жіберуге және оны мұндай мекемелерде ұстауға
және оқытуға кедергі келтіретін аурулардың
жоқтығы туралы заңда қарастырылған негіздердің
бары туралы растайтын құжаттармен расталатын
істің жағдайлары баяндалуы тиіс.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықтардың алдын алу Заңының 13-бабының
2-тармағына сәйкес кәмелетке толмағандарды
арнайы білім беру ұйымдарына жіберудің
мақсатқа лайықтығы туралы шешімді кәмелетке
толмағандар істері және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша
сот қабылдайды. Алкогольдік сусындар, есірткі
заттарын және жүйкеге әсер ететін заттарды пай-
даланатын кәмелетке толмағандарды арнайы білім
беру ұйымдарына жіберу мәселелерін қарастыруда
оларға наркологиялық аурулардан емделу кур-
сын өтуді тағайындаудың мақсатқа лайықтығы
міндетті түрде зерттеледі.
Көрсетілген нормаға
сәйкес іс материалдарына міндетті түрде аталған
органның кәмелетке толмағанды арнайы білім
беру ұйымдарына жіберудің мақсатқа лайықтығы
туралы шешімі қоса берілуі тиіс.
Кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру
ұйымдарына орналастыруға негіздер олардың
әкімшілік ықпал ету шараларын талап ететін
жүйелі түрде құқық бұзушылықтар жасауы, ба-
стауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу-
дан қасақана бас тарту, отбасынан және балалар
оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан өз бетінше жүйелі
түрде кету, өзге де қоғамдық әрекеттерге қарсы
әрекеттер жасау болып табылады.
Кәмелетке толмаған баланы арнайы білім беру
ұйымдарына орналастыруға арналған құжаттарды
жинақтауды кәмелетке толмағандарды анықтау
және есепке алу жұмыстарын жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмағандар арсында құқық
бұзушылықтардың алдын алу заңы, атап айтқанда
14-бабында кәмелетке толмағандарды ерекше ұстау
режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі,
рәсімі қарастырылған. Ерекше ұстау режимі бар
білім беру ұйымдарына ерекше тәрбие беру,
оқытуды қажет ететін
және арнайы педагогикалық
қарым-қатынасты талап ететін он бір жастан он
сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар орнала-
стырылады, егер олар:
1) өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас
тарту немесе қылмыстық жауапкершілікке тарты-
латын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық
істі тоқтату туралы үкім шығарылғаннан кейін
қайтадан қоғамға қауіпті әрекет жасаса;
2) ауырлығы орта немесе ауыр қылмыс жасағаны
үшін сотталған және оны Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің
81-бабында қарастырылған тәртіпте сот
қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан бо-
сатса.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа
толмаған кәмелет жасқа толмағандарды ерекше
ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберудің
мақсатқа лайықтығы туралы шешімді ішкі істер
органының ұсынуы бойынша сот қабылдайды.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу туралы заңның
14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасында
көрсетілген кәмелет
жасқа толмағанды ерек-
ше ұстау режимі бар ұйымдарға жіберу туралы
ұсынысты сотқа ішкі істер органдары аталған
кәмелет жасқа толмағанға қатысты қылмыстық істі
тоқтату немесе оны қозғаудан бас тарту туралы
үкім шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде
жібереді.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер орган-
дары немесе прокурордың үкімі негізінде отыз
тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Кәмелет жасқа
толмағандар арасында құқық бұзушылықтың ал-
дын алу туралы заңның 14-бабының 3-тармағында
көрсетілген материалдар сотқа жіберілместен
бұрын кәмелет жасқа толмағанға және оның заңды
өкілдеріне танысу үшін беріледі. Берілген мате-
риалдармен танысқаны туралы мүдделі тұлғалар
ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
Арнайы білім беру ұйымдары және ерекше ұстау
режимі бар білім беру ұйымдарына аталған меке-
мелерде ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін
аурулары бар кәмелетке толмағандар орнала-
120
стырылмауы керек. Мұндай аурулардың тізімін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді,
атап айтқанда қазіргі уақытта Қазақстан Респу-
бликасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымда №
592 Қаулысымен бекітілген «Арнайы білім беру
ұйымдарында және ерекше ұстау режимі бар білім
беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды
ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін аурулар
тізімі» (бұдан әрі – Аурулар тізімі) қолданылады.
Мұндай Аурулар тізіміне денсаулыққа қатысы бар
жеке проблемалар, сондай-ақ кейбір жұқпалы және
паразиттік аурулар санатына жататын аурулар;
жаңадан пайда болған түрлер; қан, қан шығарушы
органдардың ауруы және иммундық механизмді
қозғайтын жеке ауытқулар; эндокриндік жүйе
аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат
алмасудың бұзылуы; психикалық және тәртіптік
бұзылу; жүйке жүйесінің
аурулары; көз және оның
қосалқы аппаратының аурулары; құлақ және емізік
тәрізді өсінді аурулары; қан айналымы жүйесінің
аурулары; тыныс алу органдарының аурулары; ас
қорыту органдарының аурулары; сүйек-бұлшық
ет жүйесінің және біріктіруші ұлпа аурулары;
зәр шығару-жыныс жүйесі аурулары; жүктілік,
босану және босанудан кейінгі кезең; туа біткен
ауытқулар (дамудағы ақаулықтар), деформация-
лар және хромосомалық ауытқулар; өзге тарау-
ларда жіктелмеген клиникалық және зертханалық
зерттеулерде анықталған белгілер және норма-
дан ауытқулар; жарақаттар, улану және сыртқы
себептердің әсер етуінің кейбір өзге де салдарлары
енгізілген.
308-2-бап. (ҚР АІК). Кәмелетке толмаған ба-
ланы арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше
ұстау режимі бар білім беру ұйымына орнала-
стыру туралы арызды қарастыру
1.
Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның
заңды өкілдері, қамқоршы және қорғаншы
органдардың өкілдері, сондай-ақ соттың
қарауынша өзге де тұлғалар шақырылады.
2. Прокурордың
кәмелетке толмаған баланы ар-
найы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау
режимі бар білім беру ұйымына орналастыру
туралы арызды қарастыруға қатысуы міндетті
болып табылады.
3. Арыз беруші кәмелетке толмаған баланы ар-
найы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау
режимі бар білім беру ұйымына орналасты-
ру туралы істі қарастыруға қатысы бар сот
шығындарын төлеуден босатылады.
Осы бапта кәмелетке толмаған баланы арнайы
білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау режимі
бар білім беру ұйымына жіберу туралы іс жүргізуге
қатысушылар ортасы белгіленеді. ҚР АІК-нің осы
бабына сәйкес іске қатысушы тұлғалар болып арыз
берушілермен қатар, кәмелетке толмаған бала,
оның заңды өкілдері, прокурор, соттың қарауы
бойынша іске қатысуға жіберілетін қамқоршы
және қорғаншы органдардың өкілдері табылады.
Осы іс санатын жүргізу кәмелетке толмаған
балалардың мүдделерін қозғайтындықтан,
көрсетілген нормаға байланысты прокурордың
қатысуы міндетті болып табылады.
Баланың заңды
өкілдері дегенде ата-ана-
лары, асырап алушылары, қамқоршысы,
қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес балаға
қамқорлық көрсететін, білім, тәрбие беруді,
құқықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз
ететін оларды алмастырушы өзге де тұлғалар
(Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8
тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасындағы
балалар құқығы туралы» заңның 1-тармағының 6)
тармақшасы) меңзеледі.
Осы баптың 3-тармағымен арыз берушіні ҚР АІК
107-бабына сәйкес белгіленетін сот шығындарын
төлеуден босату туралы ереже бекітіледі.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2008
жылғы 10 желтоқсандағы №99-ГУ «Бюджетке
төленетін салықтар және өзге де міндетті төлемдер
туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 241-бабының
14) тармақшасына сәйкес жеке және заңды
тұлғалар сотта кәмелетке толмаған баланы арнайы
білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау режимі
бар білім беру ұйымына орналастыру туралы арыз
бергені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден
босатылатынына назар аударған жөн.
ҚР АІК-нің 308-3-бабы. Кәмелетке толмаған ба-
ланы арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше
ұстау режимі бар білім
беру ұйымына орналастыру
туралы арыз бойынша соттың шешімі.
1. Кәмелетке толмаған баланы арнайы білім беру
ұйымына немесе ерекше ұстау режимі бар
білім беру ұйымына орналастыру туралы арыз-
ды қарастыра отырып, сот шешім шығарады,
ол бойынша арызды қабылдамайды немесе
қанағаттандырады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім кәмелет
жасқа толмаған тұлғаны арнайы білім беру
ұйымына немесе ерекше ұстау режимі бар білім
беру ұйымына орналастыруға негіз болып та-
былады.
3. Кәмелетке толмаған баланы арнайы білім беру
ұйымына немесе ерекше ұстау режимі бар білім
беру ұйымында болу мерзімі шешімнің заңды
күшіне енген күнінен бастап есептеледі.
Осы баптың мазмұнына сәйкес кәмелетке толмаған
баланы арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше
ұстау режимі бар білім беру ұйымына орналасты-
ру туралы арызды қарастырудың қорытындысы
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.