20-кесте мәліметтеріне жүгінсек мемлекеттік басқару органдарына жоғарыда аталған бағыттар бойынша кәсіпкерлікке септігін тигізу саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша құқықтар мен құзіреттілік берілген. Мемлекет олардың сапалы түрде өтуі мен алынған нәтиже үшін жауапты болады.
Кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін барлық ұйымдардың қызметіне әсер ететін факторларға байланысты олардың өз артықшылықтары мен кемшліктері бар. Кәсіпкерлерге қатысты шешімдер қабылдаған жағдайда, біреулерге мотивация ретінде коммерциялық мақсат басым болса, ал басқа жағдайда басшылық тарапынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүдде көбірек әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет бастамасымен құрылған ұйымдар
Кәсіпкерліктің дамуы үшін жауапты және саясатты жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технология Министрлігі (ИТЖМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және Үкімет пен ел Президентіне есеп береді. Мемлекеттік органдардың құзіреттерін тарату сызбасы 41-суретте келтірілген.
41-сурет. Кәсіпкерлікті қолдау аясындағы ұйымдар мен мемлекеттік органдардың құзіреттілік құрылымы
Ұйымдық құрылым ретінде ИЖТМ - не кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кіреді. Ол кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен нормативтік-құқықтық реттеу бағыттары бойынша функцияларды жүзеге асырады.
Департамент қызметін реттейтін құжаттарда көрсетілгендей, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
инвестицияларды тарту бойынша шараларды жасап шығару;
Департамент құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін қадағалау.
Аталған функциялардан басқа, Департамент сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын шенеуніктердің қарама-қайшы іс-әрекеттеріне деген кәсіпкерлердің өтініштерін қарастырып, олар бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруға міндетті.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі Алматы мен Астана қалалары мен облыстары әкімдерінің Аппараты аясында жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін әкімшіліктер жанынан құрамына кәсіпкерлік Бөліміне кіретін кәсіпкерлік пен өнеркәсіп Департаменттері (Басқармалары) құрылған.
Облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп Департаменті (Алматы мен Астана қалаларынікі сияқты) өз құзіреттілігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыра алады.
Қойылған міндетті жүзеге асыру үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша келесідей функциялар мен құқықтар берілген:
кәсіпкерлік аясындағы бірегей мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру;
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін қадағалау;
қоғамдық бірлестіктермен және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;
белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және тұлғалардың жеке ұсыныстарын қарастыру.
Кәсіпкерлік жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тұрғысындағы іс – әрекеттер, құрамында кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті экономика және бюджеттік жоспарлау Бөлімі мен экономика мен қаржы Бөлімі бар, республиканың аудандары мен қалалары әкімшілігінің Аппаратымен белгіленген территориялық атқарушы органдар болып табылады. Территориялық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыру және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру функциялары жүктелген.
Осылайша, атқарушы мемлекеттік органдар мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынастарын реттеу аясында үкімет тарапынан белгіленген кәсіпкерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі субьектісі болып табылады.
Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды құру мен Үкімет тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, жергілікті органдарда әкім Аппараттары жанынан кәсіпкерлік істері бойынша Комиссиясын құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» жүйесі жұмыс істеуде. Оның негізгі функцияларына мыналар кіреді:
шағын және орта бизнестің дамуына бөгет болатын мәселелерді зерттеу;
атқарушы органның жергілікті және теорриториялық органдары үшін ұсыныстарды жасап шығару.
Мұндай «кері байланыс» жүйесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлермен орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанынан кәсіпкерлер Кеңесі бар. Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған ұсыныстарды жасап шығару;
нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайларды қарастыру;
Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын іскерлік орталықтарды, кәсіпкерлік ассоциациялар мен одақтарды құру;
Кәсіпкерлік жұмыс аясындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды дайындау.
Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған кәсіпкерлер Кеңесі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен кәсіпкерлікті дамыту жолындағы кездесетін кедергілерді жүйелі түрде жою мақсатында Үкіметке және Парламентке, Президентке нақты ұсыныстарды дайындайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істер бойынша ассоциациялардан, кәсіпкерлерден түсетін ақпаратты өңдеу мен жинақтау жұмыстарымен де айналысады.
Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында оларды материалды-техникалық және ақпаратты-талдаушылық, қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыстар жүргізеді. Қолдаудың бұл түрлері жергілікті және территориялық деңгейлерде қабылданатын алуан түрлі бағдарламаларды жүзеге асырумен, сонымен қатар, мемлекеттік капиталдың қатысуымен құрылған арнайы ұйымдар көмегімен, мемлекеттік атқарушы органдармен іске асырылады.
Жоғарыда аталған функцияларды орындайтын ұйымдарға келесідей мемлекеттік компаниялар жатады (21-кесте):
21-кесте – Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының даму институттары
Құрылу мақсаты
|
Орталықтың негізгі функциялары
|
1. «Инжиниринг пен технологиялар трансферті орталығы» АҚ
|
Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологиялар трансфертін ұйымдастыру. Сонымен қатар республикадағы инновациялық қызметті белсендендіру жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторы салаларының бәсекеқабілеттілігін арттыру
|
инжинирингтік қызметтерді көрсету;
алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар, сонымен қатар басқа да инновациялық өнімдер трансферті және оларды Қазақстанға енгізу;
технологиялар трасферті кезінде кеңес берушілік, ақпараттық, заңдық және басқа да қызметтерді көрсету;
технологиялардың сыртқы және ішкі нарықтарының маркетингі және аталған аядағы дамудың әлемдік тенденцияларын талдау.
|
2. «Маркетингтік-талдаушылық зерттеулер орталығы» АҚ
|
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да Үкіметке ақпаратты-талдаушылық көмек көрсетеді
|
дамудың негізгі тенденцияларын анықтау мен әлемдік экономикадағы Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын анықтау мақсатында отандық және халықаралық нарықтарды, экономика салалары мен секторларын, алуан түрлі өндірістерді талдау;
болашақтағы бәсекеқабілеттілікке, жүзеге асырылуына және инвестициялық жобалардың пайдалылығына талдауды өткізу;
Қазақстан Республикасындағы іскерлік климат пен экономикалық конъюнктураны талдау.
|
3. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
|
Несиелерді ұсыну арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдауды жүзеге асырады
|
шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жасап шығару мен жүзеге асыруға қатысу;
шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелеу;
екінші деңгейлі банктерден шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуы үшін кепілдер ұсыну;
несиелеу бағдарламаларына қатысу.
|
4. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ
|
Инвестицияларды тарту мен жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларды қаржылық қолдауды жүзеге асырады
|
инвестицияларды тарту мен инновациялық жобаларды қаржыландыру;
жоғары технологияны және ғылыми сыйымды өнімді өткізудің перспективті нарықтарына конъюнктуралық және маркетингтік зерттеулерді өткізу;
қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
сыртқы нарықтарға отандық инновациялық өнімдерді жылжыту;
инновациялық жобалар бойынша мәліметтердің ақпараттық қор құру, перспективті жобалар туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру;
технопарктерді, бизнес-инкубаторлар мен инновациялық инфрақұрылымның басқа да элементтерін құруға қатысу.
|
5. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
|
Қазіргі және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция беру жолымен қаржылық қолдау
|
қазіргі және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция енгізу;
ҚР корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуын ынталандыру;
отандық және шетелдік кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға септігін тигізу;
шетелдегі қазақтандық кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін артуына септігін тигізу.
|
6. «Қазақстанның даму банкі» АҚ
|
Қаржылық қолдау
|
мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру;
өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
ел экономикасына инвестицияларды тартуға септігін тигізу.
|
Кәсіпкерлікті құрылу мен дамыту сатысында материалдық-техникалық қолдау
|
Технопарктер – ЖОО-ның ғылыми потенциалын пайдалану мен технопарктер территориясында шағын инновациялық кәсіпорындарды құру мен дамыту арқылы, жасап шығарылған технологияларды коммерциализациялау мақсатында, негізінен ғылыми-зерттеушілік институттар немесе жоғары оқу орындарының мекемелерін негізінде құрылатын құрылымдар.
|
Мақсаты: ғылыми зерттеулер мен оның нәтижелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру
|
отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогресстің алдыңғы қатарлы жетістіктерін өндіріске енгізу;
ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық өндірістерді инвестициялау;
инновациялық кәсіпкерлікті құру мен дамытуда материалды-техникалық көмек көрсету.
|
Бизнес-инкубаторлар – бұл кәсіпкерлерді қажетті кеңес берулермен және қолдаумен қамтамасыз ететін бизнеске көмектесу бағдарламалары. Әдетте бизнес-инкубаторлар жұмысын жаңа бастап келе жатқан фирмалар орналасқан арнайы кеңселерде орналасады. Олар орын мен құрал-жабдықты бірлесіп қолданып қана қоймайды, сонымен қатар бизнестің алуан түрлі бағыттары бойынша, кеңес берулерді қосқандағы, бизнес-инкубатормен көрсетілетін барлық қызметтерге де тең дәрежеде қол жетімді болады. Қызметтердің бірнеше түрлерінің құны жалдау құнына қосылуы мүмкін, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің құндары төмен дәрежеде болады.
|
Мақсаты: қайта құрылатын кәсіпорындар тәжірибе жинақтап ары қарай дамуына, өз позцияларын нарықта күшейту үшін көмек беруге, бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау
|
Дамудың белгілі бір дәрежесіне жеткеннен кейін, әдетте үшінші жылдан кейін, фирма бизнес-инкубатордан кетеді және өз бетінше жұмыс істей бастайды.Бірақ ол кезде оның оған бастапқы кезде кездесетін тек банкроттықты болдырмауға ғана емес, сонымен қатар ары қарай өсу мүмкіндігін беретін біршама тәжірибесі мен әлеуеті болады. Ал босаған орынға бизнесті жаңадан бастайтын жаңа кәсіпорындар келеді.
|
Өнеркәсіптік аймақ шағын өзара бөлінген кәсіпорындар орналасатын және бірегей өндірістік алаңда («бір шатыр астында») қызмет ететін объектті сипаттайды.
|
Мақсаты: шағын кәсіпкерлік пен отандық тауар өндірушіні дамытуды жақсарту, кәсіпкерлерге,әсіресе қызметтің бастапқы сатысында көмектесу және қолдау көрсету
|
Өнеркәсіптік аймақ алаңында бөлініп қызмет ететін шағын кәсіпорындар орналасады. Олардың әрқайсысының жеке орны мен онда ұйымдастырылған өндірісі болады. Бір Өнеркәсіптік аймаққа алуан түрлі шағын кәсіпорындарды орналастырудың жалғыз шарты салалық және технологиялық сәйкестігі болып табылады. Өнеркәсіптік аймақтың барлық кешенінің қалыпты қызмет етуі арнайы органмен – басқарушы компаниямен қамтамасыз етіледі. Ол алаңдарды жалға бергеннен басқа бизнесті басқару мен жүргізумен байланысты басқа да қызметтерді көрсетеді.
|
Мемлекет тарапынан құрылып жатқан кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының көмегімен жаңа кәсіпорындардың табысы өседі және өндіріс көлемдерін өсіруге септігін тигізетін кәсіпкер мен қоршаған орта арасындағы қатынастар жүйесі құрылады.
Мемлекет арнайы құрылған даму институттары арқылы кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін икемді жағдайлар жасайды, өнеркәсіпті дамыту мәселелері мен болашағын зерттейді. Кәсіпкерліктің мәселелері бойынша құрылған кеңес пен комиссия көмегімен, ағымдық мәселелерді шешуге және даму жолындағы кедергілерді жоюға көмек көрсетеді.
13.4 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Кәсіпкерлік қызметтің қарқынды дамуы кәсіпкерлік құрылымдардың тиімді қызмет етуін ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілуінің қажеттілігін тудырады. Көбінесе олардың даму жолындағы маңызды кедергілердің бірі болып кәсіпкерлердің бизнестің бірқатар бағыттары бойынша нақты ақпараттық мәліметтер мен қамтамасыз етілмеуі. Бұл жағдай өз кезегінде ақпараттық жүйелердің жеткіліксіз даму деңгейімен байланысты. Яғни, олар кәсіпкерліктің табысты түрде жұмыс істеуіне кедергі болады, оның өз қызметінде табысқа деген мүмкіндіктерін төмендетеді.
Кәсіпкерліктің ақпараттық қамтамасыз етілуі – отандық шағын бизнесті дамытудың маңызды элементтерінің бірі. Бұл үрдіске құрылымдардың бірқатары жұмылдырылған, олардың әрқайсысы басқалармен тығыз әрекеттесе отырып, өзіне тиесілі функцияларды орындауы қажет.
Кәсіпкерлік қызметтің ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етілуі нарық инфрақұрылымының қосалқы жүйелерінің немесе алуан түрлі элементтерінің дұрыс жолға қойылған үйлесімді жұмысы арқылы қол жеткізіледі, олар: қаржы-несиелік, әлеуметтік-тұрмыстық, институционалды, сыртқы экономикалық, сауда-делдалдық, ғылыми-техникалық, экономикалық-құқықтық, ақпараттық (42-сурет). Жиынтық түрде инфрақұрылымның бұл түрлерінің барлығы кәсіпкерлік қызметтің тиімді қызметін қамтамасыз ететін ортаны құрайды.
42-сурет. Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Нарықтық жүйенің аясында, оның ішінде мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың қызметі мен аяларындағы инфрақұрылым арасында өзара тиімді әріптестік негізінде жүргізілетін іс – шаралар кәсіпкерлердің жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы ақпараттық ағымдармен жиі алмасуы, бизнесті жүргізу үшін интернет-ресурстарды кең түрде пайдалану, ғаламдану жағдайында кәсіпкерлердің әріптестермен виртуалды тұрғыдан байланыстарының ұлғаюы – кәсіпкерлік тиімді жұмыс істеуі үшін ақпараттың озық үлгілерімен қамтамасыз етілуі керек..
Ақпараттық технологиялардың дамуымен және олардың мәнінің артуына байланысты, ақпарат іскерлік қызметтің барлық аяларында байланыстырушы элементке айналуда. Кәсіпорын интернет, компания сайты, электронды және пошталық хабарландырулар, факс, телефон, электронды пошта арқылы жіберілетін хаттар арқылы алынатын ақпарат мәліметтері болмаса кәсіпорынның тұрақты дамуы қамтамасыз етілмейтіндігі белгілі.
Шағын бизнестің дамуын кәсіпкерліктің сыртқы ортасын жетілдіруді талап етеді. Оны құрудың шарттарының бірі ақпарат нарығының қалыптасуы мен жаңа ақпараттық қатынастарды дамыту болып табылады. Ақпарат пен жаңаша ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі факторының бірі болып отыр.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік оны мемлекеттік қолдау нақты жүргізілетін жерде және ақпараттық жүйенің ұтымдылығы жағдайында жақсы нәтижелер беруде. Сондықтан да шағын кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық инфрақұрылымының өміршеңді институттарын қалыптастыру маңызды болып табылады. Аталған жағдайда мемлекеттің ақпараттық саясаты, жоғары технологияларды, қазіргі телекоммуникацияларды дамытуға, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға, шағын бизнесте ақпараттық қатынастарды реттейтін өміршеңді институттарды құруға бағытталуы қажет болып отыр.
Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету Қазақстандағы ақпараттандыру үрдісінің айрықша ерекшелігіне айналуда.
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым (ҰАИ), келесідей басты компоненттерден тұрады:
1) ақпараттық ресурстар, ол ақпаратты алып жүруші, мәліметтер мен мағлұматтарды және т.б. қамтиды;
2) ұйымдық құрылымдар, ол ҰАИ қызмет етуі мен дамуын. Атап айтқанда ақпаратты жинақтауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздеу мен беруді қамтиды;
3) азаматтарға ақпараттық әсер ету мен сәйкес ақпараттық технологиялар негізінде олардың ақпараттық ресурстарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету құралдары, ол бағдарламалық-техникалық құралдар мен ұйымдастырушылық-нормативті құжаттарды қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамыту ашық жүйелер концепциясы негізінде әлемдік қоғамдастықпен жүзеге асырылатын, ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымды (Global Information Infrastructure - GII) қалыптастыру үрдісінің бір бөлігі болып табылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің мәні неде?
Кәсіпкерлік инфрақұрылымын зерттеу тәсілдері мен қағидалары қандай?
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы және ішкі ортасының базалық элементтері қандай?
Кәсіпкерлік инфрақұрылымының дамуына мемлекеттің әсері?
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы институттарының құрылымы, функционалдық бағытталуына қарай қалайша анықталады?
Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму үрдісіндегі инфрақұрылым институттарының қатысу матрицасының мәнін ашып көрсетіңіз.
Кәсіпкерлікті қолдау аясындағы ұйымдар мен мемлекеттік органдардың құзіреттілік құрылымының мәні неде?
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының қандай даму институттары бар?
Кәсіпкерлікті дамыту институттары не үшін құрылады және олардың негізгі функциялары қандай?
Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудің мәні неде?
Достарыңызбен бөлісу: |