Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011 удк


КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК



жүктеу 2,14 Mb.
бет13/18
Дата25.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#27253
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК




11 - тақырып:

11.1 БӘСЕКЕ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. БӘСЕКЕНІҢ ДАМУЫ
Бәсекетабиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьектінің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.

Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес келесідей үрдістердің болуы мүмкін:

– қоғамдық және жеке;

– экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және табиғи;

– басқарушылық және өндірістік;

– қамтамасыз ету, түрлендіру және аяқтау үрдісі;

– материалдық және виртуалдық;

– объективті және субъективті;

– тепе – теңдікті сақтайтын (баланс) және ұдайы өндірістік;

– логикалық және эмоционалдық және т.б.



«Бәсеке» түсінігіндегі «басқару» сөзінің құраушылары:

Бәсекелік артықшылықты іздестіру, жасап шығару, қолдау, пайдалану, дамыту және оның ескіру.



«Бәсеке» түсінігінде «субъектілер» ретінде кез-келген әлеуметтік, өндірістік және биологиялық жүйелер болуы мүмкін.

Субъектілердің бәсекелік артықшылықтары мұрагерлік, құрылымдық, технологиялық, ақпараттық, біліктілік, басқарушылық, табиғи-климаттық және т.б. болуы мүмкін.



Жүйе мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін:

– кәсіпорын миссиясын орындау;

–спорттық немесе шығармашылық конкурстарда жеңімпаз болу, нарықтық жүйеде нақты тауардың бәсекелестігімен жеңіске жету;

– сыртқы және ішкі даму немесе бәсекелесті өз құрамына қосып алу арқылы белгілі бір жоғары деңгейге қол жеткізу;

– қол жеткізілген деңгейді сақтау және жақсарту;

Қажеттіліктер төмендегідей болуы мүмкін:

– объективті (табиғат немесе қоғам туындатқан) немесе субъективті (басқару субъектісімен арқылы);

– бастапқы немесе жоғарғы;

– өткен, қазіргі және болашақтағы;

– байланысқан немесе байланыспаған;

– ғаламдық және жеке;

– теріс немесе оң;

– дара немесе қоғамдық және т.б.



Заңнама жүйесіне мыналар кіреді:

бәсекелік күрес, экологиялық құқық, Азаматтық кодекс, Салық кодексі, кедендік жүйе, еңбек құқығы және т.б.



Бәсеке интенсивтілік дәрежесі бойынша келесідей болуы мүмкін:

  • тартымды, осы жағдайда аталған сегментте субъект өз қажеттіліктерін сапалы түрде қанағаттандырады және алдыңғы сегментке қарағанда табысты көбірек алады;

  • біркелкі (қалыпты) бұл жағдайда бәсеке субъектісінің іс-әрекеттері нарықтың аталған сегментінде бәсекелік ортаға қолдау көрсетеді;

  • бәсеке объектісінің күштілігі жағынан,бұл жағдайда субъект аталған сегментке объектті қосып алады немесе шеттетеді, ал кейбір жағдайда олардың жұмысын тоқтатуы мүмкін;

Бәсеке нысандары:

  1. заттық – бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын тауарлар ассортиментінің топтары және ұқсас объектілер арасындағы бәсеке;

  2. функционалды – алмастыруға болатын тауарлар (объектілер) арасындағы бәсеке;

  3. тұлғалық.

Бәсеке әдістері:

  1. тауар сапасын арттыру негізінде (бағалық емес);

  2. тауарды тұтынушыларға, қызмет көрсету сапасын арттыру көрсеткіштері негізінде;

  3. бағаны төмендету негізінде;

  4. тауар тұтынушыларының эксплуатациялық шығындарын төмендету негізінде;

  5. басқару үрдістерінің сапасын арттыру негізінде;

  6. объект пен субъекттің барлық бәсекелік артықшылықтарын пайдалану негізінде (интегралды).

Бәсеке келесі деңгейлерде жүргізілуі мүмкін:

    • жергілікті (топта, бөлімде, ұйымда және т.б.);

    • аймақтық (аймақта, қалада, облыста және т.б.);

    • ұлттық (елде);

    • ұлтаралық (бірнеше елдерде);

    • ғаламдық (елдері нақты анықталмаған әлемдік масштабта).

Нарық этикалық, құқықтық нормалар мен ережелерді ұстанудың, бәсекенің белгілі бір интенсивтілік жағдайында, тауардың нақты түрін сату сатып алу мен сауда мәмілелерін жасауды жүзеге асырудың шартты орны.

Нарық жетілген және жетілмеген болуы мүмкін.



Жетілген нарық моделі сауда мәмілелерінің барлық қатысушылары, тек айрықша экономикалық – құқықтық және этикалық қағидаларды негізге ала отырып, іс-әрекет етеді деген болжамға негізделген. Сонымен қатар, жетілген нарық үшін келесідей жағдайлар тән:

- белгілі бір түрдегі барлық тауарлар сапасына, сыртқы түріне және қорапталуына байланысты ұқсас және олардың бағасы сәйкес келеді;

- бәсекелік күрес жағдайлары барлық сатушылар мен сатып алушылар үшін бірдей, оларда қандай да бір кеңістіктік, тұлғалық және уақыттық сипаттағы артықшылықтар жоқ;

- нарықтың мөлдірлігі: сатушылар мен сатып алушылардың нарықты толық шолуға, мәмілелерді өткізудің барлық жағдайлары (бағалары, жеңілдіктері, тауар сапасы, жеткізу мен төлеу шарттары) туралы жеткілікті ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Нарық түрлерінің ерекшеліктерімен сипаттамасы 14-кестеде келтірілген.

14 - кесте – Нарық түрлерінің сипаттамасы



Параметрлері

(нарық белгілері)



Нарық нысандары

Жетілген немесе таза бәсеке

Монополиялық бәсеке

Олигополия

Монополия

Өндірушілер (сатушылар) саны

Көп

Көп, бірақ тауарлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар

Шамалы (2-8)

Біреу

Сатып алушылар саны

Көп

Көп

Екі және одан да көп

Бір немесе бірнеше

Бәсеке күші

Өте күшті

Күшті

Әлсіз

Жоқ

Нарықтағы үлестері

Шамалы

Шамалы

Үлкен

Барлық нарық

Нарыққа қол жетімділігі

Ашық

Қиындау

Қиындау

Жабылған

Сату көлемдері

Тауарға деген сұраныс пен бәсекеқабілеттілікпен анықталады

Тауарға деген сұраныспен, бәсекеқабілеттілікпен және қатысушылар келісімімен анықталады

Тауарға деген сұраныспен, бәсекеқабілеттілікпен және қатысушылар келісімімен анықталады

Сұраныспен анықталады

Баға белгілеу саясаты

Сұраныс пен ұсыныс заңы негізінде

Сұраныс пен бәсекеқабілеттілік негізінде

Сұраныс пен бәсекеқабілеттілік негізінде

Өндірушімен (сатушымен) анықталады

Бәсекедегі сапа рөлі

Өте жоғары

Өте жоғары

Жоғары

Жағдаймен анықталады

Тауарды өткізудегі жарнаманың рөлі

Жоғары

Жоғары

Өте жоғары

Жағдаймен анықталады

Өндіруші табысының нормасы (шамамен)

Шамалы

2-8%

8-20%

20% жоғары

Ресурстарды пайдалану тиімділігі

Өте жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Кәсіпорын арасындағы бәсекенің өзгеру нұсқалары келесілер:

  1. бәсеке бәсекелесуші кәсіпорындардың санының көбеюіне байланысты күшейеді;

  2. ірі кәсіпорындар басқа кәсіпорынды өзіне қосып алғанда және оны көшбасшыға шығару барысында шешуші шаралар қабылдаған кезде бәсеке күшейеді;

  3. тауарға деген сұраныс баяу өскен кезде бәсеке күшті болады;

  4. саладағы шаруашылық жүргізудің жағдайлары, кәсіпорынды бағаны төмендетуге немесе сату көлемдерін көбейтудің басқада тетіктерін қолдануға итермелеген кезде бәсеке күшейеді;

  5. өнімнің бір түрінен екіншісіне өту кезіндегі сатып алушылардың шығындары онша жоғары болмаған жағдайда бәсеке күшейеді;

  6. бір немесе бірнеше кәсіпорындар нарықтағы өнімдерінің алатын үлесімен қанағаттанбаған жағдайда бәсеке күшейеді;

  7. ұтымды стратегиялық шешімдердің әсерінен табыс пропорционалды түрде өскен жағдайда бәсеке күшейеді;

  8. нарыққа шығудың шығындарының көбеюі және кедергілер көп болған жағдайда бәсеке күшейеді;

  9. кәсіпорындардың стратегиялары, ресурстары, ұйымдастырушылық ерекшеліктері, миссиясы арасында айырмашылық болған жағдайда бәсеке барысы белгілі болады.

Экономикада бәсеке бірқатар функцияларды атқарады:

  1. Өндірісті реттеу функциясы. Бәсеке тауардың нарықтық құнын анықтайды және белгілейді, нақты еңбекті қоғамға қажетті еңбекке айналдырады: өнім өндіруші тұтынушыға қажетті бұйымдарды ұсынуы керек, ал ол тауарлар сұранысы көп салаларға жіберілуі керек.

  2. Кәсіпкерлік мінез-құлықты мотивациялау функциясы. Кәсіпкер үшін бәсеке тәуекел мен мүмкіндікті білдіреді. Сапасы бойынша ең жақсы өнімді нарыққа ұсынатын кәсіпорындар пайда табу арқылы артықшылыққа ие болады. Яғни, олар өндірісті дамыту, инновациялық тетіктерді ендіру үрдісіне ұмтылады. Қажеттіліктердің өзгеруіне баяу икемделетін және сапасы төмен тауарды ұсынатын кәсіпорындар зиян шегеді немесе нарықтық жүйеден шеттеу қалады.

  3. Өндірушілер табысын бөлу функциясы. Бәсеке басқару тиімділігі мен еңбек өнімділігіне байланысты дара құндылықтарды өзара теңестіруге және сәйкесінше пайданы ұтымды түрде бөлуге септігін тигізеді.

  4. Нарыққа қатысушылардың мінез-құлқын бақылау функциясы. Бәсеке экономикалық таңдауды жүзеге асырады, сатып алушыларға бірнеше өнім сатушылар арасынан тауарды таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың нарықтың жалпы жағдайына әсер етуіне мүмкіндік бермей, әрбір сатушының мінез-құлқын шектейді.

Бәсекелік стратегияға байланысты бәсекелік мінез-құлықтың келесідей типтерін бөліп көрсетуге болады:

  • креативті,

  • бейімделгіш,

  • кепілдендірілген.

Креативті мінез-құлық бәсекелестерге қарағанда үстемдікке (жаңа өнімдер, өнімді өткізу мен технологияның жаңа нысандары, жаңа жарнама) жеткізетін іс-әрекеттермен сипатталады. Креативті мінез-құлықтың маңызды белгісі кәсіпкерлердің сұраныс пен ұсыныстың қазіргі жағдайын өзгертуге деген ұмтылысы болып табылады.

Бейімделгіш мінез-құлық бәсекелестердің іс-әрекеттерінің алдын-алумен және өндірісті жаңартумен байланысты. Бұл жағдай әсіресе кәсіпкер өз іс-әрекеттеріне толық сенімді болмай, қысқа уақыт ішінде өз бәсекелестерінің жетістіктерін өзіне толығымен пайдалануға ұмтылған жағдайларда байқалады.

Кепілдендірілген мінез-құлық кәсіпкерлердің өнім сапасын арттыру, өнім ассортиментін өзгерту, алуан түрлі қызметтерді құру есебінен нарықтағы қол жеткізілген позицияларын ұзақ мерзімді болашақта сақтап қалуға және тұрақтандыруа деген ұмтылысымен анықталады.
11.2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Кез-келген жүйенің (кәсіпорынның, аймақтың және т.б.) бәсекелік артықшылығы – бұл оның өзіне ғана тән және оған бәсекелестеріне қарағанда артықшылық беретін қандай да бір ерекше құндылық. Құндылық – бұл жүйенің иелігіндегі (өзінде бар) және болашақта сақтап қалуға тырысатын қандай да бір ерекше бағалы нәрсе. Бәсекелестеріне қарағанда кәсіпорынның шығаратын өнімінің бәсекелестік артықшылығы және алдына қойған мақсаттарына жетуі, оның таңдап алған бәсекелестік стратегиясына тікелей байланысты болады.

Бәсекелік артықшылықтардың ерекшеліктері бойынша жіктелуі:

1) артықшылықтардың сыртқы және ішкі түрлерімен сипатталатын жүйеге (ұйымға) деген қатынасы арқылы;

2) артықшылықтардың пайда болу аясы табиғи-климаттық, әлеуметтік-саяси, технологиялық, мәдени және экономикалық болуы мүмкін;

3) артықшылық факторының мазмұны, тауар сапасы мен бағасына, тұтынушының оған жұмсалған шығындарына және қызмет көрсету сапасына байланысты;

4) артықшылыққа ие болудың құралы немесе әдісі ретінде мамандарды оқыту, жаңашылдықтарды енгізу және бизнес жүргізу үшін оңтайлы жерге орналасу факторларын атауға болады;

5) артықшылықтарды жүзеге асыру орны адамдардың жұмыс орны, кәсіпорын, аймақ, сала, ел, әлемдік қоғамдастық болуы мүмкін;

6) артықшылықты жүзеге асыру уақыты стратегиялық және тактикалық факторларға байланысты;

7) артықшылықты жүзеге асырудан алынатын тиімділіктің түрлері ғылыми-техникалық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық болуы мүмкін.

Әрбір кәсіпорында бәсекелік артықшылықтарды жіктеудің өз ерекшеліктері бар. Ол алуан түрлі экономикалық және басқарушылық аспектілердің қажетті көлемін қамтуға, сонымен қатар бәсекелік артықшылықтарды іздестіру мен іздеу үрдістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Соған қарамастан, бәсекелік артықшылықтардың барлық түрлерін кешенді бағалау жеткілікті түрде күрделі, еңбек сыйымды және бәсекелестер бойынша бірқатар ақпараттың жабық болуына байланысты әрқашанда шынайы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да талдаудың тек бақыланатын объектісінде ғана бәсекелік артықшылықтарды толық және жеткілікті түрде анықтау мүмкін болады. Тауарлар мен қызметтердің бәсекелік артықшылықтарын анықтаудың жалпы тәсілі екі түрден тұрады, олар –шығындар төмендігі мен тауарлар дифференциациясы. Бұл екі түрі де қандай да бір шамада жоғарыда келтірілген жіктемедегі бәсекелік артықшылықтың барлық белгілерінің мәнін қамтиды.

Төмен шығындарға ұмтылу кәсіпорындарға бәсекелестеріне қарағанда аз шығындармен өнімді өндіру және оны тұтынушыларға өткізу барысында пайда мөлшерін ұлғайтуға септігін тигізеді.

Дифференциация – бұл кәсіпорынның тұтынушыларды бәсекелестеріне қарағанда сапалы, жоғары сұранысқа ие ерекше тұтынушылық қасиеттері бар тауарлармен қамтамасыз ету қабілеті.

Бәсекелік стратегияны таңдау барысында кәсіпорындар бәсекелік артықшылықтың екі түріне де назар аудару қажет. Бірақ, оның біреуін ғана ұстануы да мүмкін. Өнімді аз шығындармен өндіруге бағытталған кәсіпорын, тауарлардың қажетті сапасын жақсарту мен қызмет көрсетуді жетілдіру керек.



Кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтарының түрлерін, оған қол жеткізу мүмкіндігі тұрғысына байланысты екі топқа бөлуге болады: төмен және жоғары тәртіптегі артықшылықтар.

Бәсекелік артықшылықтары төмен (болмашы) кәсіпорындар арзан еңбек күшін, материалдарды, шикізат пен энергияны пайдалану мүмкіндігімен байланысты. Төмен деңгейдегі артықшылықтар тұрақсыз, бағаның және жалақының өсуінен, сонымен қатар бәсекелестері арзан өндірістік ресурстарды пайдаланған жағдайда немесе сатып алған кездерде, артықшылығын жоғалтып алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, төмен деңгейдегі артықшылықтар – бұл тұрақтылығы аз және бәсекелестер алдында артықшылықты қамтамасыз етуге қабілетсіз.



Жоғары деңгейдегі артықшылықтарға өнімнің бірегейлігі, жаңа технологиялар мен жоғары білікті мамандарды, кәсіпорынның жақсы беделін жатқызуға болады. Өнімнің бірегейлігі кәсіпорынның өнім өндірумен байланысты, ал бәсекелестері болса дәл сондай өнімді жасап шығаруы немесе одан да жақсысын ойлап табу қажет. Бұл іс - әрекеттердің барлығы уақыт пен адамдардың күш қуатын және шығындарды қажет етеді. Бірегей өнімді шығаратын қандай да бір кәсіпорын басқалардың қолы жетпейтін жетекші орында болады, яғни тұрақты түрде бәсекеқабілетті болып табылады. Сонымен қатар, мұндай кәсіпорынның нарықтағы тағы да бір артықшылығы пайда болады – оның беделі. Бұл артықшылыққа қажырлы еңбек арқылы қол жеткізіледі, ал қол жеткізген жетістікті сақтау үшін қажетті мөлшерде шығындар да керек. Сол себептен де белгілі шетелдік компаниялар өз өнімдерінде сәл ғана ақау болғанның өзінде тұтынушылар үшін оларды тегін жөндейді немесе тауарды алмастырады.

Әрбір кәсіпорын өзінің бәсекелік артықшылықтарын жоғары деңгейге жеткізу үшін өз бәсекелік стратегиясының мақсат, міндеттерін берік ұстануы керек.

Кез – келген кәсіпорынның өз ерекшеліктері мен айрықша белгілері бар. Сондықтан да өз өнімінің бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету үшін, кәсіпорын стратегиясын таңдау олардың әрқайсысы үшін дара сипатқа ие және оның мақсаттары мен мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады.

Бәсекеқабілеттілік Қазақстанның ұлттық экономикалық жүйесінің, сонымен қатар жеке тауар өндірушілердің экономикалық жағдайын талдауда қолданылатын маңызды интегралды сипаттамалардың бірі болып табылады. Әдетте, оны шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметінің тиімділігі мен бағалау көрсеткіштері ретінде қолданады.

Тәжірибе жүзінде бәсекеқабілеттіліктің келесідей негізгі түрлерін бөліп көрсетеді:


  • Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі;

  • Тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі;

  • Өндірілген өнімнің нақты түрлерінің бәсекеқабілеттілігі;

  • Қызмет көрсетудің бәсекеқабілеттілігі;

  • Шикізат пен шикізат көздерінің бәсекеқабілеттілігі.

Бәсекеқабілеттілік жалпы экономикалық категория ретінде екі субъекттің – тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы және еркін бәсеке жағдайындағы тауар нарығының обьектке, яғни тауарға (қызметке) қатысты экономикалық қатынастардың қалыптасқан жағдайын сипаттайды.

Бәскеқабілеттілік экономикалық жүйенің екі элементіне – еркін бәсеке жағдайындағы объект пен шаруашылық субъектке тән. Ол уақытқа тәуелсіз. Сондықтан кез – келген уақытта анықтауға болады.Әдетте, кәсіпорын тауарының бәсекегеқабілеттілігі, оның өнімін жаңа нарыққа шығару немесе оның нарықтық сегментте алатын үлесін көбейту мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде анықталады.

Осы ережелерден шыға отырып, экономикалық категория ретінде бәсекеқабілеттілікті түсіну үшін «бәсекеқабілеттілік» терминінің негізгі құраушы қағидалары ретінде келесілерді атауға болады:



  1. бәсекеқабілеттілік тек еркін нарықта ғана байқалады;

  2. «бәсекеқабілеттілік» түсінігі нарықтық қатынастардың объектісіне (тауарлар, қызметтер), сонымен қатар субъектісіне де таралуы мүмкін;

  3. бәсекеқабілеттлік тауар өндіруші тарапынан, сонымен қатар сатып алушы тарапынан да тауардың (қызметтің) сапасын ескереді;

  4. бәсекеқабілеттілік деңгейін анықтау кезінде міндетті түрде тауарлардың аталған нарығындағы тұтынушының ақшалай табыстарының деңгейі ескеріледі;

  5. өнім өндірушінің бәсекеқабілеттілігі экономикалық, технологиялық және басқа да параметрлерімен, сонымен қатар еркін нарықтағы үлесімен де анықталады;

  6. тауарлар мен қызметтердің бәсекеқабілеттілігі серпінділік даму үрдістерде, сонымен қатар тұрақты түзетуші жағдайдада болады;

  7. тауардың бәсекеқабілеттілігін, қандай да бір еркін тауарлық нарықта қалыптасатын бәсеке басқарады.

Экономикалық қатынастардың объектісі мен субъектісі үшін бәсекеқабілеттіліктің келесідей анықтамалары болады:

Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі – бұл еркін нарық жүйесінде, бәсеке жағдайында, тұтынушылардың талаптарына объектілердің сәйкестік дәрежесін сипаттайтын және серпінді нарықта өнімнің белгілі бір үлесі бар субъект қасиеттерінің жиынтығы.

Өнімнің бәсекеқабілеттілігі – бұл өнімнің бәсекелес-ұқсас өніммен салыстырғанда, қарастырылған мерзімдік кезеңде аталған, нарықтың талаптарына сай келу деген қабілеті.

Бұл анықтамада үш ерекше белгі бар:



  1. кеңістік – нақты нарық (ел, нарық сегменті);

  2. мерзім – белгілі бір уақыт мерзімі;

  3. салыстырмалы танымдылық.

Сондықтан да бәсекеқабілеттілікті бағалау нақты өнімді сәйкес өніммен «уақыт-кеңістік» жүйесінде салыстыруды қарастырады.

Шаруашылық қызмет субъектісі тұрғысынан өнімнің бәсекеқабілеттілігі тұтынушыны қызықтырмайтын, бірақ дайындаушы (қызмет көрсетуші, сатушы) үшін шешуі болып табылатын – нарықтағы коммерциялық табыстың маңызы зор. Коммерциялық табыс табыстар шығындардан көп болған жағдайда, яғни табыс алған кезде орын алады. Бәсекеқабілеттілікті бағалау кезінде қолданылатын көрсеткіштер:



  • сапалық (тауардың сәндік т.б.үлгілерге сәйкестігі, ақаудың болмауы немесе болуы және т.б.);

  • сандық (станоктің өнімділігі, тұтынылатын қуат және т.б.).

Бәсекеқабілеттілік критерийібұл өнімнің сапалық немесе сандық сипаттамасы.

Критерийлерді есепке алу мен бағалау сияқты сипаттамалар бәсекелік артықшылықтар туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді, қажеттіліктердің алуан түрлі топтарының қанағаттандырылуын сипаттайды:



иерархиядан шыға отырып – базалық және алға жылжушы;

құрамынан шыға отырып – күрделі және қарапайым;

сипатталу дәрежесінен шыға отырып – айқын және жасырынды.

Бәсекеқабілеттілік критерийін кем дегенде екі белгісі бойынша жіктеуге болады: қанағаттандырылатын қажеттіліктердің түрлері және ескерілетін сипаттамалардың саны (15-кесте).

Осылайша, «қауіпсіздік» және «шынайылық» критерийлері өнімнің қарапайым (базалық) қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін сипаттайды:

– қорғануға деген қажеттілік (денсаулық, мүлік, қоршаған орта) және өнім дайындаушыдан (сатушымен, қызмет көрсетушімен) алданып қалмау қажеттілігі.


15 кесте – Өнімнің бәсекеқабілеттілігі критерийлерінің жіктелуі

Жіктеу белгісі

Бәсекеқабілеттілік критерийі

Қанағаттандырылатын қажеттіліктердің түрлері

  • Сапа деңгейі

  • Әлеуметтік мекен-жайлық

  • Шынайылық

  • Қауіпсіздік

  • Тұтынушылық тұрғысынан

жаңашылдығы

  • Имидж

  • Ақпараттандырылуы

  • Тұтыну бағасы

Ескерілетін сипаттамалардың саны

  • Бірлік

  • Топтық

  • Жинақталған


«Сапа деңгейі» критерийі өнімнің базалық деңгейден бастап (мысалы, азық-түлік өнімдері есебінен физиологиялық қажеттіліктер) алға жылжушы ерекшеліктерімен аяқтай отырып (эстетикалық кажеттіліктер, мысалы, киім, жиһаз және т.б. есебінен сатып алушының белгілі бір критерийге жатқызылуын сипаттайтын қажеттіліктер) қажеттіліктердің кешендік сұранысын қанағаттандыруға деген қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Тауардың «жаңашылдық критерий» деңгейі оның белгілі көрсеткіштерді жақсарту есебінен айқын қажеттіліктерді, сонымен қатар тұтынушы әлі сезініп үлгермеген қажеттіліктер немесе жаңа туындаған қажеттіліктерді, яғни жасырынды (латентті) қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін анықтайды.

«Ақпараттандырылу» критерийі құзіретті тұрғыдан таңдау үшін тауарлардың бәсекелік артықшылықтары туралы ақпаратты алуға деген ұмтылысынан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік мекен-жайлық» критерийін қолдану өнімнің қасиеттерін әлеуметтік топтың немесе адамның дара қажеттіліктерін өтеу қажеттілігін анықтауға бағытталған.

«Имидж» критерийі өнім дайындаушының (сатушының, қызмет көрсетушінің) беделін сипаттайды және сапа туралы мәліметтер тапшылық болған жағдайда, функционалды және қаржылық тәуекелді болдырмас үшін жабдықтаушының жоғары беделіне сүйенуге мүмкіндік береді.

«Тұтыну бағасы» критерийі сатып алушының материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болатын өнімді сатып алу мен пайдалану қажеттілігін, оның материалдық игіліктерді алуға деген ұмтылысын сипаттайды.

Бәсекеқабілеттілікті бағалау кезінде ескерілетін сипаттамалар санына байланысты бірілік және кешенді критерийлер болып бөлінеді.

Бәсекеқабілеттіліктің бірлік критерийі бәсекеқабілеттілікті анықтайтын қарапайым сипаттамалардың бірін сипаттайды. Мысал ретінде сату бағасын, приборды автоматтандыру дәрежесін келтіруге болады.

Бәсекеқабілеттіліктің кешенді критерийі бәсекеқабілеттілікті анықтайтын сипаттамалар жиынтығынан тұрады. Оның түрлері топтық және жинақталған критерийлер болып табылады.

Бәсекеқабілеттіліктің топтық критерийі – бұл қандай да бір жағынан тауардың бәсекеқабілеттілігін анықтайтын сипаттамалар тобынан тұратын кешенді критерийі.

Бірлік және топтық критерийлерінің түсініктері біршама шартты. Өйткені бәсекеқабілеттілікті бағалау шарттары мен субъектілері алуан түрлі болуы мүмкін. Кейбір критерийлер бірлік, сонымен қатар топтық критерий ретінде де болуы мүмкін. Мысалы, сату бағасы тұтынушы тұрғысынанбірлік критерий, ал дайындаушы – кәсіпорын тұрғысынантоптық болып табылады.



Бәсекеқабілеттіліктің жинақталған критерийібұл бәсекеқабілеттіліктің кешенді критерийі. Ол бойынша өнім бәсекеқабілеттілігін бағалау нәтижесінде шешім қабылданады. Мысалы, өнімнің бәсекеқабілеттілік деңгейі, тауар рейтингі т.б.

Өнім бәсекеқабілеттілігінің деңгейі бұл өнімнің бәсекелестердің өнімдерімен салыстыру барысында нақты нарықтық жүйенің талаптарын қанағаттандыруға деген қабілетінің сандық сипаттамасы.

Бәсекеқабілеттілікті бағалау қағидалары.

Бәсекеқабілеттілікті бағалау кезінде белгілі бір бастапқы ережелерге – қағидаларға сүйену керек. Ол қағидаларды ұстану бағалаудың нақтылығын арттыруға, нарық субъектілерінің мүдделерін ескеруге, бағалау процедурасы мазмұнын құрайтын іс-әрекеттер тәртібін бір ізге салуға мүмкіндік береді.

Нарықтың белгілі бір субъектісі тұрғысынан бағалау: дайындаушы, сатушы, тұтынушы. Нарық субъектісіне байланысты топтық және бірлік критерийлер номенклатурасы таңдалынады. Тұтынушы тұрғысынан бағалау кезінде оның қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы тек салыстырмалы тұтынушылық көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады. Оның себебі мұндай әдіс тұтынушыларға түсінікті болады.

Нарықтың белгілі бір сегментіне бағытталуы.

Техникалық заңнама, нормативті және заңды құжаттардың талаптарына сәйкестік. Ішкі нарыққа арналған отандық тауарлар, ең алдымен техникалық регламенттердің, мемлекеттік стандарттардың, санитарлық ережелер мен нормалардың, сонымен қатар міндетті нормативтері көрсетілген басқа да құжаттардың міндетті талаптарына сай болуы керек. Сәйкестік куәлігі, сәйкестік сертификаты немесе декларациясы болып табылады.

Экспортты өнім үшін маңызды шарт тауардың халықаралық стандарттарға (БСУ, КЭК және т.б.), сонымен қатар тауар сатып алушы елдің шетелдік стандарттарына сәйкестігі болып табылады. Тауарды экспортқа шығарушы елдің өнімді өткізу мүмкіндігі оның патентттік тазалығымен анықталады. Сәйкестікті бағалау баламалы нысанда беріледі – «сәйкес» немесе «сәйкес емес». Соңғы жағдайда нарықтық жүйеде тауарды өткізу мүмкіндігі болмайды және оның бәсекеқабілеттілігін бағалау қажеттігі туындамайды.

  1. Нарықтың белгілі бір түріне (сыртқы, ішкі) бағытталу. Сыртқы нарық кез-келген экспорттық өнімге белгілі бір деңгейде талап қояды және олар әрбір сатып алушы – ел үшін ерекше талап қойылады.

Бірінші кезекте өнімнің патентті тазалығы мен патенттік қорғанысын сипаттайтын патентті – құқықтық көрсеткіштерге қойылатын талаптар болып табылады. Оларды ескере отырып өнімді экспорттау елі таңдалынады. Бұлардан басқа жалпы талап ретінде экспортқа шығарылатын тауар қораптамасында штрих-кодтың болуы қажет.

Белгілі бір елдер үшін ерекше талаптар шетелдік стандарттардың ерекшеліктерімен, іске қосу жағдайларымен (ылғалды тропикалық климат, құрамында тұзы бар атфмосферада іске қосу мүмкіндігі), елдің ұлттық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.



  1. Екі жақты есепті болдырмау. Бірқатар критерийлердің өзгеруі тауардың немесе қызметтің пайдалылығын да, сонымен қатар оның құнын да сипатталды. Мысалы, сенімділікті арттыру, бір жағынан сапа деңгейін тұрақтандыруды арттырады, ал екінші жағынан – тұтыну бағасын төмендетеді. Тиімділіктің екі жаққа бірдейлігі, оны бөлуді қиындатады, ал кейбір жағдайда мүмкін емес. Сондықтан, сапаның интегралды көрсеткіштерін есептеудің нақтылығын қамтамасыз ету үшін, сенімділік көрсеткіштерінің мәнін екі жақты есептеуді болдырмау қажет. Яғни, сапалық сенімділік көрсеткішін салыстырмалы сипаттама формуласының алымында немесе бөлімін ескерген жөн.

Екі жақты шоттың ерекшелігін алдын-ала ескеру, сонымен қатар «жаңашылдық деңгейі» критерийін қолдану кезінде де, бәсекеқабілеттілікті бағалау кезінде де ескеру қажет. Егер, жаңашылыққа сапа көрсеткіштерін (тауарды жаңарту, жетілдіру) жақсарту арқылы қол жеткізілсе, онда бұл жағдайды екі критерийді – «жаңашылдық деңгейін» немесе «сапа деңгейін» есептеген кезде ескерген жөн.

  1. Ұсынылатын талаптарды ескере отырып бәсекеқабілеттілік критерийлерінің номенклатурасын қалыптастыру және міндетті талаптардың артуы.

Талаптардың объектілері ретінде тауарларының көбісі бойынша тауардың а сенімділігі мен экстетикалық ерекшеліктеріне қойылатын талаптар алынады. Тауардың осы талаптарға сәйкестігі оның сәйкес сапасын қамтамасыз етеді. Осы талаптардың артуы тауарға бәсекелік артықшылықтарды береді. Талаптар негізіндегі сапа көрсеткіштері бәсекеқабілеттілік критерийлерінің номенклатурасын анықтайды.

Міндетті талаптардың (қауіпсіздік, экологиялылық) негізін құрайтын көрсеткіштер шектеулі болып келеді. Өйткені олардың стандарт нормаларына сәйкес болуы міндетті сертификаттау мен бәсекеқабілеттілігін бағалау үшін жіберілу шарты болып табылады.


11.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Бәсекеқабілеттілік факторы бәсекеқабілеттіліктің бір немесе бірнеше критерийлерін өзгертуге қажетті және жеткілікті болуының тікелей себебі. Факторлық талдау деп аталатын өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жеке критерийлерін төмендететін себептер мен бәсекеқабілеттілікті арттыратын факторларды анықтау – дайындаушы-кәсіпорындар мен сатушы-кәсіпорындар қызметінің маңызды аспектісі. Бәсекеқабілеттілік факторларының жіктемесі 16-кестеде келтірілген.

16 кесте – Бәсекеқабілеттілік факторларының жіктемесі



Жіктеме белгісі

Факторлары

1. Іс-әрекет ету аясы

1.1. Макроэкономикалық

1.2. Микроэкономикалық



2. Пайда болуы

2.1. Негізгі (табиғи)

2.2. Дамыған (жасанды)



3. Мамандануы

3.1. Жалпы

3.2. Маманданған



4. Қамтамасыз ету сатылары

4.1. Өндірістік

4.2. Өткізу

4.3. Қызмет көрсетуші

4.4. Нарықтық



5. Әлеуметтік-экономикалық табиғаты

5.1. Ресурстық

5.2. Инфрақұрылымдық



6. Әрекет ету интенсивтілігі

6.1. Шамалы әсер ететін

6.2. Әжептәуір әсер ететін

6.3. Өте күшті әсер ететін


7. Әсер ету сипаты

7.1. Оң

7.2. Теріс



Кәсіпорын қызметі сыртқы ортада, яғни макроортада өтеді. Оның компоненттері елдің, аймақтың, саланың бәсекеқабілеттілігі болып табылады.

Макрорта компонеттері кәсіпорынға тікелей (мысалы, елдің басқару органдарының заңнамалық немесе салықтық әсер етуі) немесе жанама (халықаралық, экономикалық және басқа да факторлар арқылы) түрде әсер етеді (35-сурет).


Салықтар Салықтар

Төлемдер Субсидиялар

Тауарлар мен қызметтер Тауарлар мен қызметтер


35-сурет. Елдің макроэкономикалық жүйесіндегі кәсіпорындардың орны мен рөлі

Іс-әрекет ету сферасы бойынша макроэкономикалық және микроэкономикалық факторларды бөліп көрсетеді. Біріншілері экономиканың салалары мен мемлекет деңгейінде кездеседі.

Екінші (микроэкономикалық) факторлар нақты тауарлар мен қызметтер, кәсіпорындар деңгейінде әсер етеді.



Кәсіпорынның өз бәсекелестерімен күреске түсуге мүмкіндік беретін бірқатар ресурстардың статистикалық сипаттамасы бар. Бұл ресурстар кәсіпорынның бәсекелесуге деген қабілетін анықтайтын дәстүрлі факторлардың бірінші деңгейі. Оларға мыналар жатады:

  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен экономикалық әлеуеті (активтер, негізгі капитал, меншікті және қарыз капиталы, өнімді сату көлемі, өнім сату көлемдерінің қарқыны, нарықтағы үлесі, сату көлеміне, тартылған инвестициялық капитал, акционерлік капитал бойынша табыс);

  • Кәсіпорынның нақты нарықтық сұранысқа сәйкес жоғары сапалы және қысқа мерзімде қандай да бір өнімді өндіруге мүмкіндік беретін өндірістік және өткізу әлеуеті (инновациялық технологиялар, өндірістік және өнім өткізу қуаттары, шикізат базасының, көлік құралдарының болуы, техникалық қызмет көрсету орталықтары, өндіріс үрдісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны, шығарылатын өнім номенклатурасын жаңарту);

  • Ғылыми- зерттеушілік әлеует (ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, зерттеу орталықтарының, лабораториялардың, патенттеу аясындағы бағытталған ғылыми зерттеулердің саны, техниканың қандай да бір саласындағы кәсіпорынның монополиялық жағдайды иеленуін бағалау);

  • Қаржылық жағдайы (төлемқабілеттілігі, яғни кәсіпорынның қажетті мерзімде өз қаржылық міндеттемелерін өтеу қабілеті, несиеқабілеттілігі мен несиелеу шарттары, капитал құрылымы, пайда (табыс) массасы мен нормасының өсуі);

  • Ел нарығындағы кәсіпорынның орны (ұзақмерзімді сұраныс өсімінің жылдамдығы, сатушылар құрамы мен өнімді пайдалану тәсілдерінің өзгеруі, өнімді жаңарту, маркетингтік инновациялар, тұрақты сатып алушылардың қалаулары, нарық үлесінің өсуі);

  • Әлемдік нарықтағы кәсіпорынның орны (ірі техникалық және технологиялық жетістіктердің таралуы, шығындар мен тиімділіктегі өзгерістер, сыртқы нарықтағы ашықтылық тәуекелі мен белгісіздіктің азаюы, нарық үлесінің өсуі);

  • Кадрлық әлеует (кәсібилік, ынтымақтастық, ұжымдылық, жұмыс күшінің мобильділігі, бәсеке рухы, кәсіпорынның жақындылығы).

Негізгі (табиғи) факторлар – бұл табиғи ресурстар, климаттық жағдайлар, елдің географиялық тұрғыдан орналасуы, біліксіз және жартылай білікті жұмыс күші. Олар елге «тегін» беріледі немесе оларды іске қосу біршама салымдарды қажет етеді. Бұл факторлар ғылыми сыйымдылығы аз өндірісте үлкен рөл атқарады: өңдеу өнеркәсібінде, азаматтық объектілер (мектеп, тұрғын үй және т.б.) құрылысында, ауыл шарушылығымен байланысты салаларда.

Дамыған (жасанды) факторлар көбінесе интеллектуалды қызметтің нәтижесі болып табылады – өндірістің ғылыми орталықтарын ұйымдастыру және жоғары білімді кадрларды қалыптастыру, ақпарат алмасудың жақсы дамыған инфрақұрылымы.

Жалпы факторлар – бұл салалардың әр түрлі жүйесіне әсер ететін факторлар: автокөлік және теміржол желісі, жоғары білімі бар персонал.

Маманданған факторлар – салалардың шектеулі түрінде немесе тіпті жалғыз біреуінде ғана қолданылатын факторлар (мысалы, тар шеңберлі аяға маманданған персонал, оптика аясындағы ҒЗИ жақсы дамыған желісі, ерекше типтегі инфрақұрылым (ғарыш саласы үшін инженерлерді мақсатты дайындау және т.б.)).

Маманданған факторлардың қалыптасуы тұрақты және едәуір деңгейде қаржыландыруды талап етеді. Бірақ, бұл факторларды шетелдік бәсекелестер физикалық және психологиялық тұрғыдан да қайталай алмайды. Өйткені оларды қалыптастыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар қажет.


11.4 КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ
Қандай да бір еркін нарықта, бәсеке шарттары мен бәсекелестерді зерттеу қандай да бір тауар өндірушіге, ең алдымен оның бәсекелестері алдындағы артықшылықтары мен кемшіліктері қандай болатындығын анықтау үшін қажет. Бұл жағдайда кәсіпорынның табысты бәсекелік стратегиясын жасап, еркін нарықта бәсекелік артықшылығын өз деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік береді. Еркін нарықтағы кәсіпорынның бәсекелік позициясын бағалау үшін келесі жағдайлар қажет:

  • шығарылатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру бойынша шараларды жасап шығаруға;

  • бәсекеқабілетті өнімді бірлесіп шығаруды ұйымдастыру үшін әріптес кәсіпорынды таңдауға;

  • болашағы бар өндіріске инвестициялық қаражаттарды немесе банктік несиелерді тартуға;

  • өзінің бәсекеқабілетті өнімімен кәсіпорынның жаңа нарықтық жүйелерге шығу бағдарламасын жасау үшін.

Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің деңгейін бағалаудың негізгі мақсатты белгілі нарықтық жүйедегі кәсіпорынның жағдайын және оның қызметін ұтымды түрде жүргізу стратегиясын анықтау болып табылады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін бағалаудың жедел және объективті әдістемесінің болуына байланысты.



Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін бағалаудың келесідей әдістері белгілі:

  1. Матрицалық әдіс (Бостондық консалтингтік топпен жасап шығарылған.

Бұл әдістеменің негізінде – тауардың(қызметтің) өмірлік циклын ескере отырып бәсекеқабілеттілігін талдау. Бағалаудың мәні координаталар жүйесі қағидасы бойынша құрастырылған матрицаны талдауда: көлденең – сызықты масштабтағы сату көлемдерінің өсу(қысқару) қарқындары;

тігінен – нарықтағы тауардың(қызметтің) салыстырмалы үлесі. Бәсекеқабілеттілігі жоғары кәсіпорындар ретінде жедел дамып келе жатқан нарықтық жүйеде біршама үлесі бар кәсіпорындар саналады.

Әдістің артықшылықтары: өнім өткізу көлемдері туралы шынайы ақпарат болған жағдайда әдіс бағалаудың жоғары деңгейдегі дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әдістің кемшіліктері: белгілі ортада болып жатқан жағдайдың себептерінен талдауды жүргізуді болғызбайды және басқарушылық шешімдерді жасап шығаруды қиындатады.

  1. Негізгі тәсіл ретінде кәсіпорынның тауарын(қызметін) бағалауға пайдаланатын әдіс.

Бұл әдіс өнімнің бәсекеқабілеттілігі жоғары болған сайын өнім өндірушінің бәсекеқабілеттілігі де жоғары болады дегенге негізделеді. Тауардың(қызметтің) бәсекеқабілеттілігін бағалау көрсеткіші ретінде екі сипаттаманың: баға мен сапаның арақатынасын қолданады. Осы сипаттамалардың оптималды арақатынасы болған жағдайда тауар бәсекеқабілетті болып табылады:
(1)

мұндағы С – тауар сапасының көрсеткіші; Б – тауар бағасының көрсеткіші; Бт – тауар бәсекеқабілеттілігінің көрсеткіші.

Тауардың тұтынушылық құны мен сатып алушының ол үшін төлейтін бағасы арасындағы айырмашылық көп болған сайын, тұтынушы үшін тауар бәсекеқабілеттілігінің деңгейі де жоғары болады.

Әдістің артықшылықтары: ол кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігіне әсер ететін ең маңызды факторды – тауардың бәсекеқабілеттілігін ескереді.

Әдістің кемшіліктері: кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі тауар бәсекеқабілеттілігінің сипатына ие болады және басқа да әсер ететін аспектілерді қозғамайды. Сондықтан кәсіпорын жұмысының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы шектеулі мағлұмат алуға ғана мүмкіндік береді.


  1. Тиімді бәсеке теориясына негізделген әдіс.

Бұл теорияға сәйкес, ең бәсекеқабілетті кәсіпорындар, оның барлық бөлімшелері мен қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы жақсы ұйымдастырылған кәсіпорындар болып табылады. Әрбір қызмет көрсету бөлімінің жұмыс істеу тиімділігіне көптеген факторлар – кәсіпорын ресурстары әсер етеді. Сондықтан әрбір бөлімше жұмысының тиімділігін бағалау осы ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау болып табылады. Әдіс негізінде бәсекеқабілеттілікті төрт топтық көрсеткіштер арқылы бағалау жатыр.

Бірінші топқа өндірістік үрдісті басқару тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер кіреді: өндірістік шығындардың үнемділігі, негізгі қорларды (негізгі капиталды) пайдаланудың тиімділігі, тауарды дайындау технологиясын жетілдіру, өндірісте еңбекті ұйымдастыру.

Екінші топқа айналым қаражаттарды басқаруды сипаттайтын көрсеткіштер енеді: кәсіпорынның қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелсіздігі, кәсіпорын өз қарыздары бойынша есеп айрысу қабілеті, кәсіпорынның болашақта тұрақты даму мүмкіндігі.

Үшінші топқа жарнама және ынталандыру құралдары арқылы нарықта тауарды жылжыту мен өткізуді басқару тиімділігі туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер кіреді.

Төртінші топтауар бәсекеқабілеттілігінің көрсеткіштері: тауар сапасы мен оның бағасы.

Бұл көрсеткіштердің әрқайсысының, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі коэффициентін (КБҚ) есептеу үшін маңыздылық дәрежесі әртүрлі болғандықтан, сараптамалық әдіспен критерийлердің салмақтылық коэффициенттерін жасау қажет.



Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік коэффициенті мен критерийлерін есептеу орташа арифметикалық өлшем формуласы бойынша жүргізіледі:

КБҚ = aЭт +bФт +сЭө +dБТ, (2)

мұндағы КБҚ – кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік коэффициенті; Эт – кәсіпорынның өндірістік қызмет тиімділігі критерийінің мәні; Фт – кәсіпорынның қаржылық жағдайы критерийінің мәні; Эө – нарықта тауарды жылжыту мен өткзуді ұйымдастыру тиімділігі критерийінің мәні; БТ – тауардың бәсекеқабілетттілік критерийінің мәні (1-формуланы қараңыз); a, b, с, d – критерийлердің салмақтылық коэффициенттері.

Сарапшылармен анықталған критерийлердің есептік салмақтылық коэффициенттерінің мәнін формулаға қоя отырып келесідей мәліметтер жүйесін аламыз:

ККП = 0,15Эт +0,29Фт +0,23Э0 +0,33БТ,
мұндағы Эт, Фт, Эө коэффициенттерді ескере отырып қажет көрсеткіштер келесідей формулалар бойынша есептеледі:

Тк = 0,31Ш + 0,19Қ + 0,40РТ + 0,10Е, (3)

мұндағы Тк – кәсіпорынның өндірістік қызметі тиімділігінің критерийі; Ш – өнім бірлігіне қажетті өндіріс шығындарының салыстырмалы көрсеткіші; Қ – қор қайтарымдылығының қатысты көрсеткіші; РТ – тауар рентабельділігінің қатысты көрсеткіші; Е – еңбек өнімділігінің қатысты көрсеткіші; 0,31; 0,19; 0,40; 0,10 – көрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттері.


Ққ = 0,29КА + 0,20Тқ + 0,36Қө +0,15АО, (4)

мұндағы, Кқ – кәсіпорынның қаржылық жағдайының критерийі; КА – кәсіпорын автономиясының салыстырмалы көрсеткіші; Тқ – төлемқабілеттіліктің қатысты көрсеткіші; Кө – кәсіпорын өтімділігінің салыстырмалы көрсеткіші; А0 – айналым қаражаттары айналымдылығының салыстырмалы көрсеткіші; 0,29; 0,20; 0,36; 0,15 – көрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттері.


Тт = 0,37Рө + 0,29Дт + 0,21Өқ +0,14ЫТ, (5)

мұндағы, Тт – тауарды жылжыту мен өткізуді ұйымдастыру тиімділігінің критерийі; Рө – өнім рентабельділігінің қатысты көрсеткіші; ДТ – дайын өнімнің тауарлығының салыстырмалы көрсеткіші; Өқ – өндірістік қуаттарды пайдаланудың салыстырмалы көрсеткіші; Ыт – өнімді өндіруді ынталандыру тетіктері мен жарнама тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші; 0,37; 0,29; 0,21; 0,14 – көрсеткіштердің салмақтыық коэффициенттері.

Тауардың бәсекеқабілеттілік критерийлерін есептеу бірінші әдісте сипатталған формула бойынша жүргізіледі.

Жалпы түрде аталған әдіспен кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің коэффициентін есептеу алгоритмі үш сатылы әдісті қарастырады:



1-саты. Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің бірлік көрсеткіштерін есептеу және көрсеткіштерін салыстырмалы шамаларға (баллдарға) ауыстыру.

Көрсеткіштерді салыстырмалы шамаларға (баллдарға) ауыстыру үшін оларды базалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі. Базалық көрсеткіштер ретінде (салыстыру базалары) төмендегі мәліметтерді алуға болады:



  • орташа салалық көрсеткіштер;

  • кез-келген бәсекелесуші кәсіпорынның немесе нарықтың аталған сегментіндегі жетекші – кәсіпорынның көрсеткіштері;

  • бағаланатын кәсіпорынның өткен кезеңдегі көрсеткіштері.

Көрсеткіштерді салыстырмалы шамаларға ауыстыру мақсатында 10-баллдық шкала қолданылады. Бұл жағдайда 3 баллмен базалық көрсеткішке қарағанда мәні нашар көрсеткіш, 5 баллмен – базалық көрсеткіш, ал 10 баллмен – базалық көрсеткіштерге қарағанда жақсы көрсеткіш бағаланады.

2-саты. Жоғарыда ұсынылған формулалар бойынша кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік критерийлерін есептеу.

3-саты. Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің коэффициентін есептеу (КБК).

Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің бұл әдіспен бағалау кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық маңызды жақтарын бағалауды қамтиды. Жеке көрсеткіштердің қайталануын болдырмайды, салалық нарықтағы кәсіпорын жағдайын тез және объективті тұрғыдан сипаттауға мүмкіндік береді. Бағалау барысында әр түрлі уақыт аралығындағы көрсеткіштерді салыстыруды кеңінен пайдалану, бұл тетігі жеке бөлімдердің қызметін жедел бақылау нұсқауының әдісі ретінде қолдануға мүмкіндік береді.


Нарықтағы сатып алушылардың мінез-құлқына негізделген әдіс. Кәсіпорында шығарылатын өнімге деген нарықтың қандай да бір сегментіндегі тұтынушылар мен кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштерінің арақатынасынан шыға отырып, кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің жалпылама көрсеткішін есептеудің басқада формулаларын пайдалануға болады. Берілген экономикалық – математикалық модельдің негізінде өндірілетін өнімнің сапасын қалыптастыру мақсатында кәсіпорын шығындарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың табыстарын ескере отырып, шығарылатын азық-түлік тағамына деген тұтынушылардың талабы да есептеледі.

Вк кәсіпорын =( aЭт +bФт +сЭө +dБТкәсіпорын.i (6)
Вк кәсіпорын. i = Кпр· Ккәсіпорын.i (7)
Немесе толығырақ түрде бұл экономикалық – математикалық модель келесідей түрде сипатталады:

N k n



Вк кәсіпорын. i = ∑Кi · Ri ·∑[ УДj ·Rнас. ·∏Рi/Рид.i]. (8)

i=1 j=1 i=1

Ұсынылған экономико-математикалық модельдер, табыс деңгейлері алуан түрлі болатын сатып алушылардың ой-пікіріне қатысты. Берілген кәсіпорынмен өндірілетін жеке тауарлардың (азық-түлік) бәсекеқабілеттілігін бағалаудан шыға отырып бәсекеқабілеттілік деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Бәсекенің мәні неде?

  2. Кәсіпкерлікте бәсеке қандай функцияларды атқарады?

  3. Бәсекенің қандай түрлері мен әдістері бар?

  4. Өнім өндірушілер мен тұтынушылар саны арасындағы арақатынасқа байланысты бәсекелік құрылымдардың қандай түрлерін бөліп көрсетуге болады?

  5. Бәсекелік стратегияға байланысты бәсекелік мінез-құлықтың қандай түрлерін бөліп көрсетеді?

  6. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы мен бәсекеқабілеттілігінің мәні неде?

  7. Бәсекеқабілеттілікті бағалаудың қандай қағидалары бар?

  8. Бәсекеқабілеттілік критерийлері дегеніміз не?

  9. Бәсекеқабілеттілікке әсер ететін факторларды сипаттап беріңіз.

  10. Кәсіпкерлікте бәсекелестерді бағалаудың қандай әдістері бар?



1
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2 – тақырып:



12.1КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Кәсіпкерлік қызметті талдау дегеніміз оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жүргізу үшін зерттеу үрдісін айтады.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың басты мақсаты, оның болашық дамуына қажетті ұйымдық, инвестициялық, технологиялық және т.б іс-әрекеттер мен оның тиімді түрде қызмет етуін анықтау болып табылады (17кесте)

Талдаудың негізгі міндеттері:


  • кәсіпкерлік қызметтің экономикалық нәтижелеріне қол жеткізу;

  • бизнестің кемшіліктері мен оң жағдайларын анықтау;

  • кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін мен пайдасын арттыру жолдарын анықтау.

17-кесте – Кәсіпкерлік қызметті талдау түрлері



Аталуы

Сипаттамасы

Жедел талдау

Бұл жылдық талдауға қарағанда қысқа мерзіммен (ай, тоқсан, жарты жыл) ерекшеленеді. Ол мүмкіндіктер мен тәуекелдерді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Жедел талдау, өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық тараптары мен аспектілерін қамти отырып, мыналарды қарастырады:

  • кәсіпорын қызметінің қорытындыларын талдау

  • өндіріс шығындарын талдау

  • өнімді талдау

Жылдық талдау

Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалауға бағытталған, ресурстарды басқарудың тиімді құралы болып табылады, сонымен қатар өнім сапасын қамтамасыз ету мен шығындарды оңтайтандыруда маңызды рөль атқарады

Кешенді талдау

Бұл талдауда кәсіпкерлік қызметтің барлық жақтары қарастырылады

Тақырыптық талдау

Кәсіпкерлік қызметтің жеке кезеңдері,түрлері талданады.

Толық талдау

Талдаудың барлық объектісінің тәжірибелік материалдары қолданылады.

Таңдамалы талдау

Белгілі бір нақты материалдары қолданылады.



Кәсіпкер жұмысының тиімділігі, оның құрылған кәсіпорынының жұмысының нәтижелерімен, сонымен қатар нақты қабылданған шешімдердің жоғары нәтижеге жеткен көрсеткіштері арқылы анықталады. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау барысында көрсеткіштердің кейбір жағдайда қарама-қайшылығы мен тепе-теңсіздігін ескере отырып талдау өте маңызды рөль атқарады (18 кесте).

18-кесте – Талдау мақсаттарына байланысты қолданылатын әдістер



Аталуы

Сипаттамасы

Көрсеткіштерді салыстыру әдісі

Болып жатқан үрдістердің сапалы сипаттамасы біртекті үрдістер арқылы берілсе, ол сәйкес көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың шамасын ғана емес, сонымен қатар бұл көрсеткіштерді өсіру (төмендету) қарқындарын да анықтауға мүмкіндік береді. Есепті жылдың нақты нәтижелерін жоспарлы кезең нәтижесімен салыстырады және қандай да бір көрсеткіштің даму динамикасына талдау жасайды

Элиминирлеу әдісі

Факторлардың өзгермейтіндігі жағдайында зерттелетін көрсеткіштердің шамасына неігізгі факторлардың әсерін сапалы өлшеуге мүмкіндік береді. Элиминирлеу әдісінің мәні жеке жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштерге ауыстыруды сатылы және біртіндеп жүргізуде. Орнын ауыстыру жолымен бір факторлар екіншілерден бөлінеді және қандай да бір факторлардың әсерінен болған ауытқу мөлшерлері анықталады

Аталған әдісті сәйкестендірілетін көрсеткіштердің базистік және есепті шамаларды арасындағы абсолютты айырмаларын есептеу тәсілі ретінде өзгертілген және жеңілдетілген түрі ретінде қолдануға болады



Құраушы көрсеткіштерді орналастыру әдісі

Өнімді өндіру шығындарындағы өндірістік шығындардың жеке түрлерінің өзгеру себептерін зерттеу кезінде қолданылады. Өйткені шығындардың әрбір түрі екі элементтен тұрады: өнім бірлігін өндіруге натуралды шығындарының көлемі мен шығындалған ресурстар бірлігінің ақшалай бағалануы.

Экономикалық -математикалық әдістер

Аталған әдістер факторлардың көптігіне байланысты күрделі экономикалық көріністерді зерттеу кезінде тиімді. Бір мақсатқа қол жеткізуге әртүрлі жолдармен жетуге болатындықтан, экономикалық-математикалық әдістер ресурстарды пайдаланудың оңтайлы және тиімді нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.

Кез-келген кәсіпорын мөлшерлеріне, қызмет аяларына, пайдалылығы мен зияндылығына байланысты тәуелсіз күрделі жүйе болып табылады. Ол нарықтық ортамен өзара қарым-қатынаста болады. Соның салдарынан кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін көрсете алатын жалғыз көрсеткішпен сипаттауға болмайды, яғни көрсеткіштер жүйесі қажет.

Ұтымды кәсіпкерлік шешімдерді іздеу үшін кәсіпкерлік жүйеде имитациялық(ұқсастыру) және сараптамалық модельдермен қатар оптиизациялық(оңтайландыру) модельдер де қолданылады.

Шешім қабылдаудың оңтайландыру қағидасы басқару, жоспарлау, болжау теориясында, жоспарлы – жобалық, өндірістік, коммерциялық қызметте кеңінен таралған. Бірақ, оны пайдалану әдетте қарапайым жеңілдетілген нысанды пайдалану арқылы немесе қолда бар нұсқаны таңдаумен байланысты.

Мұндай сипаттағы таңдау оңтайландыру шартына толық сәйкес емес. Ол оңтайландыру әдісінің шартына жауап береді, онда қарастырылатын нұсқаулардың аясы шектеулі болады және ең жақсы нұсқа оның шегінен тыс болуы мүмкін.

Имитациялық және оптимизациялық модельдер арасында нақты айырмашылықтар бар: олардың барлығының мақсаты мүмкін болатын нүсқалардан ең ұтымдысын (оптималдысын) таңдау болып табылады. Айырмашылық тек модельдері құрастыру негізіне байланысты (имитациялық модельдер үрдістің ағымы бойынша, ал оңтайландыру – талдау әдістерін пайдалануды қарастырады).

Оңтайландыру үрдісінің өзі барлық проблемалық – бағыттаушы модельдерге тән қасиетті жүзеге асыру кепілі екені белгілі. Оңтайландыру, бұл жағдайда, жүзеге асырылатын проблемалық – бағыттаушы модельдеудің мазмұны ретінде көрініс табады. Оның негізгі міндетті – жүйелік білім беру алдындағы мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдарын анықтаудың шешуші механизмі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті модельдеу кезінде оңтайландырудың маңызы зор. Кәсіпкерліктің оңтайлы моделін таңдау –алуан түрлі болатын факторлар мен оңтайландыру шартына байланысты үрдістер мен көріністерді зерттеуге, олардың үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оңтайландырудың ерекшелігі модельдеудің варианттық нүсқауларын анықтау үрдісінде танылады. Варианттылық (вариантты әдіс, вариантты тәсіл) ұтымды шешімдер қабылдау үшін модельдің алдын-ала жобаларын жасап шығару үрдісі болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, вариантты әдіс – бұл шешімдердің көптігіне байланысты ,нұсқаулардың ұтымды бірін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тәсіл.

Таңдау мүмкіндігі түбегейлі шешімдерді бағалау үшін, түпкілікті түрде қажет. Мысалы, басқарушылық шешімді қабылдауда олардың бірнеше нұсқалары жасалынады, ал олардың ішінен шешім қабылдаушы өз нұсқасын таңдай алады.

Вариант түсінігі «varians» деген латын сөзінен таралған, ол өзгермелі дегенді білдіреді. Орыс тілінде вариант деп өзгеруді, бір нәрсенің түрін, сонымен қатар қандай да бір туындының, ресми құжаттың немесе оның бөлігінің бірнеше редакцияларын айтады.

Талдауды өткізу тізбектілігі мен тәртібі кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктеріне, қойылған мақсат пен талданатын нақты материалға байланысты болады. Талдауды өткізудің белгілі бір тәртібі келесідей сипатта болады:


  • талдауды өткізу жоспарын құрастыру;

  • нақты материалды таңдауды, тексеруді және зерттеуді өткізу;

  • нақты мәліметтерді талдауды жүзеге асыру;

  • алынған нәтижелерді жинақтау;

  • ұсыныстарды, тұжырымдарды жасап шығару;

  • шешімдерді қабылдау.

Бәсекелік артықшылықтарын көбейтуге және олардың көмегімен өзінің нарықтық позицияларын қамтамасыз етуге ұмтылатын кәсіпкерлік қызметтің мақсатты бағыттары ретінде, нәтижелі көрсеткіштердің кең жүйесін (сандық, сонымен қатар сапалық) қолданады: сату көлемі мен табыстың өсімі, үлкен мақсатты сегментті иемдену, өндірілетін тауардың сипаттамаларын мақсатты нарық тұтынушыларына бейімдеу және т.б. Мұндай бағыттар оларға қол жеткізудің ең үнемді тәсілдері ретінде қойылған міндеттер мен оларды шешу тәсілдеріне бейімделген, бағалау көрсеткіштерін негіздеу кезінде толық және жан-жақты сипаттауды талап етеді.

Бұл шаруашылық жүргізудің нарықтық нысандарына негізделген, Қазақстан экономикасының дамуындағы потенциалды және нақты табыстар, көбінесе өндірісті басқару мен жоспарлаудағы әдістер мен жүйелерді, ұтымды пайдалану масштабтарына байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау тек көрсеткіштер жүйесінің көмегімен ғана жүзеге асыруға болады.



Нарықтық қатынастар жағдайында шағын кәсіпорындағы кәсіпкерлік қызметтің нәтижелілігі, кәсіпорынның қолда бар және пайдаланылатын экономикалық әлеуетке тікелей байланысты болады. Осыған байланысты, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау жүйесі фирмаішілік жоспарлаудың көрсеткіштер жүйесі секілді, кәсіпорынның қолда бар экономикалық әлеуетіне негізделуі керек. Ол өз кезегінде кәсіпорынның еңбек, материалдық, қаржылық және басқа да ресурстармен мөлшерімен, сонымен қатар табыс алу мен қызметтер көрсету аясында ресурстарды пайдалануға деген қызметкерлердің қабілеттерімен сипатталады.

Нәтижесінде, кәсіпорынның экономикалық әлеуетін пайдалану тиімділігін талдау, оның өнімінің бәсекеқабілеттілігін арттыру мүмкіндерін анықтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, көрсетілетін қызмет пен шығарылатын тауарлардың сапасын арттыру, сонымен қатар ресурсты үнемдеу, сату көлеміне және табыс (пайда) алуға әсер ететін тауардың бәсекеқабілеттілігін тікелей анықтайды.



Кәсіпорынның экономикалық әлеуеті төмендегідей көрсеткіштер жүйесімен анықталуы мүмкін (19-кесте):

  • материалдық ресурстардың саны мен сапасымен, оларды ұтымды пайдалану мүмкіндіктерімен;

  • кәсіпорынның барлық ұжымының өнім өндіруге деген қабілетімен (яғни қызметкерлердің білімі, біліктілік, мотивациялық әлеуеті);

  • кәсіпорынның өндірістік қуаттарын ұтымды пайдалану;

  • кәсіпорынның инновациялық мүмкіндіктерімен, атап айтқанда өндірісті жаңарту кезеңділігі мен технология ауысымымен және т.б.;

  • ақпаратты өңдеу мен талдау бойынша кәсіпорынның ақпараттық мүмкіндіктермен;

  • кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктер мен (несиеқабілеттілік, инвестициялық тартымдылық және т.б.).



19-кесте – Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі





Көрсеткіштер

Көрсеткіштер жүйесі

1

Кәсіпорынның сыртқы ортадағы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер


  • салыстырмалы экономикалық әлеует көрсеткіштері

  • өнімнің техникалық деңгейінің көрсеткіштері

  • сәйкестендірілетін сапалы сипаттамалар көрсеткіштері (сапа тиімділігі)

  • сыртқы қаржылық аспектілерді сипаттайтын көрсеткіштер (төлемқабілеттілік көрсеткіштері)

2

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көрсеткіштері

  • өнімді шығару, өткізу және бәсекеқабілеттілік көлемдерінің көрсеткіштері;

  • материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері (материал сыйымдылығы, қалдықтарды азайту және т.б.)

  • техникалық, ұйымдастырушылық және инновациялық даму көрсеткіштері (шығармашылық жетістіктер деңгейі, клиенттерге қызмет көрсету деңгейі, өнімді жаңарту көрсеткіші және т.б.)

  • персоналдың сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері (жұмысшылар саны, кадрлар ағымдылығы және т.б.)

  • қаржылық көрсеткіштер

  • кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалаулар

3

Тиімділік көрсеткіштері

  • табыстылық көрсеткіштері

  • еңбекті пайдалану тиімділігі

  • активтерді пайдалану тиімділігі

4

Жиынтық көрсеткіштер

  • төлемқабілеттілік көрсеткіштері

  • табыстылық көрсеткіштері

  • кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіштері.


Жоғарыда көрсеткіштердің келтірілген жүйесі серпінділік болумен қатар сыртқы және ішкі орта талаптарына икемді бейімделуі керек. Соған байланысты, көрсеткіштердің ұсынылған жүйесі нақты кәсіпорынның қызмет етуіне байланысты, оған кіретін элементтердің өзгеру мүмкіндігін қарастырады. Одан басқа, қолдану ерешелігіне байланысты жүйенің жеке элементтерінің іріленуі немесе бөлшектенуі де болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үшін ұсынылатын көрсеткіштер жүйесінің ерекшелігі ретінде, оның бәсеке жағдайындағы тұрақты дамуы ретінде – мақсатты бағытталуын айтуға болады. Ол кәсіпорын үшін сыртқы ортаны сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін, сонымен қатар тиімділік көрсеткіштерінің құрамын бөліп көрсетуді сипаттайды.

Сыртқы ортада кәсіпорынның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер, ең алдымен, стратегиялық әсер етудің бағыттарын ары қарай жасап шығару (түзету) үшін, жетекші кәсіпорын, яғни бәсекелестердің қол жеткізілген деңгеймен салыстыру және оның көрсеткіштеріне сәйкестендіру міндеттерін орындауға бағытталған.

Қазіргі жағдайларда шағын кәсіпорындарда, кәсіпорын табысын көбейту, өндіріс тиімділігін өсіру және шектеулі ресурстарды үнемдеуге қол жеткізу үшін, шекті нәтижелердің мазмұны мен бағытталуы бойынша көрсеткіштер жүйесін қолдану керек.


12.2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін кешенді бағалаудың көрсеткіштерін біріктірудің алуан түрлі әдістері бар. Көбінесе жиі пайдаланатын интегралды көрсеткіш арқылы сарапшылар маңызды сипаттамалар беретін және шешім нұсқаларының салыстырмалы маңыздылық «индекстерін» анықтауға мүмкіндік беретін эвристикалық тұрғыдан құрылған «таразы», «салыстырмалы маңыздылық коэффициенттері» сипаттайтын «салмақты» көрсеткіштер негізінде анықталады. Нәтижесінде, тиімділіктің өзгеруінің жалпы тенденциясын анықтауға мүмкіндік беретін рейтингтік бағаға қол жеткізіледі.

Рейтингтік бағалау әдісін бір топтың, мысалы қаржылық топтың көрсеткіштерін интегралды әдіспен есептей отырып, пайдалануға болады. Бірақ, тиімділікті кешенді бағалау кезінде көрсеткіштер жүйесін жоғалтып алуға болмайды. Мұндай әдістердің бірі Феликс-Риггс әдісінің негізінде ұсынылған баллдық әдіс болып табылады. Оның мәні келесіде мысалы даму бағытын бақылау үшін кәсіпорын тиімділіктің алуан түрлі бағыттарын бақылауда ұстауы керек. Әрбір көрсеткіш бойынша жоспарланатын жағдайға жақындау дәрежесі қандай да бір мақсатқа жету дәрежесі болып табылады. Қарастырылатын мерзім, сараптамалық бағалаулар көмегімен жеке көрсеткіштерді анықтау жолымен суммарлы қорытынды индекске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай көрсеткіштердің құрамы да нақты кәсіпорын жағдайларынан шыға отырып, сараптамалық түрде анықталады.

Қызмет нәтижесі әрқашанда да мақсатпен байланысты болғандықтан, экономикалық объекттің ол үшін қолайлы жағдайға қол жеткізуге деген ұмтылысы, оның мақсатты - мінез-құлқын анықтайды. Мақсат, осылайша кәсіпкерлік қызметтің негіздерін қалыптастырады.



Тиімділік түсінігі, қызметті жүзеге асырудың белгілі бір жағдайларында нәтижеге (мақсатқа қол жеткізу) жетуді сипаттайды. Кәсіпкер жұмысының тиімділігінің төмен деңгейі, тек қана рационалды емес шешімдер мен іс-әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар ұйымда мақсатты мәселелерге жеткілікті назар аударылмаған жағдайдағы, мақсаттың нақты анықталмауымен де түсінідірілуі мүмкін. Мұнда, жүйенің кейбір мақсаттары сәйкес болмай, қарама-қайшы сипатқа ие болуы да мүмкін. Мақсатты сапалы түрде қойған жағдайда, қарама- қайшылық салдарынан бірқатар жағдайларда төмен деңгейдегі мақсаттарды біріктіретін, жоғары тәртіптегі мақсаттарды құрастыру жолымен жойылуы мүмкін.

Қазіргі маркетингтік концепцияға негізделетін кәсіпкерлікке әрқашанда мақсаттардың көптілігі тән. Ол ең алдымен, мақсатты үрдістің баламалалығы бойынша танылады. Онда мақсаттардың көбісінің ішінен тиімділік қағидаларына сәйкес келетін тек біреуі ғана таңдалынады. Мақсаттардың көптілігі оның көпэлементті құрамымен танылуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет өз аясында үш тетікті байланыстырады: өндірістік, коммерциялық және қаржылық.

Әдетте, кәсіпкерлік құрылымның қызметін бағалау кезінде кез-келген шаруашылық субъект қызметінің басты мақсатынан - кәсіпорынның ұзақмерзімді (стратегиялық) тұрақтылығын қамтамасыз етуден шығатын критерийлер ескеріледі, олар:

- оның бәсекеқабілеттілігі (Б),

- пайдалылығы (П) және

- қаржылық тұрақтылығы (Қ). Оны үш өлшемді координат жүйесі арқылы сипаттауға болады:
Э = f (Б, П, Қ)
Мақсатты қою кезінде, егерде қарама-қайшылықтар туындап жатқан жағдайда, басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретінде маркетинг қағидаларын жүзеге асыра отырып, кәсіпкердің нарықтық позицияларының тұрақтылығы мен бәсекеқабілеттілігін сипаттайтын мақсаттарға басымдылық беру керек.

Мұндай тәсіл маркетингтік концепцияға сәйкес пайданы максималдауға деген ұмтылысқа қарама-қайшы болмайды. Бірақ ұзақмерзімді болашақта табысты қызмет ету үшін жағдайлар жасайды. Және де мұнда тиімділікті бағалау, стратегиялық басымдылықтарды ескере отырып жүргізіледі. Негізінде кәсіпкерлік төмендегі көрсетілген жағдайларға бағытталған кезде тиімді бола алады:

- бәсекеқабілетті өнімді өндіруге,

- өнімнің қасиеттері мен сапалық сипаттамаларын үздіксіз жақсарту үрдісіне.

Отандық кәсіпкерлер үшін өнімнің сапасын жақсарту мәселесі өте өзекті. Ол кәсіпкерлік құрылымның өз бетінше жұмыс істейтін, шаруашылық субъект ретінде қызмет етуіне тек қана сыртқы ғана емес, сонымен қатар ішкі орта да әсер ететін ашық әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде сипатталынады.

Зерттеу мәліметтері көрсеткендей, кәсіпкер жұмысының тиімділігін бағалау кезінде келесідей қағидаларды ұстану қажет:



  • тиімділік көрсеткіштерін серпінділігі тұрғысынан талдауды өткізу;

  • көрсеткіштерді орташа салалық, сонымен қатар тікелей бәсекелестердің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру;

  • кәсіпкерлік құрылымды басқару тиімділігін кешенді түрде бағалау;

  • жеке көрсеткіштер арасында себепті-салдарлы және функционалды байланыстарды ашып көрсететін нәтижелерді сараптамалық бағалау;

  • тиімділікті бағалау модельдерінің стратегиялық бағытталуы мен олардағы кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің өзгеруін есепке алу.

Тиімділікті бағалаудың көптеген әдістері мен процедуралары бар. Бірақ, олардың барлығы жоғарыда келтірілген қағидаларды жүзеге асырмайды. Көп жағдайларда алуан түрлі ұйымдардың ұқсас қызметтерін салыстырмалы бағалау жүргізіледі және ол атап айтқанда, маркетингтік және бенчмаркингтің жүйелерінің аясы бойынша жүргізіледі.

Интегралды түрде кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін кәсіпорынмен алынған пайда мен рентабельділік бойынша бағалаған жөн. Бірақ, пайданың қандай фактордың есебінен алынғандығы, оның ұйымның болашағына қалай әсер ететіндігі бұл талдауда қарастырылмайды.

Кәсіпкер қызметінің тиімділігін бағалаудың қазіргі қағидаларын толығымен жүзеге асыру үшін критерий ретінде кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің өсімін пайдалану ұсынылады. Ол пайданы алудың негізі болып табылады. Өйткені бәсекеқабілеттіліктің төмендеуі өнім өткізу нарығын жоғалтуға әкеледі.

Қызмет тиімділігінің деңгейі қойылған мақсаттарға байланысты. Сондықтан да тиімділік моделін нақты кәсіпкерлік құрылымның басымдылығының бағытына байланысты – ұзақ уақыт қызмет ету ме, әлде жоғары пайдаға қол жеткізу ме - соған байланысты қою керек. Егерде біріншісі болса, онда ұйым бәсекеқабілеттілігінің өсіміне әкелетін кәсіпкерлік қызметті тиімді деп санау қажет. Және де мұнда шектеу ретінде теріс емес пайда немесе теріс емес шекті табыс (жеке мәмілелер бойынша) функциясы болуы қажет. t-1 мерзімінен t мерзіміне дейінгі кәсіпкер жұмысының тиімділігі, t-1 мерзімінің басына және t мерзімінің аяғына дейінгі бәсекеқабілеттілік деңгейлерінің арақатынасына байланысты бағаланады



Э = КСПt - КСПt-1,

t

мұнда S П(МД)i ≥ 0, (1)



i= t-1

Егер өткен талдау мерзімдері бірнеше болса, онда мерзім басын «0» индексі деп белгілеп, біз төмендегідей формула аламыз



Э = КСПt – КСП0,

t

мұнда S П(МД)i ≥ 0, (2)



i=0
Егер басымдылық жоғары пайдаға берілсе, онда t-1 мерзімінен t мерзіміне дейінгі кәсіпкер жұмысының тиімділігі, осы мерзімде алынған пайда шамасы бойынша бағаланады

t

Э = S Пi

i= t-1

мұнда КСПt - КСПt-1 ≥ 0, (3)

Егер өткен талдау мерзімдері бірнеше болса, онда мерзім басын «0» индексі деп белгілеп, біз келесі жағдайдың көрінісін байқаймыз.

t

Э = S Пi

i=0

мұнда КСПt – КСП0 ≥ 0, (4)


Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау барасында жалпы (баланстық) пайданы пайдалануға болады. Бірақ, кәсіпкер қызметінің нақты нәтижесін, оның салықтарды төлегеннен кейінгі пайдасы – яғни таза пайда нақты түрде көрсетеді.

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде пайданы қалыптастыру мен талдау моделі ұсынылады. Онда шығындардың құралуы өнімнің өмірлік циклының сатысына байланысты болады. Бұл жағдайда пайданы есептеу кезінде келесілерді ескеру қажет:

- жаңадан қалыптасып келе жатқан нарық бойынша (енгізу сатысында) тек тікелей шығындарды ескеру;

- тез дамып келе жатқан нарық бойынша (өсу сатысында) есептеу кезінде толық шығындар мен несие бойынша пайыздарды төлеуді ескеру;



- толу және кемелдену сатысында толық шығындарды ескеру;

- төмендеу сатысында тек тікелей шығындарды ескеру қажет.



Осылайша, пайданың жалпы сомасы,өнімнің өмірлік циклдың әртүрлі сатылары бойынша пайда болған сомасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызмет нәтижесінің, өнімнің өмірлік цикл сатысында тәуелділігін ескерсек, кәсіпкерлік қызметтен пайда табу моделі келесідей түрде сипатталуы мүмкін:


6

ПП = S Пi (1- Нст) = {

i=1


k

S (ц j – sпр j )*P j +

j=1



m

S (ц l – s l )*P l – Kp*Ikp+

l=1


n

S (цd – s d )*P d +

d=1


r

Sfsпр f )*P f }(1- Нст),

f=1



мұндағы j – енгізу сатысындағы өнім түрі

k – енгізу сатысындағы өнім түрлерінің саны

ц j –j – түріндегі өнім бірлігінің бағасы

sпр j j – түріндегі өнім бірлігіне жұмсалатын тікелей шығындар

P j j – түріндегі өнімді өткізу көлемі

l – өсу сатысындағы өнім түрі

m – өсу сатысындағы өнім түрлерінің саны

ц l – l – түріндегі өнім бірлігінің бағасы

s ll – түріндегі өнім бірлігіне жұмсалатын толық шығындар

P l l – түріндегі өнімді өткізу көлемі

Kp – өндірісті дамытуға алынған несие сомасы

Ikp есеп-айрысу кезіндегі несие бойынша пайыздық ставка

d – нарықтың толуы мен кемелденуі сатысындағы өнім түрі

n – нарықтың толуы мен кемелденуі сатысындағы өнім түрлерінің саны;

ц d –d –түріндегі өнім бірлігінің бағасы

s dd –түріндегі өнім бірлігіне жұмсалған толық шығындар

P d d –түріндегі өнімді өткізу көлемі

f – төмендеу сатысындағы өнім түрі

r – төмендеу сатысындағы өнім түрлерінің саны

ц f –f –түріндегі өнім бірлігінің бағасы

sпр f f –түріндегі өнім бірлігіне жұмсалған тікелей шығындар

P f - f –түріндегі өнімді өткізу көлемі

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалауға деген вариантты тәсілдің мәні неде?

  2. «Тиімді» және «тиімділік» түсініктерінің ерекшеліктері неде?

  3. «Нәтиже» және «мақсат» түсініктерінің байланысы неде?

  4. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалаудың негізгі қағидаларын атап өтіңіз.

  5. Өнімнің өмірлік циклының сатыларын сипаттап беріңіз.

  6. Кәсіпорын имиджінің көрсеткіші немен сипатталады?

  7. Кәсіпкерлік қызмет көрсету концепциясы деп нені айтады?

  8. "Бенчмаркинг" түсінігіне сипаттама беріңіз.

  9. Кәсіпкерліктің тиімділігін бақылау жүйесін сипаттап беріңіз.

  10. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі қандай көрсеткіштермен сипатталады?



жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау