№87
(9160)
4 қараша
сәрсенбі
2015 жыл
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ХАЛЫҚ
АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!
“Жалағаш жаршысы” басылымына
2016 жылдың І жарты жыл дығына
жазылу жүріп жатыр!
Б
А
СПА
СӨЗ
-
2016
6 айға
жекелер үшін-2000 теңге,
(индекс 65019)
мекемелер үшін-3000 теңге
(индекс 15019)
Біздің есеп-шотымыз:
«Сыр медиа» ЖШС
СТН 331 000 011 645
БСН 100 740 005 115
ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі
Серия 33001 № 0003930 от
17.08.2012
ИИК KZ294322203398T00706
ДО АО Банк ВТБ (Казахстан)
КБЕ 17, БИК VTBAKZKZ
КОД 158872
Жаңа сапада жарыққа шығып келетін
аудандық газетке аудандық редакциядан
жазылуларыңызға болады.
2016 жылдың баспасөз басылымдарына жазылу
науқанында аудандық газет редакциялары арқылы
төмендегі облыстық газеттерге жазылуға болады:
Газеттің
индексі
Газеттің аты
Жазылу
мерзімі
Жазылу
бағасы
15460
Сыр бойы
(мекемеге)
6 ай
3750,00
65460
Сыр бойы
(жекеге)
6 ай
2750,00
15461
Кызылординские
вести (мекемеге)
6 ай
3750,00
65461
Кызылординские
вести (жекеге)
6 ай
2750,00
65425
Ақмешіт
жастары
6 ай
1500,00
СЕМИНАР – КЕҢЕС
САЯСИ БЮРО
Өткен апта соңында аудан
әкімдігінің мәжіліс залында облыстық
қаржы, несие орталықтары
басшыларының, Жалағаш, Қармақшы,
Сырдария ауданы әкімдері мен
кәсіпкерлерінің қатысуымен шағын
және орта бизнес субъектілері
мен өндірістік кәсіпорындарды
несиелендіру мәселесіне арналған
облыстық семинар-кеңес болып өтті.
Семинар жұмысын облыс әкімінің орынбасары
Ғ.Әміреев жүргізіп, мемлекетіміз тарапынан кәсіп
керлерге қолдау көрсетіліп жатқанына тоқталып
өтті. Аймағымыздағы шағын және орта бизнестің
даму барысы жайлы баяндады. Қазіргі әлемдік эко
но микалық дағдарыс кезінде ауқымды жоба ларды
жүзе ге асырып, халықты жұмыспен қам тудың ма
ңы зы зор екенін айтты.
Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев, Қармақшы
ау даны әкімі С.Мақашов, Сырдария ауданы әкімі
нің міндетін атқарушы Н.Өмірсерікұлы өнер кәсіп
өнімін өндіру жоспарының орындалуы, өңірлік
индус триаландыру картасына енгізілген жоба
лармен таныстырды.
Жалағаш ауданы бойынша «Қазақстан Респуб
ли касының үдемелі индустриалық–инновациялық
да му жөніндегі» мемлекеттік бағдарлама аясында
өңір лік индустриаландыру картасына ауданнан екі
жо ба енгізіліп, жұмыс жүргізілуде.
Бірінші жоба: «БИСГрупп» ЖШСнің жалпы
құны 2 млрд 402 млн теңгені құрайтын қызыл мия
тамырын өңдеу зауыты 2014 жылдың желтоқсан
айын да іске қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстан
жә не Оңтүстік Корей мемлекеттерінің біріккен
«КазКор» корпорациясының 50 пайыз жарғылық
қоры мен қосылып жұмыс жасауға келісілді. Қазіргі
таңда Жұмыспен қамту мекемесі арқылы 60 адам
жұмысқа қабыл данып, жұмыс жасауда. Алдағы
уақытта 150 адам жұмыспен қамтылады.
Оңтүстік Корей компаниясының сұранысына
сәй кес жыл соңына дейін 3 түрлі өнім шығаруды
жоспарлап отыр.
Олар: мия шайы (солодковый слайс чай)300
тн; глицирризин қышқылы (глицирризиновая кис
лота)75 тн; мия қанты (солодковый сахар)110 тн.
Екінші жоба: «Казэнергосбережение» ЖШС
нің жалпы құны 98,3 млн теңгені құрайтын
светодиодтық шамдар жабдықтарын құрастыру
цехы 2015 жылдың тамыз айында ашылды.
Құрылыс монтаждау жұмыстарына аудан
тұрғын дарынан 15 адам жұмысқа қабылданды.
Жоба ның қуаттылығы 1 айда 2000 дана кеңсе
шамдарын, 300 дана көше шамдарын, 300 дана
спот /прожекторлар құрастыру.
Ауданда өндіріс орындарын құруға жағдай туғы
зу үшін кенттің батыс бетінен барлығы 22 гектар
жерді құрайтын «Серпін» индустриалдық аймағы
ашылды. Оның 7,29 жер учаскесі пайдалануға
беріліп, 5 өндірістік орын жұмыс жасауда.
Индустриалды аймаққа республикалық бюд
жеттен 301,7 млн теңге қаржы бөлініп, барлық
инфра құрылым желілері тартылды. Алдағы уақытта
жал пы құны 659,3 млн теңгені құрайтын 6 жобаны
ау дан көлемінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев аудан
бойынша ұсынылған жоба жұмыстарына тал дау
жасады. Көптеген жобалар қағаз жүзінде дайын
далғанмен іске қосылмай кешеуілдеп жатқа нын
жеткізді. Себебі, кәсіпкерлердің жұмыс жасауға
ынтаықыла сы төмен, белсенділік танытпайды.
Кәсіпкерлер О.Ахметов, Б.Махатов, Б.Сейітова,
Е.Жақыпов алдағы жұмыс жоспарлары жайлы ай
тып, кәсіптерін дамыту үшін несие алудың қиын
шылықтарын жеткізді. Мәселен, қомақты несие алу
үшін ауыл, селолардағы тұрғын үйлер кепілдікке
жарамайды. Осындай кедергілер көп. Сосын
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиеге мүйізді
ірі қара мал алып, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер
келісім шартта көрсетілгеніндей үш жылда несие
қарыздарын төлеуге мүмкіндіктері бола бермейді.
Сондықтан несиенің қайтару мерзімін ұзарту керек
деген ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар барысында елге қажет жобалар
жұмысы талқыланып, сараланды. Халыққа қажет
ірі индустриалық жобаларға екінші деңгейлі Халық
банкілері арқылы несие берілсе, кіші жобалар шағын
несие орталықтары арқылы қаржыландырылатыны
айтылды. Екінші деңгейлі Халық Банкі және шағын
несие орталық басшылары қойылған сауалдарға
жауап беріп, кәсіпкерлік бағытта несие алу
заңдылықтарын айтып, түсіндірді.
Семинар жұмысын қорытындылаған облыс
әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев қазіргі таңда
кәсіпкерлікті дамытуға кең жол ашылып, мүмкіндік
туып отырғанын айтты. Аймағымызда негізінен
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі қайта өң
деу саласы бойынша жобалар жүзеге асырылып
жатыр. Кезкелген жоба іске қосылған жағдайда
уақыт талабын қанағаттандыратын бәсекеге қабі
летті өкім шығару керек. Бірінші кезекте жаңа
идея мен халық игілігіне қызмет ететін жобалар
және кәсіпкердің жұмыс істеуге мүмкіндігі есеп
теліп барып, несие қаржы берілетінін айтқан
Ғ.Махмұтбайұлы мұндай келешегі зор жобаларға
банктер арқылы да облыстық бюджеттен де қаржы
бөлінетінін жеткізді. Сондықтан кәсіпкерлерді ау
дан, ауыл әкімдеріне кәсіпкерлік бөлімдеріне өз
жоба ларын ұсынып, белсенділік танытып бірлесіп
жұмыс жасауға шақырды.
Аудан басшыларына инвестициялық жобалар
бойынша келісілген екінші деңгейлі банк филиал
дарымен бірлесіп жұмыс жасауды, шағын және орта
бизнес субъектілерімен өндірістік кәсіпорындарды
несиелендіру, сонымен қатар жыл соңына дейін
аудан әкімдіктері индустриаландыру картасында
кемдегенде 23 жобадан қосу туралы ұсыныс
беруді тапсырды. Сөйтіп, өңіріміздің шағын және
орта кәсіпкерлік саласын дамытуға өз үлестерін
қосуға және Елбасының берген тапсырмаларын
орындауда белсенділік танытуға шақырды.
Серік БЕРТАЕВ.
Қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде
жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың
халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру, халықты мемлекеттік
басқару процесіне кеңінен тарту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына өзгерістер
енгізіліп, аталған Заңның 8 тармағы «Мәслихаттар жылына кемінде
бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты
комиссияларының қызметі туралы есеп береді» деп толықтырылды. Осыған
орай бесінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары елді
мекен тұрғындарымен және аудандық кент орталығындағы сайлаушылармен
кездесіп, атқарған жұмыстары жайында есебін берді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусінов қатысты. Жиынды аудандық
мәслихат хатшысы К.Сүлейменов жүргізіп отырды. Алдымен №1 «Жамбыл»
сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ж.Төремұратовтың
есебі тың далды. Депутат өзі сайланған аймақ тұрғындарының талаптілектері
бойынша Дәуімбай елді мекеніндегі үлкен жолдың бойына тротуар салуға,
САЛТ-ДӘСТҮР
САБАҚТАСТЫҒЫ
ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАРАЗЫЛАП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ, САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМІЗДІ ДӘРІПТЕП,
АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒА БУЫННЫҢ ТАҒЫЛЫМЫН ӨСКЕЛЕҢ ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНА СІҢІРУ–ҰРПАҚТАР
САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ. ОСЫНДАЙ АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕ АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР
ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ–ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІСІНІҢ
КҮН ТӘРТІБІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН БОЛАТЫН.
ПАРТИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІҢ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗОР
Алдымен партия мүшелігіне қабылданған
Б.Құлболдиев, Н.Сүлейменов, Б.Ерғалиев есім
ді азаматтарға куәліктерін салтанатты түрде
табыс еткен аудандық филиал төрағасы бұл
аза мат тардың партиялық міндеттерге жауап
кер ші лікпен қарап, елге адал қызмет ететін
діктеріне сенім білдірді. Бұдан соң, «Нұр Отан»
партиясы төрағасының бірінші орынбасары
А.Мырзахметовтың бастамасымен партияның
облыс, аудандық филалдарына қосымша штат
бірлік тері берілгенін атап өткен Талғат Тұрсынұлы
аудан дық партия филиалына консультант болып
қызметке орналасқан А.Нұрланқызын құттық тады.
Аудандық партия филиалының Саяси бюро
отырысында 4 мәселе қаралды. Бірінші мәсе
ле бойынша партия филиалының есепке алу
және статистика секторының меңге рушісі А.Кен
жебаев баяндама жасады. Бүгінгі таңда аудан
да 2269 партия мүшесі, 24 бастауыш ұй ым
бар. Олардың партияның 12 жобасы аясын да
атқарған жұмыстары сарапталып, жарна пұл
дар дың уақытылы төленуі де бастауыш партия
ұйым дарының жұмысының бір көрсеткіші екені
айтылды. Сондайақ ауыл шаруашылығы саласы
бойынша құрамында 71 адамды қамтитын
жаңадан бастауыш партия ұйымын құру жөнін де
ұсынысын білдірді. Баяндамада айтылған мәсе ле
лер назарға алынып, ұсыныстар қолдау тапты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты
Таң ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия
ұйымының төрағасы Ж.Еспенбет баяндама жасап,
партиялық жобалар аясында бастауыш ұйымның
жыл бойы атқарған жұмыстарын назарға ұсынды.
Сонымен бірге «Таң ЛТД» ЖШС жұмысшы қызмет
керлерінен 3 адам партия қатарына өтуге өтініш
білдіріп отырғанын айтып өтті.
Келесі кезекте «Жалағаш Даму» бастауыш
партия ұйымының төрағасы Ә.Бақтыбаев,
Мәдениет ауылдық округінің әкімі, бастауыш
ұйымының төрағасы Ә.Әлсейітов, «Дарын»
бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Бер дәу
ле товтер баяндама жасады.
Баяндамаларды талқылау барысында аудан
дық партия филиалының төрағасы бас тауыш
ұйымдарындағы “Нұр Отан” партиясының 12 жоба
сы бойынша жүргі зіліп жат қан жұмыстардың әлі де
талапқа сай емес екенін ескертіп, алдағы уақытта
мемлекеттік бағдар ламалармен қатар, партиялық
жобаларды да пәрмен ді түрде жүзеге асыру
міндетін жүктеді.
Сондайақ партия қатарын толықтыру бағы
тында тұрақты жұмыстар жүргізіліп, әсіресе ауыл
шаруашылығы және кәсіпкерлік салалары маман
дарын партияға қабылдауға баса назар ауда
рылуы қажеттігін атап көрсетті. Оның да өзіндік
себебі бар.
Өткен айда облысымызда жұмыс сапарымен
болған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары А.Мырзахметов өз баяндамасында
ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласының
мамандары, жалпы партия мүшелерінің бір пайы
зын ғана құрайтынын атап өткен еді.
Саяси бюро отырысында қаралған соңғы
мәселе «Орындаушылық тәртіп туралы» болды.
Хабарлама жасаған аудандық партия филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева
жалпы бастауыш ұйымдардың жұмысын сынға
алды. Атап айтсақ, атқарылған жұмыстар бойынша
мәліметтер берілмейді, жарнапұлдарды жинау
барысында есептеу жолға қойылмай отыр. Жалпы
айтқанда, іс қағаздарының жүргізілуі өте төмен.
Бұл мәселе бойынша партия филиалының төра
ғасы Т.Дүйсебаев барлық бастауыш ұйым төра
ғаларынан партия филиалымен тығыз байлы
нысып, жауапкершілікпен жұмыс жасауды талап
етті.
–Бүгінгі таңда партияның 27 түрлі құжаттары
әзірленуде. Демек, болашақта партияның ық
палы арта түседі. Партияның Жарғысына қоса
рег ламенті бекітілетін болады. Сондықтан жос
пар ланған жұмыстар қағаз жүзінде емес, нақты
іс жүзінде орындалуы тиіс. Егер, талап дең
гейіне сай жұмыс жүргізілмесе, бастауыш ұйым
төра ғаларының
жауапкершілігі
жекежеке
Саяси бюрода қаралатын болады,деді Талғат
Тұрсынұлы.
Жоғарыда аталған ұсыныспікірлер назарға
алынып, Саяси бюро отырысының Қаулысы
қабылданды.
Ғ.ӘБІЛДА.
Жалғасы 2-бетте.
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕСІ
БЮРОСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН АУДАН ӘКІМІ, ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ
Т.ДҮЙСЕБАЕВ АШТЫ.
КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ
МӘЖІЛІ
СІ
Ө . Т ұ ң ғ ы ш б а е в
көшесінің (Ақсу жолы) бойын жарықтандыру жұмыстарына
және ауыз су мәселесін шешілуіне ықпал етіп, басқа да
жұмыстардың жасалып жатқанын баяндаса, №2 «Қазыбек
би» сайлау округінен сайланған депутат Р.Әлиева Дәуімбай
елді мекенінен демалыс орнының ашылғанын және бірнеше
көшелерді асфальттау жұмыстарын жүргізуді көтеріп
келе жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар №3 «Сәрке
батыр» сайлау округінен сайланған депутат М.Еспанов, №4
«Абай» сайлау округінен сайланған депутат Д.Баймаханов,
№5 «Алғабас» сайлау округінен сайланған депутат
Б.Бекжановтар өздері сайланған мерзім ішінде, ел ішінде
атқарған жұмыстары жайында есеп берді. Кездесу барысында
халық қалаулыларының есебін тыңдаған аудан тұрғындары
Ү.Жақанбаев, Р.Смағұлов, Қ.Әлмұратов, Е.Төлепбаевтар
сауалдарын қойды. Аудан тұрғын дарының ауыз су, көмір
бағасының қымбаттауы, кент ішілік маршруттардың бағытын
жолға қою және көшелерді жөн деу секілді ұсыныстілектеріне
аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусінов жауап берді.
Кездесу соңын К.Сүлейменов қорытындылады.
Қ.АХЕТОВ.