АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
|
ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮРЛЕРІ
|
МАЗМҰНЫ
|
Бірлескен
|
Зиянды тигізген топтың бірлесе отырып зиян орнын толтыру
|
Үлестік
|
Өзінің тигізген зиянының үлесіне байланысты әрқайсысының зиян орнын толтыруы
|
Қосымша
(субсидиарлы)
|
Басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілік
|
Қайта талап ету (регрессивті)
|
Бір тұлғаның екінші тұлғаның ісі үшін жауапты болуы
|
Аралас
|
Кінә дәрежесіне сәйкес тараптардың өзара жауапкершілігі
|
ШАРТТАРЫ
|
Мінез-құлықтың қарама-қайшы болуы
|
Зияндардың немесе залалдардың болуы
|
Мінез-құлық пен салдардың себептік байланысы
|
Кінә болуы мен презумпциясы
|
САНКЦИЯЛАРЫ
|
Тәркілеу
– мемлекет пайдасына мүлікті қайтарымсыз алу
|
Ынталандырушы – зиянға байланыссыз айыппұл, пеня алу
|
Өтемақылық
– зияндардың орнын толтыру
|
Құқығын асыра пайдаланған жағдайда қорғаудан бас тарту
|
СҰРАУ МЕРЗІМІ: жалпы мерзімі – 3 жыл
|
Азаматтық жауапкершілік мүліктік болып табылады және өтемақылық сипатқа ие. Өйткені оны қолданудың басты мақсаты зиян шеккен тараптың (кредитордың) құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. Кәсіпкерлердің азаматтық жауапкершілігі келісімшарттан тыс қатынастардан пайда болады. Ол өз кезегінде құқықтың сәйкес нормаларымен белгіленеді. Сонымен қатар, жасалған келісімшарттардың орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы нәтижесінен шығады. Кінәлі тараптың жауапкершілік деңгейіне (рөліне) байланысты азаматтық жауапкершілік үлестік, бірлескен, қосымша және аралас болып бөлінеді (10-кесте).
Бірлескен жауапкершілік немесе бірлескен талап ету егер міндеттемелік зат бөлінбейтін жағдайда, бірлескен міндет пен талап ету келісімшартпен немесе заңмен қарастырылған жағдайда пайда болады. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты, бірнеше борышкерлердің міндеттемелері, осындай міндеттемедегі бірнеше кредиторлардың талаптары секілді бірлескен болып табылады, егер заңмен, басқа да құқықтық актілермен немесе міндеттеме шарттарымен, басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Борышкерлердің бірлескен міндеттемесі кезінде кредитордың барлық борышкерлерден немесе әрқайсысынан жеке түрде қарызды толығымен немесе белгілі бір бөлігін қайтаруды талап етуге құқығы бар. Бірлескен борышкерлердің бірінен борышын толық алып қанағаттанбаған кредитор міндеттеме толығымен орындалмайынша міндетті болып қала беретін басқа бірлескен борышкерлерден, сол борышкердің өтей алмағанын қарызын талап етуге құқығы бар. Борышкерлердің бірімен бірлескен міндеттеменің толығымен орындалуы, қалған борышкерлерді міндеттемелерін орындаудан босатады. Осылайша, өз үлестерін толық салмаған жауапкершілігі шектеулі қоғам қатысушылары, әр қатысушының міндеттемелері бойынша белгіленген салым мөлшерінде бірлескен жаупкершілікте болады.
Қосымша (субсидиарлы) жауапкершілік деп заңмен немесе келісімшартпен қарастырылған жағдайларда кредиторлар алдында міндеттемелерді дұрыс орындамағаны үшін, борышкермен қатар жауап беретін тұлғалардың (азаматтардың) қосымша жауапкершілігі танылады.
Қайта талап ету (регрессивті) жауапкершілік, заңдық тұрғыдан бір тұлғаның жауапкершілігін екінші тұлға өтейды. Мысалы, жұмыс беруші, өз жұмыскерінің әрекетінен болған зардапты, оны шегушіге өтегеннен кейін, зардап мөлшерін жұмысшыдан өндіріп алуға құқығы бар, яғни қайта талап ету әдісімен.
Аралас жауапкершілік деп екі тараптың да кінәсі бойынша міндеттемелерді дұрыс орындамау немесе толық орындамау нәтижесінде пайда болатын жауапкершілік танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кәсіпкерлік қызмет аясындағы қылмысты істерге арналған – «Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар» атты арнайы тарау бар.
«Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар» тарауы бойынша жиі кездесетін қылмыстық істерге келесілер жатады:
1) заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы тұру;
2) заңсыз кәсіпкерлік;
3) жалған кәсіпкерлік;
4) заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттарды немесе басқа да мүлікті заңдастыру;
5) монополиялық іс-әрекеттер мен бәсекені шектеу;
6) тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;
7) акцизделуге жататын тауарларды маркілеу ережелері мен тәртібін бұзу, акциздік алым маркаларын қолдан жасау мен пайдалану;
8) экономикалық контрабанда;
9) кедендік алымдар мен төлемдерді төлеуден бас тарту;
10) бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу;
11) кредиторлық борышты төлеуден бас тарту;
12) азаматтың салықты төлеуден бас тартуы;
13) ұйымдардың салықты төлеуден бас тартуы;
14) тұтынушыларды алдап-арбау;
15) мәмілені жасауға күштеу немесе одан бас тартуға күштеу.
Қылмыстық жауапкершілік келесідей түрлерде қарастырылған:
1) 25-25000 дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 2 аптадан 1 жылға дейінгі кезеңге сотталғанның жалақысының немесе басқа да табысының мөлшері ретінде айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысуға немесе белгілі бір лауазымынан айыру құқығы, негізгі жаза ретінде 1-5 жылға дейінгі аралықта және қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта;
3) 60 сағаттан 240 сағатқа дейінгі аралыққа қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) 2 айдан 2 жылға дейінгі тәртіп жұмыстарына жіберу;
5) 1-6 айға дейінгі аралыққа тұтқындау;
6) мүлікті тәркілеу арқылы немесе 6 айдан 15 жылға дейінгі аралыққа бас бостандығынан айыру.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘКІМІШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (ары қарай Кодекс) кәсіпкерлік қызмет, сауда мен қаржылар аясындағы, сонымен қатар салық салу аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға арналған арнайы тараулары бар (11-кесте).
11-кесте – Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
|
Аялары
|
Құқық бұзушылық түрлері
|
1
|
2
|
кәсіпкерлік қызмет аясында
|
1) сәйкесінше тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілігі туралы аттестатсыз (куәліксіз) кәсіпкерлік немесе басқа да қызметпен айналысу;
2) кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу;
3) бөтен тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін, кәсіпорынның атауын немесе тауардың шығу орнын заңсыз пайдалану;
3) кәсіпкерлік қызмет туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау;
4) монополияға қарсы заңнаманы бұзу;
5) жалған кәсіпкерлік;
6) заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті сәйкесінше қайта тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу.
|
сауда мен қаржылар аясында
|
1) тауарлардың және басқа да заттардың заңсыз саудасын жүргізу;
2) құжатсыз тауарларды сату;
3) салықтық емес төлемдерді бюджетке толық мөлшерде немесе уақытысында төлемеу;
4) лауазымды тұлғамен бухгалтерлік есеп туралы заңды бұзуы;
5) заңды тұлғамен бухгалтерлік есеп туралы заңды бұзуы;
6) міндетті аудитті өткізуден бас тарту (шетелдік қатысуы бар барлық кәсіпорындарда міндетті жыл сайынғы аудит өткізілуі қажет);
7) төлемдерді өткізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген шектеулерді бұзу (басқа тұлғаның пайдасына 4000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қолма-қол тәртіпте заңды тұлғалармен төлемдерді жүзеге асыру)
|
салық салу аясында
|
1) салық органында салық есебіне тұру мерзімін бұзу;
2) салық есептілігін ұсынбау, сонымен қатар салық төлеушінің мониторингін өткізу үшін құжаттарды ұсынбау;
3) салық салу, объектілерін көрсетпеу;
4) салық салу объектілерін, табыстары мен шығыстарын есепке алу ережелерін бұзу;
5) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да сомаларды төмендету;
6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді ұстап қалу және (немесе) аудару бойынша салық агентімен және басқа да құзіретті орган алдындағы (ұйыммен) өз міндеттемелерін орындамауы;
7) Жалган шот-фактураны жазып беру;
8) акцизді тауарларды кіргізу, тасымалдау, өндіру, сақтау мен өткізу ережелерін бұзу;
9) акцизді алым маркаларымен акцизді тауарларды маркілеу тәртібі мен ережелерін бұзу;
10) фискалды жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу;
11) салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын орындамау.
|
Кодекстің басқа тарауларында кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтарды және олар үшін жауапкершілікті қарастыратын тараулар бар. Олардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) белгілі бір тәртіпте бекітілген жобалық құжатсыз, сараптаманы өткізусіз немесе құрылыс жұмыстары құқығына рұқсат алмай объектілерді тұрғызу және қайта құру жағдайлары бойынша құрылыс, құрылыс-монтажды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, тұрғын үйлерді қайта жабдықтау мен қайта жобалау;
2) белгілі бір тәртіпте іске қосылмаған объектілер мен кешендерді іске қосу;
3) қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық талаптарды бұзу және жерді дұрыс пайдаланбау;
4) Қазақстан Республикасының шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзу.
Әкімшілік Кодекспен заңды тұлғалардың жауапкершілігі, ал Кодекстің жеке тарауларында – ұйымның лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі қарастырылған. Бұл жағдайда, кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында баскару фунциясын атқаратын, ұйымдастырушылық – реттеуші немесе ұйымдастырушылық – шаруашылық қызметтегі міндеттемелерді орындау барысында, әкімшілік құқықты бұзған басшылар мен басқа да қызметкерлер жауапты болады.
Дара кәсіпкерлер лауазымды тұлғалар ретінде әкімшілік жауапкершілікте болады. Кодекс тарауларында заңды тұлғаның жауапкершілігі қарастырылған жағдайда – дара кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде жауапкершілікте болады.
Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бестен екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш есебіндегі айыппұл түрінде, ал кейбір жағдайларда тіпті одан да жоғары көлемде қарастырылған. Кейбір құқық бұзушылықтар үшін айыппұл белгілі бір сомадан пайыздық мөлшерде есептелінеді. Мысалы, салық төлеуші – салық салу объектісінің заңды тұлғасы ретінде салық салу объектілерін көрсетпеген жағдайда, салық салу объектілерінің көрсетілмеген құнының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Айыппұлдардан басқа, Кодексте қосымша немесе өз бетінше жұмыс істейтін әкімшілік – құқықтық әсер етудің келесідей шаралары қарастырылған:
1) азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдіктерді Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару;
2) 15 тәулікке дейінгі әкімшілік тұтқындау;
3) құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу;
4) лицензия, арнайы рұқсат немесе білікті аттестат (куәлік) іс- әрекетін тоқтату.
Әкімшілік жауапкершіліктің қағидалары болып мыналар табылады:
заңдылығы;
жазаның даралығы;
материалды қарастыру мен ол бойынша шешім қабылдаудың жариялылығы;
жауапкершіліктің (жазаның) болмауының мүмкін еместігі;
тек құқық бұзу мен кінә болған жағдайдағы жауапкершілік.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ
Міндеттеме деп азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, бір тұлғаның (борышкердің): мүлікті беру, жұмысты орындап, қарызды төлеу және т.б. , немесе белгілі бір іс-әрекетті жасамау қабілеті, ал кредитордың борышкерден өз міндеттемелерін орындауды талап етуге құқығының бар болуы.
Міндеттемелер заң талаптары мен оның шарттарына, басқа да құқықтық актілерге сәйкес орындалуы қажет. Ал олар болмаған жағдайда – іскерлік айналым дәстүрлеріне және басқа да қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы керек. Іскерлік айналым дәстүрлер қандай да бір құжатта тіркелмеген, заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір аясындағы қалыптасқан және кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесі болып танылады. Заңнамаға немесе келесімшарт ережелеріне қарама – қайшы қатысушылардың міндеттемелері сәйкесінше іскерлік айналым дәстүрлерге жатпайды.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері :
Заңмен қарастырылған келісімшарт пен басқа да мәмілелерден, сонымен қатар қарастырылмаған, бірақта заңға қайшы келмейтін мәмілелерден.
Заңнама күшіне қатысты азаматтық-құқықтық салдарды туғызатын әкімшілік актілерден.
Заңнамалық актілермен тыйым салынбаған, негіздер бойынша мүлікті жасау мен сатып алу нәтижесінде.
Азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатқан сот шешімінен.
Өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, ғылым, әдебиет және өнер туындылары салдарынан туындайтын және интеллектуалды қызметтің басқа да нәтижелерінен.
Басқа тұлғаға залал тигізу салдарынан.
Басқа тұлға есебінен мүлікті негізсіз сақтау немесе сатып алу (негізсіз баюы).
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа да іс-әрекеттерінің салдарынан.
Азаматтық-құқықтық салдардың пайда болуына байланысты заңнамалық жағдайлар салдарынан.
Міндеттемені тоқтату негіздері:
дұрыс орындау;
борышты кешіру;
бас тарту;
орындау мүмкіндігінің болмауы;
есепке алу;
мемлекеттік орган актісі;
кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда;
азаматтың қайтыс болуы;
міндеттемені жаңарту;
заңды тұлғаның жойылуы;
заңнамамен және келісімшартпен міндеттемелерді тоқтатудың басқа да негіздері болуы мүмкін.
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес міндеттемелерді орындау тәсілдері болып табылады:
айыппұл,
кепіл,
борышкер мүлкін ұстап қалу,
кепілгер болу,
банктік кепілдеме,
кепілпұл және заңмен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да тәсілдер (12-кесте).
12-кесте – Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
НЕУСТОЙКА (АЙЫППҰЛ, ПЕНЯ)
|
Тәсілдің аталуы
|
Ерекшеліктері
|
1
|
2
|
Айыппұл – бұл борышкер кредиторға міндеттемені мүлдем орындамаған немесе толық орындамау жағдайында, атап айтқанда орындау мерзімі өтіп кеткен жағдайда төлеуге тиісті заңмен немесе келісімшартпен белгіленген ақшалай сома. Кредитор зияндарды келтіру себептерін дәлелдеуге міндетті емес.
|
Айыппұл түрлері
|
Пайда болу негіздері бойынша:
|
Заңнамамен анықталады. Оның мөлшері заңнамамен тыйым салынбаса тараптардың келісуімен көбейтілуі мүмкін.
|
Келісімшарттық– келісімшартпен анықталады
|
Зияндардың орнын толтыру арақатынасына байланысты:
|
Айыппұлдық– зиян айыппұлдан жоғары толық сомада алынады
|
Есепке алу – зиянның айыппұлмен алынбаған бөлігі алынады
|
Айрықша –
зиян толық алынбайды, тек айыппұл ғана алынады
|
Баламалы – кредитордың қалауы бойынша зиян немесе айыппұл алынады
|
Айыппұл туралы келісім нысаны:
|
Неустойка мөлшері:
|
Негізгі міндеттеменің түріне тәуелсіз жазбаша түрде жасалуы керек.
Жазбаша түрді ұстанбау оның жарамсыздығына алып келеді.
|
Орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған міндеттемеге қатысты қатаң ақшалай сомада немесе пайыздық мөлшермен анықталады.
|
КЕПІЛЗАТ________Кепіл'>КЕПІЛЗАТ
|
|
|
Кепіл – міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі. Ол бойынша кредитордың (кепілді ұстаушының) (борышкермен (кепіл берушімен) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда) мүлікті басымды түрде, басқа кредиторлар алдында салынған мүлік құнынан өз үлесін алу құқығы пайда болады.
|
Пайда болу негіздері:
|
Кепіл келісімшарт күшіне байланысты туындайды
|
Кепіл көрсетілген міндеттемелер болған жағдайда заңнамалық актілер негізінде пайда болады.
|
Кепіл заты
|
Бола алады:
мүлік, оның ішінде заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар);
ақшалар, бағалы қағаздар мен басқа да мүлік.
|
Бола алмайды:
айналымдағы шектеулі заттар;
айналымнан алынып тасталған заттар;
кредитор тұлғасымен байланысты құқықтар.
|
КЕПІЛ
|
Кепілдеме (гарантия) – бұл міндеттемені орындауды қамтамасыз ету түрі. Оған сәйкес гарант басқа тұлғаның кредиторы (борышкері) алдында осы тұлғаның міндеттемесі үшін заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа кезде толығымен немесе борышкермен бірлесе отырып міндеттемені орындауға жауапты болады.
|
Пайда болу негізі:
|
Келісімшарт
Нормативті-құқықтық акт
|
Жауапкершілік
|
Гарант айыппұлды, сыйақыны, қарыздың орнын толтыру бойынша сот шығындары және басқа да зияндары бойынша борышкер секілді кредитор алдында жауап береді.
|
Нысаны
|
Міндетті түрде жазбаша. Бұл тұрді ұстанбау оның жарамсыздығына алып келеді
|
Тоқтатылуы
|
қамтамасыз етілген міндеттеменің тоқтатылуы жағдайында
жауапкершіліктің көбеюіне әкелетін міндеттеме өзгерген жағдайда
қарызды басқа тұлғаға аударған жағдайда
орындау талабын қабылдаудан бас тартқан жағдайда
келісімшартта көрсетілген мерзім біткен жағдайда
|
КЕПІЛЕР БОЛУ
|
Кепіл беруші – бұл міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі, оған сәйкес кепілгер басқа тұлғаның кредиторы (борышкері) алдында осы тұлғаның міндеттемесі үшін қосымша (субсидиарлы) немесе толығымен жауап беруге міндеттенеді.
|
Пайда болу негізі: Келісімшарт.
|
Жауапкершілік: Кепіл беруші кепілгерлік келісімшартта көрсетілген сома шегінде кредитор алдында жауап береді.
|
Түрі: Міндетті түрде жазбаша. Оны ұстанбау, оның жарамсыздығына алып келеді
|
Тоқтатылуы
|
міндеттеменің тоқтатылуы жағдайында;
жауапкершіліктің көбеюіне әкелетін міндеттеме өзгерген жағдайда;
қарызды басқа тұлғаға аударған жағдайда;
орындау талабын қабылдаудан бас тартқан жағдайда;
келісімшартта көрсетілген мерзім біткен жағдайда.
|
АЛДЫН-АЛА ТӨЛЕМ
|
|
|
Алдын-ала төлем – бір тараппен келісімшарт бойынша басқа тарапқа берілетін және келісімшарттың орындалуы мен жасалуын қамтамасыз етуге берілетін құндылық (қаражат).
|
Зат: Тек ақшалай сома
|
Түрі: Сомасына байланыссыз міндетті түрде жазбаша
|
Жауапкершілік:
|
Егер алдын-ала төлемді берген тарап жауапты болса, ол басқа тарапта қалады
|
Егер алдын-ала төлемді алған тарап жауапты болса, ол басқа тарапқа алдын-ала төлемнің екі еселенген сомасын төлеуге міндетті
|
Міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапты тарап басқа тарапқа алдын-ала төлем сомасын ескере отырып зиянның орнын толтыру керек, өйткені келісімде басқаша қарастырылмаған.
|
Алдын-ала төлеу функциялары
|
Төлемді – негізгі міндеттеме бойынша тиеслі төлемдер есебінен беріледі
|
Куәландыратын – алдын-ала төлем келісімшарттың жасалғанына дәлел ретінде беріледі
|
Қамтамасыз ететін – алдын-ала төлем негізгі міндеттеме есебіне есептеледі және осы тұрғыда оның орындалуын келідендіреді
|
Өтемақылық–міндеттеменің орындалмауы үшін жауапты тарап келісімшартта басқаша көрсетілмесе басқа тарапқа алдын-ала төлем сомасын есепке ала отырып зиян сомасының орнын толтыруы керек.
|
Жоғарыда келтірілген кестедегідей кәсіпкерлер өз міндеттемелерін қамтамасыз етудің алуан түрлі тәсілдерін пайдаланады.
Жауапкершіліктен босату негіздері:
құқық бұзушылық құрамының жоқтығы;
жеңе алмайтын күш (форс-мажор);
сұрау мерзімінің өтіп кетуі;
ақшалай міндеттеме бойынша борышкер төлеу мерзімі өтіп кеткені үшін сыйақы (мүдде) төлеуге міндетті емес.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкердің жауапкершілігі деп нені айтады?
Жауапкершіліктің пайда болу шарттары қандай?
Кәсіпкердің әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі дегеніміз не?
Бірлескен жауапкершіліктің мәні неде? Ол үшін кім жауап береді?
Қосымша (субсидиарлы) жауапкершілік дегеніміз не? Ол қалайша жүзеге асырылады?
Кәсіпкерлердің азаматтық жауапкершілігінің мәні неде?
Кәсіпкерлер өз міндеттемелерін (міндеттерін) қамтамасыз ету тәсілдері қандай?
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігінің мәні неде? Құқық бұзушылықтың қандай түрлері оған жатқызылады?
Қандай құқық бұзушылықтары үшін кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
Салықтық құқық бұзушылықтың қандай түрлері бар?
КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ ПЕН ЭТИКА
- тақырып:
10.1 КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің, өнімдер мен қызметтердің сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.
«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің біршама анықтамалары бар.
1) Кәсіпкерлік мәдениет – бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді үйлестіре отырып жүзеге асырудың жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім – кәсіпорын қалай қызмет ету қажет және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік тудырады (32-сурет).
Нарық
Қоғам
Кәсіпорын мәдениеті
арқылы танылады
құндылықтар туралы түсінік
олардан шығады
мінез-құлық нормалары мен ережелері
олар әсер етеді
нақты мінез-құлыққа
32-сурет. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы
2
) Ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенің көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелердің жиынтығы жатқызылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі:
Кәсіпкерлік мәдениет – белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез – құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады.
Адамдарға әсер етудің, яғни оларды басқарудың үш түрлі құралы бар, олар:
иерархия (ұйым), онда адамға әсер етудің негізгі құралы бағындыру болып табылады;
нарық, онда көлденең түрде тепе – теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады;
мәдениет – жасап шығарылған және қоғаммен танылған құндылықтар, мінез – құлық ерекшеліктері, әлеуметтік нормалар.
Мәдениет қызметтің әртүрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әртүрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп көрсетеді: рухани және материалды. Материалдық мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық - өндірістік база, оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық – заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және тұтыну барысындағы материалдық – заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады.
Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады. Оған басқару мен ұйымдастыру, айырбастау мен үлестіру, технологиялар, еңбек жағдайларының және т.б. мәдениеті жатады. Яғни, ол кәсіпкерлік қызмет үрдісінің барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:
мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;
ұжым мүшелерінің мінез – құлқын реттейді;
адамдармен құрылады;
барлық қызметкерлермен қабылданады;
дәстүрлерді ұстануға негізделген;
танымды сипатқа ие болады;
өзгеруге бейім;
көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;
сезілмелі және сезілмейтін;
тұрақты даму үстінде болады.
Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы:
біріншіден, табиғи жолмен жүзеге асырылады. Яғни, онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;
екіншіден, мінез – құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін.
Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:
коммуникативті – интегративті, ол әлеуметтік – экономикалық ортада төселуді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
консервативті – кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама – қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;
инновациялық – өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;
трансляциялық – ол ақпаратты берумен айналысады;
мақсатты - құндылықтарды, үлгілерді қалыптастырады;
бағалаушы – іс - әрекеттерді бағалау әдістері мен көрсеткіштерін құрастырады.
Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы – құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді:
жалпы адами құндылықтар (борыш, әділеттілікке деген ұмтылыс және т.б.), өмірдің мәні, адамның парызы туралы жалпы түсініктер;
елдегі өмір сүру бейнесінің ұлттық – мәдени және діни-мәдени стереотиптері (таптаурын);
мінез – құлық нормалары мен ережелері, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу үлгілері;
еңбекке, байлыққа, жағдайға деген құндылық-мотивациялық қатынас (еңбек этикасы);
шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;
елдің орналасу, ландшафтық, климаттық және оның жер көлемінің ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен, кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетімен, кәсіпкерлердің өздерінің мәдениетімен, іскерлік этика деңгейімен, іскерлік қатынастардың мәдениетімен қалыптасады. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті бірқатар сыртқы және ішкі факторлармен анықталады, олардың ішінде маңыздылары келесілер:
ұйым қызметкерлерінің өз назарларын сыртқы міндеттерге аударуы – ашықтылығы, тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым – қатынастарда болуы;
қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның аралық және шекті мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз ролінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;
ұйымда шешім қабылдау барысында шешімдерді қабылдаудың топтық нысандарының басым болуы;
ұйым қызметінің алдын-ала жоспарларға сай жүруі, жеке бір қызметкерлер мен қызметкерлер тобы арасындағы тығыз ынтымақтастық;
ұйымдағы инновациялық үрдістер, ұйымның инновациялармен қатар жүретін тәуекел деген құбылысқа дайын болуы.
Корпоративтік мәдениет кәсіпорын ерекшеліктерін көрсететін, ұйым мүшелерінің өзара пікір алмасулары, мінез – құлық, көңіл – күй сипаттары, қызмет жүргізудегі қарым – қатынастары мен механизмдер кешені ретінде анықталады.
Корпоративтік мәдениет өзара байланысты екі құрамдас бөлімнен тұрады. Бірінші, ұйым мүшелерінің сыртқы, яғни көзге көрінетін мәдени өлшемдер: киім кию өнері, арнаулы белгілер, ұйымдық салт – дәстүрлер, жұмыс жағдайының қолайлығы және т.б. Екінші, кәсіпорын қызметкерлерінің мінез – құлқын анықтайтын, реттейтін құндылықтар мен т.б. көрсеткіштерді қамтиды.
Корпоративтік мәдениет негізінен екі маңызды фактормен анықталады:
ұйым мүшелерінің кәсіпорынның негізгі құндылықтарын қабылдау дәрежесімен;
ұйым мүшелерінің осы құндылықтарға адалдығы дәрежесімен.
Корпоративтік мәдениеттің қажетті деңгейін ұстап тұрудың қиындығы жаңадан қабылданған қызметкерлер өздерімен бірге жаңа идеялар мен кәсіби міндеттерді шешудің жеке тәсілдерін ғана емес, өздерінің дербес құндылықтарын, көзқарастарын, сенімдерін алып келуінде. Қызметкерлердің жеке тұлғалық құндылықтары ұйым ішінде қалыптасқан мәдени құндылықтардың әсерімен ауытқуы мүмкін. Сондықтан, қызметкерлердің құндылықтары мен ұйым құндылықтарын мейлінше жақындату үшін ұйым басшылығы қызметкердің жеке басының құндылығы мен кәсіпорын құндылығының үйлесімділігін қалыптастыруға үнемі әсер етіп отыруы қажет.
Ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерінің ерекшеліктер 13 – кестеде келтірілген.
Тәжрибеде ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін сәйкестендіру олардың араласуына алып келеді.
Кәсіпкерлік қызметте мәдениеттің басты элементі барлық қабылданған заңдарды ұстану болып табылады. Өз жұмысы барысында ұйым мемлекетпен, қоғаммен, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен, өз қызметкерлерімен алуан түрлі қатынастарға түседі. Осы жағдайларда оған кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама түрде әсер ететін қабылданған құқықтық актілерді, стандарттарды, ережелерді, нормаларды қатаң ұстану қажет.
Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі қабылданған міндеттер мен міндеттемелерді қатаң ұстану болып табылады. Кез – келген ұйымның заңнамалық актілерден, келісімшарттардан шығатын міндеттемелері бар. Оларды бұзу серіктестерге, жабдықтаушылар мен тұтынушыларға, ұйым қызметкерлеріне мүліктік және моральды зиян әкеледі.
Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі – бизнесті әділетті түрде жүргізу. Барлық дамыған әлемде адамдарға, бизнес жүйесіндегі әріптестерге, мемлекетке деген әділетті және таза қарым – қатынас – кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды белгісі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің маңызды элементі кәсіпкерлермен жалпы этикалық нормаларды ұстану болып табылады. Ол нормалар кәсіби этикадан, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерінен, және кәсіпкерлердің өздерінің тәрбиелілігі мен мәдениеттілігінен тұрады.
13-кесте – Ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін салыстыру
Салыстыру параметрлері
|
Ұйымдық мәдениет
|
Корпоративті мәдениет
|
Кәсіпкерлік мәдениет
|
Талдау объектісі
|
Жергілікті салалық ұйым
|
Көппрофильді компания
Халықаралық корпорация
|
Ұйым шаруашылық субъектісі ретінде
|
Концептуалды диапазон
|
Жеке ұйым деңгейінде
|
Корпорация деңгейінде
|
Ел масштабтарында
|
Мазмұны
|
Жалпы
|
Ұйымдардың барлық түрлеріне тән емес, жеке
|
Ерекше, тарихи негізделген жағдайларға көзқарас тұрғысынан ұйым мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды
|
Пайда болу көзі
|
Басшы
|
Директорлар кеңесі
|
Басшы
Меншік иесі
|
Талдау деңгейі
|
Макро
|
Мезо
|
Микро
|
Басымды институционалды құндылық
|
Сапаны арттыру
Нарықтағы ресурсты үнемдеу
Өндірістің оргтехникалық дамуы
Тұлғаның дамуы
|
Сапаны арттыру
Нарықтағы ресурсты үнемдеу
Өндірістің оргтехникалық дамуы
Тұлғаның дамуы
|
Сапаны арттыру
Нарықтағы ресурсты үнемдеу
Өндірістің оргтехникалық дамуы
Тұлғаның дамуы
|
Ұйымдық мәдениет проблемасының өзектілігін көрсететін жағдай
|
Ұйым мәдениетінің, құрылымының, стратегиясының сәйкессіздігі
|
Бір кәсіпорындардың екінші кәсіпорындарды қосып алуы
Қазақстандық нарықта шетелдік кәсіпорындардың құрылуы мен қызмет етуі
|
Кәсіпорындардың, бизнестің жаңа сфераларының күрт дамуы
|
Әсер ету
|
Ұйым элементтері мен оның персоналы
|
Бизнес бойынша серіктестер арасындағы өзара әрекеттесу
|
Іскерлік әріптестердің араласу үрдісі
Іскерлік әріптестердің бизнесін ұйымдастыру
|
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР. ІСКЕРЛІК КЕЛІССӨЗДЕР
Іскерлік қарым - қатынастар – бұл нарық пен ұжымдағы бірлескен қызмет үрдісінде пайда болатын, әріптестер, серіктестер мен тіпті бәсекелестер арасындағы өзара байланыс ретінде танылатын жүйе.
Іскерлік қарым-қатынастарда этикалық ережелер мен нормалардың үш типі бар:
қабылданған және қорғалатын ресми заңдар;
жалпы адами этикалық нормалар («ұрлама», «кісі өлтірме» және т.б);
• топтық (кәсіби) мінез-құлық нормалары.
Ескертетін жағдай этикалық ережелер мен нормалардың бір-бірімен сәйкес болу қажеттілігіне қарамастан, тәжірибе жүзінде олардың арасында ерекшеліктер бар.
Іскерлік қатынас мәдениеті - іскерлік сөйлесу мәдениетінен, іскерлік жиналыс өткізуден, клиенттерді қабылдау мен олармен сөйлесуден, телефон арқылы сөйлесу қабілетінен, іскерлік кештерден, тұсаукесерлерден, киім – киіну мен жүріс тұрыстан, іскерлік жазбаша қарым – қатынастан және факс бойынша іскерлік ақпаратпен алмасу және т.б. тұрады.
Кәсіпкерлік қызмет барысында белгілі бір адамға немесе адамдар тобына шешімдер қабылдауға тура келеді. Бұл жағдайда адамның мінез- құлқына кәсіпкерлік қызметтің жалпы мәдениетіне сай шешілетін мәселелердің сипаты мен іскерлік қарым – қатынас мәдениеті әсер етеді. Іскерлік қарым – қатынас оның тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылатын белгілі бір ережелерге сай жүргізіледі. Ол этикет, сәйкестендіру, өзара әрекеттесу мен өзін – өзі көрсете білу ережелері.
Іскерлік қатынас – бұл бірлескен жұмыс нәтижесінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, нақты міндетті шешу немесе қойылған мақсатты жүзеге асыруды қарастыратын іскерлік ақпарат пен жұмыс тәжірибесінің алмасуын қарастыратын үрдіс. Бұл үрдістің ерекшелігі регламент уақыты, яғни аталған территорияда қабылданған ұлттық және мәдени дәстүрлермен, тұлғалардың аталған кәсіби тобындағы кәсіби этикалық қағидалармен анықталатын белгілі бір шектеулерге бағыну болып табылады.
Іскерлік қатынас шартты түрде тікелей (тікелей араласу) және жанама (әңгімелесу барысында қандай да бір кеңістікті – уақытына тәуелді болады, яғни хаттар, телефонды әңгімелер, іскерлік хаттар және т.б.) болып бөлінеді.
Тікелей қатынастың үлкен нәтижелілігі, эмоционалды әсер ету мен сездіру күші бар, ал жанаманың ондай күшті нәтижесі болмайды. Онда міндетті түрде қандай да бір әлеуметтік-психологиялық механизмдер бар. Жалпы түрде іскерлік қатынастардың бейресмиден айырмашылығы, онда кез-келген уақытта келіссөздер бойынша әріптестермен келіссөздер үрдісін тоқтатуға мүмкіндік бермейтін (екі тарап үшін ақпарат алудың қандай да бір кедергілерсіз) белгілі бір рұқсатты талап ететін, нақты міндеттер мен нақты мақсаттар қойылады. Қарапайым достық кездесуде мұндай нақты мақсаттар мен міндеттер сияқты мәселелер көтерілмейді. Сондықтан да мұндай кездесуді қатынасты жаңғырту мүмкіндігін жоғалтпай (екі тараптың келісімі бойынша) тоқтатуға болады.
Іскерлік қатынас түрлері:
әңгімелесулер;
келіссөздер;
жиналыстар;
қатысулар;
көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Іскерлік қатынас қоғамдық өмірдің барлық сфераларына енуде. Коммерциялық, іскерлік қызметтің барлық меншік нысанындағы және түріндегі кәсіпорындар, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер іскерлік қатынастың дамуына мүдделі болуда.
Іскерлік қатынас аясындағы құзіреттілік әр салада табыспен немесе сәтсіздікпен тікелей байланысты: ғылым, өнер, өндіріс, сауда және т.б. Менеджерлерге, кәсіпкерлерге, өндірісті ұйымдастырушыларға, басқару аясында қызмет ететін адамдарға және жеке кәсіпкерлерге келетін болсақ, олардың коммуникативті құзіреттілігі, яғни олардың кез-келген жағдайда қалыптасқан жағдайды дұрыс талдай отырып шешім қабылдауы, олардың кәсіби сипатының ең басты құраушыларының бірі болып табылады.
Іскерлік қатынас үрдіс ретінде қатысушылар арасында өзара байланысты орнатуды, бірлескен қызметті атқару, әріптестікті орнату үшін белгілі бір ақпараттық мәліметтермен алмасуды және т.б. қарастырады.
Қызмет аясындағы байланыстар әріптестік бастамалардан және өзара қажеттіліктерден, жалпы іс мүдделерден тұрады. Мұндай байланыстар еңбек пен шығармашылық белсенділікті арттырады және тиімді бизнестің маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпкердің өзінің әріптестерімен сөйлесе білуі, өзін – өзі біліктілігі жағынан жоғары деңгейде көрсете білуі оның табысқа жетуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Мамандардың зерттеу қортындысы бойынша кез – келген адамның жетістігінің 15 % кәсіби біліміне, ал қалған 85% өзі жұмыс істейтін ұйым мүшелерімен оның араласу қабілетіне байланысты деген тұжырым бар.
Іскерлік қатынас құрылымы бес негізгі фазадан тұрады:
Әңгімелесудің басталуы.
Ақпаратты беру.
Дәлелдеу.
Әңгімелесушінің дәлелдерін мойындамау (мойындамау).
Шешім қабылдау.
Әңгімелесуді дұрыс бастау үшін төмендегідей жағдайларды ескеру қажет: әңгімелесу мақсатын дұрыс сипаттау, әңгімелесушілерді өзара таныстыру, тақырыптың аталуы, сұхбаттасуды жүргізетін кісіні таныстыру, мәселелерді талқылау тәртібін жариялау.
Әңгімелесуді аяқтау кезінде іс-әрекеттер тәртібі кері болуы керек: сөзді әңгіме жетекшісі алады және ол әңгімелесушіге берумен аяқтайды.
Әңгімелесушімен жеке байланысты орнату кезінде неге назар аудару қажет?
Біріншіден, анық, жинақы және мазмұнды кіріспе сөздер мен түсіндіруге.
Екіншіден, әңгімелесушіге міндетті түрде аты, жөнін толық атау арқылы әңгімелесу.
Үшіншіден, әңгіме арқауына сәйкес сырт келбеті болуы керек (киім, жинақылық, әлпет түрі).
Әңгіме барысында әңгімелесуші тұлғаға сыйластықпен қарау, оның ойлары мен қызығушылықтарына назар аудару кез-келген әңгімелесудің айнымас бөлігі болып табылады.
Әңгімелесушінің ескертулері, оның сізді белсенді түрде тыңдап отырғандығын, сіздің сөйлеуіңізді бақылап отырғандығын, сіздің дәлелдеріңізді мұқият тексеріп, бәрін ой елегінен өткізіп отырғандығын білдіреді. Ескертулері жоқ әңгімелесуші – ол өз ой-пікірі жоқ адам деп саналады. Сондықтан да әңгімелесу барысында әңгімелесушінің ескертулері мен дәлелдерін, нәтижеге жетудің кедергілері ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Қайта олар әңгімелесуді жеңілдетеді және сол арқылы істің мәні туралы не ойлайтындығын байқауға болады.
Ескертулердің келесідей түрлері бар: айтылмаған ескертулер, қате түсініктер, күлкілі ескертулер, ақпарат алу мақсатындағы ескертулер, өзін таныту мақсатындағы ескертулер, субъективті ескертулер, қарсылық таныту мақсатындағы ескертулер.
Оларды толығырақ қарастырайық. Ескертулердің себептері, оларға қалай әсер ету керектігі өте маңызды роль атқарады.
Айтылмаған ескертулер. Бұл әңгімелесуші айтып үлгермейтін, айтқысы келмейтін немесе айта алмайтын ескертулер. Сондықтан біз оларды өзіміз анықтап, оның кері әсерін болдырмауымыз керек.
Қате түсініктер. Олар әңгімелесуші көзқарасы қате болған жағдайда, ыңғайсыз ескертулерді тудыратын себептерге жатады. Оның ұстанымының эмоционалды негізі бар, сондықтан барлық логикалық аргументтер мұнда қажетсіз. Біз әңгімелесушінің аргументтері агрессивті тұрғыдан негізделуінен ерекше талаптар қойып, сөйлесудің тек теріс жақтарын ғана көретінін байқаймыз. Мұндай ескертулердің себебі, сіздің тарабыңыздан дұрыс емес тәсіл, сізге деген антипатия, келеңсіз көріністер болып табылады. Демек, сізге әңгімелесушінің көзқарасы мен мотивтерін анықтап, өзара түсінушілікке келуге ұмтылу керек.
Ирониялық (кемсітуші) ескертулер. Мұндай ескертулер әңгімелесушінің теріс көңіл-күйінің салдары немесе кей бір жағдайда оның сіздің шыдамдылығыңыз бен салмақтығыңызды тексеруге деген қалауының салдары болуы мүмкін. Сіз ескертулердің әңгіме барысымен тығыз байланысы жоқ екендігін, тіпті жәбірлеуші сипатқа ие екендігін байқайсыз.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда ескерту шындыққа жанаса ма, әлде қарсы шығу мақсатында болды ма, соны анықтау керек. Кез-келген жағдайда әңгімелесушінің сөзіне еруге болмайды. Сіздің реакцияңыз тапқырлықпен жауап беру, немесе мұндай ескертуге мүлдем мән бермеген жөн.
Ақпарат алу мақсатындағы ескертулер. Мұндай ескертулер сіздің әңгімелесушіңіздің қызығушылық танытқанының дәлелі болып немесе ақпаратты беру барысындағы кейбір жағдайларды қосымша анықтау әдісі ретінде қолданылады.
Сондықтан сіз барынша түсінікті, жан – жақты жауап беруіңіз керек.
Өзін көрсету мақсатындағы ескертулер. Бұл ескертулер әңгімелесушінің өз ойын жеткізуге деген ұмтылысын білдіреді. Ол сіздің ықпалыңызға ермей, осы мәселе бойынша өзінің барынша әділ болуға ұмтылатындығын көрсетеді.
Мұндай сипаттағы ескертулер сіздің тарапыңыздан ойыңызды күшті эмоциялық тұрғыдан жеткізуіңіз себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қалай істеу керек? Осы жағдайда сіздің әңгімелесушіңіз өз идеялары мен ойларына дәлелді тұжырымдама табуы қажет.
Субъективті ескертулер. Мұндай ескертулер адамдардың белгілі бір категорияларына тән. Мұндай әңгімелесушілерге тән типтік тұжырымдама: «Мұның бәрі керемет, бірақ маған мұның ешқайсысы жарамайды».
Мұндай ескертулердің себебі неде? Сіздің ақпаратыңызға сенім аз және сіз әңгімелесушінің қызығушылығына жеткіліксіз назар аударасыз. Ол сіздің ақпаратыңызға сенбейді, сондықтан да келтірілетін фактілерді бағаламайды. Мұндай жағдайда қалай істеу керек? Өзіңізді әңгімелесушінің орнына қою керек, оның мәселелерін ескеру керек.
Объективті ескертулер. Бұл әңгімелесуші өз күмәндарын жоққа шығару үшін айтатын ескертулер. Бұл ескертулер шынайы, ешқандай алдап-арбаусыз айтылады. Әңгімелесуші өз ойын анықтау үшін жауап алғысы келеді.
Мұндай ескертулердің мәні сізбен әңгімелесушінің мәселені шешуде басқа жолы бар, сондықтан ол сіздікімен келіспейді. Мұндай жағдайда әңгімелесушіге ашық түрде қарсы шықпай, оған оның көзқарастарын ескеретіңізді жеткізу керек. Содан кейін мәселені шешудің сіз ұсынатын жолының қандай артықшылықтары бар екендігін түсіндіру керек.
Қарсыласу мақсатындағы ескертулер. Бұл ескертулер, әдетте әңгіменің басында пайда болады, сондықтан да олар нақты болып табыла алмайды.
Бұл жағдайда әңгімелесуші сіздің дәлелдеріңізбен алдын – ала таныспаған, сондықтан әңгіме тақырыбы нақты анықталмаған. Мұндай жағдайда не істеу керек? Әңгіме тақырыбын жүйелі түрде нақты анықтау керек. Егер түсініспестік күшейген жағдайда әңгімелеу тактикасын қайта қарау керек. Ал бұл жағдайда нәтиже бермесе әңгіме тақырыбын өзгерту қажет.
Іскерлік қатынас қағидалары.
Қағидалар – белгілі бір нәрсеге немесе құбылысқа деген адамның танымдық көзқарасына сүйене отырып, оның өзінің мінез – құлқын, өз іс – әрекеттерін дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік беретін абстракциялық жалпылама ұғымдар жүйесі.
Іскерлік қатынас қағидалары концептуалдық этикалық тұрғыдан қызметкерлерге шешімдерді, іс-әрекеттерді, өзара қарым – қатынастарды және т.б. іске асыруға мүмкіндік береді.
Бірінші қағида: Көпшілік мақұлдаған «алтын стандарт» деп аталатын ортақ жағдайдағы ережесі: «Өзіне де қаламайтын жат қылық пен әрекеттерді, қызмет жағдайында өз қарамағында жұмыс істейтіндерге, басшыларға, әріптестерге, тұтынушыларға және т.б. ешқашан көрсетпеу»
Екінші қағида: Қызметкерлерді лауазымдық қызметіне сәйкес қажетті ресурстармен (ақшалай, шикізаттық, материалдық және т.б.) тең дәрежеде қамтамасыз ету қажет.
Үшінші қағида кімнің және қай уақытта этикалық ұстанымдарды бұзғанына қарамастан, оны міндетті түрде түзету қажет.
Прогресс максимумы деп аталатын төртінші қағидаға сәйкес, қызметкердің іс-әрекеттері мен қызметтік мінез-құлқы ұйымның (немесе оның бөлімшелерінің) дамуына септігін тигізсе, ол моральдық көзқарас тұрғысынан емес, этикалық көзқарас тұрғысынан танылады.
Төртінші қағидалардың логикалық жалғасы бесінші қағида – прогресс минимумы қағидасы болып табылады. Егер қызметкердің немесе ұйымның іс-әрекеттері этикалық нормаларды бұзбаса, олар жалпы этикалық болып табылады.
Алтыншы қағиданың мәні, егер ұйым қызметкерлері басқа ұйымдардағы, аймақтардағы, елдердегі моральдық ұстанымдарға, дәстүрлерге және басқа да жағдайларға ұстамдылықпен қараса ол этикалық ұстанымдылық болып табылады.
Жетінші қағида дара релятивизм (салыстырылымдық) мен этикалық релятивизмді жалпы адами этика талаптарымен алуан түрлі сәйкестендіруді ұсынады.
Сегізінші қағидаға іскерлік қатынастарда шешімдерді дайындау мен оны қабылдау кезінде дара және ұжымдық бастама бірдей негізге алынады.
Тоғызыншы қағида кез-келген қызметтік мәселелерді шешу барысында өз ойын айтудан қорықпау қажет деп есептелінеді. Бірақ, қызметкер өз ойын айтуда этикалық шектерден шықпауы керек.
Оныншы қағида – қызметкерлерді кәсіби жұмыстарын атқаруда және тапсырмалар беруде оларға ешқандай күштеу әдістерін пайдаланбау қажет.
Он бірінші қағида – этикалық стандарттар ұйым өміріне бірмезгілді бұйрықпен емес, менеджерлер мен қатардағы қызметкерлер тарапынан үнемі және тұрақты түрде жүргізілуі қажет.
Он екінші қағида – әсер ету жағдайына байланысты (ұжымға, жеке қызметкерлерге, тұтынушыларға және т.б.) оған қарсылық көрсететін күштер мен факторларды ескеру қажет.
Он үшінші қағиданың мәні қызметкердің жауапкершілігіне, оның құзіреттілігіне, сенімді ақтау сияқты қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Он төртінші қағида келіспеушілікті, дауды болдырмауға барынша ұмтылу.
Он бесінші қағида – басқалардың бостандығын шектемейтін еркіндік.
Он алтыншы қағиданы септігін тигізу қағидасы деп айтуға болады. Қызметкер тек өзі ғана этиканы ұстанбай, оны өз әріптестерінің де ұстануына септігін тигізуі керек.
Он жетінші қағида бәсекелесіңді сынама деген ұстаным.
Бұл жерде қағиданың мәні тек қана бәсекелесуші ұйым туралы ғана емес, сонымен қатар «ішкі бәсекелес» - кәсіпорынның басқа бөлім ұжымымен де және әріптестер арасындағы бәсекелестер туралыда болып отыр.
Іскерлік қатынас этикасының қағидалары кез-келген кәсіпорынның әрбір қызметкері үшін өзінің жеке этикалық жүйесін жасап шығаруға негіз болуы керек.
Қағидалар тізбегі қандай да бір ұйым қызметінің ерекшеліктерін ескеру арқылы жалғаса береді. Кәсіби этика қағидалары да бар.
Барлық кәсіптер үшін жалпы қағида келісілген мүмкіндіктер шегінде жұмыстың ең жоғары сапасы болып табылады. Корпоративті мүдделерді тұтынушы мүдделеріне қарсы қоюды болдырмау қажет.
Клиентке, сатып алушыға және т.б. кәсіби қызметтің объектісі емес, субъектісі ретінде қатынасудың, адамдарды еркінен тыс басқаруды, адамдарды алдауды болдырмаудың жалпыға бірдей талабы көптеген кәсіп түрлерінде «ақпараттандырылған келісу» қағидасы түсінігі ретінде қабылданады.
Ақпараттандырылған келісу көптеген кәсіп түрлерінде бар және адам құқықтарының Декларациясымен кепілдендірілген. Ол құжатта адамның өзі мен мүдделеріне қатысты талаптары сипатталады.
Ақпараттандырылған келісу мамандар тарапынан ұсынылатын денсаулыққа, уақытқа, материалдық шығындарға, мүмкін болатын басқа да себеп салдарға немесе моральдық тұрғыдан зиян келтіруге әкелетін жағдайларға байланысты толық ақпаратты беруді білдіреді.
Бұл ақпарат тұтынушының, пациенттің, оқытушының және т.б.тұлғалардың қызмет көрсету түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере және көре отырып, олардың сапасы, бағасы, т.б. нәтижелерді өз еріктерімен қабылдауына мүмкіндік береді.
Барлық кәсіптер түрлері үшін негізгі қағида ретінде кәсіби құпияны, тұтынушылар туралы ақпаратты, ақпараттық сұраныстар, қызметтер, технологиялар, рецепттерді сақтау қағидасы болып табылады.
Маманның жұмысына қатысты құпияны, яғни маманға қатысты және маманның қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде пайда болған оның жетістігіне айналған мәліметтерді жарияламау тұрғысынан түсіну қажет.
Меншік құқықтарын сыйлау – кәсіби этиканың маңызды қағидасы.
Көптеген кәсіп түрлерінде коллегиялылық (алқалық) қағида түрі кездеседі.
Демократия жағдайында кәсіби этиканың маңызды қағидасы ретінде сын айтуға деген құқық болып табылады.
Экологиялық қағида мамандарды жұмыс орнының тазалығы мен ауасын таза ұстауға, эпидемия кездерінде кәсіби шараларды өткізуге, табиғат пен адамды қорғау шарттары ретінде жылуды, суды, электроэнергияны үнемдеуге міндеттейді.
Гедонизм – этика қағидасы, оған сәйкес рахат алуға құштарлық пен жапа шегуді көрмеуге деген адамның ұмтылысы, оның табиғи құқығы болып табылады.
Гедонизм кәсіпкерлерді оптимизмге, жұмысқа, өмірге деген құштарлық пен ләззат алуға ұмтылдырады.
Ауызша және жазбаша сөз мәдениеті көбінесе кәсіби этиканың негізі болып табылады. Оның маңызды көрсеткіштері ретінде сөйлесу стилі, функционалдық сауаттылық көрініс табады.
Кәсіби әңгімелесуде тіл мен сөйлесу өнеріне деген этикалық талаптар өте қарапайым болғанымен, оларды орындау өте күрделі. Әрбір айтылған сөзге үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Іскерлік келіссөздер. Келіссөздер – бұл екі тараптың да өзара сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы, келісімге келу мақсаты үшін адамдардың өзара байланыс құралы.
Келіссөздер негізінен өзара ой - пікір алмасу (талқылауға ұсынылған мәселелерді шешу үшін алуан түрлі ұсыныстар) арқылы екі тараптың да мүдделеріне жауап беретін келісімге келу және барлық қатысушылардың көңілінен шығатын нәтижелерге қол жеткізуге арналады. Олар ой – пікір алмасудан қажетті сұрақ – жауап беру, қаралатын мәселелер бойынша ескертулер мен дәлелдерден тұрады. Келіссөздер жеңіл немесе өте күрделі жағдайда жүргізілуі мүмкін. Әріптестер келіссөздер кезінде күрделі мәселені шешуде өзара келісімге келуі немесе келмеуі де мүмкін. Сондықтан да әрбір келіссөздер жүргізу барысында арнайы тактикалық ұстанымдарды тұжырымдап оны жүргізу техникасын үнемі жетілдіре отырып жүргізу қажет.
Келіссөздердің алуан түрлілігіне байланысты олардың нақты моделін ұсыну мүмкін емес. Оларды өткізу негізінен төмендегідей тәртіп бойынша жүргізіледі:
Келіссөздерге дайындық.
Келіссөздерді өткізу.
Мәселені шешу (келіссөздердің аяқталуы).
Іскерлік келіссөздер қорытындыларын талдау.
Іскерлік келіссөздерді дайындау
Келіссөздердің табыстылығы сіздің оған қаншалықты мұхият дайындалғандығыңызға байланысты. Келіссөздер басталғанға дейін олардың дайындалған моделі болуы керек:
келіссөздер қандай мәселеге арналады және талқыланатын сұрақтардың нақты жүйесі болуы қажет. Келіссөздерде бастамашылық мәселені жақсы білетін және терең түсінетін тарап жағында болады;
міндетті түрде нақты бағдарламаны, келіссөздерді өткізу сценарийін құрастыру керек. Келіссөздердің қиындықтарына, күрделілігіне байланысты бірнеше жобалар болуы мүмкін;
келіссөз жүргізуші мақсатқа жету үшін қандай жағдайда қарсыласының уәжіне келісу немесе келіспеу кездерін анықтап алуы керек.
Аталған модельді жүзеге асыру кезінде төмендегідей жағдайлардың ескерілуі қажет:
1) келіссөздердің мақсаты;
2) келіссөздер бойынша әріптес;
3) келіссөздерді өткізу нысаны;
4) келіссөздердің жағдайы мен шарттары;
5) келіссөздерге қатысушылар;
6) келіссөздерді ұйымдастыру.
Келіссөздерді өткізу.Тәжірибе жүзінде іскерлік келіссөздерді жүргізудің келесідей негізгі әдістер қолданылады:
Вариациялық әдіс
Интеграция әдісі
Теңдестіру әдісі
Келісе отырып шешім табу әдісі
1.Вариациялық әдіс
Күрделі келіссөздерге дайындалу барысында (мысалға, қарсы тараптың оң реакциясын алдын-ала байқауға болатын кезде) келесідей сұрақтарды анықтау керек:
аталған мәселені шешудің ұтымды шешімі (жүзеге асыру жағдайларына тәуелсіз) неде?
ұтымды шешімдердің қандай аспектілерінен (кешенді түрде қаралатын мәселенің, әріптес пен оның болжамды реакциясын ескере отырып) бас тартуға болады?
күтілетін нәтиже бойынша кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жүйелеп және саралау, талдау тәсілдерін пайдаланып ұтымды (жүзеге асырудың жоғары дәрежесі) шешімді қалай қабылдауға болады?
шешімді біржақты жүзеге асыру кезінде мүдделердің (өзара тиімді, материалдық, қаржылық, заңды және т.б. қамтамасыз ету кезінде сәйкесінше шешімді қысқарту немесе кеңейту) қайшылығынан әріптестің сенім артқан болжамына әсер ету үшін қандай аргументтер қажет?
мерзімі шектеулі келіссөздер кезінде қандай мәжбүрлі шешім қабылдауға болады?
әріптестің қандай өте жоғары сұранысы мен ұсыныстарын міндетті түрде қабылдамау керек және қандай дәлелдердің көмегімен?
Мұндай талқылаулар келіссөздердің мақсаты мен мәнін баламалы талқылау шектерінен шығады. Олар қызметтің барлық түрлеріне, шығармашылық және шынайылық тұрғысынан бағалауды талап етеді.
2. Интеграция әдісі.
Әріптес интеграция қажеттілігін сезінуге қол жеткізу үшін, оның заңды мүдделерін естен шығармау қажет. Сондықтан да келіссөз барысында талқылаудың нақты мазмұнына байланысты болмайтын және әріптес мүдделеріне сәйкес келмейтін тәсілдерден бас тарту қажет. Керісінше, әріптеске өз ұстанымыңызды баяндаңыз және келіссөздер нәтижесі үшін бірлескен жауапкершілік шектерінің қандай іс-әрекеттерін одан күтетіңізді анықтап көрсетіңіз.
Сіздің ұйымдық мүдделеріңіз әріптес мүдделерінің сәйкессіздігіне қарамастан, келіссөздерде талқыланатын мәселені шешу қажеттілігі мен оның шешу нүктелерінің шегін ерекше атап көрсетіңіз.
Мүдделер аясында өзара тиімділікке қол жеткізудің барлық ортақ аспектілері мен мүмкіндіктерін анықтап көрсетуге тырысыңыз.
Қиялға берілмеңіз және келіссөздердің әрбір тармағы бойынша келісімге келуге болады деп санамаңыз олай болған жағдайда келіссөздер тіпті қажет болмас еді.
3. Теңдестіру әдісі
Бұл әдісті қолдану кезінде төменде келтірілген ұсыныстарды ескеріңіз.
Әріптесіңіздің сіздің ұсынысыңызды қабылдауы үшін қандай сендірерлік дәлелдер (фактілер, есептеулер нәтижесі, статистикалық мәліметтер және т.б.) қажет екенін анықтаңыз.
Сіз қандай да бір уақыт аралығында өзіңізді әріптестің орнына қойып ойланып көріңіз, яғни қаралатын мәселеге оның көзқарасы тұрғысынан қарау керек.
Әріптес тарапынан «иә» деген жауап алу үшін, мәселелерді жан – жақты қарастырып, оның артықшылықтарын әңгімелесушіге ұтымды түрде жеткізу қажет.
Сонымен қатар, әріптестің қарсы дәлел келтіру мүмкіндігін ойластырып, оларды «ескеріп», туындайтын жағдайға байланысты өз дәлеліңізді дайындау керек.
Әріптестің келіссөздер барысындағы қарсы дәлелдерін елемеуге болмайды. Ол сізден өз күдіктеріне, ескертулеріне және т.б. жағдайларға байланысты нақты тұжырымды күтеді. Бұл жағдайды болдырмау үшін әріптестің мұндай мінез-құлқына не себеп болғанын анықтаңыз (сіздің ескертулеріңізді толық түсінбеу, жеткіліксіз құзіреттілік, тәуекелге барғысы келмейтіндігі, уақытты создырғысы келетіндігі және т.б.).
4. Ымыраға келе отырып шешім қабылдау әдісі
Келіссөздерге қатысушылар ымыраға келуге дайын болуы керек: әріптестің мүдделері сәйкес келмеген жағдайда келісімге сатылы түрде келу керек.
Ымыраға келу барысында әріптестер өзара келісімге келудің сәтсіздікке ұшырауы мүмкін жағдайда жаңа көзқарастарды ескере отырып, өз талаптарынан жартылай бас тартады (бір нәрседен бас тартады, жаңа ұсыныстар қояды).
Әріптес ұстанымына жақындау үшін, өз мүдделерін жүзеге асыру барысында, ымыралық шешімнен туындайтын салдардың нәтижесін алдын-ала ойластыру мен оған көнудің мүмкін болатын шектерін сыни тұрғыдан бағалау керек.
Ұсынылған ымыралық шешім сіздің құзіретіңіздің аясынан асып түсетін жағдайлар болуы мүмкін. Әріптеспен байланысты сақтап қалу мүдделеріне қарай Сіз бірден шартты келісімге (мысалы, құзіретті басшының келісіміне сілтеуіңіз мүмкін) баруыңызда мүмкін.
Екі тарап үшін де өз талаптарынан бас тарту арқылы тез келісімге келу өте қиын. Сонымен қатар, басталған жұмыс ағымы бойынша әріптестер өз ойларын жүзеге асыруға ұмтылады. Мұнда шыдамдылық, мотивация және келіссөздерден шығатын барлық мүмкіндіктерді пайдалану кезінде, мәселені жаңа дәлелдер мен тәсілдер көмегімен қарастыру қабілеті өте қажет.
Ымыралық негіздегі келісім, келіссөздердің үзілуі әріптестер үшін қолайсыз жағдай тудырғанда және келіссөздердің жалпы мақсатына қол жеткізу қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Келіссөздерді жүргізудің келтірілген әдістері жалпы сипатқа ие.Оларды жүргізу барысында нақтылайтын бірқатар тәсілдер, әдістер мен қағидалар бар.
1. Кездесу және байланыс орнату. Сізге бірнеше адамнан тұратын делегация емес, тек бір ғана әріптес келген жағдайда, оны вокзалда немесе аэропортта күтіп алып қонақүйге орналастыру қажет. Келетін делегация басшысының деңгейіне байланысты оны қарсы алушы делегация басшысының өзі немесе жүргізілетін келіссөздің қатысушыларының бірі күтіп алуы мүмкін.
Қарсы алу және байланыс орнату сатысы — тікелей, жеке іскерлік байланыстың басталуы. Бұл келіссөздердің жалпы, бірақ маңызды сатысы.
Қарсы алу процедурасы өте қысқа уақытты алады. Қарсы алудың еуропалық елдерде кеңінен таралған түрі – қол алысу, онда бірінші болып қолын күтіп алушы созады.
Келіссөздердің басталу сәтін көрсететін әңгіме өрісі қатысушыларды шаршатпайтын деңгейде өтуі тиіс. Аталған жағдайда, яғни қонақтарды қарсы алу кезінде емес, үстелге отырып келіссөздер жүргізудің барысында визит карточкаларын ұсыну рәсімі жүргізіледі.
2. Келіссөздерге қатысушылардың назарын өзіне аудару (келіссөздердің іскерлік бөлігінің басталуы). Ақпарат пайдалы болған жағдайда әріптесіңіз сізді мұқият тыңдайды. Сондықтан да сіз әріптесіңізді қызығушылығын тудыруыңыз қажет.
3. Ақпаратты беру. Бұл іс-әрекеттің мәні келіссөздер барысында пайда болған қызығушылық негізінде әріптеске ұсынылып отырған келісімнің тиімділігін көрсету, оны жүзеге асыру, оған және оның ұйымына әлеуметтік – экономикалық тиімділік әкелетіне көзін жеткізу.
4 Ұсыныстарды жан – жақты түрде негіздеу (дәлелдеу). Әріптеске ұсынылған идеялар мен ұсыныстар қызығушылық тудыруы мүмкін және олардың мақсаттылығын да түсінуі мүмкін. Бірақ, ол өз ұйымында ұсынылған идеялар мен ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігін бірден көре алмауы мүмкін. Сондықтан да іскерлік келіссөздерді өткізу барысындағы келесі қадам, қызығушылықтарды анықтау және күмәндарды жою (ескертулерді болдырмау, жоққа шығару) болып табылады.
Келіссөздердің іскерлік бөлігінің аяқталуы әріптестер мүдделерін ескере отырып нақты шешімдер (шешім ымыралық негізде қабылданады) қабылдаумен аяқталады.
Келіссөздердің аяқталуы. Егер келіссөздер барысы жемісті болса, онда олардың соңғы сатысында қозғалған жайларды қорытындылап, негізгі ережелерді қысқаша қайталау қажет. Келіссөздер қатысушылары болашақ келісімнің негізгі ережелерін жан – жақты талқылап қабылдау барысында үлкен жетістікке қол жеткізілді деген пікір қалыптасады. Сонымен қатар келіссөздердің оң нәтижелеріне негізделе отырып, жаңа кездесулерді дамыту аясын да талқылаған да жөн.
Келіссөздер теріс нәтижемен аяқталған жағдайда да әріптеспен субъективті байланысты сақтап қалған жөн. Аталған жағдайда, келіссөздердің мағынасына емес, болашақта іскерлік байланыстарды сақтап қалуға мүмкіндік тудыратын тұлғалық аспектілерге назар аударылады. Яғни, оң нәтижелерге қол жеткізілмеген келіссөздердің тараулары бойынша қорытынды жасаудан бас тарту қажет. Екі тарап үшін де қызығушылық туғызатын жағдайды жеңілдететін және достық қатынасты қалыптастыратуға септігін тигізетін тақырыпты табу қажет.
Хаттамалық шаралар келіссөздердің айнымас құраушысы болып табылады. Келіссөздер барысында қойылған міндеттерді шешуде үлкен рөль атқарады. Іскерлік хаттамада келесідей іс – әрекеттер қамтылады: кездесулерді ұйымдастыру және келіссөздерге қызмет көрсету, әңгімелерді жазып алу, базарлықпен қамтамасыз ету, киім нысаны, мәдени бағдарлама және т.б. Осы мәселелерді шешу үшін ұйымда хаттамалық рәсімдермен айналысатын хаттамалық топты (2-3 адам) құру қажет.
Іскерлік келіссөздердің қорытындыларын талдау.Келіссөздер аяқталған деп санауға болады, егер олардың нәтижелері мұқият және жауапты түрде талданса. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қабылданса, келесі келіссөздерге дайындалу үшін белгілі бір тұжырымдар жасалса:
1) Келіссөздердің қорытындыларын талдау келесідей мақсаттарды көздейді:
келіссөздердің мақсаттарын олардың нәтижелерімен салыстыру;
келіссөздер нәтижелерінен шығатын шаралар мен іс-әрекеттерді анықтау;
болашақ келіссөздерді өткізу үшін немесе өткізілгендерді жалғастыру үшін іскерлік, жеке және ұйымдастырушылық тұжырымдар.
2) Іскерлік келіссөздерді қорытындылауды талдау келесідей үш бағыт бойынша жүргізілу керек:
- келіссөздер аяқталғаннан кейін бірден жүргізілетін талдау. Мұндай талдау келіссөздер барысы мен нәтижелерін бағалауға, пікір алмасуға және келіссөздердің қорытындыларымен (атқарушыларды тағайындау мен қол жеткізілген келісімді орындау мерзімдерін анықтау) байланысты алдыңғы қатарлы іс-шараларды анықтауға септігін тигізеді;
- ұйым басшылығының жоғарғы деңгейіндегі талдау. Келіссөздер нәтижелерінің мұндай талдауының мақсаты келесілер:
келіссөздер нәтижесі туралы есепті талқылау және алдын-ала орнатылған директиваларды анықтау;
қабылданған шаралар мен жауапкершілік туралы ақпаратты бағалау;
келіссөздерді жалғастырумен байланысты ұсыныстардың негізділігін анықтау;
келіссөз бойынша әріптес туралы қосымша ақпарат алу.
Іскерлік келіссөздерді дара түрде талдау — бұл жалпы ұйымдастыру және өз міндеттеріне деген әрбір қатысушының жауаптылығын анықтау. Бұл жағдайда бақылау және келіссөздер жүргізуден сабақ алу мақсатында сыни тұрғыдан өзін іс - әрекетін талдау.
Дара талдау барысында келесідей сұрақтарға жауап алуға болады:
келіссөз бойынша әріптестің мүдделері мен мотивтері дұрыс анықталды ма?
келіссөздерге дайындық қалыптасқан жағдай мен талаптар, нақты жағдайларға сәйкес болды ма?
ымыралық туралы ұсыныстар мен дәлелдер қаншалықты дұрыс анықталған?
мазмұнды және әдістемелік түрдегі дәлелдеудің нақтылығын қалайша арттыруға болады?
келіссөздер нәтижесінде не анықталды? Болашақта келіссөздерді жүргізу барысында теріс жағдайларды қалайша болдырмауға болады?
келіссөздердің тиімділігін арттыруды жүргізетін адамдар не істеуі қажет?
Соңғы сұраққа объективті және толық жауап алу ұйым болашағы үшін шешуші маңызға ие болады.
Келіссөздердің тиімділік шарттары. Іскерлік келіссөздердің табыстылығының объективті және субъективті факторлары мен шарттары болады. Ең алдымен, келіссөз бойынша әріптестермен келесідей шарттар орындалуы қажет:
екі тараптың да келіссөз мазмұнына қызығушылығы болуы қажет;
олардың соңғы шешімді қабылдауда жеткілікті құзіреттіліктері болуы керек (келіссөздерді жүргізуге деген сәйкес құқығы);
әріптестердің келіссөз мазмұнына қатысты жеткілікті біліктіліктері, қажетті білімдері болуы керек;
екінші тараптың субъективті және объективті мүдделерін ұтымды түрде ескеру қабілеті болуы және ымыралыққа бару мүмкіндігі болуы керек;
келіссөздер бойынша әріптестер белгілі бір шамада бір – біріне сенімді болуы қажет.
Келіссөздердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ережелерді ұстану қажет.
Негізгі ереже, екі тараптың да келіссөздердің нәтижесі оларға тиімді деген сенім қажет.
Келіссөздерде ең басты – ол серіктес. Оны ұсынысты қабылдауға сендіру керек.
Келіссөздер — бұл ынтымақтастық. Кез-келген ынтымақтастықтың жалпы базасы болуы қажет. Сондықтан да әріптестердің алуан түрлерінің мүдделері үшін «ортақ бөлгішті» табу керек.
Өзекті мәселелерсіз келіссөздер өте сирек түрде өтеді. Сондықтан да сіздің ымыралыққа жүгіну деген бейімділігіңіз маңызды.
Кез-келген келіссөздер диалог түрінде өтуі керек. Сондықтан да сұрақты дұрыс қойып әріптесті мұқият тыңдау қабілеті өте маңызды.
Келіссөздердің оң нәтижесін оның табиғи аяқталуы ретінде қарау керек. Сондықтан да қорытындыда әріптестердің барлық мүдделері сипатталған келісімшарт мазмұнына тоқталып өту қажет.
Келіссөздер аяқталған болып саналады, егер олардың нәтижелері мұқият тексерілсе және олардың негізінде сәйкес тұжырымдар жасалса.
ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ КӘСІБИ ЭТИКА
Этика туралы түсінік алғаш рет Аристотель еңбектерінде кездеседі. Ол этика адамға не істеу керектігін тануға, не істеуге болатындығын анықтауға және неден бас тарту қажеттігін сезінуге көмектесетін ұғым ретінде түсіндіреді. Біз үшін этика – бұл ең алдымен білім саласы, ерекше ғылым, ол адамдық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді. Этиканы идеал және этиканы іс-әрекет ретінде бөліп қарастырады. Бұл жерде этиканың екі түрі де біздің қызығушылығымызды туғызғанымен, әсіресе кәсіби этиканың немесе кәсіпкер этикасы аясындағы мәселелеріне көңіл бөлінеді.
Кәсіпкерлік этика елде, әлемде, сонымен қатар қандай да бір қызмет аясында қалыптасатын кәсіби этикада байқалатын мінез-құлықтың жалпы этикалық нормалары мен ережелеріне негізделеді. Азаматтардың мінез-құлқының жалпыэтикалық нормаларына байланысты, кәсіпкерлік этика адалдық, адамгершілік, ар-ождан, абырой, мәрттік, сыпайылық, сыйластық, атаққұмарлық, намыс, арсыздық, екіжүзділік, табалаушылық, өсек, кек алу, арамдық, дөрекілік және т.б. түсініктермен үздіксіз байланысты. Көрініп тұрғандай, бір түсініктер адам мінез-құлқының оң (позитивті) қағидаларымен, ал екіншілері – теріс (негативті) қағидаларымен байланысты.
Кәсіби этиканың мазмұны мен мәні: 33 және 34-суреттерде келтірілген.
33-сурет. Кәсіби этиканың мазмұны мен мәні
Жеке кәсіпкерлер мінез-құлқының ерекше сипаттарын тізбектеу, кәсіпкерлік этиканың кешенді түсінігін сипаттайды. Ол қағидаларына, ескішілдікке, заңсыз, біліксіз бизнеске емес жалпыадами, жалпыізгілік, инновациялық, заңды кәсіпкерліктің жалпы қағидаларына негізделген.
Этика мәселелерін қозғай отырып, кәсіби этиканың бірнеше постулаттарын қарастырайық. Олардың негізінде кәсіпкердің этикалық кодексін анықтауға болады. Оларды келесідей түрлерге бөледі:
жалпы адами (әмбебап) этика;
кәсіби этика;
корпоративті және этиканың басқа да түрлері.
Әмбебап этика – бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.
34-сурет. Кәсіби этика ерекшеліктері
Кәсіби этика қызметтің белгілі бір түрлеріне тән нормалардың, стандарттардың, талаптардың жүйесі болып табылады. Кәсіби этиканың негізгі қағидалары:
бейтараптылық, объективтілік ;
турашылдық, толық дәлелдеу;
құпиялылық;
үлкен ұмтылыс (қамқорлық міндеттемесі);
кәсіби міндеттерді нақты орындау;
потенциалды немесе айқын кикілжіңдерді болдырмау.
Кәсіби этиканы зерттеу объектілеріне мыналар жатады:
еңбек ұжымдарының қатынасы;
қажетті деңгейде кәсіби борышын орындауға мүмкіндік беретін маманның адамгершілік қасиеттері;
кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу ерекшеліктері;
аталған кәсіби ұжым үшін ерекше болатын адамгершілік нормалар, оның ішіндегі өзара қатынастар.
Іскерлік этика келесідей ережелерге сүйенеді:
бәсеке әділетті болуы керек;
ең жоғары өнімділік пен табыс, қоршаған ортаны бұзу есебінен қамтамасыз етіле алмайды;
адам техникаға емес, техника адамға қызмет етеді;
еңбекпен құрылған игіліктерді, тұрғындардың белгілі бір санаттары бойынша ерекше бөлінуін болдырмайтындай етіп құру керек;
экономика қоғамдық мүдделермен санаса отырып, нақты моральды нормаларға бағынуы керек;
қызметкерлердің кәсіпорын істеріне қатысуы жауапкершілік сезімін дамытады, еңбектенуге деген қалауын күшейтеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы неде?
Кәсіпкерлік мәдениеттің құраушы элементтерін атап өтіңіз.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар қандай?
Кәсіпкерлік ұйым мәдениетінің мазмұны неде?
Іскерлік қатынас пен іскерлік әңгіме қалай сипатталады? Олардың ерекшелігі неде?
Іскерлік әңгіме қағидаларын атап өтіңіз.
Іскерлік келіссөздердің мәні неде?
Іскерлік келіссөздерді өткізу сатыларын атап өтіңіз.
Іскерлік келіссөздерді өткізу барысында қандай әдістер қолданылады?
Іскерлік келіссөздердің қорытындысын талдаудың мәні неде?
Кәсіпкерлік этика қалайша сипатталады?
Кәсіби этиканың ерекшеліктерін атап өтіңіз.
Неліктен іскерлік және кәсіби этика кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды элеменеттері деп саналады? Олардың мәні неде?
Кәсіпкерліктегі іскерлік этикеттің рөлі.
Әмбебап этика дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |