ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
6М012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша
магистратураға түсу емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ, 2016
ПЕДАГОГИКА
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Педагогика теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары, категориялары. Тәрбие –
қоғамның кеәінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын
негізгі қызметтерінің бірі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге
асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық қызмет іске
асырылатын объективті шындықтың жақтары, педагогиканың нысаны
болады. Педагогиканың салалары, зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен
өзара байланысы. Жалпы педагогика – адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп,
барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы
негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1)
оқу-тәрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие
теориясы; 4) мектеп тану.
Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы және тәрбиесі
Жеке тұлға туралы түсінік. Мамандардың бір бөлігі адамдардың
дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір
шарттарына тәуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты;
адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр
белгілейді.Жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер етуші
факторлар. (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие) Адамның жүйке жүйесі,
мінезі, психикалық процестердің өту ерекшелігі осы тұқымқуалаушылық
қасиеттер тобынан. Ата-аналар тәнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері,
олардың арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар – патологиялық
ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отырады.
Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Біртұтас педагогикалық процесс – педагогиканың пәні мен мұғалім іс-
әрекетінің объектісі.Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін
сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу –
оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Тұтас педагогикалық процестің
маңызды компоненненттері: оқыту мен тәрбие мақсаты, мазмұны, фомалары
мен әдістері, нәтижесі.
Тәрбие теориясы
Тәрбие процесінің мәні мен адам өміріндегі қызметі. Оқу және тәрбие -
өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір-
бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ
ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.Тәрбие
үрдісінің ерекшеліктері. Қайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу. Тәрбие
процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді
ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары
Тәрбиенің формалары мен әдістерін жіктеу, оған әр түрлі көзқарас
тұрғысынан қарау. Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі
белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар
жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму
көрсеткіштерінің бірі.Тәрбиенің түрлері мен құралдары. Ақыл-ой,
адамгершілік, экологиялық, экономикалық, құқықтық, азаматтық, еңбек
тәрбиелерінің мақсаты міндеттерімен таныстырып, жеке тұлғаны
қалыптастырудағы тигізетін ықпалы.
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Ұжым тәрбие құралы, ұжымның даму кезеңдері. Ұжымда жеке тұлғаны
тәрбиелеудің басты нәтижесі оның басты қоғамдылық бағыттылығы деп
есептеледі..Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылар ұжымының
өзара ықпалдастығы мен байланысы.
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Дидактика: оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі
категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену,
оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны,
ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, құрал-жабдықтары,
нәтижесі (өнімі).Оқыту процесінің мәні мен қызметі. Оқыту процесінің
заңдылықтары мен принциптері. Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы,
функциялары. Оқу-танымдық іс-әрекетінің психологиялық –педагогикалық
негіздері.
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары
Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы. Топтастыру
тұрғысынан келесі әдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі
(ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репродуктивті),
проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) және зерттеу. Оқыту
әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану. оқытушы нақты әдіс пен
құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс
өткізудің жағдайына орай бірнеше әрқилы әдіс не құралды біріктіре
пайдалануды көздейді.
Оқытуда білім беру мазмұны
Білім мазмұны және оның ғылыми негіздері. Білімдендіру қызметін
іске асыруға бағытталған дәстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар
игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат
және оған байланысты тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде
Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім. Оқу жоспарын,
бағдарламаларын және оқулықтарды жетілдіру. Жалпы орта мектепте білім
мазмұнын гуманитарландыру.
Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру. сыныптық сабақ жүйесі
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.Сабақ түрлері
сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды
ұйымдастыру
түрі
ретінде
рөл
атқарады,
мұғалімнің
сабақты
ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды.Сабақ типтері, түрлері,
олардың құрылымы. Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ
өткізілетін сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған
сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша мазмұны, оның
міндеттері.
Оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы екі кезеңнен тұрады. Сабақтарды
тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес
нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен
құрастыру.Тақырыптық және сабақ жоспары.Оқушылардың танымдық іс-
әрекетінің нәтижесін бақылау,бағалау және есепке алу. Бағалау – білім,
ептілік және дағдылардың игерілу дәрежесін анықтау. Оқытуды
ұйымдастырудың басқа формалары.
Мектепті басқару және оған басшылық жасаудың педагогикалық
негіздері
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру. Мектептi басқару
теориясының объектiсi –оның барлық құрамды элементтерiмен алынған
процес болып табылады. Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік
білім деңгейін жетілдіру. Әдiстемелiк жұмыс педагогикалық тәжiрибемен
тығыз байланысты. Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты.
Оқудың педагогикалық технологиялары
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі.Технология ұғымына
сипаттама. Технология, оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда
болған. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы, оның жіктелуі.
Дамыта оқыту технологиясы. Бағдарламалап оқыту технологиясы.
Проблемалы оқыту технологиясы. Әр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық
ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы
(мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы)
Отбасыдағы педагогикалық процесс және оның мектеппен өзара
байланысы
Отбасы тәрбиесiнiң құқықтық негізі. Отбасы – болашақ азаматтың
әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы
адым.Отбасының педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялық
негiздерi. Мектеп пен отбасының әрекеттестiк формалары. Отбасы мен
мектептің педагогикалық процестерінің өзара іс-әрекеттесу формалары. Теріс
әрекеттерді болдырмаудың жолдары.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. Теория мен практикада
басқарудың мынандай түрлерін бөліп көрсетеді: іс-әрекеттің жағдайын
талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекеті, ынталандыру, шешімді орындалу
процесін бақылау және реттеу әрекеттің қорытындысынан шығады.
Педагогикалық озат тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату.Мектеп
пен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары іс-әрекеттерінің бірлігі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1.
ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер
студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004
2. Подласый И. Педагогика. Кн.1. -Москва, 2000.
3. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.
А., 2002
4. Харламов Н. Педагогика, -М., 1990.
5.Әбиев Ж. Педагогика. Алматы ., 2011жыл.
6. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика алматы 2005ж.
7. Сарсенбаева А, Усманова Ж. Жалпы педагогика., Дәрістер жинағы.
8. Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы:
“Нұрлы Әлем”, 2003.
9. Педагогика. Уч. пособие./ Под ред. П.И. Пидкасистого. М., 1996.
10. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика
воспитания. М., 2000.
112.Смирнов В.И. Общая педагогика в тезисах, иллюстрациях. М., 2000
13.Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1998
Қосымша:
1.Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенiң жалпы әдiстерi. -А., 1991.
2. Айғабылова Н. Бала мiнезiнiң қалыптасуы және оны тәрбиелеу
жолдары. -А., өнер. 1972.
3. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттiлiкке тәрбиелеу жолдары.
//Қазақстан мұғалiмi, 18 ақпан,1994.
4. Алмаханова Х. Жас өспiрiмдерге эстетикалық тәрбие беру.
/Методикалық нұсқау. А., 1990.
5. Ақназарова Б. Класс жетекшiсi. -А., Мектеп, 1973.
6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие берудi жетiлдiру. -
А., 1992
7.Педагогикалық басшылық. //Бастауыш мектеп. Т. 1, 1987.
8. Педагогикалық және жас ерекшелiгi психологиясы. /Ред. басқарған
А. Петровский. -А., Мектеп,
9.Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан
мектебi, ғ10, 1988. 29-30
10.Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегi халық дәстүрi. -
А., 1990.
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМ ДАМУЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Психологияға кіріспе.
Бізге жеткен жазба деректерге сүйенсек, адамдардың психологиялық
құбылыстарға деген қызығушылығы өте ерте кезеңдерде-ақ пайда бола
бастаған. Ежелгі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және
басқалардың ғылыми еңбектерінде келтірілген айғақтарға қарағанда алғашқы
психологиялық тұжырымдар біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдық
орталарында пайда болған. Ежелгі ғалымдардың баршасына ортақ
көзқарастарға орай «психология» түсінігінің орнына «жан» ұғымын
қолданылып, сол «жан» әлемдегі тек тіршілік иесінің ғана емес, тіпті өлі
заттардың қозғалыстарының бастау себепшісі деп қабылданған.
Жеке тұлға және іс-әрекет психологиясы.
Адамның әлеуметтік және саналы іс-әрекетінің нәтижесі – қоғамдық
өнім. Адам өз өндіргенінің үлкен бөлігін қара басының мүддесі емес, қоғам
үшін өндіреді. Ал қоғамның бөгде мүшелері өз тарапынан әрбір жеке
адамның мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Тіпті адам өзі үшін өндірген
кезде де, ол өз еңбегінде басқа адамның тәжірибесін пайдаланады, олардан
алған білімін қолданады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекеті көбіне ұжымда
жүргізіледі, алға қойылған мақсат көптің күш жұмсауымен орындалады.
Адам іс-әрекетінің нәтижесі қоғам үшін пайдалы немесе зиянды келеді.
Адамның
жеке басының қасиеттері оның іс-әрекеттерінде,
қылықтарында көрінеді. Адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы объектив
мәліметтерді сол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Адам өзінің іс-әрекеті барысында қалыптасады.
Жеке адамның таным процестерінің психологиясы.
Жас адамның кәсіптік және әлеуметтік қалыптасудағы еңбектің орны.
Мамандық таңдаудағы әр-түрлі іс-әрекет түрлері. Кәсіби бағдар берудің
негізгі факторлары. Кәсіптік бағдарлануға жанұямен ортаның ықпалы. Кәсіби
бағдарда басқару принципі, фукциялары.
Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Оқушылардың тұлға болып қалыптасуында еңбек пен кәсіби бағдардың
ролі. Оқушының мамандықтарына сәйкес талдауы болашақ маман
тұлғасының кәсіби дайындығының ғылыми және әдістемелік жүйесі.
Болашақ
маман
тұлғасының
кәсіби
қалыптасуындағы
өзін-өзі
білімдендірумен тәрбиенің ролі. Адам дамуындағы ішкі негізгі факторлар.
Өзіндің кәсіби түсінуі.
Жеке адамның психикалық қалыптары мен қасиеттері
Кәсіби бағдар орталығының жұмыстары Болашақ маманның кәсіби
бағдар беру жүйесі. Кәсіби бағдар берудің жүйесінің міндеттері. Кәсіп
таңдауға байланысты саяхатты ұйымдастыру өткізу. Кәсіби бағдар
орталықтарын жабдықтау жұмыстары. Кәсіби бағдар жұмыстарының арнайы
бөлімдері. Кәсіби бағдар беру бөлмесін ұйымдастыру. Кәсіби бағдардың
аудандық кәсіби бағдар кеңсесімен байланысы. Кәсіп таңдауға байланысты
кәсіби кеңес.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1.
Аймауытов Ж. Психология. Алматы, 1991 ж.
2.
Аймауытов Ж. Жан жүйесі және өнер таңдау.
3.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім, 1996-224 б.
4.
Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, «Білім», 1993-272 б.
5.
Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. Алматы. 2000
ж.,-188 б.
6.
Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері)
«Мектеп», 1987
Қосымша:
1.
Қойбағаров
Қ.,
Рахымбеков
Қ.
Педагогика-психология
терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, Алматы, 1960.
2.
Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы,
Қазмемоқупедбас., 1962.
3.
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981.
4.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, «Қазақ университеті»,
1993.
5.
Темірбеков А., Балаубаев С. Психология (оқулық). Алматы,
«Мектеп», 1966.
6.
Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы 2003.-275 б.
7.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М: 1989 ж.
8.
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М: 1985 ж.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тәрбие – тәрбиелеу процесін ғылыми байыптаудың негізгі
категориялары
Тәрбиелеу процесінің мәні. Тәрбиелеу процесінің мақсаты мен
міндеттері. Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбиелеу процесінің әлеуметтік
кеңістігі. Тәрбие процесі және оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Тәрбие
заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара байланысы. Кәсіби білім беру
мекемелеріндегі тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны. Жас ұрпақты
тәрбиелеудің негізгі мазмұны. Жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін объективті
және субъективті факторлар. Тәрбие өнері және технологиясы. Тәрбие
технологиясының ерекшеліктері.
Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының жүйесі
«Тәрбие жұмысы» туралы түсінік. Тәрбие жұмысының бағыттары:
рухани-адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық, экономикалық,
азаматтық-елжандылық, құқықтық, полимәдениеттілік және т.б. педагогикада
қалыптасқан тәрбие жүйесі, оларға сипаттама. Кәсіби білім беру
мекемелеріндегі тәрбие жұмысы жүйесінің мәні, мазмұны және тәрбиелік
жүйе компоненттері. Білім беру мекемелеріндегі ұлттық тәрбиеге қойылатын
талаптар. Тәрбиелеу жұмыстарының ерекшеліктері. Этикалық тәрбиелік
жұмыстар. Экологиялық және еңбекке байланысты тәрбиелік жұмыстар.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен формалары. Тәрбие
жұмысының ұжымдық, топтық және жекелік формалары. Тәрбие әдістерінің
түрлері және оларды топтастырудағы қажеттілік. Тәрбие әдістерін таңдап алу
шарттары. Сендіру әдістемесі. Педагогикалық ынталандыру әдістері.
Педагогикалық талап. Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс. Топ
белсенділері және оқушылардың жеке топтарымен жұмыс. Сыныпта және
сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі
Ұжым ұғымына анықтама. Ұжым дамуы және оның кезеңдері.
Оқушылар ұжымы – тәрбие ұйымдастыру ортасы. Сынып ұжымын құру мен
топтастырудың негізгі жолдары. Ұжымдық тәрбиелік жұмыстарын
ұйымдастырудың моделі. Нақты ережелер мен талаптар қойылған іс-шара
дайындау әдістемесі. Өзара ынтамақтастыққа оқытудың арнайы тәсілдері,
іскерлік анық мақсаттағы рөлдік ойындар, психотехникалық ойындар,
ситуацияларды этюдтарды таңдау.
Сынып жетекшісі – топтағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
Топ жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсаты, негізгі міндеттері. Топ
жетекшісінің
тәрбиелік
жұмыс
жоспарының
негізгі
бөлімдері.
Педагогикалық рефлексия топ жетекшісінің тәрбие жұмысындағы қажетті
компоненттерінің бірі ретінде. Топ жетекшісінің оқушыларды танып білу
жолдары. Топ жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу. Оқушылардың
өзін-өзі басқару ұйымдары және оларды ұйымдастыру.
Білім беру мекемелері мен отбасы ықтымақтастығының қызметі
мен формалары
Топ жетекшісі мен педагог білім беру мекемелері мен отбасы
ықтымақтастықты қалыптастырушы. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі.
Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Ата-аналар кеңесіне педагогикалық
басшылық жасау әдістемесі. Топ жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін
жұмысының формалары мен әдістері. Топ жетекшісінің ата-аналармен
атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері. Оқушылардың ата-
аналарымен педагогикалық өзара іс-әрекет технологиясы. Білім беру
мекемелерінің, отбасының және қоғамның оқушылар тәрбиесіндегі өзара
қызметі мен формалары.
Қазіргі жағдайдағы оқушылар мен жасөспірімдер бірлестігі
Жасөспірімдер мен жеткіншектердің мәдениет элементтері: сән, мінез-
құліқ стилі, музыкаға әуестігі, би және бос уақытын өткізу ұқсастығы, жастар
бірлестіктері. Оқушылар бірлестіктерінің жіктелуі. Әлеуметтік бағытталған
бірлестіктер. Оқушылардың клуб типіндегі бірлестіктер. Кездейсоқ
оқушылар бірлестіктері. Өзара әрекеттерін реттеу қабілеті мен ерекшеліктері.
Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру мен өткізу.
Топ жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі
Қиын балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі
ерекшеліктері. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және дамыту жолдары.
Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды пайда болу себептері. Қиын
балаларды тәрбиелеуде педагогикалық тұрғыда талдау және дамыту
жолдары. Қиын балаларға көмек беруде педагогтың ролі және қызметі.
Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикасы
Тәрбие процесін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Тәрбие
жұмысының тиімділігі мен нәтижесін зерттеу әдістемесі. Психологиялық,
педагогикалық диагностика ұғымы. Оқушы тұлғасы мен топ ұжымын
зерттеудің
әдістері.
Психологиялық-педагогикалық
диагностикалау
әдістерінің сипаттамасы. Сауалнамалар, тесттер жасаудың әдістемесі.
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері. Тәрбие
қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары. Құжаттар және есеп беру.
Топ жетекшісі қызметінің нәтижелерін бағалау.
Топ жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір
салтын қалыптастыру әдістемесі
Денсаулық пен салауатты өмір салты құндылық ретінде. Денсаулыққа
зиян әдет-дағдылар: ішімдікке, нашақорлыққа, спидке және т.б. қарсы сана-
сезімді,
мінез-құлықты
қалыптастыру.
Салауатты
өмір
салтын
қалыптастырудағы негізгі факторлар: дене мәдениеті және спорт, еңбек және
дене шынықтыру, жылжымалы ойындар, дұрыс тамақтану. Оқушылардың
салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі.
Астана-2007
2. Әбенбаев С.Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы. Дарын 2010
3. Майғаранова Ш, Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен
әдістемесі. Алматы-2009
4. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы.-Алматы, 2006
5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: (Оқу құралы). –
Алматы, Санат, 2005. – 352 б.
6. Әбілова З., Қалиев К. Этнопедагогика. Оқулық. – Алматы:
ҚазХҚӘТУ, 2007. – 394 б.
7. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы). – Алматы:
Санат, 2001. – 320 б.
8. Калыбекова А. Теоретические и прикладные основы народной
педагогики казахов. Алматы. БАУР, 2005. – 200 с.
Қосымша:
9. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі.-А: 2000.
10. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: Тағылым, 1992. – 250 б.
11. ҚР-касының «Тәрбие» туралы тұжырымдамасы. Алматы, 2007.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЙІНДІК ОҚУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Білім
берудідамытудың
мемлекеттік
бағдарламасының
міндеттерін жүзеге асыру жағдайындағы бейіндік оқыту
Мектептердегі бейіндеу элеуметтік-экономикалық қоғамның өзгеруі
жағдайындағы қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту қажеттілігі мен
бағыттарының бірі. 12 жылдық оқытуға көшу жағдайындағы жалпы білім
беретін мектептердің жоғары сыныптарына бейіндік оқытуды енгізудің
көкейтесті мәселелері.
Бейіндік оқытуды уйымдастырудың халықаралық тәжірибесін
талдау
Әлемдік тәжірибедегі бейіндік оқыту дифференциациясының мэні.
Экономикалық жэне индустриалды дамыған таяу жэне алыс шетелдердегі
бейіндік білім беру жүйесі. Бейіналды даярлық бойынша дифференциалды
оқытудың Ресей тэжірибесі. Бейіндеудің заманауи қүрылымы.
Бейіндік оқытудың мазмұны мен мәні
Бейіндік оқытудың категориялық үғымы. Бейіндік даярлықты жүзеге
асырудың мазмүны мен формалары. Жоғары сынып оқушыларын бейіндік
оқытудың озық қағидалары (аймақтық, вариативтік, индивидуалдық,
дифференциациялық, өнімділік пен қол жетімділік). Оқушыларды бейіналды
жэне бейіндік оқытудың, кәсіби бағдарлаудың ұйымдастырушылық жэне
әдіснамалық мәселелері.
Бейіндік оқытуды қалыптастыру модельдерінің сипаттамасы
Заманауи кэсіби білім беру мотивтері мен оқушылардың
қажеттіліктері. Бейіндік оқытуды үйымдастыру нәтижелілігіне көбірек эсер
ететін педагогикалық жүйелер мен стратегиялар. Әлемдік тэжірибедегі
бейіндік оқытуды саралау мэні. Қазақстандық мектептерде аймақтық жэне
жергілікті жағдайларды ескере отырып бейіндік оқытуды қалыптастырудың
мүмкіндіктерін талдау.
Оқушыларға технологиялық білім беру жүйесіндегі бейіндеу
Технологиялық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды жетілдіру
жэне дамыту қажеттілігі.
«Технология» саласындағы білім беру мазмұнының ерекшеліктерін
ескеру арқылы технологиялық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытудың
маңызы. Технологиялық білім беру жүйесіндегі бейіндеудің үздіксіз
тақырыптық бағыттары.
Бейіндік оқытуды психологиялық-педагогикалық қолдау
Бейіндік оқытуға көшу үдерісін психологиялық-педагогикалық
қолдаудың негізгі бағыттары мен міндеттері. Бейіндік оқытуды
психологиялық-педагогикалық
қолдау
негізі.
Бейіндік
оқытуды
индивидуалды-бағдарлық
жэне
жүйелі-бағдарлық
психологиялық-
педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері. Бейіндеуді психологиялық-
педагогикалық
қолдаудың
диагностикалық
әдістері
мен
олардың
сипаттамасы. Оқушылармен жүмыс жүргізу үшін анкеталардың бейімделген
нұсқалары. Озық оқыту технологиялары негізінде өмірлік қүндылықтарды
зерттеу. «Оқушылардың Мен түжырымдамасы». «Социологиялық сауал»
психологиялық
акциялар
жүргізу
ерекшеліктері.
Қажеттіліктерді
қанағаттандыру дәрежесі диагностикасын жүргізу әдістемесі. Оқушылардың
кэсіби қызығушылықтары мен бейімдерінің диагностикасы негізінде бейіндік
топтарды жинақтаудың негізгі тәсілдері. Жеке түлғаға бағдарланған жэне
жүйелі бағдарланған педагогикалық қолдау ерекшеліктері. Бейіндік оқыту
қызметін жүргізетін негізгі бағыттар. «Бейін», «Ойлау типі» жэне
«Сауалнама» әдістері. Оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен
бейімдерінің диагностикасы негізінде бейіндік топтарды жинақтау үдерісіне
эсер ету тәсілдері. Оқушыларды бейіндік сыныптарға таңдау үдерісі.
Бейіндік оқытуды уйымдастыру
Ғылымаралық синтез негізінде бейіндерді қалыптастыру жолдары.
Ғылымаралық синтездің түрлері: пэнішілік, салаішілік, салааралық. Нақты
бейінге қатысты пэнішілік байланыстарды таңдау (тандау бойынша).
Жүйелік тәсіл мен мектепішілік дифференциация - жалпы білім беру
мектептерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру негізі ретінде. Мектепте
бейіндік оқытуды үйымдастыру моделі педагогикалық жүйе ретінде. Бейіндік
оқытуды басқару. Бейіндік оқытуды енгізудегі инновациялық үдеріс.
Бейіндік оқытуды қамтамасыз ету жағдайлары. Дифференциацияланған
оқытудың жалпы белгілері. Бейіндік оқытудың ұйымдастырушылық-
педагогикалық модельдерінде көрінетін жүйелік сипаттамалар. Оқу
жоспарын модельдеу, бейіндік оқыту бағдарламасын жасау жэне эксперттеу.
Оқу жоспары мемлекеттік білім беру стандартының бөлігі ретінде. Мектептің
оқу
жоспарын
өзіндік
талдау
компоненттері.
Бейіндік
оқыту
бағдарламаларын құру қағидалары мен функционалды тағайындалуы.
Бейіндік оқыту бағдарламаларының сапасына қойылатын мамұндық
талаптар. Бейіндік оқыту бағдарламаларының мазмұнын анықтау жэне
қүрылымдау талаптары. Бейіндік оқыту бағдарламаларын эксперттік бағалау
әдістері.
Бейіндік білім беру мазмунын анықтаудағы деңгейлік устаным
және түрлідеңгейдегі курстарды қурастыру қағидалары
Бейіндік оқыту бағдарламаларының мазмүны оның түрлеріне
тәуелділігі. Түрлі деңгейлі бейіндік курстардың түрлері. Түрлі деңгейдегі
бейіндік курстарды қүрастырудың озық қағидалары. Түрлі деңгейдегі
бейіндік курстардың мазмүнын таңдау критерилерінің ерекшеліктері.
Бейінді таңдау үдерісі мен оқушының жеке оқу жоспарын құруы
Оқушының бейінді саналы таңдауы мен болашақ мамандығын табысты
игеруін қамтамасыз ететін факторлар. Бейіндеудің ұйымдастырушылық
бағыты мен оқушының бейінді таңдау үдерісімен байланысты құжаттары.
Мектепке бейіндік оқытуды жүзеге асыратын жеке оқу жоспарларын енгізу.
Бейіндік оқытуды уйымдастырудың формалары, әдістері,
технологиялары мен нормативті-қуқықтық базасы
Мектеп тәжірибесінде қалыптасқан бейіндік оқытуды үйымдастырудың
формалары (мектепішілік, желілік, еркін). Оқушылардың бейіндік оқуды
дұрыс таңдауына кәсіби кеңестер мен кэсіби бағдарлардың рөлі. Бейіндік
оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері, қағидалары мен жүйелері.
Бейіндік оқытудың инновациялық эдістері. Бейіндік оқыту технологиясының
жалпы сипаттамасы. Қашықтықтан оқыту технологиялары. Интернет
ресурстары мен технологиялары. Электрондық білім беру ресурстары. Ойын
технологиялары. Дөңгелек стол мәжілісі, оқу дискуссиялары мен
шығармашылық жобалар. Эссе, ғылыми рефераттар, «портфолио»,
презентация. Кіші топтар технологиясы мен модульді технологиялар.
Бейіндік оқытуды үйымдастырудың нормативті-қүқықтық базасы. Жоғары
сыныпта білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1 Назаралиева З.С Педагогика профильного образования: Учебное
пособие. - Алматы: Триумф «Т», 2008.
2 Абдыкаримов
Б.А.,
Мамерханова
Ж.М.,
Соколова
М.Г.
Методическое пособие к изучению курса «Педагогика профильного
обучения». - Караганда, 2007. - 243 с.
3 Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е.. Методология 12-летнего
образования. Учебное пособие. - Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003 - 164 с
4 Броневщук С.Г. Профильное обучение в школе. Вопросы
организации и содержания. В помощь учителям школ. - М.: «Витязь- М»,
2004.
5 Жолдасбекова С.А., Дуйсенбаев К.А. Организация профильного
обучения школьников. Алматы, 2012
Қосымша:
1 Балыкбаев Т.О. Тенденции и принципы 12-летнего среднего
образования
в
РК.
//Мат.
Сем-ра
«Нормативное
обеспечение
профессионально-педагогической подготовки учителей в условиях перехода
к 12-летнему образованию», Тараз. - 27. 03.2009.
2 Воронкова С.А. Программа развития школы: проект пред-
профильной подготовки в основной школе. //Завуч. Управление современной
школой. - М.: Педагогический поиск.- 2006. - № 6.
Достарыңызбен бөлісу: |