- «Бастауыш мектеп кезеңіндегі дамудың әлеуметтік жағдаятты және негізгі психологиялық жаңа құрылымдар»
-
- Мақсаты:
- мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру.
- Міндеттері:
- мектеп оқушыларының жас ерекшелігінің кезеңдеріне сипаттама беру,;
- мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу
- Оқушылардың жас ерекшелігі
- Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте
- жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың
- жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
- 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең;
- Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
- 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
- Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері
- Егделік 61-74 жас аралығы
- (II кезең)
- Кәрілік 75-90 жас аралығы
- (IIкезең)
- Бастауыш мектеп жасындағы бала үшін ең маңыздысы – МҰҒАЛІМ
- Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
- Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограмнан 36 килограмға дейін артады.
- Жүйке жүйесі жетіле түседі
- Психикасы жедел дамуға келеді.
- Тежелу кемде де,қозуы күшті.
- Танымдық іс-әрекеті тікелей
- оқумен байланысты.
- Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған,
- көрнекі қызығушылық басым.
- Бала еңбегін ойын үдерісімен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.
- Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады.
- Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш алуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту, ол балаға жеңіл тиеді.
- «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсізде жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы, онсыз да үлкен жасайырмашылығын одан сайын қашықтатпайық».
Нақыл сөздер - 1.Адамды тәрбиелеу-демек оның ертенгі қуанышқа ие болатын келешек жолына тәрбиелеу.(А.С.Макаренко)
- 2.Бүкіл азаматтың келешегі-жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленуіне,қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты. (Ғ.Мүсіров)
- Пайдаланған әдебиеттер:
- « Балалар психологиясы » Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметов. Алматы 2012 ж
- Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
- «Педагогика» Дуйсембекова Ш.Д. Оқулық , 2015 ж.
- Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.
- Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.
- Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.
- Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |