Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011 удк


Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 2,14 Mb.
бет2/18
Дата25.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#27253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Кәсіпкерліктің мәні неде?

    2. Кәсіпкерліктің дамуы үшін қандай факторлар маңызды?

    3. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кімнің құқығы бар?

    4. Кәсіпкерліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?

    5. Кәсіпкерлік үрдістің субъектілері кімдер?

    6. Азаматтардың қандай категориялары үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған?

    7. Кәсіпкерлік бизнестің объектілеріне не жатады?

    8. Кәсіпкерлік қағидаларының топтарын атап өтіңіз.

    9. Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары қандай?

    10. Кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары қандай?

    11. Кәсіпкерлікпен айналысу мотивтері қандай?

    12. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық, мінез – құлықтық қағидалары қандай?

    13. Кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары қандай?

    14. Кәсіпкерлік орта түсінігін сипаттап беріңіз?

    15. Кәсіпкерлік сыртқы ортаның негізгі белгілерін атап өтіңіз.

    16. Ішкі кәсіпкерлік ортаның ерекшеліктері қандай?


7


  1. -
    КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
    тақырып:


2.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нарықтық экономика жүйесінде әртүрлі меншікке негізделген кәсіпорындардың ұйымдық – құқықтық нысандары жұмыс істейді. Кез – келген кәсіпорынның құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады.



Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысаны келесілермен анықталады:

  • жарғылық қордың қалыптасу тәртібімен;

  • кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауапкершілік дәрежесімен;

  • меншік нысанымен.

Қазақстанда кәсіпорындардың барлық ұйымдық – құқықтық түрлерінің құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей және заңдық тұрғыдан кепілдендірілген. Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысысының өз артықшылықтары мен кемшіліктер бар.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар нысандарында құрылуы мүмкін (2 – сурет). Коммерциялық ұйымдарға шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар жатады.



Заңды тұлғаны құру үшін құрылтай құжаттарын: жарғы мен құрылтай келісім – шартын әзірлеу қажет.

Жарғыда келесідей ақпарат көрсетіледі:

  • ұйымның ұйымдық – құқықтық нысаны;

  • фирмалық аталуы;

  • орналасқан жері; аты көрсетілген қатысушылар тізімі, орналасқан жерлері, мекен-жайлары, банктік реквизиттері (егер құрылтайшысы заңды тұлға болса), немесе төлқұжат бойынша аты, берілген жері мен уақыты, құжаттың берілген мәліметтері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса);

  • қызмет ету аясы мен мақсаты;

  • жарғылық капиталдың мөлшері туралы мәліметтер, құрамы мен қалыптасу тәртібі, басқару мен бақылау органдарының құзіреттілігі;

  • пайда мен зияндарды бөлу тәртібі;

  • қайта құру мен жою тәртібі және шарттары.


2-сурет. Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары
Құрылтай келісімшартында мыналар көрсетілуі керек:

    • құрылтайшылар туралы мәліметтер;

    • ұйымды құру туралы шешім;

    • кәсіпорынның атауы;

    • ұйымның орналасуы;

    • құрылтайшылардың атауы, тұрғылықты мекен-жайы және күәландыратын құжат берілген мәліметтері (егер құрылтайшы жеке тұлға);

    • ұйымды құру тәртібі;

    • құрумен байланысты құрылтайшылардың міндеттемелері. Сонымен қатар басқа да қызметті жүзеге асыру бойынша құрылтайшылардың міндеттемелері, көрсетілген тұлғалардың құзіреттілігін анықтау, құрылып жатқан ұйымды тіркеу мен құру барысында оның мүдделерін қорғайтын басқа да тұлғалардың құзіреттілігін анықтау;

    • жарғылық капитал мөлшері;

    • ұйымның жарғылық капиталына әрбір салымшының ақшалай үлесінің құрамы, мөлшері мен салу мерзімдері туралы немесе натуралды нысанда немесе мүліктік құқықтар нысанындағы салымдарды ақшалай бағалау туралы мәліметтер, шешімді қабылдау тәртібі;

    • ұйымның жарғылық капиталына қосымша салымдарды салу туралы, сонымен қатар ұйымның жарғылық капиталына салымдарды уақытылы салмау салдары;

    • қатысушылар арасында пайда мен зияндарды бөлу тәртібі мен шарттары;

    • ұйым қызметін басқару;

    • жарғыны бекіту;

    • заңды тұлға құрған құрылтайшылардың құрамынан оған қатысушылардың шығуы.

Жарғы мен құрылтай келісім – шарты серіктестік мүшелерімен жалпы жиналысымен бекітіледі. Алуан түрлі ұйымдық – құқықтық нысандардағы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталының ерекше белгілері, құрылымы мен қалыптасу тәртібі 4 және 5 кестелерде көрсетілген.

Шаруашылық серіктестік – бұл өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін, басқа да шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алатын, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.

Шаруашылық серіктестіктердің белгілері:

  • ұйым коммерциялық статусқа ие;

  • жалпы құқық қабілеттілік (арнайы болуы да мүмкін);

  • жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген;

  • құрылтайшылар (қатысушылар) салымдары есебінен, сонымен қатар өз қызметі барысында өндірілген немесе иеленген салымдары есебінен құрылған мүлік иелері болып табылады.

Шаруашылық серіктестіктердің келесідей түрлері бар::

1. Толық серіктестік

2. Коммандитті (сенім) серіктестік

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
2-кесте – Коммерциялық ұйымдардың ұйымдық – құқықтық нысандарына тән белгілер





Нысаны

Қатысушылар статусы

Қатысушылар (мүшелер) саны

1

2

3

1

Толық серіктестік (ТС)

Тек жеке тұлғалар

Екеуден кем емес

2



Коммандитті (сенім) серіктестік (КДС)

Толық серіктестер (тек жеке тұлғалар); салымшылар (жеке және заңды тұлғалар)

Екеуден кем емес, және бір толық серіктестен және бір салымшыдан кем емес

3



Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

Жеке және заңды тұлғалар; ЖШС жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын басқа шаруашылық серіктестік бола алмайды

1 және одан жоғары


4



Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС)

Жеке және заңды тұлғалар; ЖШС жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын басқа шаруашылық серіктестік бола алмайды

1 және одан жоғары



5

Акционерлік қоғам (АҚ)

Жеке және заңды тұлғалар

1 және одан жоғары

6

Өндірістік кооператив (ӨК)

Жеке тұлғалар

2 –ден кем емес және одан жоғары

7

Мемлекеттік кәсіпорын

Мемлекеттік басқару органдары

Меншік иесімен анықталады


Толық серіктестік – бұл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.

Толық серіктестік қатысушылары жарғылық капиталды құрайды, оның мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем болмауы керек. Толық серіктестіктің ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.



Толық серіктестікті басқаруды, осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзіреттілігі құрылтай құжаттарымен анықталады. Толық серіктестікті жою барысында қолма-қол ақша барлық қарыздарын жабуға жетпеген жағдайда, оның қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады.
3 -кесте – Жарғылық капиталдың құрылымы мен қалыптасу тәртібі




Шаруашылық серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың нысандары

Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (АЕК)

Қалыптасу тәртібі

Ерекшеліктері

1

2

3

4

1

Толық серіктестік (ТС)

25 АЕК

Құрылтай құжаттарымен анықталады

Құрылтайшылары тек жеке тұлғалар бола алады

2

Коммандитті (сенім)серіктестігі (КДС)

50 АЕК

Құрылтай құжаттарымен анықталады

Салымшылар үшін 50% артық емес

3


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

100 АЕК

Тіркеу уақытында –жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 25% кем емес, ал бір жыл ішінде – қалған бөлігі

ЖШС –тің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды

4


Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС)

100 АЕК

Тіркеу уақытында – жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 25% кем емес, ал бір жыл ішінде – қалған бөлігі

Қатысушылардың жауапкершілігі енгізілген капиталға еселенген мөлшерде Жарғымен анықталады

5

Акционерлік қоғам (АҚ)

50000 АЕК

Тіркеу күнінен бастап 30 күн ішінде

Дивидендтер алынған пайдаға сәйкес акционерлер арасында үлестіріледі

6

Мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы)

10000 АЕК

Тіркеу кезінде 100% қалыптасуы керек

Мемлекет негізгі меншік иесі болып табылады

Толық серіктестіктің қызметі тоқтаған жағдайда серіктестік өз қызметін тоқтатқанға дейін өз үлесін алған қатысушылардан басқасы, серіктестік қызметін тоқтатқан күннен кейінгі 2 жыл бойы, қатысушылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады. Серіктестік қатысушыларының құрылтай келісімшартымен басқаша жауапкершіліктер қарастырылмаса, серіктестік мүлкіндегі үлесіне байланысты толық серіктестік қызметінен алынған табыстан пайда алуға құқығы бар.

Коммандитті (сенім) серіктестік – бұл серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен (толық серіктестермен) қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды (салымшыларды) да енгізетін серіктестік.

Коммандитті (сенім) серіктестіктің жарғылық капиталы толық серіктестер мен салымшылардың (коммандистер) салымдарынан тұрады және 50 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталдағы коммандиттің үлесі 50% аспауы тиіс.

Басқару жүйесі толық серіктестермен жүзеге асырылады. Коммандитті серіктестікті басқару мен жұмыс жүргізу тәртібі толық серіктестік туралы ережелер бойынша жүргізіледі. Салымшылардың басқаруға қатысуға, сондай-ақ оның атынан сенімхат болмаса әрекет жасауға құқығы жоқ. Толық серіктестер өзінің барлық мүлкімен бірлескен қосымша жауапкершілікте болады. Ал салымшылар серіктестіктің жарғылық капиталына салынған салымдары шегінде ғана жауапты болады.

Коммандитті (сенім) серіктестік салымшыларының құқықтары:


  • құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жарғылық капитал мен мүлкіне үйлесімді түрде серіктестік пайдасының бір бөлігін алып отыру;

  • серіктестіктің жылдық есебі мен балансымен танысу. Сонымен қатар оларды жасаудың нақтылығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету;

  • заңнамалық актілермен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен қарастырылған тәртіпте мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беру;

  • қаржылық жыл біткен соң серіктестіктен шығу;

  • заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттарымен қарастырылған басқа да құқықтары болу мүмкін.

Коммандитті (сенім) серіктестік салымшыларының міндеттері:

    • серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын ұстану;

    • серіктестіктің құрылтай құжаттарымен қарастырылған мөлшерде және тәсілде, тәртіпте салымдарды салу;

    • серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестікке өз қызметін жүзеге асыру барысында көмек көрсету, оның ішінде серіктестікке қызмет көрсету;

    • заңнамалық актілермен немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында қарастырылған басқа да міндеттемелерді ұстануы мүмкін.

Коммандитті серіктестікке жаңа толық серіктестер мен салымшыларды қабылдау тек барлық толық серіктестердің келісімімен ғана мүмкін болады. Жаңа толық серіктестерді немесе салымшыларды қабылдау барысында коммандитті серіктестіктің құрылтай құжаттарына келесідей өзгерістер енгізілуі мүмкін:

  • серіктестік мүлкіндегі қатысушылар үлестерінің жаңа мөлшері;

  • серіктестікті басқару тәртібін өзгерту;

  • серіктестіктің жарғылық капиталына жаңа толық серіктестермен және салымшылардың өз салымдарын салудың мөлшері, тәртібі, мерзімдері мен тәсілі;

  • жаңа қатысушыны қабылдаумен байланысты басқа да қажетті өзгерістер.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл бір немесе бірнеше тұлғалардан құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады және өз мүлкі шегінде ғана барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Ал қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі заңмен тыйым салынбаған, серіктестік көздерінен алынған құрылтайшылардың (қатысушылардың) табыстарынан алынған салымдары есебінен қалыптасады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және 100 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталға салым ретінде ақша, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді иелену құқығы және интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен басқа да мүлікке деген құқықтар болуы мүмкін. Жеке мүліктік құқық және басқа да материалдық емес игіліктер түрінде салымдар салуға жол берілмейді.

Жарғылық капиталдың көбеюі келесідей жолдармен жүзеге асырылады:


  • серіктестіктің меншікті капиталы есебінен, оның ішінде резервтік капитал есебінен жарғылық капиталдың көбеюі;

  • нақты құны баланстық құннан асатын серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталды) қайта бағалау. Қайта бағалау тек тәуелсіз сарапшылармен жүргізілуі мүмкін;

  • қалған қатысушылар келісім берген жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылармен қосымша салымдарды енгізу;

  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жасалатын қосымша пропорционалды салымдар;

  • серіктестік құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

Жарғылық капиталдың азаюы келесідей жолдармен жүзеге асырылады: серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының пропорционалды азаюы; жеке қатысушылар үлестерінің қарыздарын толығымен немесе жартылай өтеу.

ЖШС жоғары органы ретінде қатысушылар мен құрылтайшылардың жалпы жиналысы болып табылады, алқалы орган ретінде басқарма болады.



Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – бұл қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде, өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.

Қатысушылардың жауапкершілігінің шекті мөлшері серіктестік жарғысында көрсетіледі. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына сәйкес бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.



Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларды) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы керек. Кооператив мүшелері заңнамалық актілермен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрімен айналысуға құқылы.


    1. КӘСІПКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕМЕСІ

Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі. Кез – келген бизнес қандай да бір дәрежеде ұдайы өндірістік циклдың негізгі фазаларымен – өнімдер мен қызметтерді өндірумен, тауарларды айырбастау және бөлумен, оларды тұтынумен - байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, және қаржылық кәсіпкерлік.

Сонымен қатар, соңғы онжылдықта әлемнің барлық экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде кәсіпкерліктің өз бетінше қалыптасқан түрі пайда болды, ол кеңес беруші (консалтинг) кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік түрлерінің әрқайсысы өз кезегінде басқа түрлерге бөлінеді. Кәсікерліктің түрлерін келесі сызба түрінде сипаттауға болады (3 - сурет ). Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болдаы. Мұнда өнім, тауарлар өндіру, жұмыс жасау мен қызмет көрсету жүзеге асырылады,белгілі бір рухани құндылықтар қалыптасады.

Коммерциялық сипаттағы кәсіпкерлік ең алдымен, онда негізі рөлді тауарлы – ақшалай, тауарлы – айырбас операциялары атқаратындығымен сипатталады. Олар коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі мазмұнын сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрінің маңыздылығын сатып алу – сату бойынша операциялар мен мәмілелер, жүргізіледі. Мұнда қайтарымдылыққа тез қол жеткізуге болады. Бұл сфера бұрын шектеулі болса, кейінгі кездері ынталы адамдардың арқасында қарқынды түрде әсіресе жеке, дара кәсіпкерлік түрінде дами бастады.



Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде оның қаржылық (қаржы - несиелік) түрі болып табылады. Оның қызмет ету саласы – құн айырбасы, айналымы. Қаржылық қызмет өндірістік, коммерциялық салаларға да әсер етеді, бірақ өз бетінше қызмет етуі мүмкін: банктік, сақтандыру және т.б.




      1. суретКәсіпкерлік қызмет түрлері

Соңғы жылдары Қазақстанда кеңес берушілік (консалтинг) кәсіпкерлік сияқты болашағы бар қызмет аясы кеңінен дамуда. Оның көптеген бағыттары бар (3 – суретті қараңыз) және оның біздің елдегі даму деңгейін басқа дамыған елдермен сәйкестендіре отырып, таяу жылдарда консалтинг қарқынды дамитындығын байқауға болады.

Өз бетінше қызмет ете отырып, кәсіпкерлік қызмет түрлері өзара бір- бірімен байланысып, және толықтырып отырады. Ескертетін жағдай, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін анықтайтын және күрделі болып табылатын өндірістік кәсіпкерлік басымдылыққа ие болады.

3 – суреттен көрініп тұрғандай, өндірістік кәсіпкерлікке инновациялық, ғылыми – техникалық қызметті, нақты тауарлар өндіру мен қызмет көрсету, оларды өндірістік тұтынуды, сонымен қатар осы жүйедегі ақпараттық қызметті де жатқызуға болады. Өндірістік қызметпен айналысуға бел буған кез – келген кәсіпкер, ең алдымен, қандай нақты тауарларды өндіретіндігін, қандай қызмет түрлерін көрсететіндігін шешіп алуы қажет. Ары қарай, осы кәсіпкер маркетингтік қызметке көңіл бөледі. Тауарға деген қажеттілікті, сұранысты анықтау үшін ол өнімді нақты тұтынушылармен, сауда ұйымдарымен байланысқа түседі. Келіссөздердің соңғы ресми сатысы болып кәсіпкер мен тауардың болашақ тұтынушылары арасындағы келісімшарт болып табылады. Мұндай келісімшарт кәсіпкерлік тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді.





    1. ДАРА КӘСІПКЕРЛІК

2006 жылы дара кәсіпкерлер қызметінің тәртібін анықтайтын «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы өз күшіне енді. Аталған заң бойынша «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Дара кәсіпкерлік туралы» заңдар өз күштерін жойды деп танылды.

Өз қызметін жүзеге асыру барысында, дара кәсіпкерлерден және басқа да шаруашылық субъектілерден кез – келген шаруашылық субъектілері үшін орындалуы міндетті болып табылатын еңбек және зейнетақы заңнамасының, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру, валюталық бақылау, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы заңнамасының және басқа да заңнамалық актілердің ережелерін ұстану талап етіледі. Дара кәсіпкерлерге қылмыстық заңнама, банкроттық туралы заңнама ережелері қолданылады.

Дара кәсіпкерлер өздерінің қызметін реттейтін және құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік құзырлы органдармен және жергілікті атқарушы органдармен жарияланатын нормативтік актілердің ережелерін ұстанулары қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «...әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез – келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Шынайы емес бәсекеге тыйым салынады» деп ерекше атап көрсетілген.



Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерлік қызметке негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан, олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ынталы қызметі. Жеке кәсіпкерліктің түрлері 4 – суретте келтірілген.

Дара кәсіпкерлік жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделген, олардың тәуекелімен және өз мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған жеке тұлғалардың ынталы қызметі.

Дара кәсіпкерлік – өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік меншік құқығында өзіне тиесілі мүлік негізінде (немесе мүлікті пайдалануға және иеленуге мүмкіндік беретін құқық негізінде) бір жеке тұлғамен жүзеге асырылады. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі – зайыптылардың жалпы мүлкін пайдаланған жағдайда, оған олардан келісімін алу қажет.

Бірлескен кәсіпкерлік бірнеше дара кәсіпкерлерге тиесілі жалпы мүлік құқығы (немесе мүлікті бірігіп пайдалануға және иеленуге рұқсат ететін құқық негізде) болуына байланысты жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерлік қызмет түрлері:

  • ерлі – зайыптылардың жалпы бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі – зайыптылардың кәсіпкерлік қызметі;

  • шаруа (фермерлік) қожалығының жалпы бірлескен меншігі негізінде немесе жекешелендірілген тұрғын үйге деген жалпы бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

  • ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес жалпы үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын қарапайым жай серіктестік.

Осылайша, дара кәсіпкерлер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жатқызыла алады.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК




Дара кәсіпкерлік

Заңды тұлға құру арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкерлік





Шағын кәсіпкерлік субъектісі

(50 жалдамалы қызметкерлерге дейін, жылдық активтерінің жалпы құны 60 мың АЕК жоғары емес)


Бірлескен кәсіпкерлік



Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі

Орта кәсіпкерлік субъектісі

(250 жалдамалы қызметкерлерге дейін, жылдық активтері 325 мың АЕК-ке дейін)




Отбасылық



Ірі кәсіпкерлік субъектісі (жалдамалы қызметкерлер саны
250-ден жоғары, жылдық активтері 325 мың АЕК-тен жоғары)


Жай серіктестік

4 - сурет – Жеке кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары
4 – суреттен көрініп тұрғандай, жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылатын дара кәсіпкерлер үшін заңнамамен жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, олар үшін нақты шарттарды ұстанған жағдайда арнаулы салық режимдері түрінде салық салудың жеңілдетілген тәртібі, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен белгілі бір параметрлерге сәйкес келетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бір бөлігі (шағын кәсіпкерлік субъектілері) үшін келесідей арнаулы салық режимдері қарастырылған:


  • бір реттік талон негізінде;

  • патент негізінде;

  • оңайлатылған декларация негізінде.

Арнаулы салық режимі дара кәсіпкерлер үшін, әлеуметтік салықты және жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Арнауы салық режимінен басқа, шағын бизнес субъектілеріне жатқызылатын дара кәсіпкерлер, басқа дара кәсіпкерлер секілді салықты есептеу, төлеудің және салықтық есептілікті ұсынудың жалпыға ортақ тәртібін таңдауына да болады.

Дара кәсіпкерліктің артықшылықтары:


  • Адамға жұмысқа тұру және жалақы алу мәселесін шешуге мүмкіндік береді;

  • Жеңіл және арзан түрде тіркеледі;

  • Мемлекеттік тарапынан реттеу, қадағалау механизмдерінің әсері төмендеу;

  • Көптеген құжаттық деректерді жинауды талап етпейді.

Дара кәсіпкерліктің кемшіліктері:

  • Шығармашылық белсенділіктің өсуіне септігін тигізбейді;

  • Бастапқы капиталды жинау қиынға түседі;

  • Ресми бизнестен біреудің сізбен жұмыс істеу ықтималдығы аз;

  • Сіздің жеке меншігіңізге қауіп төнуі мүмкін және т.б.


2.4. шетел капиталының қатысуымен жүргізілетін кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қатысуымен болатын кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық нысандарының бірі Қазақстан резиденттерінің жеке және заңды тұлғаларының кәсіпкерлік бизнестің шетелдік субъектілерінің қызметіне қатысу мүмкіндігі.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардың және қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғалардың шарттарының кейбір жағдайларын ұстану барысында шетелде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қатысу құқығы бар. Мұндай қатысудың кез-келген нысаны міндетті түрде мемлекеттік басқарудың құзіретті органдарымен сәйкестендірілуі керек және инвестиция тарту қазақстандық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Өйткені мұндай қатысу заңмен шетелге отандық капиталдың экспорты ретінде түсіндіріледі. Кәсіпкерлік табыс табудың немесе қаражаттарды салудың кез-келген нысаны, немесе жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті салудың, коммерциялық банктердің депозиттік шоттарында орналастыру мемлекеттік органдардың келісімімен ғана жүзеге асырылады. Мұндай іс-әрекеттер туралы ақпарат міндетті түрде Қазақстан Республикасының салықтық органдарына хабарлануы керек. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс орналасқан акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу немесе халықаралық қорлар мен қоғамдық ұйымдарға толық мүше немесе қатысушы ретінде тіркелуі сияқты қарапайым іс-әрекеттерде Қазақстаннан шетелдерге капитал экспорты ретінде түсіндірілуі мүмкін.

Кәсіпкерлік бизнестің шетелдік субъектілерінің қызметінде қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың заңды қатысудың қарама-қайшылықтары болмаған жағдайда, аталған субъектілер таңдалған мемлекеттерде орнатылған, атап айтқанда сәйкес ел үшін заңмен қарастырылған кәсіпкерліктің ұйымдық –құқықтық нысандарына қатысуы қажет болады. Мұндай іс – әрекеттер кәсіби дайын болуы үшін, ең алдымен әртүрлі шетелдік мемлекеттерде қолданылатын кәсіпкерлік заңнаманы зерттеу және кәсіпкерлік компанияларды тіркеу мен қатар олардың жұмысын жүргізу бойынша мамандар, білікті кеңес берушілердің қызметіне жүгіну керек.

Кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген кәсіпкерлік бизнес субъектілерімен және шетелдік капиталмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі мен жолдары:



  • тауарлар мен қызметтер, несиелер, инвестициялар, ақпараттық ресурстар мен басқа да нарықтарда шетелде тіркелген кәсіпорындардың Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлік бизнес субъектілермен мәміле жасасудың алуан түрлі жолдары;

  • Қазақстанда тіркелген және Қазақстан территориясындағы шетелдік капиталдың жүз пайыздық қатысуы бар кәсіпорындардың қызметі;

  • Қазақстан шекарасынан тыс орналасқан, бірақ Қазақстан территориясында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына ие (лицензиялар, арнайы рұқсаттар және т.б.) шетелдік капиталдың жүз пайыздық қатысуы бар Қазақстан территориясында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметі;

  • Қазақстанда тіркелген заңды тұлға құқығы жоқ, өз филиалдары арқылы қызмет жүргізетін Қазақстан шекарасынан тыс тіркелген кәсіпорындардың қызметі;

  • отандық және шетелдік құрылтайшыларының аралас қатысуымен, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың қызметі.

Қазақстан территориясында шетелде тіркелген компаниялар да кәсіпкерлік бизнесін жүзеге асыра алады. Мұндай компаниялардың үш тобын бөліп көрсетуге болады, атап айтқанда:

  • әр түрлі шетелдік мемлекеттерде қарапайым әдіспен құрылған кәсіпорындар;

  • оффшорлы экономикалық аймақтарда құрылған кәсіпорындар;

  • Қазақстанда тіркелген филиалдар арқылы әрекет ететін трансұлттық компаниялар.

Жалпы, шетелде тіркелген кәсіпорындар, міндетті лицензиялауды талап ететін кәсіпкерлік қызмет түрлерін орындау үшін алынған лицензиялар мен басқа да рұқсатты құжаттар негізінде Қазақстан территориясында өз қызметін жүзеге асыруға құқықтары бар.

Мұндай кәсіпорындар Қазақстанда өз өкілдіктерін құра алады, олар қазақстандық заңнамаға сәйкес бизнес субъектілерінің мүдделерін көздеп, оларды қорғауға құқықтары бар. Қаржылық операцияларды өткізу мен салықтарды төлеуді қосқандағы барлық кәсіпкерлік функцияларды мұндай фирмалар Қазақстаннан тыс жерде жүзеге асырады. Тікелей Қазақстан территориясында кәсіпкерлік бизнестің аталған субъектілері тек контрагенттерді іздеумен, Интернет арқылы қызмет көрсетумен және жалғыз клиенттердің бір реттік тапсырыстарын (мысалға, сараптаманы өткізу немесе оның өткізу бойынша кеңес беру аясында) орындаумен айналысады.

Қазақстан территориясында шетел капиталының жүз пайыздық және аралас қатысуы бар Қазақстанда тіркелген кәсіпорындар әрекет етуге құқылы. Белгілі нысандарда Қазақстан территориясында кәсіпкерлік қызметке қатысуға қалауы болған жағдайда шетелдік жеке және заңды тұлғалар, Қазақстанның мемлекеттік құзіреттік басқару органдарында шетелдік инвестор ретінде тіркеуден өтуге міндетті. Шетелдік қатысушылары бар қазақстандық компанияларға, тек отандық қатысушыларды қосатын кәсіпорындарға қарағанда, статистикалық кодтар беріледі. Қазақстанда қабылданған кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандарынан таңдау және салықтарды төлеу тәртібі, кәсіпкерлік бизнестің мұндай субъектілерінің таза отандық фирмалардан басқа ерекшелігі жоқ.

Қазақстан территориясындағы шетелдік инвесторлар деп Қазақстан экономикасына инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік бизнес түрлерінің бірі – инвестициялық бизнестің субъектілері танылады. Шетелдік инвестициялар деп ең алдымен инвесторлармен өз іскерлік мүдделерінен пайда алуды жүзеге асыру мақсатында, экономикаға салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлерін айтады. Қазақстандық экономикаға шетелдік инвестициялар екі түрде тартылуы мүмкін. Атап айтқанда:

- жоба қатысушыларының барлығының арасындағы инвестициялық келісімшарттар негізінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға салынатын ресурстар ретінде;

- кез – келген жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру құқығы бар кәсіпкерлік бизнестің субъектілеріне ресурстарды салу ретінде.

Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік корпорациялардан басқа, қазақстандық кәсіпкерліктің кез-келген нысандарында іскерлік қатысуды жүзеге асыруға құқығы бар. Олар заңды тұлғалармен және қазақстандық азаматтармен біріге отырып және оларсыз кез-келген кәсіпкерлік фирмаларды құра алады. Олар өз кезегінде толығымен немесе жартылай солардың иелігінде болады. Шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындарды құру нәтижесінде әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандары бар отандық кәсіпкерлік бизнес субъектілері қызметінің халықаралық деңгейге шығуына болады.

Шетелдік капиталдың қатысуымен қызмет ететін кәсіпорындарды екі түрде бөледі – шетелдік капитал жүз пайыз қатысатын кәсіпорындар және бірлескен кәсіпкерлік фирмалар (бірлескен кәсіпорындар).

Шетелдік капитал жүз пайыз қатысатын кәсіпорындар отандық нарықта әр түрлі түрлі себептер бойынша пайда болады. Мұндай іс-әрекеттердің жалпы себептері болып әдетте өнімді өткізудің кеңейтілген нарықтарына қызығушылық тудыру және жалдамалы қызметкерлердің жұмыс күшін қосқандағы өндірістік ресурстардың арзан түрлерін тарту болып табылады. Мұндай компаниялар отандық нарықта әртүрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Олардың қатарына кәсіпкерліктің келесідей нысандары жатады:


  • отандық коммерциялық емес ұйымдарға ресурстарды инвестициялау;

  • отандық инвесторларды тартпай-ақ, Қазақстан территориясында жаңа еншілес және тәуелді кәсіпкерлік фирмаларды құру;

  • қатысушылар құрамында отандық инвесторлар болмайтын Қазақстан территориясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік фирмалардың акцияларының бақылау пакеттерін және қатысудың басым үлесін иемдену.

Бірлескен кәсіпорын (БК) деп әр түрлі резиденттері болып табылатын, қатысушылары құрамына жеке және заңды тұлғалар кіргізу нәтижесінде пайда болған кәсіпкерлік фирманы айтады. БК екі және одан да көп шетелдік заңды және жеке тұлғалармен құрыла алады. Бірақ, қатысушыларының бірі ретінде міндетті түрде – жеке немесе заңды тұлға болуы керек.

Бірлескен кәсіпорын – бұл Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше ұйымдық – құқықтық нысаны емес. Бұл қатысушылардың құрылымының ұлттық ерекшелігі және аталған фирманың жарғылық капиталы туралы сипаттама беретін кәсіпорынның ерекшелігі. Бірлескен кәсіпорын мемлекеттік корпорациялардан басқа Қазақстанда танылған кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысаны құрамында қалыптасуы мүмкін. Ал егерде ол акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылса – жарғылық капиталға БК қатысушылары салымдарының кез-келген комбинациясында болуы мүмкін.

Бірлескен кәсіпкерлік, көпұлттық компаниялар деп аталатын кәсіпкерлік бизнестің отандық алуан түрлілігі ретінде шығады. Көпұлтты компаниялар (ағылшын термині multinational company) деп өз жарғылық капиталдарының ұлттық негізге жатқызылуы мен қатысушыларының құрамы бойынша халықаралық болып табылатын кәсіпкерлік фирмаларды айтады. Көпұлтты болып, мұндай компаниялардың құрамына алуан түрлі мемлекеттердің азаматтары кіретін кәсіпкерлік фирмаларды басқару органдары болып табылады. Сонымен қатар, көпұлтты компанияның кәсіпкерлік қызметі тек бір мемлекеттің шекарасында ғана жүзеге асырылады және халықаралық сипатқа ие болмайды.

Көпұлтты компаниялардың құрылуы әдетте әртүрлі итермелеуші мотивтер әсерінен болады және бір – бірінің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін пайдалануда, алуан түрлі мемлекеттердің резиденттерінің өзара қызығушылығына негізделеді. Қазақстан территориясында бірлескен кәсіпкерлік келесідей себептердің әсерінен болады:



  • шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тек бірлескен кәсіпкерлік нысанында өзара әрекеттесуге сәйкестірілген, аталған нарықты білетін отандық әріптестер арқылы өз тауарлары мен қызметтерін жылжытуға мүдделі;

  • шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары орналасқан елдегі алуан түрлі үкіметтік, қоғамдық немесе қаржылық мекемелермен, бірлескен кәсіпорынды құруды талап ететін халықаралық ұйымдармен мақсатты жобаларды жүзеге асыруға, қаржылық және несиелік ресурстарды пайдалануға мүдделі;

  • шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары бірлескен кәсіпорын арқылы – қолайлы имидж, қоғамдық коммуникацияларды, маркетингті, басқаруды, инновацияларды жасап шығаруға, технологиялық дамуға, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру аясындағы отандық әріптестің мүмкіндіктерін пайдалануға мүдделі;

  • БК отандық қатысушылары жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдалануға және шетелдік әріптестің қолайлы имиджін пайдалануға мүдделі;

  • БК отандық катысушылары көпұлтты кәсіпкерлік бизнестің қатысушысы ретінде, өз бәсекелік позицияларын құрастыру мен күшейту арқылы халықыралық нарыққа өз қызметін шығаруға мүдделі;

  • БК отандық қатысушылары әлеуетті клиенттер мен контрагенттер халықаралық бизнестің субъектісі ретінде өз мәнінің дәрежесі туралы немесе ұлттық нарықтарда және жергілікті нарықтарда қосымша беделге ие болу үшін – өте әдемі және жақсы сипатталатын халықаралық кеңістікті құруға мүдделі.

Бірлескен кәсіпкерлік әлемнің алуан түрлі елдерінде экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланудың нақты бағыты болып табылады.


    1. ӨЗ КӘСІПОРНЫН ҚҰРУ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ортада жұмысын жүргізеді. Сондықтан да қажетті құқықтық шарттарды құрудың маңызы зор. Осы тұрғыда кәсіпкерлік қызметті реттейтін және кәсіпкерліктің дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды реттейтін заңдардың болуы: кәсіпорындарды ашу мен тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібі, кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, Қазақстан кәсіпкерлерінің шет мемлекеттермен бірлескен қызметін дамыту бағытында салықтық заңнаманы жетілдіру.

Құқықтық нормалар – шаруашылық құқықтың даму дәрежесі, шаруашылық жүргізу нысандарының өзара қарым – қатынасын реттеу, кәсіпкерлікті заңнамалық түрде қорғау, мемлекеттік реттеу тұрғысынан кәсіпкерлерге әсер ету – кәсіпкерлік қызметтің алғышарттарын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белсенділік дәрежесін анықтайды. Бұған шағын кәсіпкерлікті қолдау, статистикалық есеп беру, нысандары мен есепке алу әдістерін жетілдірудің аймақтық орталықтарын құру да кіреді. Сонымен қатар, ең алдымен, келісімдік міндеттемелерді ұстану мен меншікке деген құқықтарды, кәсіпкерлік қызметті құқықтық жағынан кепілдендіру, заңнамалық бастаманы дайындау, бірінші кезекте келісім – шарт міндеттемелерін орындау өте маңызды рөл атқарады.



Кәсіпкерлік құқықтық нормалардың тұрақтылығы шамалы және ішкі қайшылығы бар жағдайда, қандай да бір қоғамдық топтардың мүдделерін ұстануға бейім болады. Сондықтан заңды тұрғыдан бекітілген кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық түрлері оған деген сенімді арттырады және экономикалық қатынастардың нақты түрлерін қалыптастырады. Кәсіпорынның құқықтық негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Оны келесі суреттерден көруге болады (5,6,7,8 суреттер).

5- сурет
жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау